104
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру
дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім
үрдісіне толық енгізу.
Кілттік сөздер: инклюзивті білім беру, жаһандық мәселе, білім үрдісі.
В данной статье основное внимание уделяется инклюзивному образованию, в
котором основное внимание уделяется всему мировому сообществу, в котором
учитываются индивидуальные потребности и особенности детей,
включая полное
вовлечение
окружающей среды с вовлечением семьи в процесс образования. Мировые
ученые делают этот глобальный вопрос ясным: инклюзивное образование означает
полное включение всех детей, включая детей-инвалидов, в общий образовательный
процесс.
Ключевые
слова:
инклюзивное
образование,
глобальная
проблема,
образовательный процесс.
This article focuses on inclusive education, which focuses on the entire global
community, which takes into account the individual needs and characteristics of children,
including full involvement of the environment with the involvement of the family in the
education process. World scholars make this global issue clear: inclusive education means the
full inclusion of all children, including children with disabilities, in the overall educational
process.
Key words: inclusive education, global problem, educational process.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық
мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз -
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Білім беру ұйымында «ерекше» балаларды біріктіру – арнайы білім беру жүйесін
дамытудың заңды кезеңі. Ол қоғам мен мемлекеттің экономикалық, мәдени, құқықтық
дамудың белгілі деңгейіне қол жеткізген әлеуметтік тапсырыс ретінде белгілеуге болатын
әртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындады. Бұл кезең мүгедектерге деген
көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек тең құқықтығын ғана емес, сонымен қатар
осындай адамдарды өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беру саласында тең
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты. Мүмкіндігі шектеулі
(бұдан әрі – МШ) балалардың мәселелерін шешу – инклюзивті оқытуға арналған
бағдарлама.
Инклюзивті білім беру – әртүрлі мұқтаждықтарға бейімделу тұрғысынан барлығы
үшін қолжетімділікті болжайтын жалпы білім беру саласын дамыту үдерісі, бұл
сұраныстары ерекше балалардың оқуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ол барлық
оқушылардың балабақшаның, мектептің, институттың, мектепке дейінгі және мектеп
өміріне толық араласуына мүмкіндік береді. Қолжетімді мектеп құру мен бірлесе оқу
(«енгізілген» немесе «инклюзивті» білім беру) МШ балалардың әлеуметтік бейімделуіне,
олардың дербестігі мен тәуелсіздігіне ықпал етеді және қоғамдық пікірді өзгертеді,
қоғамның толыққанды азаматы ретінде оларға деген қарым-қатынасты қалыптастырады.
Білім берудің осындай тәсілінде баланы білім беру ортасына емес, керісінше білім беру
ортасын балаға бейімдеуге (лайықтауға) баса назар аударылады. Оқу үдерісі барынша
ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалады. Енгізілетін білім беру келесі
ұстанымдарға сүйенеді: Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне
байланысты емес. Әркім сезінуге және ойлауға қабілетті. Кез келген адам араласуға және
105
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
өзін тыңдатуға құқылы. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж. Тек шынайы қарым-
қатынастар мәнмәтінінде нағыз білім беруге болады. Балалар құрдастарының қолдауы
мен достығына мұқтаж. Барлық оқушылар үшін ілгерілеушілік олардың нені істей
алмайтындығына емес, керісінше нені істей алатындығына байланысты. Жан-жақтылық
адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім беру тәжірибесі қиындықтар мен бірқатар мәселелерді
айқындады, олар баланың, оның жанұясы мен оның айналасындағылардың мәселелеріне
қатысты. оларды шешу үшін әртүрлі аспектілерді ескеру керек. Бала дамуының жеке
траекториясы (мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі) Баланың даму тарихының
ерекшеліктері: тұқым қуалайтын аурулар; алғашқы кемістіктің ауырлық деңгейі;
қосымша ауытқушылықтардың болуы; қосалқы диагноздар; ауырлатушы факторлар
(күйзелісті жағдайлар).
Мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасының ерекшеліктері: әлеуметтік мәртебесі;
қарым-қатынас стилі; туғандарының баланың қиындықтарына көзқарасы және
дамуындағы ауытқушылықтар фактісін қабылдауы; дамуындағы ауытқушылықтарды ерте
анықтау және отбасыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Мұндай балалар
тұлғаға, оның тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған ерекше тіл табысуды талап етеді.
Олардың денсаулығына қатысты қиындықтарға қарамастан оларға жақсы білім беріп,
заманауи қоғамда дені сау адамдармен тең дәрежеде өмір сүру мен жұмыс істеуге баулу
қажет. Оқу бағдарламасын құру ұстанымдары: барлығына жарамды; оқушы
мүмкіндіктерінің ауқымды ортасына бейімделген; оқытудың жеке ерекшеліктерін
қабылдағаны мен құрметтейтіндігін жеткізу тәсілі; бағдарламаның барлық құрамдас
бөліктері мен сыныптағы қалыпты жағдайға жарамдылығы; оқу үдерісіне тартылған
қызметкерлердің ерекше назары мен қамқорлығы; оқушының жетістігін арттыру.
Мүмкіндігі шектеулі адамға да дені сау адамға қарағандай қарап, өмірге бейімдеу
керек. Көзі көрмейтін адамның өмірден түніліп,өзін-өзі төмендетуіне әлеуметтік
жағдайлар әсер етеді. Оларды кәдімгі оқу орны бөлек арнаулы мектептерде оқыту жалпы
қоғамнан алыстатады. Сол себепті оларға үйде болсын, белгілі бір ортада болсын сау
адамға қарағандай қарау керек. Осы тұрғыда 2015 -2016 оқу жылынан бастап ШЖҚ
«Талдықорған медицина колледжінде» Алматы облысы әкімінің қолдауымен көру
қабілеті бұзылған білімгерлерге 0302022 «Массаж» біліктігі бойынша мамандық ашылды.
Көзі көрмейтін және көзі нашар көретін адамдар да біз секілді білім алады. Оқу
үлгерімдері жоғары, жан-жақты, білім алуға деген ынталары зор, колледждің қоғамдық
өміріне белсене ат салысады. Біздің оқу орнының психологтары олармен жұмыс жасайды,
яғни оларға қолдау көрсетіп, өмірге деген құлшыныстарын арттырады. Атап айтқанда біз:
«Өмір құндылықтары» жайлы әңгіме өткізіп, «Өзіңді өзің тани біл және досыңды тап»,
«Мен ғажаппын», «Жылы жүрек-жақсы қасиет», «Дос болайық бәріміз!» тақырыптарында
психологиялық тренинг жүргіздік.
Сондай-ақ «Ерлік» мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестігінің
қызметтік хаты негізінде 2018-2019 оқу жылында Талдықорған медицина колледжі есту
қабілеті бұзылған адамдарға 0307013 «Тіс технигі» квалификациясы бойынша 0307000
«Ортопедиялық стоматология» мамандығы ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысының
денсаулық ұйымдарының жұмыс берушілердің талабына сәйкес «Ортопедиялық
стоматология» мамандығының жалпы кәсіби білім беру бағдарламасына жаңадан пәндер
«Бейімделу» циклы қосылды.
«Бейімделу» циклның басты компетенцияларын құрайды, жалпы мәдениеттің
құрылуына үлес қосады, жұмыс орнының этика және эстетикасын, тарихи
Орыс тілін ым-ишара арқылы оқыту - 196 сағат.
Пәнді оқыту мүмкіндігі шектеулі
адамдарға игеруге қиындық туғызатын «Кәсіби шет тілі» ретінде енгізілді. Оқу тілі есту
қабілеті бұзылған барлық білімгерлерге ым тілінде жалпы және кәсіби терминологияны
зерттеу үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |