32
ғибадатшылдық; 3) махаббат; 4) сабырлылық; 5) шүкіршілік; 6) ризашылдық; 7) заһидшілдік
(анықтық); 8) ғаріптік (мүсəпір, бишара) жүйесімен саралаған. Бұлардың барлығы адам бойындағы
жағымды мінез-құлықты айғақтайды.
Əл-Фараби: «Жақсы мінез-құлықпен ақыл-күш болып біріккенде, бұлар адамның қасиеті болып
табылады» – деп баға береді.
Мінез – адамның өмір жағдайларына сəйкес жəне солардың ықпалымен байқалып отыратын,
оның тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінездің қоғамдық психологиялық табиғаты
болады, яғни адамның дүниетанымына білімі мен өрісі, тəжірбиесі бойынша сіңірген моральдық
ұстанымдарына, басқа адамдар тарапынан басшылық жасалуына жəне олармен белсене араласуына
байланысты [7, 153-154 б].
М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында мінез туралы былай дейді: «Бір адамның барлық ісін
басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп аталады. Сондықтан мінез ақылға, яки
сезімге байлаулы нəрсе емес, қайратқа байлаулы һəм мінез қайрат деп дəріптеп əрі қарай бөледі. Егер
бір адамның қайраты күшті болса, сөзінен ісі айырылмағын, екеуі екі бөлек жайылмайтын болса,
ондай адамның мінезі қайратты, күшті, берік мінез деп аталады. Егер де сөз бен ой жəне іс
қабыспайтын болса, ауыз айтқанды қол істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп
аталады.
Мінез адамның жаратылысына қарай тума пайда болады. Тума мінез көбінесе тұқым қуалап
келеді» [8, 148 б]. Сондай-ақ адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты
жəне жеке-дара тұрлаулы қасиет мінезінің екі сипаты барын көрсетеді: бірі – адамның ақиқат дүниеге
қатынасы жəне оны жүзеге асырудың өзіндік амалдары.
Екіншісі – өз əрекетін тəртіпке келтіре алатын өзіндік еріктері. Адам ғұмырының барлық
жасындағы мінезіне тəрбиенің ықпалы зор.
Қазақ-түркі жəне мұсылмандық діни тəлімдік этикада мейірмандылық, сабырлылық, адамгершілік
құндылықтарды бір түп негізділікке бағындырып, содан тарату жүйесі болғандығының ой бағыты Н.
Манаевтың еңбектерінде көрініс табады. Мысалы: Кабуснамада адамның адамдық қасиетін
сипаттайтын құдіретті үш нəрсе бар. Олар: 1) Ақыл; 2) Туралық; 3) Жомарттық [9, 160 б].
Ал, Ж. Баласағұни өзінің ізгілік бағыттағы моралдық жүйесінде қанағат категориясын басты
ұғымға айналдырады. Ж. Баласағұни істерді пайдалы нəрсе, пайдасыз нəрсе деп ажырата отырып
қарастырады. Пайдалы нəрсеге: ізгі іс, ұят, əділдік қатысты болса, пайдасыз іске: жауыздық, жалған
сөз, сараңдық тəн болып табылады. Бұлар қазіргі педагогикалық тұрғыдан мінез-құлықтан
туындайтын туындылар ретінде де қарастырылады [10, 355 б].
Н. Манаев жеке тұлғаны қалыптастыруда «сегіз көркем мінезді» басты мəселе деп
тұжырымдайды.
Уəдеге тұру дегеніміз – айтқанын жұтпау. Мысалы, үйретем деген нəрсені үйрету.
Пайғамбарымыз айтқан екен: «Уəдесіз кісі – дінсіз кісі» деп.
«Сабырлы болу» деген тақырыпты ұсынғанда басқа түскен қандай қиындық болса да, шыдамды
болу керектігіне тоқталып, «Сабақ оқу қиын жұмыс, оқыған сабақты меңгере алмасаң, одан да
қиындай түседі. Күнде сабақ оқу қиын болса да, бір күндері пайдасы тиер деп, қиындыққа шыдап,
сабақты мүлтіксіз орындап, сабырлы болу керек деп түсіндіреді. Əрбір адам өзінің мақсат-мұратына
жету үшін, өмірдегі күрделі мəселелерді шешіп, қажырлық танытып, табанды еңбек етіп, кездескен
барлық қиындықтарға төзімділік көрсетіп, шыдамды болуы қажет.
Н. Манаев жомарт болу керектігін былайша түсіндіреді: «Жомарт болу дегеніміз – мұқтаждарға
жəрдем ету. Мысалы, жетім-жесірлерге қарасу, яғни мұндайлардың бірінің киер киімі, ішерге асы
жоқ. Киімі жоққа киім, асы жоққа тамақ берсе, жомарт болады. Кейбір адамдар жоқшылықтың
кесірінен балаларын оқыта алмай қалып, амалсыздан телміріп жүреді. Міне, осындайларға көмектесу,
қолының ұшын беру нағыз жомарттықтың ісі деп танимыз» дейді [11, 34 б].
«Таза болу дегеніміз – ластықтан аман болу. Яғни, киімді, отыратын орынды, ішіп-жейтін
тамақты, ыдысты таза ұстау. Үйдің (киіз үйдің) айналасын таза ұстау жəне үй маңына дəрет етпеу.
Киіз үйдің жұртын əлсін-əлсін жаптырып тұру. Ақты төкпеу туралы ырым-тыйымдардың,
гигиеналық қызметін көрсетеді. Үйдің ішіне су, айран, іркіт, қымыз, тағы басқа ішкен кезде қолды
тазалап жуу, асқа шоқ, қылшық-қыбыр, қиқым сияқты нəрселерді түсірмеу».
Көркем мінездің бірі – ұятты болу, яғни, жауыздық қылудан сақтану, ұрлау, өлтіру, серігінің
кітабын ұрлап алса, ол шəкірт кітабын ойлап, азап шегеді. Егерде бай баласы болса, сатып алар, ал
кедей баласы болса қайтып алмақ, əбден тақыршаққа отырғаны. Бұл жөнінде ұятсыздық пен
арсыздықтың жағымсық қасиетттер екендігі туралы түсінігін шəкірттерге ұғындыра отырып, ізгілікке
деген сүйіспеншілігін арттырады. Ұятсыз болу – адам бойына біткен жаман қылықтар. Барлық адам
33
баласы зұлымдыққа, жауыздыққа қарсы күрес жүргізіп. жаңа дүниеге келген баланың мұндай іс-
əрекеттерден таза болуын қадағалаудың тиістілігін тұжырымдайды.
Н. Манаев еңбегінде көркем мінез арқылы діни қағиданы ғана сипаттап көрсетпейді, сондай-ақ,
ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерді ғылыми негізде талдаған. Ұлттық психикалық құрылым үш
бөліктен тұрады: ол – ұлттық сезім, салт-дəстүр жəне ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мəдени
ерекшеліктің шартты белгілері. Көркем мінез – қалыптасқан жеке тұлғаның бойынан кездесетін
адами жағымды қасиеттердің жиынтығы ретінде анықталады. Жас өспірімнің мінез-құлқын
тəрбиелеуде ұлттық психология ерекшелектерін есепке алу, этнопсихологиялық қағидаларға сүйену
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов) ұсынылады. Н. Манаевтың көркем мінезде қолданған ұстанымдары
Аллаға тəубə қылу, шүкіршілік ету, барлығын қанағат тұту сияқты ұғымдарда біріктірілген түсінігіне
сəйкес қазақ мəдениетіндегі діни педагогиканың өкілдері: Ж. Баласағұни, Қ.А. Ясауи, т.б.
ойшылдардың тұжырымдарымен сабақтастырылған.
Əрбір пенде дүниеге келгенде жақсылық жасау, рахымшылық көрсету, кең пейілді болу сияқты
қасиетті құндылықтар адам баласын рухани биікке көтеретіндігі ақиқат.
Рухы күшті адамды жаңылдырудың қиыны оны алдай алмайсың, ол зорлыққа көнбейді, байлыққа
мастанбайды, асып-тасуды білмейді, ол қарапайым, ізгі қасиеттері мол иман жүзді, қайырымды,
батыл да батыр, білімді де парасатты, сегіз қырлы бір сырлы, өнерлі, қатарының алды, ол мақтауды,
марапаттауды жек көреді, ол көреген, алдын болжағыш, қиын-қыстаудан қиналмай өте алады.
Адамның көркем мінезі адами жағымды қасиеттері.
Сонымен біздің ойымызша, «Ізгілік қасиеттер дегеніміз – адамның ізгі іс-əрекетін
сипаттайтын жақсы əрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық сапалары». Бұл
барлық адамға ортақ ізгілік қасиеттер, яғни жағымды қасиеттер жиынтығы ретінде қарастырылады.
Қорыта келе халқымыздың: «Ұлық болсаң, кішік бол», «Болған адам болдым демес, болдым десе,
болғаны емес»- деуі де, адам қанша болып толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, кісілігі мен
кішілігін, көпке деген ізгілігі мен инабатын үзбей, тіршілік ету тиістігі қажет екендігі туралы айтқан.
Сондықтан халықтың бұл өнегесін үлкеніміз де, кішіміз де дəйім естен шығармай, ұлттық тəрбие
талаптарына сай өмір сүруге қолдануымыз керек.
Əдебиеттер
1. «Өзін-өзі тану» пəніне кіріспе: оқу құралы. – Алматы, 2007. –140 4. Жұмабаев М. Таңдамалы. -Алматы:
Ғылым, 1992. -270 б.
2. Ясауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет. – Алматы. 1993. – 260 б.
3. Алтынсарин Ы. Шығармалар толық жинағы. – Алматы: Жазушы. 1988. – Т1. -208 б.
4. Жұмабаев М. Шығармалары. -Алматы: Жазушы. 1989. – 293 б.
5. Əтемова К.Т. Оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеп пен отбасы бірлескен ісі.
Пед. ғылым канд. дисс. – Алматы. 1988. -127 6.
6. Құрбанходжа С.Н. Ясауитану дəрісінің рухани, мағнауи қажеттілігі мен тəлім-тəрбиелік мəні жəне
Ясауи кереметтері. Оқу құралы. –Түркістан. 2006. -248 б.
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика жəне психология. /жалпы ред.
басқарған А.Қ.Құсайынов. –Алматы: Мектеп. 2002. -256 б.
8. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
9. Кабуснама /Өзб. тілінен аударған Т.Айнабеков. – Алматы: Балауса. 1992. – 160 б.
10. Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы. 1987. – 355 б.
11. Манаев Н. Иман – Ислам. – Уфа типографиясы – Восточная печать, 1995. – 34 б.
Еркинбекова М.А.
(психология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қайнар Академиясы, Алматы қаласы)
ҰЛТАРАЛЫҚ ЖƏНЕ ЖАЛПЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МƏСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
Əлеуметтік ғылымдардың өзекті мəселелерінің бірі – ұлтаралық қарым-қатынас процестерін
зерттеу болып табылады. Еліміздің əр түрлі аумақтарында жүргізілген, кеңес этносоциологтарының
зерттеулері көрсеткендей, түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынас процесі, олардың
арасындағы қатынастардың қалыптасуы шешуші деңгейде кеңестік қоғам дамуының жалпы
факторларының əсеріне байланысты. Осы тұста, нақты бір республика, елді мекендерге тəн
спецификалық ерекшеліктер əсерінің басымдығы да қатар тұрады
1, 49-б..
Ұлтаралық қарым-қатынас мəселесі қазіргі кезеңде көптеген философия, əлеуметтану, педагогика,
психология ғылымдары ғалымдарының қызығушылығын оятуда. Қарым-қатынас – əр бір
политұлғаны дамыту үшін қажетті шарттардың бірі, өйткені қарым-қатынассыз адамзат қоғамының