Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет55/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129

 
110 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
балабақшаның  орны  ерекше.  Себебі,  балабақшаға  баратын  бала  қоғамда  өз  ойын  ашық 
айтуға үйреніп, жан-жақты жетіледі.  
Қазіргі  таңда  адамзат  қоғамына  ғылыми  жаңалықтар  мен  инновациялық 
технологиялар  қаншалықты  маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мен 
оқыту  саласын  да  заман  талабына  сай,  уақыт  сұранысын  қанағаттандыратын  жаңа 
бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді. Қоршаған табиғаттың өзі 
адамзат  баласының  алдына  айнала  қоршаған  әлемді  жаңаша  қабылдауға  қабілетті,  жаңаша 
ойлайтын, жан-жақты білімді «жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.  
Болашақ  ұрпақ  тәрбиесін  іске  асырып  отырған  кез-келген  мекеме  үшін  отбасымен 
жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасы баланың түпкі тамыры, 
болмысын  қалайтын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың  жүргізетін 
жұмыстарының  ең  қызықты  бір  бағыты.  Бір  жағынан,  бұл  жұмыс  аса  бір  шеберлікті, 
мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Отбасымен жұмыс жүргізген 
кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтар 
кездесуі  мүмкін.  Білім  беру  мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік 
жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.  
Білікті  мамандарды  дайындау  айтарлықтай  қиын,  әрі  ұзақ  үрдіс.  Қазірігі  қоғамдық 
өмірдің  дамуында  ғылым  мен  техниканың  рөлі  өсіп,  кәсіби  әрекеттің  өзіне,  маманына 
қойылатын  талап  деңгейі  жоғарлауда  және  өз  форматын  ұсынуда.  Осының  негізінде  кез 
келген маман тұлғасынан ішкі бақылауды, кәсіби әрекет пен мінез-құлықты өзіндік реттеуді 
жүзеге асыруды алға қояды.  
Жаңа  заман  тәрбиешісі  –  бұл  сауатты  маман,  бағдарламаны  және  әдістемелік 
шараларды  анықтай  алатын  білімді  адам.  Бұл  бала  және  оның  ата-анасымен  тіл  табыса 
білетін,  әр  түрлі  жағдаяттардан  дұрыс  шыға  білетін  жақсы  психолог.  Бұл  бірлесіп  еңбек 
етуге,  ұжымдас  жолдасына  кез  келген  сәтте  көмек  беруге  даяр  тұратын  маман.  Мектепке 
дейінгі мекеме тәрбиешісі 3-7 жас аралығындағы бала тәрбиесімен айналысатын маман.  
Тәрбиеші-дәрігер  мамандығы  сияқты  ертеден  келе  жатқан  мамандықтың  бірі.  Ол 
ұрпақтар арасын байланыстырушы. К.Д. Ушинский:  «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде оқулық 
арқылы  да,  моральдік  көтермелеу  арқылы  да,  жазалау  арқылы  да  әсер  ете  алмайтын  күшті 
мұғалімнің жеке жақсы оқу бағдарламасы, тәрбие әдісі болсын, ол тәрбиеші болмаса, жай сөз 
болып қала береді [5]. Тәрбиеші ешқашан айтқанды көзсіз орындаушы бола алмайды, ол өз 
жүрегінің  жылуын  беруші,  жанымен  сезінуші  болғанда  ғана  тәрбиеші  бола  алады»  -  деген. 
Ы. Алтынсарин «Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен ешкім теңесе алмайды»,  - дейді. 
Ы.Алтынсарин  өз  еңбектерінде  адам  және  оны  биік  адамгершілік  тұрғыда  тәрбиелеудің 
жолдары туралы айтады. Сол тұрғысында ұстаздық қабілеті дамыған тәрбиешіге үлкен сенім 
артқан. А.Құнанбаев мұғалім бір орында тұрып қалмай үнемі  іздену, оқу, өсу үстінде болу 
керектігін,  біле  білгенін  басқаға  үйрету  қажеттілігін  ескертеді.  Ең  бастысы  мұғалім 
адамгершілігі мол, үлкен жүректі, әділетті болуы шарт.  
Тәрбиеші тәрбиеленушінің жан дүниесін, жан күйін жақсы білуі керек. Басқа сөзбен 
айтқанда, ол адам жанының инженері-психолог болуы керек. Жеке кісі болсын, адамдардың 
ұлттық  құрылым  болсын,  олардың  психологиясындағы  ерекше  бір  көрініс  –  мінез-қасиеті. 
Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін 
құрайды.    Мінез  –  адамның  негізгі  өмірлік  бет  алысын  және  оның  өзіндік  әрекетінің 
айырмашылығын  сипаттайтын  сапалы  өзгешелік.  Ол  –  көп  қасиеттің  бірлігі,  түрлі 
өзгешеліктердің  қосындысы,  сонымен  қатар  жеке  адамды  әр  қырынан  көрсететін  қасиет. 
Мінездің  түр  –  түрі  көп.  Оның  моральдық  жағынан  ұстамдылығы,  бірқалыптылығы, 
толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.  Баланы оқуда да, 
одан  тыс  үрдістерде  де  ұйымдастыра  отырып,  оқытушы  олармен  өзара  үнемі  араласады. 
Әлеуметтік қызметті тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көрінетін тәрбиешінің 
баламен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның балалармен қарым-
қатынасы екі негізгі.  


 
 
111 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы ұжым туралы, ондағы 
ішкі  үрдістер  туралы  сан  алуан  мәліметтер  алып  отыр.  Өз  кезегінде,  педагог  қатынас 
үрдісінде  тәрбиеленушілерге  мақсатты  бағытталған,  оқушыларға  оның  үндеуінің  шағын 
текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын ақпараттар береді. Тікелей қарым-қатынас жеке 
адамды түрлі жағдайда танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым 
айқын  байқалатын  сыртқы  қылықтарын  біліп  қоймай,  майда  шамалы  мәлімденген 
қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды 
ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін. 
Тәрбиеші  –  бұл  сауатты  маман,  бағдарламаны  және  әдістемелік  шараларды  анықтай 
алатын  білімді  адам.  Бұл  бала  және  оның  ата-анасымен  тіл  табыса  білетін,  қиын 
жағдайлардан  дұрыс  шыға  білетін  жақсы  психолог.  Бұл  бірлесіп  еңбек  етуге,  ұжымдас 
жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман.  
Жаңа заман тәрбиешісі үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс 
жолдарын  пайдалануға  құштар  және  жақсы  жетілген  педагогикалық  тәжірибені  өз  ісіне 
еңгізе білетін шебер маман. Ш.А.Амонашвили «Тәрбиеші бұл-өзге адамның дамып жетілуін 
өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен [6].  
Тәрбиеші  болу  тәрбиенің  мәнін  және  тәрбиешілік  ұстанымды  санамен  сезінуден, 
басқаша  айтқанда,  өзі  адамның  тәрбиелік  миссиясын  орындауда  жауапкершілікті  санамен 
қабылдап  және  ішкі  мотивациясы  осындай  жауапкершілікке  сәйкес  келуі  тиіс,  деп 
көрсетілген.  Балаларды  құрметтеп,  шынайы  жақсы  көру  –  тәрбиеші  болуға  дайындықтың 
негізгі  компоненті.  Келесі  компонент  –  ізгілік-дербес  бағдардың  көрінісі  байқалатын 
тәрбиеленушілердің  тіршілік  әрекетімен  қарым-қатынастық  қажеттілігі  мен  қабілеттің 
болуы. Тәрбиеші өзінің қызметінде құндылықты игертіп, мақсат пен идеалды жүзеге асыруы 
тәрбиенің мәнін әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде түсіне білуіне байланысты өрбиді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014. 
2.  Жұмабаев М. Педагогика., А.  1995. – 110б. 
3.  Жұмабекова Ф.Н. Тәрбие негізі балабақшада // Отбасы және балабақша. –2009. - 
№1.  Б. 134. 
4.  Меңжанова.А.К Мектепке дейінгі педагогика. - А: Рауан, 1992.-110б. 
5.  Ушинский К.Д. История воображения. Собр. соч. -М., 2000. Т.8. 
6.  Амонашвили Ш.А. Педагогическая симфония. – Екатеринбург, 1993. Т. 3. с. 140. 
 
 
УДК 372. 3/4 
 
ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ 
 
Капенова А.А., Мамырова З.Е. 
Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова, г. Талдыкорган,  
mamyrova_zarina@maіl.ru 
 
Мақалада  кәсіби  біліктілік  мәселесі  бойынша  жүргізілген  зерттеулер  негізінде 
оны  жетілу  ерекшеліктері  қарастырылады.  Сонымен  қатар,  бұл  жұмыста  кәсіби 
біліктілік түрлері мен құрылымы сипатталады. 
Кілттік сөздер: біліктілік, кәсіби біліктілік, кәсібилік. 
В 
статье 
рассматриваются 
особенности 
развития 
профессиональной 
компетенции  на  основе  проведенных  исследований.  Наряду  с  этим,  в  этой  работе 
описываются виды и структура профессиональной компетенции. 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау