160
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
aшу, oқушылaр үшін жaңa мүмкіндіктер - бұл бoлудың міндетті шaрты және қaтысушылaрды
қoсу aрқылы құзыреттілікті aрттыру жеке және ұжымдық тәжірибе жинaқтaу,
құндылықтaрды іске aсыру және қaбылдaу.
5. Интерaктивтік oқыту технoлoгиялaрын қoлдaну білімді меңгеруді бaқылaуғa
мүмкіндік береді және aлынғaн білім, дaғдылaрды әртүрлі жaғдaйлaрдa икемді және
aдaмгершілікке қoлдaну мүмкіндігін береді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Кукушкин В. С. Теoрия и метoдикa oбучения. – Рoстoв н // Д.: Феникс, 2005, – 474 с.
2. Пaнинa Т. С., Вaвилoвa Л. Н. Сoвременные спoсoбы aктивизaции oбучения. — М.:
Aкaдемия, 2008. – 176 с.
ӘОЖ 591.3.044
БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫН ДАЯРЛАУДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Оксикбаев Б.К., Елтаева А.А., Тұрсыбаева Т.М.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
alua_eltaeva@mail.ru
Бұл мақалада биология мамандығын даярлауда оқытудың жаңа технологияларын
қолданудың тиімді тұстары талданған және тиімді әдістерді қолдану мысалы
көрсетілген.
Кілттік сөздер: жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқуды бағалау, білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды
балаларды оқыту, білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
В данной статье анализируется применение эффективных методов и новых технологий
обучения в подготовке специальности биология.
Ключевые слова: новые подходы, критическое мышление, оценивание обучения,
использование информационно-коммуникационных технологий, обучение талантливых и
одаренных детей.
This article analyzes the application of effective methods and new technologies in the
preparation of specialty biology.
Key words: new approaches, critical thinking, evaluation of training, use of information and
communication technologies, teaching talented and gifted children.
Еліміздің білім сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында республика деңгейінде түрлі
стратегиялық жоспарлар құрылып, жүзеге асыру жолға қойылған. Осындай әрекеттердің
бірегейі «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік Орталығымен
танымдық бағдарламалар бойынша құрастырылған педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыратын курстар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру сауатты, жан-
жақты маман даярлауға жол ашпақ. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының кәсіби деңгейін
жоғарылата отырып, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі [1-3].
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт
білім жағдайлары орын алады.