Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет50/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129

 
100 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
ХХІ  ғасырдағы  өркениеттің  өрістеуінде  экономикалық  дағдарыстармен  қатар  мәдени-
әлеуметтік  дағдарыстар  да  жиіленіп,  көптеген  зерттеуші-ғалымдардың  пікірінше  ең  басты 
мәселелер  ретінде  қоғамның  адами  капиталының  сапалық  деңгейін  жақсарту,  оның 
интеллектуалды әлеуетін дамыта отырып, болашағын рухани құлдырау қауіпінен сақтау болып 
тұр. Рухани-адамгершілік саласындағы дағдарыстың көріністері ретінде  жылдан жылға жастар 
арасында  байқалып  жатқан  рухани  құндылықтардың  орнына  материалдық  құндылықтардың 
басымдық танытуы, ұлттық сана-сезімнің, ұлттық мәдениеттің жеткілікті деңгейде бағаланбауы; 
кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық, ұрлық, 
суицидтің  жиіленуі,  т.с.с.  ұлғайып  бара  жатқан  жағымсыз  құбылыстардың  алдын  алу  үшін 
қазіргі  білім  беру  саласында  инновациялық  идеялар  іздестіріліп,  оларды  іске  асыру  шаралары 
қабылдануда.   
Қазіргі  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  алушыға  тек  білім,  білік  дағдыларды 
қалыптастыру  емес,  сонымен  қатар  жеке  тұлғаның  бойында  әлеуметтік  құнды  іс-әрекетке 
қатысуы  үшін  өзіне  және  қоғамға  қажетті  қабілеттерін  дамыту.  Осы  тұрғыдан  білім  берудің 
үшінші жүзжылдықтағы рөлін анықтайтын болсақ, оның тек білім мен тәрбие берушілік емес, 
қазіргі  таңда  оның  тұлғаны  әлеуметтендіру,  оның  бойында  жалпы  адамгершілік,  азаматтық-
патриоттық,  әлеуметтік  жауапкершілік  қасиеттерді  қалыптастыруға  бағытталған  құндылықтық 
рөлін күшейту қажет. 
Осы  тұрғыдан  ойды  өрбітетін  болсақ,  білім  беруде  тек  білімді  меңгерту,  білік  пен 
дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның 
үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан 
толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды. Білім беру үрдісі негізінде адам ғылыми-техникалық, 
жаратылыстану,  әлеуметтік-гуманитарлық  білімдер  жүйесін  меңгереді  және  мәдениет 
кеңістігінде  өмір  сүруге  қажетті  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
қалыптастырады.  Білім  алу  нәтижесінде  меңгерген  білімдері  мен  дағдылары  арқылы  адам 
экономиканың, саясаттың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өнердің  дамуына атсалысып, 
өз үлесін қоса алады.  
Білім  беру  саласының  әрбір  даму  кезеңдеріне  тән  заманауи  үлгі,  модель  ретінде 
қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық 
қауымдастықтың  қабылдаған  даму  бағыттарының  жиынтығы  ғылыми  тілде  парадигма  деп 
аталады.  Парадигма  ұғымын  ең  бірінші  болып  ғылыми  пәндердің  дамуының  түрлі  кезеңдерін 
зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында 
мынандай  кезеңдер  байқалады:  парадигманың  орнығуына  дейінгі  кезең,  парадигманың 
қалыптасуы, орнығуы, ғылым саласындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы. 
Парадигмалардың  ауысып  отыруы  заңды  құбылыс.  Оны  философиялық  заңдар  да 
дәлелдейді. Ал педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді  шешудегі 
үлгі,  стандарт,  өлшемдер,  модель  ретінде  ұстанатын  қалыптасқан  негізгі  ғылыми  жетістіктер, 
әдістер,  теориялар,  көзқарастар  жүйесі  [1.12.]  Жаңа  парадигмалар  келешектегі  ғылыми 
зерттеулердің  бағыттарын  анықтайды,  оларға  негіз  болады.  Мысалы:  қазіргі  отандық 
педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының 
орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі 
адамгершілік,  ақыл-ой  жағынан  дамытуға  қабілетті  адам»  парадигмасының  ауысуы  айқын 
көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту 
жеткілікті  деп  есептелінген  болса,  қазір  ол  жеткіліксіз.  Себебі  адам  тек  дайын  білімдерді 
меңгерген болса, бірақ оны  шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп 
отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.   
Сондықтан қазіргі білім беру саласында білім беру мазмұнын жаңарту үрдісі қарқынды 
жетілдірілу    үстінде.  Қазір  білім  беру  жүйесі  педагогикалық  жаңашыл  идеяларды  енгізуге 
дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: 
адамның  еркіндігін  шектейтін  білім  берудің  қатаң  жүйесінің  орнына  өзінің 
қызығушылықтарына,  қабілеттіліктеріне  сәйкес  жеке  білім  алу  жолын  (траекториясын) 
саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасының ауысуы байқалады. 


 
 
101 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Қазіргі  педагогикалық  парадигмада  ерекше  талқыланып  отырған  маңызды  бағыттар 
қатарында  білім  берудің  нәтижеге  және  жеке  тұлғаға  бағдарлануы  болып  отыр.  Бұл 
бағыттардағы зерттеулердің барлығы жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда.  
Білім  берудегі  тұлғалық-бағдарлық  тұрғысынан  қарау    бағыты    жеке  тұлғаны  ең 
жоғарғы  құндылық  ретінде  қабылдауды  көздейді.  Педагогикалық  сөздіктерде  тәрбие 
барысындағы тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарауды педагогтардың баланы жеке тұлға ретінде 
және тәрбиелік ықпалдың саналы,  жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын 
атайды.  Педагогикада  бұл  теория  тәрбиенің  субъект-субъектілі  үдеріс  ретінде  анықталуына 
байланысты  ХХ  ғасырдың  80  жылдарынан  бастап  қалыптаса  бастады.  Оның  әр  түрлі 
философиялық,  психологиялық-педагогикалық  мәселелерін  Б.Г.Ананьев,  А.Г.Асмолов, 
М.С.Каган, В.В.Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген. 
Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді 
позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке 
дара  тұлға  екені  ескеріліп,  оның  құндылығын  басты  мәселе  ретінде  қарастырған  абзал.  Бұл 
идеяның  басты  мақсаты  -  балаға  құрмет  көрсете  отырып  оның  өзін-өзі  жеке  тұлға  ретінде 
сезінуіне  жағдай  жасау,  өзіндік  санасын,  өзін-өзі  іске  асыра  алу,  өз  күшіне  деген  сенімділікті 
арттыру сияқты мүмкіншіліктерін дамыту. 
Әрине, тәрбие үнемі ұжымдық сипатта болатыны белгілі. Сол ұжым ішінде гуманистік 
қарым-қатынастар  арқылы  шәкірттер  өздерінің  тұлға  екенін  сезініп,  басқа  тұлғаларды 
құрметтеуге үйренеді. Дәл осы ұжым ішінде жеке тұлға өзінің мүмкіншіліктерін бағалап сынай 
алады,  қандай  қабілеттіліктерін  жетілдіру,  қай  бағытта  өздерін  дамыту  керек  екендігін 
анықтайды. 
Тұлғаны тұлға ғана қалыптастыра алатыны анық. Сондықтан болашақ мұғалімдер де бала 
тұлғасына дұрыс тәрбиелік  ықпал беру  үшін өз тұлғаларын жан-жақты дамытуға тырысулары 
керек,  өзінің  ішкі  «Мен»  -  тұжырымдамасымен  жұмыс  істеулері  қажет.  Егер  болашақ  ұстаз 
өзінің  жеке «мендігін» жағымды етіп қалыптастырса, ол балалар тұлғасына да жағымды ықпал 
бере алады. Ал өзін-өзі төмен бағалайтын мұғалім  басқаларға да жағымсыз көзқарас танытады. 
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын негізгі бағдар – бала тұлғасының 
ерекшеліктері,  әрбір  баланың  шығармашылық  әлеуетін  дамыту.  Әр  баланың  ішкі 
қабілеттіліктері,  мүмкіншіліктері,  жас  және  дербес  ерекшеліктері,  жеке  бір  қайталанбас  әлем 
ретінде  қабылданады.  Тәрбиелеу  және  оқыту  барысында  әр  баланың  тұлғасын  дамытуға 
арналған қолайлы жағдайлар,  оқушының өзін-өзі іске асыра алуына көмектесетін әдіс-тәсілдер 
қолданылуы  қажет.  Ал  әрбір  тұлға  тек  өзінің  белсенді  іс-әрекеті  арқылы  ғана  дами  алады. 
Мысалы,  адамды  жүзуге  үйрету  үшін  оған  сөз  жүзінде  айтылған  кеңестер,  нұсқаулар 
жеткіліксіз, себебі адам өзі суға түсіп, жүзуге қажетті іс-қимылдарды орындап көрмейінше 
ол ешқандай табысты нәтижеге жете алмайды.  
 Білім берудің тұлғаны дамытуға бағдарлануы оның білім алу арқылы нақты нәтижелерге 
қол жеткізе алатындығын анықтауды басты назарға алуда. Барлық дамыған мемлекеттер білім 
беруге  инвестиция  жасаудың  ұтымдылығын  бағалай  отырып,  оны    мемлекеттік  стратегиялық 
басымдықтар ретінде қарастыруда.  Сондықтан  Қазақстан Республикасында  білім беруді және 
ғылымды 
дамытудың 
2016–2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  басты  мақсаты  -  Экономиканың 
орнықты  дамуы  үшін  білім  берудің  және  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адами 
капиталды  дамыту  болып  анықталған  [2].  Осындай  стратегиялық  мақсаттың  өзі  білім  беру 
нәтижелілігін,  қоғамның  интеллектуалдық  әлеуетін  арттырып,  экономикалық  даму  сапасын 
жоғарлату қажеттілігін айқындайды.  
Мемлекеттің    бәсекелестікке    қабілеттілігін  дамытуда  мектеп  жасынан  бастап 
қалыптасатын әр тұлға үшін маңызды белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім 
қабылдай  алу,  кәсіби  жолын  таңдай  алу  қабілеттілігі,  өмір  бойы  білім  алуға  дайын  болу 
сапаларын  жетілдіру  мәселесі  өзектене  түсті.  Себебі  мектеп  бітірушілердің  алған  білімдерін 
өмірлік тәжірибеде толыққанды  пайдалана алмау  жағдайлары көп кездеседі. Аталып отырған 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау