18
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды
ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен
іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін
көрсету тәрізді нақты мақсаттар қояд
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға
жылжуында үлкен қадам болмақ. Бұл шара көрме нысандары мен Астананың
инфрақұрылымын салуға жеке инвестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік береді.
Елорданың да, тұтас республиканың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы
үшін қосымша ынталандыру болады. Астанадағы және оның маңындағы шағын және орта
бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға
елеулі үлес алады.[1]. Ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсететін
«EXPO-2017: болашақтың энергиясы» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті жаһандық
дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыратынын анық.Ал ЭКСПО-2017 «Астананың жеңіп
шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны
лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден,
таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары
бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін
айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты
ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Іс жүзінде ІІІ индустриялық революция
«жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның
қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни EXPO-
2017 Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс
бекетіне айналмақ! Ең бастысы, Астананың таңдалуы – Қазақстанның барша халқының
күш-жігерінің нақты жемісі, бұл – тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық
сахнадағы ең үлкен жетістігі!» –десекте болады.Еліміздің басым бөлігі, шын мәнінде,
Қазақстан халқы EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізудің болашақтағы пайдасын
толыққанды сезінбей отыр. Бұл халықаралық тұрғыда тәуелсіздік жылдары Қазақстанның
жеткен ең жоғары жетістіктерінің бірі. Осы ұйымға 161 мемлекет мүше болып табылады.
Олардың барлығы Қазақстанды талқылады. Бұл елдер осындай көрмені өткізуге Астананы
саналы түрде таңдады. Біріншіден, олардың мойындау фактісі өте маңызды. Екіншіден,
100-ден астам ел өздерінің павильондарын салу үшін Елордаға келеді. Ал, үшіншіден,
мұның барлығы жаңа технологиялар.Жалпы, ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен
әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған «EXPO» көрмесін ТМД
кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм
Елбасының саяси аренадағы дәрежесін сыйлау екені анық. Әрі сыртқы саясаттағы
табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. Астанаға 3 айдың
ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде
инвесторлар да, туристер де, журналистер де болады. Демек, Қазақстанға ақпараттық шу,
туристік қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден
тиімді.
Көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкелетінін де көптеген
сарапшы-мамандар айтуда. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады,
жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес
өркендейді. Және бұл көрме елдегі инновациялық рухты жандандырудың, ғылымға
ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі. Жасыл технологияларды дамыту, балама
қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы
іске асыру кілтіне айналатынына халық кәміл сенімді болуы тиіс. Мысалы, 1939 жылы
Нью-Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды
таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші
Париж көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде де жаңа
технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз.[2]
Қазақстан «EXPO-2017» көрмесін өткізу арқылы әлемдік танымалдылыққа қол
жеткізуге, брендке айналуға мүмкіндігі болады. Брендтің әрқашан қымбат бағаланатыны
19
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
және қымбатқа түсетіні белгілі. Еуразия құрлығының ортасында Қазақстанның тиімді
орналасуы шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырады. Себебі, әрбір адам біліміне
қарамастан, жаңа елдерді танып, білгісі келеді және EXPO-ны өткізетін Астана
географиялық жағынан бүкіл әлем туристерінің назарын өзіне аудартады. Көрменің
экономикалық тиімділіктері де айтарлықтай маңызға ие. Мысалы, халықаралық көрме
кешенін салу барысында ілеспе бизнесті дамыту, оның ішінде тамақтану орындарын ашу
мәселелері қарастырылуда. «ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде барлығы 50 қоғамдық
тамақтану орны мен 200-ге жуық сауда автоматтары жұмыс істейтін болады».Әлемдік
деңгейдегі шараны ұйымдастыруда ел экономикасына тигізер басты пайдасының бірі – ел
аумағында республикалық маңызы бар, арнайы кешен құрылысы салынып, қалааралық
жолдар жөнделіп, мемлекеттің туристік әлеуеті айтарлықтай артады, Көлік және
коммуникация министрлігінің мәліметіне жүгінсек, Астана – Теміртау, Астана –
Павлодар, Шортанды – Зеренді автокөлік жолдары осы көрменің арқасында қайта
төселетін болды. Қазіргі таңда жолды жөндеу, қайта төсеу және құрылыс жұмыстары
басталып кеткен. 2016-2017 жылдарға дейін бұл жұмыстар толықтай аяқталуы тиіс. Бұған
қоса Астана оңтүстік-батыс айналма жолы салынады. 31 шақырымдық айналма жол
астанадағы көліктер ағынын азайтып, жүк көліктерін қала сыртына шығаруға сеп болмақ.
Көктемде Шетелдік инвесторларкеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «EXPO-2017» халықаралық көрме кешені бір реттік қана емес, ұзақ мерзімді
стратегиялық жоба екенін баса айтты. Елбасының айтуынша, көрме болашақта
Қазақстанның барлық аймақтары үшін технологиялық трансфертке айналуы әбден
мүмкін. «EXPO-2017» көрмесіне әлемдегі ең озық технологияларды, ең жақсы
дүниелердің бәрін жинаймыз және әлемге бізде не бар екенін көрсетеміз..«EXPO-2017»-
нің тағы бір пайдасы сол, біз елімізге келген миллиондаған туристерге ұлттық
құндылықтарымызды насихаттай аламыз. Біздің тарихымызға, мәдениетімізге,
әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген қонақтарға
ұсынылады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастырылады деп күтілуде.
Ол үшін үлкен дайындық жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Оған халықтың да
қосар үлесі болуы қажет. Мысалы, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны
насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз.
Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы насихаттау шараларын жүзеге асыруға
болады. Сонымен қатар, көрмеде ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық
жиындар өткізу жоспарланып отыр. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты
қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын
аудару болып табылады. Халықаралық көрмені Астанада өткізу нендей қажеттіліктен
туындап отыр. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде
қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді
бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы
қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға
алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер
талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы,
Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің
мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді.
Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан ұзақ жыл тарихы бар EXPO-2017
көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп, жеңімпаз атанды.
EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік
қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де,
EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне
паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің
даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу
зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды
лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.
Әрине, бұл оңай шаруа емес.[3] Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ