Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет14/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   207

30 

свидетельство  этнической  толерантности – позитивный  образ  своей  культуры,  при  сохранении 

позитивного образа иной. 

Соотношение позитивных компонентов авто- и гетеростереотипов: 

 

 

Позитивные компоненты 



 

автостереотипов

гетеростереотипов

Адыги, состоящие в моноэтническом браке 100%

55% 

Русские, состоящие в моноэтническом браке 80%



60% 

Адыги и русские, заключившие 

межэтнический брак 

76%


64% 

 

Модифицированная  методика  Катца  и  Брели – "Метод  межкультурных  заимствований" – 



подтверждает  этот  вывод [2, с. 73-79]. Таким  образом,  респонденты,  заключившие  межэтнический 

брак,наиболее толерантны. 

 

Литература 

1.  Шихирев П. Современная социальная психология США. – М.: Наука, 1979. 

2.  Делова Л. А. Межэтническая семья в поликультурном социуме. – Майкоп: ООО «Полиграф-Юг», 2009. 

 

 



Дүйсенова Ж.Қ. 

 (Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. Қ.А.Ясауи атындағы  

Халықаралық қазақ-түрік университеті) 

 

ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕР – КӨРКЕМ МІНЕЗ БАСТАУЫ 

 

Өсіп  келе  жатқан  бүгінгі  ұрпақты  мəдениетті,  парасатты,  білікті,  көрегенді  етіп  тəрбиелеу, 



олардың  дүниетанымын  жоғары  деңгейге  көтеру,  қоғамды  ілгерілету  үдерісінде  адами  қасиеттерін 

дамытуға  үлкен  мəн  беру,  ұлттық  намысы  жоғары  ұлтжанды  өкілдерді  тəрбиелеу,  ізгілік  қасиетке 

толы мінезі үйлесімді ұрпақ қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты талабы. 

Əл-Фарабидің пікірінше, тəрбие дегеніміз – адамды этикалық білімге негізделген ізгілікпен жəне 

өнермен сусындату. Ол тұлғаны тəрбиелеудің міндеті – оның бойында жақсы қасиеттердің дамуына 

ықпал ету деп есептеді. Жақсы мінезге ұстамды  əрекет ету кезінде қол  жеткізуге болады, ал жаман 

мінез – жан сырқаты. 

Əл-Фарабидің  ойынша,  сезім  мүшелері  кемеліне  толған,  құрыштай  қисын,  тамаша  жад,  қырағы 

байқағыштық, өткір тіл, танымға құштарлық, тамақ пен сусынға сұқтанбау, шындықты сүйіп, өтірікті 

жаны  сүймеу,  ақша  жəне  өзге  де  өмір  игіліктеріне  енжарлық  (бей-жайлық),  əділдік,  батылдық,  ер 

жүректілік жəне т.б. қасиеттерді жинақтай білген адам ғана нағыз тəрбиеші бола алады [1, 108-109 б]. 

Қ.А. Ясауи еңбектерінде ізгілік мəселелері дінмен байланыста айтылады. 

Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, 

Діні қатты халайықтан қаштым міне. 

Қайда жүрсең көңілі жұмсақ, сыпайы болғын, 

Көре қалсаң мүсəпірді сырлас болғын. 

Қ.А. Ясауи [2, 126 б] мейрімділік білдіру, жанашырлық пен қайырымдылық жасау бұл игіліктің 

негізі деп түйіндейді. 

Абай  тарапынан  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек  күрделі  ұғымдардың  өзіне  тəн  ізгілік 

мағынасы  ашылады.  Абай  жүректі  негізінен  эмоциялық  сезімнің  адамгершілік  негізіндегі  мейрім-

шафағаттың  қайнар  көзі  ретінде  таниды.  Оны  адамзат  баласының  бойында  ұялаған  ең  асыл 

қасиеттер:  мейірім,  рақым,  əділет,  шафағат,  ар  атауларының  қайнар  көзі,  құтты  мекені  ретінде 

қарастырады. Абай өлеңдерінде: 

Бес нəрседен қашық бол, 

Бес нəрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз,- 

деп талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – бұл бесеуі нағыз адамдық қасиеттер, адам болудың 

шарты,  ал  өсек,  өтірік,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер  мал  шашпақ – адам  баласының  дұшпаны  екенін 

көрсетеді. 

Адамның ізгілікті көзқарасы оның сезімінен туындайтыны Ы.Алтынсарин еңбектерінде де көрініс 

тапқан [3, 208 б]. Ы.Алтынсариннің еңбектері балаларды ізгілікке, білімділікке үгіттейтін, тəрбиелік 

мəні жоғары педагогикалық шығармалар. 




31 

Бүгінде ізгілік – инабат нормалары дегенге сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі 

өзара  қарым-қатынастардағы  жарасымдылық,  ұнамдылық,  бір  сөзбен  айтқанда  адамгершілік 

тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады . 

М. Жұмабаев [4, 293 б]: «Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой, лəм іс 

ізгілік»-  деп  аталады.  Ізгілікке  ұмтылу  жауыздықтан  безу  адам  жаратылысының  өзінде  бар  нəрсе. 

Кімде-кім  өзін,  туыстарын,  өз  елін  сүйсе,  əсіресе,  бүткіл  адам  баласын  бауырым  деп  білсе,  сол 

адамды  ізгі  деп  атаймыз,  өзін-өзі  соқыр  сезіммен  мал  да  сүйеді  дей  отырып,  адамның  адам  болуы 

үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүю шарт екендігіне тоқталған. 

Адамның ізгілік қасиеттерін адам болмысына тəн анықтай білген Қ.Т. Əтемованың зерттеу еңбегі 

бізге  үлкен  қызығушылық  тудырды [5, 127б].  Педагог-ғалымның  зерттеу  еңбегіне  сəйкес  біздер 

мұғалімдердің де ізгілік  қасиеттері  төмендегідей деп  білеміз  жəне  біз  оларды  өзгертпей  беруді жөн 

санадық. 

1.  Жүректің  қызметіне  тəн  ізгілік  қасиеттер:  мейірімділік,  қайырымдылық,  кешірімділік, 

қарапайымдылық, ақ көңілдік, кең пейілдік, əділдік, адалдық. 

2. Ақылға, білімге тəн ізгілік қасиеттер: білімділік, саналылық, терең, ойлылық, мақсаттылық, 

байқағыштық, сезгіштік, жоғары талап қоюшылық, жоғары идеялылық, зеректілік; 

3. Қайратқа, іс-əрекетке тəн ізгілік қасиеттер: тіл тапқыштық, көпшілдік, еңбекқорлық, 

жауапкершіліктік, ептілік, тез шешім қабылдағыштық, белсенділік, сабырлылық (ұстамдылық) [5, 19 

б]. 


Адам өмірінің мəнді де сəнді болуы үшін əрбір адамның ойы таза болып, қызғаныш пен қиянат 

жасаудан  бойын  аулақ  ұстау  керектігі  анықталған.  Адамның  бойында  жағымсыз  қасиеттері  болған 

жағдайда адамның бойында биохимиялық үдерістер жүріп, жағымсыз қасиеттердің өзі адам ағзасына 

əсер  етіп,  өзін  ауру,  сырқауға  ұшырататын  көрінеді.  Осындай  пікірді  қолдаған  С.Н.Құрбанходжа 

адамның  жағымсыз  қасиеттерінің  қалыптасуын  төмендеше  береді.  Олар  менмендік,  дұшпандық, 

қызғаныш,  жақтырмау,  ашу,  кекшіл,  жеке  көру,  қайғылану,  кінəлау,  бақталастық,  дүниеқұмарлық, 

қатыгездік,  мансапқорлық  қайырымсыздық.Адамда  жағымсыз  қасиеттер  туындап,  қалыптасады,  əрі 

əдетке айналады. 

С.Н.Құрбанходжаев  «Əрбір  жағымды,  жағымсыз  жаңалықтың  қайсы  бірі  болмасын  бəрі  де 

жіңішке энергия жүйесі арқылы күнделікті ғарышқа жеткізіліп тұрады» деп діни астарын тұспалдап 

көрсетеді [6, 248 б]. 

Абу  Насыр  Аль-Фарабидің (870-950) еңбектерін  зерделей  келе  «Бақыт  əрбір  адам  ұмтылатын 

мақсат» – деп қорытынды нəтижеге ұмтылыстың құраушылары жөнінде төмендегідей береді: 

- əрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін; орнынан тұру, отыру, көлікке міну, көру, 

есту үшін керекті болады; 

- жан аффектілері: құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш т.б. 

қажет болады; 

- ақыл, парасат адамның бүкіл өмір бойында жинақталады; 

- жақсы мінез-құлық пен ақыл күші біріккенде адамның адамшылық қасиеттері артады.  

Сондай-ақ мінез-құлық сапалары:  

-  абзалы (жақсысы) жақсы əрекеттерден тұратынын; 

-  теріс (оңбағаны, жаманы) жаман əдеттерден жинақталатын құрылымдардан тұрады. 

Əдеттерді А.Сейтаховтың төмендегідей құрылымдауы көпшіліктің көңілінен шығады деп білеміз: 

-  үнемдеу, шамадан тыс үнемдеу, сараңдық жəне осылардан өзгешеленетіні жомарттық; 

-  əзілқой, шамадан тыс орынсыз əзіл, мазақтау жəне осылардан өзгешеленетіні сөзге тапқырлық; 

-  ұстамдылық  (батылдық),  шамадан  тыс  батылдық,  көзсіз  батырлық  жəне  бұлардан  ержүрек 

батылдықты өзгешелейді. 

Адамның  қасиеттеріне  тəн  зерттеулерді  зерделей  келе,  жақсы,  жаман,  ізгі,  жағымсыз  т.б. 

қасиеттер немесе т.б. атаулардың барын кездестіруге болады.  

Адам  бойындағы  жағымды  қасиеті  жақсы  мінезі  арқылы  көрініс  береді.  Олай  болса 

психологиялық қасиеттердің бірі мінезге тоқталып өтейік. 

Қазақ  халқында  көп  жағдайда  көркем  жігіт  екен  деп  адамдардың  сыртқы  бейнесіне  таңданып 

жатады.  Мұсылмандық  тұрғыдан  алғанда  діни  білімі  бар  адамдар  шынайы  мұсылман  болу  үшін 

көркем  мінезді  болу  қажет  деп  əрбір  пенденің  ішкі  жан-дүниесінің  əдемі  болғанын  қалайды. 

Қазақтың  этнопсихология  тарихында  жағымды  мінез,  көркем  мінез  жайында  ғалымдар  мен 

ағартушылар өздерінің еңбектерінде мұра  етіп  қалдырған  Əл-Фараби, Қ.А. Ясауи, Ж. Баласағұн,  А. 

Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Н. Манаев шығармалары арқылы анық көруге болады. 

Қ.А.  Ясауи  «Диуани  хикмет»  еңбегінде  жалпы  мұсылмандар  үшін  қажетті  ислам  дінінің 

парыздарына  жан-жақты  тоқталған.  Осы  діни  тəрбиелік  еңбегінде,  ол: 1) тəубашылдық; 2) 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау