Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет65/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129

 
130 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
анықтайтын  фактор  болып  саналады.  Ол  жалпыға  бірдей  міндетті  қызмет.  Ауылшаруашылық 
кәсіпкері өнімді ұқсатушы да, ал ондағы шаруа өнімді өсіруші деп түсінгеніміз жөн. 
ҚР Конституциясының 26-бабына сәйкес «Кез келген адам кәсіпкерлік ісімен айналысу 
еркіндігіне құқылы. Өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметте пайдалану еркіндігіне ие. 
Монополиялық  қызмет  заңмен  реттеліп,  шектеліп  отырады.  Әділетсіз  бәсекелестікке  тыйым 
салынады» [1]. 
ҚР Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес, кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, 
азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру 
арқылы  таза  табыс  табуға  бағытталған,  жеке  меншiкке  (жеке  кәсiпкерлiк)  не  мемлекеттiк 
кәсiпорынды  шаруашылық  басқару  құқығына  (мемлекеттiк  кәсiпкерлiк)  негiзделген  ынталы 
қызметi.  Кәсiпкерлiк  қызмет  кәсiпкердiң  атынан,  оның  тәуекел  етуiмен  және  мүлiктiк 
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады [2]. 
Кәсіпкер азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда табуға немесе өзіндік табыс алуға 
бағытталған  бастамшылық  дербес  қызметі.  Ауылшаруашылық  кәсіпкерлігін  азаматтар  өз 
атынан,  өздерінің  мүліктік  жауапкершілігі  кепілдігімен  немесе  заңи  тұлғаның  (кәсіпорынның) 
атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. 
Еліміздің  аграрлық  кәсіпкерліктің  қалыптасу  үдерісі  жалпы  халықтық  құқықтың 
дамуымен  байланысты,  кейінірек  оның  мемлекеттік  реттеуді  күшейтетін,  сонымен  қатар 
нормативтік  актілерде  алғашқы  шаруа  (фермер)  қожалықтары  пайда  бола  бастаған,  азаматтық 
құқықтардың да кезеңдерін қамтиды. 
Кәсіпкерліктің  әрі  қарай  дамуы,  өзара  түсінісуге  әкеліп  соқтыратын,  жеке  мүддеге 
мемлекеттік  бастаманың  әсерінің  жалпы  үдеме  кезеңін  қамтиды.  Мемлекеттің  басқаруындағы 
экономика аралас сипатта болды, себебі жеке және қоғамдық ой ұштасып, синтезделе бастайды. 
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 380 қаулысына сәйкес, 
осы Тұжырымдама кәсіпкерлік қызметті мемлекетттік реттеу пайымын, оның негізгі тәсілдерін 
айқындайды  және  осы  бағытта  2020  жылға  дейін  одан  әрі  дамуды  қамтамасыз  етуге 
қарастырылған [3]. 
Осы  Тұжырымдамада  халықаралық  тәжірибе  негізінде  заңдардың  қолданыстағы  және 
жаңадан  енгізілетін  нормаларының,  экономиканы  реттеу  құралдарының  реттеушілік  ықпалын 
жария  талдаудың,  осыған  сәйкес,  аталған  құқықтық  нормаларды  қабылдау  саласында  әрекет 
ететін  жеке  кәсіпкерлік  субъектілері  бірлестіктерінің  нормативтік  құқықтық  актілерді  келісуін 
енгізудің  орталықтандырылған  жүйесін  тұрақты  түрде  құру  болжанады.  Бұл  ретте 
тұтынушыларға  шығын  келтірген  бұзушылықтар  үшін  кәсіпкерлердің  жауапкершілігін  бір 
мезгілде арттыра отырып, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген мемлекеттік функцияларын 
бизнес  ортаға  беру  мүмкіндігі  көзделеді.  Сондай-ақ  Тұжырымдаманы  іске  асыру  тәуекелдерді 
басқару жүйелерін одан әрі жетілдіруді, мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жеке 
кәсiпорындардың  өндіріс  процесі  мен  iшкi  қызметiне  араласпауды  және  мемлекеттік 
бақылаудың  түпкі  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігіне  ғана  бағыттылығын  белгілейтін  жаңа 
қағидаттарын  енгізуді;  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  қоғамдық  ұйымдарын 
институционалдық  күшейтуді,  оларға  қойылатын  талаптарды  арттыруды,  қызметтің  ашық 
тетіктерін  әзірлеуді,  тұтынушылардың  тұтынатын  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігі  туралы 
хабардар етілуін жоғарылату мәселелерін пысықтауды болжайды. 
Қазіргі 
кезеңдегі 
кәсіпкерлік 
қызметтің 
құқықтық 
анықтамасы 
Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  кодексінің  10-бабында  берілген.  Яғни  Азаматтық  кодексінің  10-
бабының  1-тармағына  сәйкес  «кәсіпкерлік  қызмет  кәсіпкердің  атынан,  оның  тәуекел  етуімен 
және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады» делінген [2]. 
Осыған орай, біріншіден, бастамалы, дербес, барша қоғамға тиімді қызмет, екіншіден, өз 
қаупімен  және  тәуекелділігімен  жүзеге  асырылатын  қызмет  және  оның  ең  маңыздысы  –  бұл 
мүлікті  пайдаланудан,  тауарды  сатудан,  жұмыстарды  орындаудан,  қызметтерді  көрсетуден 
жүйелі табыс табуға бағытталған қызмет. 


 
 
131 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Ауылшаруашылық  кәсіпкерлік  –  ауылшаруашылық  сала  бойынша  өнім  өндіру  мен 
ұқатуда  бастамашыл,  әрекет  етуші  заңнамалар  шегінде  жүзеге  асыратын,  өзінің  оқшауланған 
мүлкіне  негізделген  және  барлық  қатысушыларына  өзара  тиімді  нәтижелер  мен  табыс  алуға 
бағытталған  шаруашылық  немесе  өзге  де  қызмет  түрі.  Сондықтан  ауылшаруашылық 
кәсіпкерлігін  ҚР  АК-нің  10-бабында  көрсетілген  кәсіпкерлік  ұғымының  бір  тармағы  ретінде 
көрсеткеніміз дұрыс болар. Себебі аталған бапта көрсетілген анықтамадағы белгілердің бәрі де 
ауылшаруашылық кәсіпкерлігіне тән деп есептеуіміз қажет, тек өзгешелік – ауылшаруашылығы 
кәсіпкерлігінің  жер  ресурстарымен  тығыз  байланыста  және  оның  өнімдерінің  табиғат 
құбылыстарына тәуелді болуы. 
Ал  ауылшаруашылығындағы  кәсіпкерлік  қызметті  құқықтық  реттеу  дегеніміз 
ауылшаруашылық  қарым-қатынастарды  реттейтін  және  ауылшаруашылық  өндірісінің 
тұтымдылығын тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен ауылшаруашылық 
кәсіпкерлігінің субъектілерінің қызметін құқық нормаларымен реттеу және оларды жүзеге асыру 
қызметі. 
Көп салалы ауылшаруашылық кәсіпкерлігі табиғи-климаттық өндірістік, экономикалық, 
тарихи  және  басқа  да  жағдайлардың  көптігін  ескере  отырып,  объективті  қажеттілікпен 
анықталады.  Ең  алдымен,  сапалығы  мен  өнімділігі  арасында  елеулі  ерекшеліктері  бар. 
Ауылшаруашылық өндірістің ерекшеліктеріне олардың үлкен алаңды алып, маусымдық сипатта 
болып, ауа райына бағыныштылығы жатады. О с ы ғ а н байланысты материалды-техникалық 
және  еңбек  ресурстарын  бір  қалыпта  пайдалана  алмауы  және  табыс  алуда  ауылшаруашылық 
тауарларды  тұрақты  өндіру  мүмкіндігінің  жоқтығы.  Жоғарыда  көрсетілген  және  басқа 
ерекшеліктер ауылшаруашылығында нақты табиғи-өндірістік және экономикалық жағдайларға 
белгілі  бір  территорияда  қалыптасқан  тарихи  дәстүрлерге  байланысты  меншік  түрлерін  және 
шаруашылық ету нысандарының көптігін қажет етеді [4, 56]. 
Ауылшаруашылық кәсіпкерлік бұл шаруашылық сала бойынша өнім өндіру мен ұқсатуға 
бастамашыл,  әрекет  етуші  заңнамалар  шегінде  жүзеге  асыратын,  өзінің  оқшауланған  мүлкіне 
негізделген және барлық қатысушыларына өзара тиімді нәтижелер мен табыс алуға бағытталған 
шаруашылық  немесе  өзге  де  қызмет  түрі  болып  табылады.  Ауылшаруашылық  қызметін  – 
кәсіпкерлік  қызметтің  бір  түрі  негізгі  ерекшелігі  ауылшаруашылық  өндірісінің  негізгі  құралы 
ретінде  жер  пайдалану  процесіне  өтпейтіндігінде  болып  отыр.  Ауылшаруашылық  объектісі  – 
егеменді  еліміздің  нарықтық  экономикадан  тұрақты  дамуға  көшуіне  атсалысатын,  сондай-ақ 
тұрақтандыру  мен  жетілдіру  жағдайындағы  ауылшаруашылық  кәсіпкерлік  қызметі  мен 
ауылшаруашылық тауар өндірісі саласындағы пайда болған қоғамдық қатынастардан құралады. 
М.В.  Романкованың  пікірінше,  бүгінгі  таңда  өзіндік  жеке  кәсіпкерліктің  қарапайым 
нысаны жеке кәсіпорын болып табылады (заңды тұлға емес). Бұл нысан заңда бекітілмегенімен 
оны азаматтық заңдардың жалпы ережелері мен азаматтар кәсіпкерлігінің тәжірибесімен көруге 
де  болады.  Жеке  кәсіпорынды  заңды  тұлға  ретінде  тануға  заңиталпыныстар  тәжірибеде  сәтсіз 
аяқталды.  Себебі,  кәсіпкерліктің  бұл  нысанының  құқықтық  табиғаты  мен  мәнін  анықтауда 
көптеген қарама-қайшылықтар әлі күнге дейін байқалды [5, 93]. 
Ауылшаруашылық кәсіпкерлік аясында пайда болған құқықтық қатынастардың дәрежесі 
мен  түріне  байланысты  объектілер  мынандай  болады:материалдық  игіліктер  (жер,  табиғи 
ресурстар,  мүлік,  бағалы  қағаздар);субъектінің  әрекеті,  тәртібі,  әртүрлі  қызметтер  оның 
нәтижелері;рухани шығармашылық өнімдері; бағалы қағаздар, ресми құжаттар [6, 78]. 
Е.Ш.  Дүсіпов  пайымдауынша,  ауылшаруашылық  кәсіпкерлердің  объектісі  заң  актілері 
негізінде  пайдалану  және  қорғауға  ауылшаруашылық  кәсіпкерлігі  аясында  құқықтық 
қатынастардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерді бағытталған 
нақты  игіліктерді  жатқызамыз.  Ауылшаруашылық  объектісі  ауылшаруашылығы  салалары 
өндірісінің негізгі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, азық-түлік, астық шаруашылығы, 
селекция жетістіктерін жатқызуға болады [7, 62-63]. 
Л.Қ.  Еркінбаеваның  пікірінше,  «ауылшаруашылық  қызмет»  мен  «ауылшаруашылық 
өндіруші» түсініктерінің мәнін бөліп қарастырған. Ауылшаруашылық қызмет ауылшаруашылық 
өнімдерін өңдеуде жерді пайдаланумен байланысты қызметті түсінуге болады. Аграрлық өндіріс 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау