Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 2017 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама



жүктеу 91,91 Kb.
Дата30.05.2018
өлшемі91,91 Kb.
#18452


Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 2017 жылдың I жартыжылдығында

атқарылған жұмыстар жайлы анықтама

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал

Жаңақорған ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрақты мониторинг жасалып келеді.

Ү.ж «Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу» қызметін жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 800 мың теңгеқаралып, аудан көлемінде тоқсанына бір рет және қажеттілігіне қарай жедел әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жасалды. Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға тартылған аудан тұрғындарының 91,8 пайызы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты әрі жақсы деп бағалаған. 5,6 пайызы аудан тұрғындары үшін жанар-май бағасының және дәрі-дәрмек бағаларының күрт өсуі, жұмыссыздық, ауыз су, сыбайлас жемқорлық, аяқ судың жеткіліксіздігі, мал ұрлығы, жаңадан бой көтерген мөлтек аудандардағы жарық, байланыс, жол, қоғамдық көліктер қатынасы мәселелері өзекті проблемалар болып отырғандығын алға тартқан. Осыған орай, аталмыш мәселелердің оң шешім табуына ықпал ете отырып, тиісті сала (денсаулық, білім, кәсіпкерлік, ішкі істер, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары, электросеть) басшыларына жолданып, атқарылуы тиісті шаралар қабылдауға ұсынылды. Нәтижелері бойынша мониторинг жүргізілді.

Үкіметтік емес ұйымдар жайлы

Ауданда (облыстық Әділет департаментінің мәліметіне сай) 81 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар: Қоғамдық бірлестіктер саны-16; Қорлар саны-19; Қоғамдық бірлестіктердің, қорлардың филиалдары мен өкілдіктерінің саны -13; Заңды тұлғалардың бірлестігінің саны-1; «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» филиалдары -32 (мешіттер) жұмыс істейді.

Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің ү.ж 22 маусым күні отырысы өткізіліп, Кейден, Жаңарық, Байкенже, Қаратөбе, Қандөз ауылдық округі әкімдерінің ҮЕҰ-мен бірлесіп атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы есептік хабарламалары мен «Жебеуші» қоғамдық қорының атқарған жұмыстары жайлы хабарламасы тыңдалды. Кеңес отырысы «Жаңақорған тынысы» газетінің 
2017 жылғы 27 маусымдағы №48 санына «Кеңес отырысы: маңызды мәселелер алаңы» атты тақырыпта ақпараттандырылды.

ҮЕҰ дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін жолдауы қажеттігі жөнінде ҮЕҰ төрағаларына ақпараттық, құқықтық түсіндірмелер жүргізіліп, хабарлама хат таратылды. «Жаңақорған тынысы» газетінің 2017 жылғы 07 ақпандағы №10 санына «Үкіметтік емес ұйымдар назарына!» атты тақырыпта хабарландыру жарияланып, «ҮЕҰ-мен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар» мен «Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы толыққанды ақпарат» аудан әкімдігінің сайтына орналастырылды.

Сонымен қатар, ауданда тіркелген әрекетсіз үкіметтік емес ұйым төрағаларына жабылу қажеттігі жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Ауданның әлеуметтік-экономикалық деңгейін дамыту және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі копоративтік қоры» жабылды. Сондай-ақ, "Садықбек-Ата" қоғамдық қоры «Заң» газетінің 09.12.2016 жылғы №139 санына және «Ауыл намысы» қоғамдық қоры «Заң» газетінің 31 наурыздағы №24 санына жабу жөнінде хабарлама жариялады. Сонымен қатар, аудандық салық басқармасына әрекетсіз үкіметтік емес ұйымдардың тізімі жолданып, оларды жабу жұмыстары жалғасуда.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша 7 млн 90 мың теңге қаржы қаралып, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылып келеді. Олар: «Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы монироинг жүргізу» қызметіне 800 мың теңге және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу» қызметіне 


890 мың теңге, сондай-ақ, жастар саясатын жүзеге асыру бағытында «Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметіне 2 млн 600 мыңтеңге, «Жастардың экономикалық, әлеуметтік-инновациялық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту» қызметіне 2 млн 200 мың теңге қаралып, тиісті қызметтер жүзеге асырылып келеді.

Отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру мақсатында «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» қызметіне 600 мың теңге қаралып, ү.ж бірінші жартыжылдығы бойынша мамыр айында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары және үлгілі отбасылармен кездесулер өткізіліп, конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, ү.ж маусым айында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында Ақүйік, Сунақата, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Жаңақорған кентінде кездесулер өткізілді. Іс-шаралар жайлы жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінің 04 сәуірдегі №25 санына «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жайлы хабарлама, 20 мамырдағы №37 санына «Үміттің жаққан шырағын» атты тақырыпта және 27 мамырдағы №39 санына «Үлгілі әулеттің әлеуеті» тақырыбында ақпараттандырылды.

Жастар саясаты бойынша

Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 21 мың 222 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 


28,1 пайызы. Экономикалық белсенді тұрғынға шаққанда 30,5 пайыз болса, аудан жастарының жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр. «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан жұмыссыз жастар үшін 4 үйірме (Жайдарман жастар клубы, шашка, шахмат, теннис) жұмыс жасайды. Жыл басынан бері жұмысқа орналастырығаны-381 адамды құрайды. Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімімен 2017 жылдың 6 айында 6 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 46 жұмыс беруші 102 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 102 азаматқа жолдама берілді.

Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 47 болса жұмысқа орналасқан 46 немесе 97,8 пайыз. Оның ішінде хабарласқан: мүгедектер-24, жазасын өтеп келгендер-23, оралмандар-жоқ. Жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер -24 (жоспар-40), жазасын өтеп келгендер-22. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру Республикалық бюджеттен 34020,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға 10772,0 мың теңге игерілді (жоспар-10792,0 мың теңге) есептік кезеңге 99,8 пайыз. Осыған 100 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 48 жұмыс берушіге 80 жас түлек жұмыс орындарына жолданды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2017 жылға 23 түрлі әлеуметтік қызмет ұйымдастырылып, нәтижесінде жыл соңына дейін 34 шара ұйымдастырлады деп жоспарлануда.

Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының  жұмыс жоспарына сай ү.ж 23 маусым күні кеңес отырысы өткізіліп, онда Аудандық кәсіпкерлк,өнеркәсіп және туризм , аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, ЖПҚ және Жаңақорған кенті, Ақүйік, Бесарық, Өзгент ауылдық округтерінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы есептік хабарламалсы тыңдалды. Аталған кеңес отырысы жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №48 санына «Кеңес отырысы: маңызды мәселелер алаңы» атты тақырыпта ақпараттандырыллы.

Діни ахуал жайлы

Жаңақорған ауданында діни ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Ауданда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» 32 филиалдары (мешіттер) жұмыс жасап келеді. Тарихи, діни-рухани орындарда 4 түнеуханалар бар.

Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер жөніндегі кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша тоқсан сайын (наурыз, маусым айлары) кеңестің 2 отырысы өткізілді. 2017 жылдың мамыр айында Төменарық ауылдық округінде ірі кәсіпкердің демеушілігімен жаңа мешіт бой көтеріп,  ел игілігіне берілді. Аудандағы  3 елді мекенде жаңадан мешіт салынуда. (Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекенінде, Қыраш ауылдық округінде және Көктөбе ауылдық округінде).

Аудандық ішкі саясат бөлімі, Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Жаңақорған ауданындағы бөлімі және «Жаңақорған аудандық» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен, жалпы ақпараттық түсіндіру топтары арқылы діни экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мақсатында 2017 жылдың 6 айында  түрлі тақырыпта 52 іс-шара, о.і 44 кездесу, 3 дөңгелек үстел, 3 семинар және спорттық жарыстар өткізіліп, шараларға  3000-нан аса аудан тұрғындары қамтылды.

Жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы»  газетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары жайлы мақалаларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін ай сайынғы медиа-жоспарға енгізіліп, діни тақырыпта, діни экстремизм мен терроризге қарсы сипатта жалпы 12 мақала жарияланды. Экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы және діни келісім мен діни толеранттылыққа байланысты  ақпараттық-насихат құрал ретінде Жаңақорған кентінде және ауылдық округтерде  билбордтар орнатылған.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ү.ж мамыр айында Қыркеңсе, Қожакент, Келінтөбе, Бесарық, Шалқия кенті, Сунақата, Төменарық ауылдық округтері және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға зардабы» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен және 2017 жылғы маусым айында Жаңақорған кенті, М. Нәлібаев, Келінтөбе, Ақүйік, Сунақата ауылдық округтерінде «Зайырлы қоғамдағы дәстүрлі ислам діні» тақырыбында  түсіндірме кездесулер өткізілді. Өткізілген кездесулерге облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының білікті теологтары лектор ретінде шақыртылды. Жобаны «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі үйлестірді.

Баспасөзге жазылу барысы жайлы

Аудан бойынша 2017 жылдың II жартыжылдығына мемлекеттік саясатты ақпараттандыруда, еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау мақсатында баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді. Республикалық ресми басылымдарға «Егемен Қазақстан» газеті-2550 дана, «Казахстанская правда» газеті-474 дана, «Сыр бойы» газеті-3675 дана, «Кызылординские вести» газеті-724 дана, «Ақмешіт жастары» газеті – 1072 дана, аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газеті – 6380 данаға жазылды.

Аудандық Қоғамдық Кеңес жұмысы бойынша

Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңесі азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қаматамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жасап келеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық кеңестің 9 рет отырысы өткізіліп, 25 мәселе талқыланды. Кеңес мүшелері тарапынан отырыстарда айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде жауапты орындаушылар тиісті жұмыстар атқаруда.

Атқарылған шаралар жергілікті басылым, әлеуметтік желі арқылы ақпараттандырылды. Жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің 04 ақпандағы №9 санына «Қоғамдық кеңестің пәрмені» атты тақырыпта, 07 ақпандағы №10 санына «Қос мәселе қорытындысын күтеді» атты тақырыпта, 15 сәуірдегі №28 санына «Қоғамдық кеңес құптады» атты тақырыпта жарияланды.

Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа насихаттау мақсатында ү.ж (аудан әкімінің 9.02.2017 жыл,  №147-Ө өкімі) құрамына түрлі сала басшылары, аудандық маслихат депутаттары және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілген 10 ақпараттық топ (ААТ) жұмыс жасауда. «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» тапсырмасына сай аудандық, облыстық ақпараттық топтар мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары аудан елдімекендерінде болып, 255 кездесу өткізіліп, кездесуге 55000 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқан.Сондай – ақ ауданда   жергілікті атқарушы органдардың құзыретті басшылардың қатарынан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормалары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді  түсіндіру жөніндегі  топ қалыптастырылып, арнайы тақырыптық анықтамалық материалдар әзірленіп таратылды. Қаңтар, ақпан айларында  аудандық мақсатты ақпараттық топтар шаруашылықтармен және елдімекен тұрғындарымен 208 кездесу ұйымдастырып өткізіп, оған 37000-нан астам адамдар қатыстырылды. Ұйымдастырылған ақпараттық насихаттық жұмыстар облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасы арқылы, сондай – ақ жергілікті басылым мен аудан әкімдігінің сайтында және аудандық ішкі саясат бөлімінің фейсбуг парақшаларында ақпараттандырылды.

Сондай – ақ  «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша  аудандық Жобалық кеңсе және  аудандық Сарапшылар кеңесінің құрамын  маусым айының 12-не аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Ақпараттық қызмет



Мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жүзеге асырылуы «Жаңақорған тынысы» газеті арқылы бас медиа жоспар аясында ақпараттандырылып келеді.

Сыртқы үгіт насихат құралдарының (ҮНҚ) саны-461. Оның ішінде: 451 билборд, 10 керме бар. Тақырыптық бағыттары бойынша: «Қазақстан-2050» Стратегиясы-10, Елбасы Жолдауы-28 билборд, 2 керме, «100 нақты қадам»-30, Республикалық, облыстық бағдарламалар-40, Мемлекеттік мерейтойлар, атаулы күндер-75, Астана ЭКСПО-2017 көрмесі-14, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы-6, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты-26, Мемлекеттік тілге байланысты-5, Терроризм мен экстремизмге қарсы-10, аймақтағы еңбек адамдарын насихаттау-36, отбасы тәрбиесі жөнінде – 18 басқа да түрлі тақырыптар-177  билборд орнатылған.
жүктеу 91,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау