Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет23/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   207

48 

бүтіндей  халықтардың  тағдырын  қозғайды.  Ол  жалпыхалықтық,  жалпыұлттық,  жалпыадамзаттық 

сипатқа ие болуы мүмкін. 

Сабақтастық  адамгершілік  саласын  қозғап,  отбасының  кенже  мүшелерінің  жеке  басының  теріс 

қылықтарының қалыптасуына əсер етуі мүмкін. Кей жағдайда ол стихиялы түрде де болуы мүмкін, 

алайды көп жағдайда ол сапалы құбылыс. 

Ата-аналардың  балаларын  жақсы  жағдайда  өмір  сүрсін  деген  ынтасында  да  сабақтастықтың 

педагогикалық  аспектілері  кездеседі.  Бұл  жағдай  жас  отау  құру  тойында,  жас  нəрестенің  дүниеге 

келуіндегі баталарда да орын алады. 

Ұрпақ  сабақтастығы  жөніндегі  халық  идеялары  шын  мəнінде  педагогикалық  болып  табылады. 

Халық нақыл сөздерінің тəрбиелік маңызы өті зор. 

Педагогика саласында сабақтастық өте тұрақты. 

Тарих – халық педагогикасының бірден-бір қуатты құралы. Көптеген ғасырлар бойы халық ауыз 

шығармашылығында сақталып келген тарих сабақтарына баға беру жəне сипаттау болашақ ұрпақтың 

рухани-адамгерішілік  қалыптасуына  ықпал  жасап  отырды.  Халық  ауыз  шығармаларында  адамның 

толық  адамгершілік  ережесі  бар:  оларда  ата-анаға  махаббат,  берілгендік  пен  адалдық,  еңбекке 

сүйіспеншілік  жəне  жалқаулар  мен  сандалбайларға  жек  көрушілік,  жаулардың  алдында  жəне 

табиғаттың  дүлей  күші  алдында  ер  жүректік,  білмекке  құмарлық,  қарттар  мен  жасы  үлкендерге 

инабаттылық  пен  кішіпейілдік  туралы  баяндалады.  Бұдан  жүз,  мыңдаған  жылдар  бұрын  жасалған 

халық  педагогикасының  ескерткіштерінде  қарапайым  педагогикалық  талаптар,  оқу  мен  тəрбиенің 

тəсілдері мен амалдары анықталған. Оларда балаларды еңбекке баулу, балалардың еңбек құралдары, 

мерекелері,  əндері  мен  музыкалық  аспаптары,  балалар  ортасының  адамгершілік  ережелері, 

жастардың эстетикалық идеалдары жəне т.с.с. баяндалады. 

Халық өз кезегінде өзінің тəрбие жүйесін жасады. Халық – рухани байлықтардың бірден-бір жəне 

сарқылмас көзі. Халықта рухани жəне эстетикалық құндылықтардың басты өлшемі əрқашанда еңбек 

болып  табылады.  Бұл  меселенің  төңірегінде  халық  шығармашылығында  балаларға  арналған 

ертегілер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар  бар  десеңізші!  Олардың  барлығы  да  педагогикалық  бір 

мақсатты – балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуды көздеді. 

Жетілген адам жөніндегі халық идеалын халық тəрбиесінің мақсаты жөніндегі жалпы, жинақтау 

əдісіне негізделген түсінік деп қарау қажет. Мақсат – тəрбиенің шоғырланған, тиянақты көрінісінің 

бір жағы. Идеал – тұлғаның қалыптасуының бүкіл процесінің жалпы міндетін көрсететін жан-жақты, 

кеңірек құбылыс. Идеалда адамның тəрбиесі мен өзін-өзі тəрбиелеуінің түпкі мақсаты көрсетіледі, ол 

талпынуға тиісті жоғары үлгі беріледі. 

Халықты  педагогикалық  даналықтың  көптеген  асылдарының  ішінде  адамдардың  тұлғалық 

бейнесін,  оның  еліктеуге  үлгі  болатын  идеалдарын  жетілдіру  идеясы  негізгі  орын  алады.  Тəрбие 

шынайы  адами  түсінікте  өзін-өзі  тəрбиелеудің  пайда  болуымен  мүмкін  болды.  Адам  қарапайым 

«педагогикалық» əрекеттерден күрделенген педагогикалық қызметке бет алды. 

Жетілу  түсінігінің  өзі  адамзаттың  прогресімен  тарихи  эволюциялық  өзгерістерге  душар  болды. 

Адамдардың  арғы  аталарының  алғашқы  санасының  нышандары  өзін-өзі  сақтау  инстинктерімен 

байланысты: кейін осы инстинктен денсаулықты нығайту мен дене бітімін жетілдірумен байланысты 

саналы  түрдегі  қамқорлық  пайда  боды.  Еңбек  құралдарын  жетілдіруге  деген  ынталылық  өзін-өзі 

жетілдірудің  ішкі  талпынысын  оятты.  Табиғаттың  мəңгілік  үйлесімділігі  мен  адамдардың  олармен 

белсенді қарым-қатынасы адамның тұлғалық жекелеген сапаларын жетілдіруді табиғи түрде жасады. 

Тұлғаның  келісімді  жетілу  идеясы  адамның  өз  табиғатында  жəне  оның  қызметінің  сипатында 

салынған болатын. 

Индивидтің  жетілуі  адам  баласының  екі  ұлы  жетістігімен  келістірілген  еді – тұқым 

қуалаушылықпен  жəне  мəдениетпен  (материалдық  жəне  рухани).  Өз  кезегінде  адамзаттың  прогресі 

адамдардың жетілуге талпынысынсыз мүмкін емес еді. Еңбек қызметімен туындаған бұл əбден толық 

жетілудің  өзі  материлдық  жəне  рухани  мəдениет  саласында  адамның  ішкі-сыртқы  дүниесінде, 

адамдардың қарым-қатынасында қатар жүріп жатты. 

Əр халықтың тұлғаның толық жетілуі жөніндегі түсінігі тарихи жағдайлардың əсерімен дамыды. 

Халықтың өмір жағдайының ерекшеліктері оның ұлттық идеяларынан орын алды. Дей тұрғанмен де 

толық  жетілген  тұлғаның  адами  қасиеті  жөніндегі  идеялары  бір-біріне  жақын  болды.  Мəселен, 

барлық  халықтарда  ақыл-ой,  денсаулық,  еңбексүйгіштік,  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  адалдық,  ер 

жүректік, кең пейілділік, мейірімділік, қарапайымдылық жəне т.б. жоғары бағаланды. 

Тұлғаның  толық  жетілуінің  адамгершілік  негізін  ұлттық  абыройды  тəрбиелеу  құрайды.  Əрбір 

халық  өз  ұл-қыздарының  бойынан  өзінің  туған  халқы  жөнінде  жаман  ойламайтын  мінез  көрсетуді, 

қадірлі  адамдар  жөніндегі  қасиетті  рухты  қорламауды,  өзінің  патриоттық  əрекеттерімен  халқының 

даңқын арттыра білетін қасиеттерді көргісі келеді. Ұлттың даңқы оның даңқты ұлдарымен жасалады. 



49 

Ұлттың  қадір-қасиет  сезімі  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  халық  абыройының  жауапкершілік 

сезімінің  барлығын  талап  етеді.  Ұлттық  абыройдың  таза  сезімінің  дамуында  сонымен  бір  мезгілде 

ұлттың əрі гүлденуі, əрі интернационалдық жақындасу идеялары салынды. 

Тарихи  жəне  тарихи  емес  халықтар,  педагогикалық  шығармашылыққа  бейім  жəне  бейім  емес 

халықтар  жоқ.  Барлық  халықтарға  тұрақты  жетілген  адамдарды  тəрбиелеу  жөніндегі  саналы 

қамқорлық  тəн.  Жалғыз  бір  адамның  халыққа  қажетті  жетілуді  бойына  сіңіріп  алуы  мүмкін  емес. 

Сондықтан да халық педагогикасында ру мүшелерінің жиынтығының, бірлігінің жетілуі деген түсінік 

орын алған. Жалпы көп халықтарда отбасы, ру, тайпалардың жетілуіне ынталылық болған. 

Адамзаттың жетілуінің мазмұны мен мəні жөніндегі пікір тəрбие жөніндегі халықтың, этникалық 

идеалдардың  тұрақтылығын  дəлелдейді.  Ол  өмірге  тек  сөзбен  ғана  емес,  тиянақты  істің  көмегімен 

жасалды.  Сөз  бен  істің  бірлігі  ұлттық  дəстүрлі  педагогикалық  жүйенің,  жанды  тəрбие  дағдысының 

күшті жақтарының бірін көрсетеді. 

Халық  педагогикасының  мыңжылдаған  тəрбиесі  тұлғаға  ықпал  етудің  ең  тиімді  құралдарын 

қалыптандырған. Тұлғаның белгілі бір сипаттарын қалыптастырумен байланысты тəрбие құралдарын 

дифференциациялауды елестету таң қалдырады. Мысалы, баланың жеке басына əсер ету құралдары 

ретінде  жұмбақтарға,  мақалдарға,  өлеңдерге,  ертегілерге,  ойындарға,  мерекелерге  көңіл  бөлген. 

Жұмбақтардың  негізгі  мақсаты – ақыл-ой  тəрбиесі,  мақалдар  мен  өлеңдер – адамгершілік  жəне 

эстетикалық тəрбие. Ертегілер ақыл-ой, адамершілік жəне эстетикалық тəрбиенің жиынтығы ретінде 

əсер  етуге  белгіленген,  ертегілер – жинақтау  құралы.  Мерекелік-ойындық  мəдениет – барлық 

құралдар  үйлесімділік  бірлігінде,  жөнге  салынған  жүйедегі  əрекет  жағдайындағы  педагогика. 

Ойындар  да,  өлеңдер  де,  мақалдар  да,  ертегілер  де  қолданылады.  Ойын – ең  тиімді  практикалық 

педагогика, материалданған ертегі. 

Сонымен,  өзінің  негізінде  интернационалған  жəне  мəні  жағынан  жалпыадамзаттық  этникалық 

педагогика барлық халықтардың тəрбиелік тəжірибесін зерттейді жəне қорытындылайды. Гуманистік 

тəрбие  адамзат  баласының  қай  кезінде  болсын  тəрбиенің  барлық  тарихи  түрлерінің  жоғары  деңгейі 

ретінде  барлық  халықтар  мен  ұлыстардың  педагогикалық  жетістіктерін  өз  бойына  қабылдайды. 

Этногенез жағдайында тəрбие жүйесі ойлап шығарылмайды, меңгеріледі, оны бүкіл этнос шығарады 

жəне келесі ұрпаққа қалдырады. 

 

Əдебиеттер 

1.  Добреньков В.И. Вызовы глобализации и перспективы человечества // Вестник МГУ. –2004. -№4. –с. 3-

21. 


2.  Жарикбаев К.Б., Калиев С.К. Антология педагогической мысли Казахстана. –А. -1995. 

3.  Кожахметова К.Ж. Развитие этнопедагогики как наука и учебной дисциплины за годы независимости 

Казахстана // Вестник КазНУ –серия «педагогические науки». -2011. –с. 30-35. 

4.  Рысбеков Т.З. Некоторые вопросы преемственности педагогических традиции в этногенезе // В книге 

«Проблемы совершенствования учебного процесса и воспитания» -Уральск. -2012. –с. 41-51. 

 

 



Садықова Н.М., Бауыржанқызы А. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,  

аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет) 

 

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢА ƏЛЕУМЕТТІК ЖƏНЕ ЭТНОМƏДЕНИ ОРТАҒА  

ƏЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ 

 

Тұлғаның жаңа өмір сүру жағдайында бейімделуін зерттеудің теориялық тұжырымдамасын іздеу 

жəне  дəлелдеу  əлеуметтік  психологияда  бейімделу  мəселелер  жағдайын  толықтай, «əлеуметтік-

психологиялық  бейімделу», «əлеуметтік  мəдени  бейімделу», «бейімделудің  көрсеткіштері  мен 

факторлары»  жəне  т.б.  осындай  ұғымдар  құрылмының  сараптамасын  қарастыруды  талап  етеді. 

Нұсқалған ұғымдардың толық сараптамасы мен айқындалуына талаптанбай, оларға тек олардың бізге 

тұлғалардың  өмір  сүрудің  жаңа  жағдайларында,  сонымен  қатар,  жаңа  əлеуметтік  жəне  этномəдени 

ортада бейімделу спецификасы мағынасын ашуға тоқталайық. 

Бейімделу  əдебиеттерінің  көптеген  сандық  ағымында  бейімделу  бұл  өздің  кең  жəне  тар 

мағыналарында  қолданылады.  Кең,  философиялық  көрінісінде  бейімделу  деп: «... жеке  тұлға  мен 

ортаның,  олардың  функциялары,  құрылымының,  жүріс-тұрысының  қиылысуы  орын  алатын,  кез-

келген  қарым-қатынас»  түсінеді [1]. Бұл  аспектте  орындалған  жұмыстарда,  бейімделу  тұлға  мен 

макро əлеуметтің арасындағы байланысу құралы ретінде қаралады, адамның қоғамдық орының, жаңа 

əлеуметтік  рөлді  иемденуінің  асты  сызылып  көрсетіледі  т.б.  бейімделу  əлеуметтанумен  бірге  өзара 

арақатынаста болады. 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау