Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет17/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129

 
34 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті 
мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды. 
Басқа  ластаушылардан:  металдарды  (сынап,  қорғасын,  мыс,  марганец,  қалайы,  мырыш, 
хром
), радиоактивті
 элементтерді, 
ауыл  шаруашылығы  егіс  алқаптарынан  және  мал 
шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су 
қоры үшін ең қауіптісі 
сынап
, қорғасын және олардың қосылыстары. 
Су  қорларының  ластануының  бір  түрі  - жылулы  ластану.  Өнеркәсіп  орындары,  электр 
станциялары  су  айдынына  жылы  суларды  жиі  төгеді.  Бұл  өз  кезегінде  су  температурасының 
көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы 
лас  қосылыстардың  улылығы  арта  түседі  де  биологиялық  тепе-теңділік  бұзылады.  Лас  суда 
температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш 
микроорганизмдер
 мен вирустар жылдам көбейе 
бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін. 
Жер  асты  сулары кө
п  аудандарда  тұщы  сулардың  көзі  болып  табылады.  Алайда  соңғы 
кезде  адамның  шаруашылық  тіршілігі  барысында  көптеген  жер  асты  сулары  да  ластануда. 
Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - 
өнеркәсіп  орындары  және  ауыл  шаруашылығы.  Сондай-ақ  тұщы  суларды  көп  пайдаланатын 
салаларға  -  тау-кен  орындары,  химия,  мұнай  химиясы,  қағаз-  целлюлоза,  тамақ  өнеркәсіптері 
жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді. 
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. 
Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 
литрден  700  литрге  дейін  келеді.  Өткен  50-60  жыл  ішіндегі  суды  пайдалану  мәліметтеріне 
сүйене  отырып,  жыл  сайын  суды  пайдалану  артып,  табиғат  үшін  орны  толмайтын  судың 
мөлшері  4-5%-ды  құрайтыны  есептелген.  Суды  пайдалану  және  ысырап  ету  осы  қарқынмен 
жалғаса  берсе,  халық  санының  өсуіне  және  өндіріс  орындарының  дамуына  байланысты  2100 
жылға  адамзат  тұщы  судың  бүкіл  қорын  тауысуы  мүмкін.  Қазіргі  кездің  өзшде  тұщы  судың 
жетіспеуі,  су  ресурстары  жеткілікті  жерлердің  өзінде  де  байқала  бастады.  Тұщы  сумен  қала 
халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр. 
Сумен  қамтамасыз  ету  Қазақстанда  аумақтар  бойынша  біркелкі  таралмаған.  Сумен  тек 
Шығыс  Қазақстан  облысы  ғана  жақсы  қамтамасыз  етілген  (290  мың  м3/1  км²).  Ал  Атырау, 
Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан 
бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады. 
Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі 
ауыз  судың  сапалы  көздерін  пайдалану,  сумен  жабдықтау  мен  санитарлық  қызмет  көрсетуді 
қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары 
желісінің  70%  жұмыс  істемейді  және  23%  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай  емес. 
Жұртшылықтың  лайланған  ашық  ауыз  су  көздерін,  өзен-көл,  арық,  құдық  суларын 
пайдалануынан  жыл  сайын  жұқпалы  аурулар,  сүзек, сары  ауру,  тырысқақ  пен  ішек,  асқазан 
аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су 
ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 
70% тұрмысқа жарамсыз. 
Судағы химиялық және  улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік  стандарт (ГОСТ) реттеп 
отырады.  Олар  -  бериллий,  молибден,  селен  иондары  және  кейбір  синтетикалық  және 
радиоактивті  заттар.  Бұл  заттардың  әрқайсысының  шекті  конңентраңиясы  да  әртүрлі.  Әдетте, 
миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 мг/л, 
селен  -  0,001  мг/л.  бериллий  -  0,0002  мг/литр.  Мемлекеттік  санитарлық  -  эпидемиологиялық 
қызмет  бүкіл  орталық  су  жүйесіндегі:  су  сақтау  қоймаларында,  оның  жүйеге  түсер  жерінде, 
бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға 
қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға - айына 100 рет, 100 
мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады. 
Дүниежүзілік  су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын  алаңдатып  отыр.  Бұл  
мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен 
аяқталады. 


 
 
35 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Су айдындарының ластануын былайша топтайды: Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі 
бақылауға  алынып  отырады.  Судың  құрамындағы  химиялық  қоспалар,  тұздық  құрамы,  еріген 
бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін 
ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз  су  сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті  көрсеткішпен 
анықталады.
 
Су  бассейнінің  ластануының  негізгі  себептері  —  тазартылмаған  ағын  суларды  өзен-
көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: 
Ағын  суларға  құйылатын  лас  сулар  да  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Оларды  қоспалар 
(ерімейтін,  коллоидты,  еритіндер),  лас  сулар  (минералдық,  органикалық,  бактериалдық, 
биологиялық) деп жіктейді. 
Лас   сулардың  ішінде   тұрмыстық  сарқынды   суларда  органикалық   заттар  58%, 
минералдық   заттар  42  тей   болады.  Өнеркәсіпте  пайдаланылатын  сулар  мен  синтетикалық 
жуатын  заттармен  сулардың  ластануы өте  қауіпті. Бұлар –химиялық  ластану  көздері. Соның  
ішінде сулы  экожүйелердің пестицид, гербицид және  басқа  да химиялық  улы  препараттармен 
ластануы  Қазақстанда   кең   етек  алған.  Мәселен,  мақта   мен   күріш,  жеміс-  жидек,  бау-бақша, 
теплица  (жылы  жай)  зиянкестеріне    қарсы  бұрынғы  Кеңес   үкіметі  кезеңінде  өте   көп  
химиялық  заттар  пайдаланылған Нәтижесінде, су  ластанып,  оның  сапасы мен микрфлорасы 
және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз  кезегінде химиялық заттардың 
зиянды қосылыстары  азық –түлікпен  адам организмін кері  әсерін  тигізді. 
Қазіргі  кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар  жер  асты сулары да сарқынды, шайынды 
сулармен  және еріген зиянды заттармен  ластанып  отыр. 
Оның  негізгі  ластану  көздері мыналар: 
—   өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; 
—   химиялық заттар  және  тыңайтқыштар; 
—   тұрмыстық  қалдықтар; 
—   жер асты  суларымен жалғанатын  құбырлар; 
—   ірі  құрылыс учаскелері; 
—   күзгі  алаңдар, бұрғы-скважиналары болып  табылады. 
Жер   асты  суларында   әртүрлі  жұқпалы   аурулар   тарататын  микробтар,   вирустар  
кездеседі. 
Қазақстан   жағдайында  өзен-көлдердің  ластануы   көбіне  өнеркәсіп  шоғырланған 
аймақтарда,  полигондар мен мұнай-газ өндіретін  жерлерде жаппай  сипат  алуда. 
Өзендердің  ішінде  Ертіс  су  алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор  
қорғасын  зауыты,  Березов  кені, Зырьян зауыты  секілді  өндіріс  орындарының сарқынды  лас  
суларымен   ластануда.  Су   құрамында  қорғасын,   мырыш,  сынап,  тағы  басқа  ауыр  металдар 
шекті  мөлшерден  асып  кетуі жиі  байқалады. 
Іле-Балқаш   бассейні  суының  сапасы   да   мәз   емес.  Мұндағы  ластағыш   заттар  –  ауыр 
металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік  бірлестігі, «Балқаш 
балық   өнеркәсібі»,  «Сарышаған»  ракета   полигондары,  т.б.  кен   рудаларын  балқыту 
комбинаттары Балқаш  көліне мыңдаған  тонна  зиянды заттарды  төгуде. Іле  өзенінің ортаңғы 
ағысы,   жалпы  өзен  экожүйесі,   күріш   алқаптары  және  шеңгелді  массивтерін  игеруге  
байланысты  минералды   тыңайтқыштар  мен   химиялық   препараттар  өте   көп   қолданылып 
келеді.   Нәтижесінде,   өзен   суының  сапалық   құрамы  төмен.  Оның   үстіне  Іле  өзені   арқылы 
мұнай   тасымалдау,  Қапшағай  су   қоймасы,   Қытай  жеріндегі  судың   ластануы   ондағы  
экологиялық  жағдайды  қиындата  түсуде. 
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу  өзендерінің сулары  біршама 
таза  деп   есептелінеді.  Соның   ішінде  Сырдария,  Шу,  Талас   өзендері  ауыл   шаруашылығын 
химияландыру мен дренажды  сулармен  ластануда. Әсіресе, Арыс,  Келес  өзендері күріш пен  
мақта  егіндісінде жиі  қолданылатын пестицидтермен ластанып  отыр. 
Соңғы  жылдары Каспий  теңізінде мұнай  өндіруге  байланысты және  теңіз  деңгейінің 
табиғи   көтерілуі  аймақтың  экологиялық  тыныс  –тіршілігін  шиенеленістіріп  отыр.  Теңіздің  


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау