Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет73/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129

 
146 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
Жоғарыда  аталған  зерттеушілердің  пікір,  көз-қарастарын  талдау  бүгінгі  ЖОО-да 
болашақ  мұғалімнің  кәсіби    маңызды  сапаларын  қалыптастыруға  қажетті  білім  беру  мен 
оқыту  әдістемесінің  мазмұны  жекткілікті  деңгейде  әлі  де  қамтамассыз  ете  алмай 
отрығандығына  көз  жеткізеді.  Міне,  сондықтан  да  болашақ  маманның  кәсіби  іс-әрекетін 
жүзеге  асыруға  деген  теориялық  және  практикалық  жетілдіру  бағытындағы  ЖОО–ның 
негізгі бағыты олардың кәсіби  маңызды сапаларын қалыптастыру болып саналады.  
 Психологиялық  -  педагогикалық  әдебиеттерге  жасалған  талдаулар,  болашақ 
мұғалімінің  кәсіби  маңызды  сапаларын  қалыптастыру  мәселесінің  көкейтестілігіне 
қарамастан,  бұл  мәселе  төңірегіндегі  зерттеулердің  әлі  де  болса  жеткіліксіздігін, 
жүйеленбегендігін көрсетеді.  
О.А.Абдуллина  педагогикалық  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  мұғалімнің 
жалпыпедагогикалық даярлығы проблемасын педагогикалық іскерліктерлікті қалыптастырумен 
байланыстыра қарастырады. Оның тұжырымдауынша, «педагогикалық іскерліктер мен дағды - 
мұғалімнің  кәсіби  мінездемесінің  маңызды  компоненті,  ал  оларды  қалыптастыру  -  кәсіби 
педагогикалық даярлық жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады» [1]. 
Педагогикалық  іскерліктер  теориялық  білімнің  жүзеге  асыру  формасы  болып 
саналады. Автор педагогикалық іскерліктер-теориялық білімді жүзеге асыру формасы екенін 
атап  көрсетеді.  Педагогикалық  білімдерде  ең  алдымен,  тәрбие  мен  білімнің  мақсаты, 
міндеттері, принциптері, мәні, әдіс - тәсілдері, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері 
жөншдеп психологиялық - педагогикалық білімдер көрініс тапқан [2]. 
Музыка мұғалімінің кәсіби маңызды сапалары проблемасын егжей-тегжейлі зерттеген 
Р.Р. Жәрдемәлиеваның тұжырымы біздің зерттеуімізге біршама тірек болды [2]: 
Оның  пікірінше,  мұғалімнің  әдістемелік  даярылғы,  ең  алдымен,  іс-әрекетіндегі 
дербестілік пен шығармашылықты белсендіруде, талдаушылык,    қабілеттерін    дамытудагы    
рөлімен    анықталатын әдістемелік білім,  іскерліктерінін    жиынтығынан құралады.     Олар 
мыналар: 
-  педагогикалық  құбылыстың  қалыптасып,  дамуындағы  жетекші  тенденцияларды,    
олардың қазіргі жағдайын,  оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің барлық  саласындағы 
тәрбие мен оқыту проблемасының көкейкестілігін білу; 
-  оқыту  процесінің  мазмұны  мен  мәнін,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай 
сынып пен сыныптан тыс мерзімде оқытылатын пәндердің өзіндік ерекшеліктерін білу; 
- тексерістен өткен оқытуәдістерін ескере отырып сабақ беру әдістемесін меңгеру; 
-  оқушылардың  тәрбиесі  әдістемесіне  сай  келетін  педагогикалық  техниканың 
негіздерін білу; 
-  сыныптан  тыс  іс-әрекеттерде  балалардың  музыкалық  ұжымының(хор,  оркестр, 
ансамбль, т.б.) жұмысына қажетті әдістемелікпринциптерді меңгеру; 
-  оқушылардың  музыканы  қабылдау  мен  музыкалыққызығушылығын  дамытудағы 
әдістемелік заңдылықтардыбілу; 
-  музыкалық  педагогика  проблемасы  бойынша  әдістемеліксеминарлар  мен 
үйірмелерді   ұйымдастыру дағдысын меңгеру,т.б. 
Зерттеушінің  атап  көрсетуінше,  мұғалімді  кәсіби  маңызды  сапаларды  қалыптастыру 
келесі зандылықтарға бағынады: 
-теориялық  және  практикалық  жүйені    қамтамасыздандырудың  оқушылардың 
тәрбиесі  мен  білімі  саласындағы  әлеуметтік  және  рухани  даму  сұранысына 
байланыстылығы; 
 -  педагогикалық  ғылым  мен  мектеп  практикасының  формалары  мен  әдістері 
мазмұнының мұғалімнің педагогикалық еңбегінің сипаты мен бағытына сай болуы; 
-  жоғарғы  оқу  орны  болашақ  музыка  пәні  мұғалімдерінің  әдістемелік  даярлығының 
мақсаты мен мазмұнының өзара байланысы; 
 -  мамандарды  әдістемелік  даярлау  процесіндегі  теория  мен  практиканың 
біртұтастығы. 


 
 
147 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Болашақ музыка мұғалімі іс-әрекетінің ішіндегі ең бастысы оның оқу іс-әрекеті болып 
табылады [3].  
Мамандар  даярлаудың  негізгі  мақсаттары  да  болашақ  музыка  мұғалімінің  оқу  іс-
әрекеті  процесінде  жүзеге  асырылады.  Ол  болашақ  музыка  мұғалімі  бойында  психикалық 
процестердің,  ерекшеліктердің  дамуына  интенсивті  түрде  әсер  етеді  және  олардың  кәсіптік 
маңызды, біліктерді, икемділіктер мен дағдыларды меңгеруіне жағдай жасайды. 
Болашақ  музыка  мұғалімінің,  жеке  тұлға  болып,  жан-жақты  қалыптасуында  оқу  іс-
әрекетімен  қатар,  оның  қоғамдық  іс-әрекеті  де  белгілі  бір  роль  атқарады.  Көптеген 
зерттеушілердің  пікірінше,  болашақ  музыка  пәні  мұғалімінің  қоғамдық  жұмыстарға 
араласуын,  маңызды  сапалары,  дербестікті  ойлау  деп  қарамау  керек,  қайта  бұл  болашақ 
музыка  пәні  мұғаліміке  жауапкершілікті  сезінуді,  қоғамдық  қатынастарды  өзінше  тануды 
үйрететін  пайдалы  нәрсе  деп  қарау  керек.  Қоғамдық  жұмыстармен  айналысатын  болашақ 
музыка пәні мұғалімдер, бұл жұмыстардың, оның болашақ мамандығын меңгерудегі, кәсіптік 
іс-әрекетіндегі  маңызын  да  жете  түсінеді  және  де  бұған  деген  қызығушылықтарын  да 
байқатады. Белсенді болашақ музыка пәні мұғалімінің сабақты да жақсы оқуын, зерттеушілер, 
оқу мотивтерінің пайдалы жақтарының басым болуымен түсіндіреді. 
Болашақ  музыка  мұғалімінің  ғылыми  іс-әрекетінің  маңызды  ерекшеліктері  болып: 
біршшіден, оның мақсаттарының оқу мақсаттарына бағынатындығы; екіншіден, оның негізгі 
мотивтері  кәсіптік  -  танымдық  екендігі  саналады.  Болашақ  музыка  мұғалімінің    ғылыми 
жұмыспен айналысуындаш негізгі көзделегін мақсат - олардың кәсіби маңызды сапаларының 
қалыптастыру, практикалық есептердің шығармашылық шешімдерін табуға үйрену және т.б. 
Ғылыми іс-әрекеттің мотивтеріне, оның қоғамдық және жеке тұлға үшін бағалылығын түсіну, 
ғылыми және практикалық мөселелерді шешуге  барынша үлес қосуға ұмтылу, ғылыми ізденіске, 
бәрін білуге деген құлшыну жатады. 
Мысалы, кәсіби маңызды сапалардың қалыптасуына бағдарлану, (А.Б.Катанов), болашақ 
мұғалімінің  кәсіптік  іс-әрекетке  даярлығы  дәрежесіне  (М.И.Дьяченко,  ЛЛ.Кандыбович), 
болашақ  музыка  пәні  мұғалімінің  жалпы  әдістемелік  және  кәсіби  дайындығына 
(А.Б.Әбілқасымова) тигізетін ықпалы жөнінде зерттеулерде егжей-тегжейлі қарастырылған. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  кәсіби  маңызды  сапалар,  жалпы  жеке  тұлғаның 
бойындағы  маңызды  сапалар  негізінде  қалыптасатыны  белгілі.  Ал,  маңызды  сапалардың, 
жеке  тұлғаның  дамуына,  оның  білімді  игеруге,  іс-әрекетті  жетілдіруге  тырысу  тәрізді 
пайдалы  мотивтерімен,  өз  білімін  өзі  көтеруге  ұмтылуымен,  іс-әрекетке  қатысты 
жауапкершілігімен,  еріктік  күш  жігерін  ұтымды  пайдалана  алуымен  сипатталатын  әлеуметтік 
маңызды қасиеттерінің дамуына әсер ететіні анық. 
Кәсіби  маңызды  сапалар,  жеке  тұлғаның  бітіміндегі  маңызды  сапаларының  бір  түрі 
ретінде,  оның  белсенділік,  жауапкершілік,  шығармашылыққа  бейімділік,  тәртіптілік,  өзіне, 
өзгелерге талап қоя білушілік, белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық 
сияқты 
қасиеттерімен   
тығыз    байланыста болады.  
Осылайша,  кәсіби  маңызды  сапаларының,  жеке  тұлғаның  жалпы  дамуындағы  ролін 
нақтылай отырын, оның мынадай: 
жеке тұлғаның кәсіптік және басқа да қасиеттерін дамыту; 
кәсіптік іс-әрекетті реттеу және мінез-құлықты тәрбиелеу; 
жеке тұлғаның кәсіптік жағынан өзін-өзі көрсету; 
жеке тұлғаны кәсібилендіру; 
жеке тұлғаны кәсіптік жетілдіру сияқты қызметтерін айрықша атап көрсетуге болады. 
Біздің ойымызша, әрбір мамандық иесінің кәсіби  маңызды сапаларын қалыптастырудың 
өзіндік  ерекшелігін  ескермесе  болмайтын  сияқты.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  болашақ 
музыка  пәні  мұғалімінің  кәсіби    маңызды  сапаларын  қалыптастыруда,  дамытуда  жаңа  ақпарат 
технологиялардың  дамуы,  білім  беру  жүйесіндегі  елеулі  өзгерістер  және  т.б.  өз  үлестерін 
алуға тиісті. Демек, кәсіби маңызды сапалар қызметінің нәтижесі ретіндегі, болашақ музыка 
пәні мұғалімінің оқу-практикалық іс-әрекетіндегі мына бір көріністерді: 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау