Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет76/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129

 
152 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
мамандықты таңдауға болмайды. Тұлға мен қоғам қажеттіліктерінің сәйкестілік принциптерінің 
бұзылуы кадрлардың кәсіби құрылымындағы теңсіздігіне алып келеді.  
Мамандық  таңдаудағы  белсенділік  принципі  кәсіби  өзіндік  анықтау  үрдісіндегі  тұлға 
әрекетінің  түрін  сипаттайды.  Мамандықты  белсенді  түрде  өз  бетімен  табу  керек.  Бұл  жерде 
маңызды  ролді  атқаратын:  еңбек  және  кәсіби  дайындық  үрдісінде  оқушылардың  өздерінің 
практикалық  байқау,  тәжірибелік  сынама  әрекетін  жүргізу,  ата-ананың  кеңесі  мен  олардың 
кәсіби тәжірибесі, іздену және әдебиет оқу, практика кезіндегі жұмыс және т.б. 
Даму  принципі  –  тұлғаға  біліктілігін  жоғарылатуға,  тәжірибе  мен  кәсіби  шеберліктің 
өсуіне  байланысты  еңбек  ақының  ұлғаюына  мүмкіндік  беретін,  қоғамдық  жұмысқа  қатысу, 
тұлғаның  мәдени  қажеттіліктерін  өтеуге,  демалыс,  тұрғын  үй  қажеттіліктерін  және  т.б.  өтеуге 
мүмкіндік беретін мамандықты таңдау идеясын сипаттайды. 
Кәсіби дайындық қызметін орындайтын кәсіби бағдарлау, оның екі түрін көрсетеді - өз 
бетімен  білім  алу  немесе  білім  беру  мекемелерінде  оқу.  Кәсіби  оқудың  табыстылығын  белгілі 
бір  мамандықты  алуға  дайындығы  (эмоционалды,  мотивациялық)  сияқты  маңызды 
психологиялық кезең анықтайды [3]. 
Адамның  ішкі  ресустарын  талдау  және  оларды  мамандықтың  талаптарымен 
сәйкестендіру  арқылы  жүзеге  асатын  мамандық  таңдауы,  адамның  қоғамда  өзін  танытудың 
негізі, өмірдегі басты шешімі болып табылады. Мамандық таңдау – бұл қысқа мерзімдік әрекет 
емес. Мамандық таңдау  - бір үрдіске айналатын, бірнеше кезеңдерден тұрады. 
Кезеңдер ұзақтығы келесі жағдайларға тәуелді болады; 
сыртқы шарттар: 
мамандық таңдау субъектісінің жеке ерекшеліктері; 
Кәсіби бағдар беру жұмысының негізінде кәсіби өзі-өзі анықтау түсінгі жатады, өйткені 
мамандықты  таңдау  мен  оны  үйрену  кәсіби  өзіндік  анықталудан  басталады.  Кәсіби  өзін-өзі 
анықтау адамның, әрекет субъектісі ретіндегі, өзіндік санасының маңызды компоненттері болып 
табылады. 
Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  –  тұлға  кәсіби  әрекетінің  бүкіл  кезеңін:  кәсіби  ниетінің  пайда 
болуынан бастап, еңбек әрекетінен шығып кетуіне дейінгі уақытты қамтитын үрдіс. 
Кәсіби өзін-өзі анықталудың қалыптасуы тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игере отырып, 
тұлғаның «кәсіби - Меніне» бұл тәжірибені қосу негізінде жүзеге асады. 
Кәсіби өзін-өзі анықтауды түсінудің бірнеше жолы бар. Г. С. Пригиннің пікірінше, кәсіби 
өзіндік  анықталу  –  бұл  адам  өзінің  белгілі  кәсіби  топқа  қатыстылығын  саналы  түрде  ұғынуы. 
В.А. Алексеевтың кәсіби өзін-өзі анықтауда ерекше назар аударатыны – кәсіби сапаны танып, 
оларды  өзіндік  бағалауы  мен  оларға  деген  қатынасы.  Л.А.  Головей  бұл  түсінікті  келесідей 
түсіндіреді,  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  міндетіне  тәуелді  тұлғаның  өзіндік  санасының  таңдамалы 
әрекеті: өзін-өзі өз кәсіби әрекетінің субъектісі ретінде саналы қабылдау.  
«Кәсіби  өзін-өзі  анықтау»  терминінің  осындай  интерпритациялары  бір-біріне  қарама-
қарсы  емес,  олар  бір-бірін  толықтырып,  осындай  ауқымды  түсініктің  әр  түрлі  аспектілерін 
ашады. 
А.К. Маркованың пікірінше, кәсіби өзін-өзі анықтауға жататындар; 
-  өзінің  қасиеттерін  саналы  түрде  игеру  эталоны  ретінде,  адам  өз  мамандығының 
нормалары, ережелерін саналы қабылдау: 
- осы қасиеттерді басқа  адамдардан  саналы игеру, белгілі бір абстрактпен немесе нақты 
әріптесімен өзін-өзі салыстыру; 
- әріптестер жағынан өзін маман ретінде бағалауын есептеу; 
-  өзінің  әр  түрлі  жақтарын  өзіндік  бағалау  -  өзін-өзі,  өзінің  кәсіби  мінез-құлқын  түсіну, 
сондай-ақ, өзін бағалау мен эмоционалды қатынас. Бұл жерде кәсіби өзіндік сана кәсіби өзіндік 
бағалауға  сүйенеді  –  ретроспективті,  актуалды  (өзекті),  потенциалды  (ықтимал,  мүмкіндікті), 
идеалды; 
-  өзін  толығымен  жағымды  бағалау,  өзінің  жағымды  қасиеттері  мен  болашағын 
(перспективасын) анықтау, бұл жағымды «Мен - концепциясына» алып келеді [4]. 


 
 
153 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Адамның  кәсіби  анықталуы  ертерек,  оның  балалық  шағында  басталады,  бала  ойын 
барысында өзіне әр түрлі мамандықтар ролін таңдап, оған байланысты әрекетті ойнап шығады. 
Кәсіби өзін-өзі анықтау ерте жасөспірімдік шақта аяқталады, бұл кезде адамның өміріне 
әсер ететін шешімді қабылдау қажеттілігі туындайды. 
Е.Ю. Пряжникова кәсіби өзін-өзі анықтаудың негізгі міндеттерін айқындады: 
- өзіндік анықтауға жалпы дайындығының құрылуы; 
-  ал  жасөспірімдер  мен  мектеп  түлектері  үшін  –  бұл  нақты  мамандықты  таңдаудағы 
көмек. 
Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  –  тұлға  даму  үрдісінің  маңызды  қоғамдық  жағы.  Мамандық 
таңдау  себептеріне  мектептің,  отбасының,  қоғамдық  ұйымдардың,  әдебиеттің,  өнердің 
мақсаттылы ықпалы жатады.  
Кәсіби  бағдарлану  әдістерінің  осындай  жиынтығы  оқушылардың  кәсіби  ағартуы  мен 
кеңес  беру,  кәсіби  қызығушылық  пен  бейімділігін  ояту,  жұмысқа  орналастыру  мен  кәсіби 
бейімделу  кезеңіндегі  қиыншылықтардан  өтудегі  тікелей  көмек  көрсету  міндеттерін  шешуді 
камтиды. Кәсіби бағдарлану әдістерінің жүйесі тұлғаның кәсіби дамуына кең мүмкіндік береді, 
осы жүйеден тұлға өз әрекетінің мотивтері мен мақсаттарын алады. 
Жасөспірімдердің  мамандыққа  деген  қызығушылығы  жиі  өзгеріп  тұрады.  Бұл  сыртқы 
факторлардың  әсері  нәтижесінде  болуы  мүмкін,  мысалы,  оқушылар  еңбек  мазмұны  мен 
мамандықтың келешектегі көрінісі туралы жалған ой алып, немесе өз мүмкіндіктерін объективті 
емес  бағалап,  өзінің  психофизиологиялық  ерекшеліктерін  есепке  алмай,  өз  күштерін  асырып 
көреді.  Осыған  байланысты  кәсіби  өзіндік  анықтаудың  басты  мақсаты  -    оқушының  өзіндік 
дамуының  (кәсіби,  өмірлік  және  тұлғалық)  саналы  әрі  дербес  құрылуына,  түзілуіне  және  іске 
асыруына іштей дайындығын, нақты кәсіби әрекетте тұлғалы – маңызды мәнін өз бетімен таба 
білуін кезең-кезеңімен қалыптастыру [5]. 
Оқумен  қатар,  еңбек  әрекетінің  әр  түріне  араласып,  ол  міндетті  түрде  өзіндік  анықтау 
қажеттілігіне,  яғни  өзінің  қоғамға  деген  пайдасын  анықтайды.  Сондықтан  мектептегі  оқу, 
оқушылардың өз болашақ мамандығын кемелді әрі дұрыс таңдауға алғышарт болуы міндетті. 
Оқу кезіндегі өзін-өзі іздеу әрекеттері сәтсіз аяқталуы көп кездесі, бұл жерде мектептің 
өмірден,  оқудан  және  тәжиребеден  алшақтығы  үлкен  рольге  ие.  Еңбек  әрекеті  үстінде  өмір 
тәжірибесімен  бетпе-бет  келген  адам  мектепте  оқығанның  көбі  қажеті  жоқ  екенін  түсінеді,  ал 
оған  қажеттісін  ол  өз  бетімен  меңгеруі  тиіс  болады,  өйткені  бұл  білімді  ол  мүлдем  алған  жоқ 
немесе  олар  мектеп  бағдарламасымен  шектелген  болатын.  Бұл  оқыту  үрдісінде  бірыңғай 
бағдарламаны қолдану заман талабына сай емес әрі тиімді емес, белгілі бір бағдарлама бойынша 
оқытуда оқушының қызығушылықтары, мақсаттары, келешегі, интеллектуалдық және тұлғалық 
сипаттары басты назарда болу қажеттілігінің тағы бір дәлелі болады.  
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты 
дүниетанымын  қамтамасыз  ету  және  оны  болашақ  белгілі  бір  кәсіпке  даярлау.  Осы  үш 
міндетінің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай 
әзірлеу – ең көкейкесті мәселе екенін байқаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  ҚР «Білім туралы» заңы, 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 
2.  Саудабаева Г.С. Научно-педагогические основы профессионального самоопределения 
школьников в современных условиях – автореферат, Алматы, 2010 
3.  Бендюков  М.А.  Что  ты  должен  знать  о  выборе  профессии  и  поиске  работы  –  СПб, 
2012 
4.  Климова  Е.  А.  Как  выбирать  профессию.  Пособие  для  педагогов  и  психологов  – 
Москва, 2000 
5.  Мухина В.С. Возрастная псхология. Учебник для студ. – Москва, 2009 
 
 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау