Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет16/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   207

34 

пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Ұлтаралық жəне жалпы қарым-қатынас мəселелерін зерттеуде 

Э. Бэрнс, Д. Карнеги, С.Дерябо, А.А. Леонтьев, С.А. Арутюнов, Э.А. Баграмова, Ю.В. Бромлей, Л.Н. 

Гумилев,  М.И.  Станкин,  М.С.  Каган,  В.А.  Кан-Калик,  Х.Т.  Шерьязданова,  Қ.  Жарықбаев,  Ə. 

Алдамұратов,  С.М.  Жақыпов  жəне  т.б.  көптеген  ғалымдар  елеулі  табыстарға,  жаңалықтарға  қол 

жеткізді.  

Отандық  зерттеушіС.С.  Серікжановаайқын  полиэтностық  жəне  поликонфессиялық  құрамы  бар 

мемлекет  ретіндегі  Қазақстан  үшін  əлеуметтік  тұрақтылыққа  қол  жеткізу  жəне  оны  нығайту, 

тұлғалар,  жеке  əлеуметтік  топтар  жəне  қоғам  мүдделерін  үйлестіру  міндеті  этностық 

қауымдастықтардың өзара əрекеттесуінің ұтымды түрлерін этносаралық өзара қарым-қатынасқа түсу 

мəдениетін жоғарылату мақсатымен тығыз байланысты 

2, 14-б. деп пайымдайды,  

ал ресейлік 

бірқатар ғалымдар қазіргі өмірлік жағдайлар көрсеткендей, дамушы полимəдени қоғамда адами өзара 

қатынастардың ең əлсіз тұстары этностық жəне этностық бірдейлік болып табылады 

3, 82-б. деген 

қағидаға тоқталады.  

Жалпы  этникалық  аумақтағы  қарым-қатынас,  ұлтаралық  қатынас  мəдениетінің  көрсеткіштерін 

анықтау  тұрғысында,  сонымен  қатар  түрлі  əлеуметтік-саяси  жүйелердегі  ұлтаралық  қарым-қатынас 

мəселесі  көптеген  зерттеуші-ғалымдардың:  А.В.  Авксентьев,  Т.Ю.  Бурмистрова,  Н.Н.  Гасанов 

4, 

233-б


, Л.М. Дробижева жəне т.б. еңбектерінде көрініс береді. Осы тұрғыда Л.М.Дробижева қарым-

қатынас  құрылымын  толық  қарастыра  отырып,  ұлтаралық  қарым-қатынастың  əлеуметтік-

психологиялық  астарларына  талдау  жасайды.  Ал  Т.Ю.  Бурмистрова  жəне  О.А.  Дмитриевтің 

еңбектерінде қоғамдық өмірдің түрлі аумақтарындағы ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің мəні, 

процестің қалыптасуы жəне қызметі туралы қарастырылды. 

Аталмыш  мəселелер  аумағын  терең  зерттеумен  ұлттық  психология  ғылымы  айналысатыны 

баршаға  мəлім.  Яғни,  ұлттық  психология  белгілі  бір  этностар,  олардың  шығу,  қалыптасу,  даму, 

өзгеріске  ұшырау  жəне  т.б.  құбылыстарын  зерттей  отырып,  этникалық  мəселердің  шығу  себептерін 

анықтау,  түзету,  алдын  алумен  айналысады.  Ұлттық  психология  құбылыстарының  қалыптасу 

факторларын  ғалым  В.Крысько  өзінің  «Социальная  психология  в  схемах  и  комментариях»  деген 

еңбегінде  көрсетілгендей  саяси-əлеуметтік  жəне  экономикалық  дамудың  əсерінен  ұлттық  психика 

мінездемесінің  ерекшеліктері  қалыптасады,  себебі  бұл  ерекшеліктер  қоғамдық  жəне  өндірістік 

қатынастарға  тəуелді.  Бұлардың  ерекше  көріністері  əр  мемлекеттегі  этностық  бірлік  өкілдері 

санасының дамуына ерекше белгі қалдырады 

5, 111-б..  

Р.Г. Абдуталиповөзінің «Адам. Ұлт. Қоғам» атты еңбегінде, ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті 

кез-келген  ұлтаралық  қатынастар  аумағының  қажетті  атрибуты  бола  тұрып,  өз  табиғатына  сай 

қоғамның рухани өмірінің феномені, яғни ұлтаралық қатынастардың адамгершіліктік, моралды-саяси 

мəнінің арнайы көрінісі болып табылатынын көрсетеді 

6, 143-б..  

Жалпы  ұлтаралық  қарым-қатынас  мəселесі  туралы  тілге  тиек  еткенде,  қарым-қатынас  процесі 

міндетті  түрде  «топ», «ұжым» «политоп»  деген  ұғымдармен  тікелей  байланысып  жатады.  Ресейлік 

Ю. Данилевич өзінің ұлтаралық қатынастарды зерттеуге байланысты ғылыми жұмысында ұлтаралық 

қарым-қатынастардың  пайда  болуына  байланысты  өз  ойын  былайша  білдіреді: «сауда-саттық  жəне 

мемлекеттер  арасындағы  соғыстар  нəтижесінде  пайда  болған  ұлтаралық  қатынастар,  адамдардың 

өзіндік  ұлттық  психикалық  ерекшеліктерінің  бекуіне  əсер  етті.  Капитализмнің  дамуы,  яғни  ұлттың 

толық қалыптасуы барысында əр ұлт өкілдері психологиясы өздеріне тəн спецификалық көрінісіне ие 

болды». 


7, 6-б. 

АлЛ.К. Көмекбаеваныңпікірінше, «көп ұлтты мемлекеттегі күнделікті қарым-қатынас процесінде 

этнопсихологиялық 

факторларды 

ескеріп, 

құру 


қажет. 

Бөтен 


халықтар 

мəдениетінің 

этнопсихологиялық  тұрғысымен  танысуы – олардың  өзінің  сол  халыққа  тиістілігін  жете  түйсінуі 

жақсы  түсінуге  алып  келеді»  деген  ойын  ортаға  салады 

8, 17-б..  Осы  тұрғыда,  ұлтаралық  қарым-

қатынас  мəселесін  терең  зерттеу  үшін,  алдымен  «этнос»  ұғымының  мəнін  ашу  қажеттілігі 

туындайды. 

Этнос 


жəне 

ұлтаралық 

қарым-қатынас 

мəселелерін 

зерттеуде 

С.А.Арутюновтың, 

Э.А.Баграмовтың,  Ю.В.Бромлейдің,  Л.Н.Гумилевтің  жəне  т.б.  көптеген  ғалымдардың  этнологиялық 

теориялары  этносаралық  қатынас  мəнін  терең  түсініп  жəне  аталмыш  процестің  ерекшеліктерін 

анықтауда маңызды орын алады.  

Жалпы  көптеген  этнограф-ғалымдар  мен  зерттеушілер  қай  этностың  болмасын  ұлт  болып 

қалыптасуы үшін төмендегі факторлар қажет деген тұжырым ұсынады:  

-  оның құрамына енген адамдар отбасының материалдық тұрмыс жағдайлары; 

-  территориясы мен экономикалық өмірі; 

-  тілі мен мəдениеті; 

-  сол ұлтқа тəн кейбір психологиялық-этникалық ерекшеліктері. 



35 

Əр этностың өзіндік этникалық ерекшелігіне тəн психикалық құрылымы болатыны белгілі. Олар: 

ұлттық сезім, салт-дəстүрлер жəне ұлттық мінез. Ю.В. Бромлейдің қағидасы бойынша: «адамзат – ол 

халықтар».  Осы  қағидаға  байланысты  ХХ  ғ.  екінші  жартысында  басылым  беттерінде  «этнос» 

мəселесіне  байланысты  ғылыми  жарияланымдар  көптеп  шыға  бастады 

9, 5-40-б..  Бұл  мəселе, 

кеңестік  дəуір  кезеңінде  этникалық  факторларға  баса  назар  аударылмауына  тікелей  байланысты 

болды. Сондықтан, «этнос», «этникалық» терминдерін А.В. Сухарев, В.В. Тихомин, А.А. Шапорева 

сияқты  ғалымдар  жаңа  ұғымдар  қатарына  жатқызады,  ал  негізінде  аталмыш  ұғымдар  алғаш  рет 

Оксфорд сөздігінде 1972 ж. тіркелді 

10,37-50 б..  

Жалпы алғанда, этнос – этникалық өзіндік сананың ықпалынан, алдымен, этникалық тиістіліктен, 

сананың констатациялау іс-əрекетінен құралады. Ұлттың пайда болуы – объективті тарихи дамудың 

нəтижесі емес, ұлттық, тілдік, территориялық, мəдениеттік қауымға индивидуумдардың психикалық 

(саналы не санасыз) іс-əрекет өнімі ретінде ұғынылады.  

Көтеріліп  отырған  мəселе  бойынша  əдебиеттерге  шолу  жасау  ғылыми  зерттеулердің  мына 

бағыттарын көрсетті: этностар өмір сүру барысындағы мекен ететін жері рөлі мəселесі негізі туралы 

П.И. Кушнер, этностардың тарихи типологиясын С.А. Токарев, этникалық қауымдастықтың мəселесі 

мен этникалық сана-сезімді М.Г. Левин, этностың биологиялық даралығын Л.Н. Гумилев, этностың 

мəдени  ерекшелігін  Н.Н.  Чебоксаров,  этнос  мүшелерінің  эндогамиялық  тектестігін  Ю.В.  Бромлей, 

этностың  территориялық  жəне  экономикалық  байланысын  В.И.  Козлов,  этнос  аралық  синхронды 

жəне диахронды байланыстардың маңызын С.А. Арутюнов, этнос аралық кірігу немесе ассимиляция 

жайында В.К. Гарданов, И.С. Гуревич сынды ғалымдардың еңбектері «этнос» сөзінің мəн-мағынасын 

анағұрлым тереңдете түседі.  

Ал,  Қазақстан  Республикасының  күрделі  этносаяси  құрылымына  зерттеуші  Əбсаттаров  Р.Б. 

төмендегідей  нақты  ғылыми  анықтама  береді: «Қазақстан  Республикасының  этносаяси  құрылымы 

дегеніміз – ұлтаралық  қатынастың  жəне  бірыңғай  мемлекеттің  көп  ұлтты  құрамын  құраушы  дос 

пейілді  ұлттар,  ұлыстар,  ұлттық  жəне  этникалық  топтардың  өкілдері  арасындағы  қатынастардың 

жиынтығы  мен  əлеуметтік-этникалық  қауымдастықтардың  жиынтығы  мен  əлеуметтік-этникалық 

қауымдастықтардың дамуын ұйымдастыру жолдары болып табылады» 

11, 10-б.. 

Қазақстан жағдайында этнос пен мəдениет саласының əр түрлі мəселелерін зерттеген ғалымдар А. 

Сейдімбек, Г.К. Шалабаева, Ж.К. Каракузова, Ж.О. Артықбаев, ұлттың табиғатын А. Айталы т.б.; ал 

психологиялық  жағынан  Қ.Б.  Жарықбаев,  С.М.  Жақыпов,  М.  Итбаев,  О.Х.  Аймағанбетова  жəне 

шетелдік  ғалымдар  З.  Фрейд,  Л.С.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  К.К.  Платонов,  Б.Г.  Ананьев,  Л.С. 

Рубинштейн, А.Г. Ковалев, М.С. Коган, Г.М. Андреева, А.Г. Асмолов жəне т.б. қарастырған.  

Аталмыш  зерттеу  жұмыстарында  «этнос»  жəне  «этнос  аралық  қарым-қатынас»  мəселесі  жан-

жақты  зерттелінген.  Ғалымдардың  мəдени  аралық  кеңістігіне  шығу  əрекеттері  əдістемелерді 

дамытудың магистралды бағытын анықтады.  

Ал  С.М.  Борбасов  өз  монографиясында  «ұлттық  қатынастар – өте  күрделі  əлеуметтік-саяси 

категория»  деп  анықтама  берсе 

12, 6-б., «Ұлтаралық  қатынастар  мəдениетінің  қалыптасуы»  атты 

еңбек авторлары «ұлтаралық қатынастар мəдениетін қалыптастыру ойдан емес, өмірден алынуы тиіс» 

деп тұжырымдайды 

13, 7-б.. Ұлтаралық қатынас мəдениеті, ең алдымен, көпэтносты, не моноұлттық 

болып  келетін  қатынас  ортасына  тығыз  байланысты  болады.  Сондықтан  ұлтаралық  қарым-қатынас 

мəдениетін  қалыптастырудың  принциптерін  жете  ұғыну  қажет.  Ұлтаралық  қарым-қатынас 

мəдениетін дамытудың негізгі принциптері ретінде Т. Сарсенбаев жоғарыда аталып өткен еңбегінде: 

«өзге  этностық  қауымдастықтардың  əдет-ғұрыптары  мен  салт-дəстүрлерін,  тілі  мен  мəдениетін 

сыйлау;  өндірісте  жəне  тұрмыста,  қоғамдық  өмірде  əдеп  сақтап,  кез  келген  ұлттың  өкілдеріне 

сыйластықпен  қарау;  төлтума  этномəдениетті  сақтап,  дамытуға  қамқор  болу;  ұлтаралық  қарым-

қатынас  тілдерін  меңгеру;  əрбір  этностық  қауымдастықтың  талантымен  дүниеге  келген  бағалы 

атаулының барлығына, жалпыадамзаттық құндылықтарға еркін қол жеткізу» мүмкіндігін көрсетеді. 

Ойымызды  қорытындылай  отырып,  қарым-қатынас  адам  өмірінде  ауадай  қажет  əрі,  өз  бетінше 

белсенді  əрекет  ету  формасы  ретінде  жүзеге  асырылады.  Бірақ  көп  жағдайларда  тəжірибелік 

əрекеттерге кіріктіріледі, себебі белсенді, жан-жақты қарым-қатынассыз ол мүмкін болмас еді. Адам 

дамуы, оның тіршілік етуі, оның айналамен байланыс жасауы қарым-қатынассыз мүлде мүмкін емес. 

Сонымен  қатар, «коммуникативтік  кəсіп»  субъектілерінің,  яғни  соның  ішінде  полимəдениетті 

ұжымдарда  жұмыс  атқаратын  педагогтардың  қарым-қатынас  жасай  білу  құзыреттіліктерін  дамыту 

мəселесіне  баса  назар  аудару  қажет.  Қазақтың  ұлы  ақыны,  философы  Абай  Құнанбаев: «адам 

өміріндегі  ең  ғажайып  нəрсе – оның  басқа  адамдармен  қарым-қатынасы»  деген  қағидасы  қарым-

қатынастың адам өміріне өте қажет екендігінің дəлелі. 

 

 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау