128
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
шарттың жасалған күні мен тоқтатылу уақыты; сақтандыру төлемдерінің мөлшері
және т.б. көрсетілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген кезден бастап, ал оны
бөлеп төлеген кезде, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар
үшін міндетті болады [1].
Сақтандыру шартының объектілері мен субъектілері.
Сондықтан сақтандырылған адамға сақтанушының міндеті ауысуы, оған материалдық
жағынан пайдалы болмауы мүмкін. Егер сақтандыру шартының ауысуы кезінде сақтанушы
соттың шешімімен әрекет қаілеттілігі жоқ деп танылса, оның құқықтары мен міндеттерін
қорғаншысы атқарады. Бұл жағдайда сақтандыру тарабы ретінде сақтанушыны ауыстыруы
емес, оның құқықтары мен міндеттерін басқа бір тұлғаның орындауы болып табылады [2.92].
Тағы бір сақтандыру қатынасының қатысушысы болып танылады. Пайда алушы бұл
сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру
төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Пайда алушы ретінде заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Пайда алушы жеке
де, мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі
бойынша пайда алушы сақтандыруды реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі
бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде
немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы
болып табылады. Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы
сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі бойынша
тағайындалады. Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол сақтандырылған
адам деп ұйғарылады, сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған
жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысынан құқығы сақтанушыға
ауысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы ретінде өзінің жұбайын, баласын,
басқа да жақын туысқандарын тағайындайды.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға
сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап қоюға құқылы.
Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға
өкілетті сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің
өкілеттілігі болмаған жағдайда, оның сақтандыру агенті ретінде қызметіне жол берілмейді.
Сақтандыру ұйымы өзінің атынан сақтандыру ұйымынан алған өкілеттілік шегінде жасаған
сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындайды.
Сақтандыру агенті сақтауға міндетті талаптар, сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің
есебін жүргізу жөніндегі талаптар Қазақстан республикасы Заңдарының талаптары ескеріле
отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді [6.96].
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. /жалпы бөлім/ 27 желтоқсан 1994 ж.
2. Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы-қаражат 1995 ж.
3. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Занимательное страхование . Москва, Финансы и
статистика, 1998 г.
4. Белых В.С., Криовшеев И.В. Страховое право Москва, Норма 2002 год
5. Брагинский М.И. Договор страхования Москва, Стаут 2000 г.
6. Гвозденко А.А. Основы страхования Москва, Финансы и статистика 1999
129
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
ӘОЖ 349
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ
Копбасарова Г.К., Қазбек Е.Ж.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет, Талдықорған қ.
Бүгінде елімізде ауылшаруашылығы саласы мемлекет экономикасын қамтамасыз
етуде аса маңызды саласының бірі болып табылады. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері
ұғымы отандық заңнамада бекітілмеген. Бірақ, теориялық логикаға сәйкес
ауылшаруашылық тауар өндірушілері ауылшаруашылық кәсіпкерлік ұғымымен теңдестіруге
болады. Ұсынылып отырған мақалада ауылшаруашылқ кәсіпкерлік субьектісі ретінде
ауылшаруашылық тауар өндірушілердің құқықтық мәртебесін анықталады.
Кілттік сөздер: Аграрлық құқық, кәсіпкерлік, ауылшаруашылқ кәсіпкерлігі, құқықтық
жүйе, заңнама,азаматтық кодекс.
На сегоднящний день в нашей стране аграрная сфера является одной из важной
отрасли государства обеспечивающий экономику. Понятие сельхозпроизводитель не
рассматривается в отечественном законодательстве. Однако, согласно теоретичексой
логике понятие сельхозпроизвоители и сельскохозяйственная предпринимательство
приравниваются. В предлагаемой статье рассматривается правовой статус
сельхозпроизделей как субьекта селькохозяйственного предпринимательства.
Ключевые слова: Аграрное право, предпринимательство, сельскохозяйственная
предпринимательства, правовая система, законодательсвто, гражданский кодекс.
For today in our country the agrarian sphere is one of the important branch of the state
providing the economy. The concept of an agricultural producer is not considered in domestic
legislation. However, according to the theoretical logic, the concept of agricultural producers and
agricultural entrepreneurship is equated. The proposed article examines the legal status of
agricultural products as a subject of agricultural business.
Key words: agrarian law, entrepreneurship, agricultural entrepreneurship, legal system,
legislature, civil code.
Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік
нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік
реттеу мен қолдаудың қажеттілігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық
әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілердің
монополизациясының төменгі деңгейі; ауылшаруашылық өніміне бағаның тұрақсыздығы
және т.б.
Экономикасы*- дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің
азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру
мүмкін еместігін дәлелдеп отыр.
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын
тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық
процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті
ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен
асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық
қанағаттандыру болып табылады.
Ауылшаруашылығы
кәсіпкерлері
өнім
өндіруді
ұйымдастырып
дамытады.
Ауылшаруашылық кәсіпкерлігі – Қазақстан экономикасындағы маңызды саласы. Оны дамыту
деңгейі Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық тұрақтылығын
Достарыңызбен бөлісу: |