77
өзгеруі өзіне қатысты көзқарастың өзгеруін анықтайды (яғни,жеке тұлғаның өзгеруі). Психологтың
жеке кеңістігі ол, оның мінез-құлқы, туыстары, достары, таныстарымен қарым-қатынастары болып
табылады. Жеке тұлға кəсіби қызмет құралы ретінде əрекет ететіндіктен осы іс-əрекет процесінде
мінез-құлық кеңістігінің мінездемесі жəне қарым-қатынасы өзгереді.
Сонымен, психологтың кəсіби деформациясы осы қызметтің аймағындағы кəсіби біліктілікке
қызығушылықтың негізгі құралы. Осы арқылы кəсіби біліктілік немесе қызмет белгілі бір қызметтік
нормалармен мінезделеді, ал негізгі пəні болып адамның ішкі нақты əлемі,сана тұрғысынан
психологтың өзіндік, жекелік субъектісін қалыптастыру жəне оған сыртқы қысым көрсетеді.
Д.Г.Трунов көрсеткендей психологтың кəсіби деформациясының пайда болуы келесідей:
өмірлік мəселелерді психологиялық себептер арқылы түсіндіру;
өз мəселелерінің пайда болуы;
иммобилизациялау,өзіндік бақылау;
кəсіби міндеттер қысымы;
«етіксіз аяқ киімші» комплексі;
психологиялық көмекке зəру адамдарды іздеу;
таң қалу қабілеттілігін жоғалту;
кəсіби цинизм [1].
Эмоциональды сферада кəсіби деформация эмоционалды күю ретінде көрінеді, ал кейде мұны
психикалық деформация деп атайды. Егер тұлға ұзақ уақыт бойы қатты энергетикалық əсер етулерді
бастан өткізсе, онда психикалық деформация формасы неврозға əкелуі мүмкін.
Психологтың кəсіби деформациясын кейбіреулер толықтай заңды пайда болу деп есептейді,
мұның себебі мамандық спецификасына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта бұл мамандық түрі
неғұрлым қызықты, адам саны көп мамандықтың біріне жатады. Сондықтан психологтың кəсіби
деформациясын меңгеру жəне профилактикалық жұмыстарын жүргізу ғылымның жəне жоғары
мектептің маңызды міндеті болып табылады.
Əдебиет
1.
Трунов Д.Г. Профессиональная деформация практического психолога // Психологическая газета.-
1998. № 1
2.
Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996.
3.
Новиков Б.Д. Психологические особенности возникновения профессиональных деформаций
сотрудников исправительно трудовых учреждений: Дис. ... канд. психол. наук. Тверь, 1993. С. 86
4.
Безносов С.П. Профессиональные деформации личности: (подходы, концепции, метод): Дис. ... д-ра
психол. наук. СПб., 1997.
5.
Пряжников Н.С. Психологический смысл труда. М.; Воронеж, 1997. С. 109
6.
Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
7.
Кабиров Ф.З. Позиция психолога в практике психокоррекции: Учеб. пособие. Омск, 2001. С. 38–42.
8.
Мясищев В.Н. Психология отношений. М.; Воронеж, 1995. С. 48–53.
Жанзакова М.К.,Тулепбергенова Н.А.
(Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты)
СТУДЕНТТЕРДІ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ
НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан қоғамында болып жатқан өзгерістер жоғары кəсіби білім беру жүйесіне белсенді əсер
етеді, бұл жүйеден қазіргі бастан кешіріп жатқан кезеңнің қойып отырған міндеттеріне бейімделу мен
лайықты жауап қатуды талап етеді. Қоғамның даму қарқыны, əдетте, адамды жан-жақты дамуға
итермелейді, ал кəсіби дайындықтың кеңдігі жəне бейімделгіштігі, шығармашылық жəне стандартты
емес тапсырмаларды шеше білу қоғамдық дамудың маңызды факторларына айналады. Бұл
жағдайларда жоғары кəсіби білім беру мекемелері (əрі қарай-жоғарғы оқу орындары, жоғарғы
мектеп) тек мамандар даярлауға ғана емес, сонымен бірге білім алушылардың заңды некеге тұруға,
отбасын құру мен балаларды дұрыс тəрбиелеуге де дайындауы тиіс. Қазақстандық жоғарғы оқу
орындары мемлекеттің отбасы беріктігін арттыруға қатысты əлеуметтік саясатындағы маңызды бөлік
болып, студенттерді отбасылық өмірге жəне ата-ана қызметін орындауға дайындауға септігін тигізуі
керек.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында жəне Қазақстан
халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, əйелдің жүкті кезін жəне балаларды
78
тəрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың
жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі
жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балалардың
алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің
қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, əйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз
үшін алаңдамауға да болады... Қандай жағдайда да, əйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп
төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай
жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді
күшейтуге тиіспіз» – деп атап көрсетті.
Болашақ мамандарды даярлауда білім негіздерін ғана үйретіп қоймай, олардың кəсіби
даярлықтарының, кəсіби бағдарлануы жəне дағдыларының қалыптасуына аса мəн беріледі. Осыған
орай студенттерге білім беру үрдісінде теориялық мəселелерді терең, тиянақты жəне
шығармашалықпен меңгерулеріне жағдай жасап, өздерінің шығармашылық бастамаларын қолдап
отырудың маңызы зор. Оқыту үрдісінде студенттердің жаңа педагогикалық инновацияларды
қабылдап, оларды шығармашалықпен ұштастыра білу дағдыларына үйрету сыни ойлауға
машықтандырумен байланысты.
Жоғарғы оқу орнында білім алу барысында жүргізілген сауалнамалар мен бақылаулар нəтижелері
көрсеткендей студенттердің 30%-ға жуығы өз отбасыларын құрған. Некеге тұрған студенттердің
35%-ға жуығы оқу сабақтарында, 21 % – кітапханаларда, 36% – студенттік кештерде жəне демалыс
орындарында танысқан. Осыған сүйене отырып, студенттерді отбасылық өмірге дайындау үрдісін
мақсатты зерттеу жəне оның заманауи жағдайды жетілу жолдарын анықтау аса үлкен теориялық-
тəжірибелік маңызға ие деп айтуымызға болады [1, 89 б.].
Қазіргі заманғы ғылыми əдебиеттерде «отбасы» ұғымына жеткілікті түсіндірмелер ұсынылған.
Оның мазмұны отбасыны жалпыланған түрде мүшелері ортақ тұрмыс жүргізетін жəне бір-біріне
деген өзара адамгершілік парыздары, туыстық немесе некелік байланысты бар адамдар тобы ретінде
қарастырады [2, б. 288].
Танымал ресейлік əлеуметтік психолог А.И. Антоновтың көзқарасы бойынша отбасы бұл ортақ
жалпыотбасылық əрекет негізіндегі бір-бірімен ерлі-зайыптылық, ата-ана, туыстық қатынаспен
байланысқан адамдар бірлігі.
А.И. Антоновтың пікірі бойынша, бұл əлеуметтік бірлік кез-келген қоғамда бар. Оған: ата-аналар,
сəбилер, балалар жəне үйдің барлық мүшелері кіреді [3, б. 304].
Отбасының пайда болуы келесі факторларға байланысты: биологиялық, психологиялық,
əлеуметтік жəне экономикалық.
Биологиялық факторға адамдар арасындағы махаббат сезімдерін, ұрпақ жалғастыруға деген
қажеттілік, отбасы құру міндетін жатқызуға болады. Психологиялық жəне əлеуметтік тұрғыдан
қарастыратын болсақ, кез-келген отбасы эмоционалдық, психо-физиологиялық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатымен пайда болады. Экономикалық факторды алып қарасақ, неке құрған
отбасы мүшелері материалдық қажеттіліктерді, сұраныстарды қанағат етуде бір-біріне тəуелді
болады.
Отбасы – тарихи құбылыс. Оның түрі мен атқаратын қызметі қоғамдық жəне өндірістік қарым-
қатынас сипаттарына негізделген.
Отбасылық өмірге құқықтық дайындау жастарды отбасылық құқықтың негізгі қағидаларымен
таныстыру мақсатын көздейді: моногамия (бір некеде болу), Қазақстанда бекітілген неке жасына
жету: қыздар үшін 17 жас, ұл балалар үшін – 18 жас, қан араласуын болдырмау (тікелей туыстар,
сондай-ақ асырап алғандар арасында неке болмайды), серіктердің психикалық денсаулығы (əрекет
қабілеттілігі), серіктердің екі жақты келісім (еріктілігі), шығу тегі, əлеуметтік жəне мүліктік жағдайы,
ұлтына жəне т.б қарамастан тең құқықты болуы.
Отбасылық өмірге дайындық үрдісі барысында студенттер жұбайлардың құқықтары мен
міндеттерін, жеке құқықтық қатынастарды, мүліктік қатынастарды, ата-аналар мен балалар
арасындағы құқықтық қатынастарды игереді. Сонымен қатар əке жəне ана құқынан айыру, асырап
алу, ажырасудың құқықтық негіздері жəне салдары, неке келісімшарты туралы мемлекеттік
актілердің мазмұнымен танысады. Студенттерге жыныс жолы ауруларынан емдеуден жалтарғаны
үшін, зорлау, кəмелетке толмағандарды азғыру жəне т.б. үшін қылмыстық жауапкершілік
қарастырылғандығы туралы қылмыстық құқықтың қағидаларын да жеткізу аса маңызды.
Бұл құқықтық қағидалармен студенттерді отбасылық өмірге құқықтық дайындау барысында
таныстырып өту керек.
Отбасылық өмірге шаруашылық-экономикалық дайындау үй тұрмысында қажет болатын
экономикалық жəне шаруашылық сипаттағы қабілеттерді жəне дағдыларды қалыптастыруды қажет