Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет20/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129

 
40 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
8.  Ягминине И. Б., Климашауски В. П., Валушене В. Т. Накопление тяжелых металлов 
в экосистеме Северной части Курского залива// Сб.докладов. Клайпед. соверщ. -Вильнюс, 1998. 
-С. 37-41 
9.  Малина  В.П.,  Юшина  Е.А.  Влияние  железа  на  здоровье  человека  и  качество 
консервированных продуктов. -Пищевая промышленность. -М., 1997, С 38-39 
10.  Волькенштейн  В.С.  Жалпы  физика  курсының  есептер  жинағы.  –  Алматы:  Мектеп, 
1974. 
11.  Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту әдітемесі, Алматы, 
2008. - 119 б.  
 
 
ӘОЖ 378.016 
 
СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Ахмедиева К.Н., Бурымтаев Ғ.Н., Ахметова Б.Б. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,  Соцжол орта 
мектебі, Панфилов ауданы, Алматы облыстық спорт саласындағы дарынды балаларға 
арналған мектеп-интернаты, Талдықорған қ., ahmedieva66@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  адамның  стресстік  тұрақтылығының  психологиялық  негізі 
қарастырылады. 
Кілттік  сөздер:  әлеуметтік-экономикалық,  адамның  психикасы,  экономикалық 
жағдайлар, дәстүрлі экономика. 
В  данной  статье  рассматриваются  психологические  основы  стрессоустойчивости 
личности.  
Ключевые  слова:
 
социально-экономической,  человеческой  психики,  экономических 
условий, традиционной экономики. 
 
Қоғамымызда  болып  жатқан  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдайлар  –  дәстүрлі 
экономикалық,  қоғамдық  құрылымдардың  күйреп,  экономиканың  нарықтық  қатынастарға 
бағытталуы  қоғам,  отбасы,  жекелеген  адамдарға  кері  әсерін  тигізіп,  рухани  өмірдегі 
дағдарысқа әкеп тіреді. 
Өткен XX ғасыр стресс ғасыры деп аталады. Алайда, стресс ХХI ғасырға да оп оңай 
өтіп, позициясын нығайтқан үстінде нығайтуда. Осыған орай оған бітіспес күрес ашып, одан 
арылудың  жаңаша  жолдары  мен  мүмкіндіктері  қарастырылып,  ұдайы  іздестірілуде  екені 
белгілі.      
Болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  қазіргі  адамның  психикасына 
және  оның  бейімдік  қабілеттеріне  жоғары  талаптар  қояды.  Қазіргі  кезде  елімізде  кеңес 
дәуірінен кейінгі барлық кеңістіктердегідей, жүйке-психикалық аурулардың (невроз, стресс, 
психосоматикалық бұзылулар), әр түрлі тәуелділіктердің, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени 
факторлардың  салдарынан  болатын  ауыртпалықты  күйініштердің  (бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  әсерінен  пайда  болған  беймазалық  қорқыныштар,  ноогендік,  мазасыз 
қынжылулардың және т.б.) өсуі байқалады [1].   
Адамдардың  психологиялық  сырқаттарының  белгілері  көбеюде:  өзінің  өмірлік 
сұраныстарын  қанағаттандыра  алмаушылық  және  құбылмалы  әлемде  өмір  сүру  барысында 
әлеуметтік-құзыретті тұлға болып қала алмау, дезадаптациялық мінез-құлық және қоршаған 
ортадағы  адамдармен  тиісті  қарым-қатынас  сақтауға  мүмкіндіктің  жоқтығы  [2].  Сондай-ақ, 
әлеуметттік-экономикалық  өзгерістер  салдарынан  халықтың  басым  көпшілігінде, 
психологиялық  әдебиеттерде  «теңелу  дағдарысы»  деп  белгіленген  психологиялық  феномен 
қалыптасып  қалған  болып  шықты.  Ол  өз-өзін  сезіну  сезімін  жоғалтуынан,  өзгерген 
қоғамдағы  өзіндік  рөліне  бейімделе  алмауынан  (немесе  қиналуынан)  пайда  болады.  Бұл 


 
 
41 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
жағдай  өзгеріп  жатқан  қоғамдық  және  экономикалық  қатынастар  мен  тұлғалық 
мақсаттардың,  мінез-құлық  стереотиптерінің  қайта  қалыптасуы  қиыншылығы  арасындағы 
талаптардың  айырмашылығына  байланысты  туындайды.  Адам  денсаулығына  оның 
жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді.  
Адамның  психикалық  денсаулығына  әсер  ететін  факторлардың  ішінде  стресстік 
жағдаяттарға  психикалық  төзімділік  ерекше  мәнге  ие.  Стресске  төзімділікті  қалыптастыру 
жеке  тұлғалардың  психикалық  саулығы  мен  қоғамда  болып  отырған  өзгерістердегі 
әлеуметтік тұрақтылықтың басты шарттарының бірі болып табылады. 
Психологиялық 
сөздікте 
стресске 
төзімділік 
«адамның 
іс-әрекетіне, 
айналасындағылар  мен  өз  денсаулығына  зиянды  әсерін  тигізбейтін  күш-қуатының 
ерекшеліктерімен  шартталған  стрессті  көтере  алатын  интеллектуальдық,  еріктік  және 
эмоционалдық қысым жағдайындағы  мәнді тұлғалық қасиеттері»,- деп түсіндіреді. 
Ғылыми психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау стресске төзімділік ұғымына 
анықтама беруде бірыңғай көзқарас жоқ екендігін көрсетеді, әрбір автор түрліше түсіндіреді. 
В.С.Субботин  «стресске  төзімділік  өмірдің  түрлі  жағдайларында  субъектінің 
қоршаған  ортамен  оңтайлы  әрекеттестігіне  әкелетін  жеке  тұлғалық  сапалардың  бірігуінен 
туындайтын кешенді дара психологиялық ерекшелік» - деп тұжырмдайды. 
А.А.Баранов пен Н.В.Суворов өз еңбектерінде аталған феномен (сапа, сипат, қасиет) 
іс-әрекеттің жемістілігі (нәтижелілігіне) әсер етуші сипаттама ретінде түсіндіреді [3].   
Л.Г.Дикая,  О.А.Конопкин,  В.И.Моросанова,  Р.Р.Сагиев  тәрізді  психологтар  стресске 
төзімділіктің  негізі  адамның  өзін-өзі  реттей  алуында  жатыр  деп  есептейді.  Ал  Л.Мерфи, 
Р.Лазарус,  С.Фолкман  аталған  сипаттамаларға  стрессті  бағындыра  алу  механизмдерін 
(копинг-механизмдер) десе, Н.Хаан психологиялық қорғаныс механизмдеріне жатқызады.  
Стресс  және  стресске  төзімділік  -  қазіргі  қоғамда  әлеуметтік  өмірдің  тапсырысымен 
шартталған  ауыспалы  емес  сипатқа  ие  мәселе  болып  табылады.  Стресске  төзімділік 
мәселесіне ерекше назар аударудың себептері  ақпараттық қоғамға өту, ғылыми-техникалық 
прогрестің  өсуі,  бәсекеге  қабілеттіліктің  артуы  және  кез-келген  әрекет  түрлеріндегі 
талаптардың  күрделенуімен  тығыз  байланысты.    Көптеген  ғалымдар  өз  зерттеулерінде 
стрессті  жүйелілік  көзқарас  және  іс-әрекет  категориялары    тұрғысынан  зерттей  келе, 
стресске тұрақтылық бейімделудің тұтастық сипатындағы қажетті үдерісі деп есептей келе, 
оны  эмоционалдық  күйді  реттеумен  байланыстырып,  психикалық    орнықты  немесе 
эмоционалдық  тұрақты  болу  қабілетімен  байланыстырады  (Н.Д.Левитов,  1967; 
П.Б.Зильберман,  1974;  Я.Рейковский,  1979;  В.Л.Марищук,  1983;  В.Г.Норакидзе,  1983; 
К.К.Платонов,  1986;  А.Г.Маклаков,  2001).  Стресске  тұрақтылықты  жағдай  үсті 
белсенділікпен  (В.А.Петровский,  1992),  ізденушілік  белсенділігімен  (В.С.Ротенберг, 
В.В.Аршавский,  1984),  қарсы  тұрушылықпен  (C.S.Carver,  1998;  A.Antonovsky,  1987), 
биологиялық  факторларға  тәуелді  емес  шығармашылық  тәртіппен  (Ф.Е.Василюк,  1983; 
К.Роджерс,  1994;  А.Маслоу,  1994;  Г.Олпорт,  2002;  В.И.Кабрин,  2005  және  т.б.),  
төзімділікпен  (өмірлік  шыдамдылығымен)  (S.Kobasa,  M.C.Pucetti,  1983;  С.Мадди,  2005) 
байланыстыра қарастырған [4].   
Стресс  ұғымын  алғаш  рет  (ағыл.  stress)  қатты  күйзелу,  абыржу,  мөлшерден  тыс 
ширақтылық  деген  сияқты  бірнеше  мағынаны  қамтитын  жалпылама  сөзбен  айтылған 
адамның  ерекше  күйі  ретінде  ғылымға  ең  алғаш  осы  ұғымды  енгізген  канадалық  физиолог 
Ганс  Селье,    кейіннен  бұл  ұғымды  тереңінен  зерттеген  А.Лазарус  болды.  Сондай-ақ, 
өздерінің  ғылыми  еңбектерінде  сәтсіз  эмоционалдық  саланың  көрінісі  ретінде 
алаңдаушылық,  эмоционалдық  күйіп-пысу  күйлерін  (А.И.Захаров;  А.С.Спиваковская; 
Б.Д.Карвасарский  және  т.б.);  жемісті  еңбек  етуге  кері  әсерін  тигізетін  тәртіптің  бұзылуы 
сипатында (Н.З.Имедадзе; Ч.Спилбергер; Л.Н.Собчик және т.б.) қарастырып өтті [5]. 
Ал  стресстік  күйдегі  тәртіптің  тұрақтылығы,  яғни  стресске  төзімділік  тұғаның 
әлеуметтенудегі  сенімділігін,  жемістілігін,  сәттілігін  қамтамасыз  ететін  маңызды  фактор 
болып  табылады.  Алайда  бүгінгі  таңда  аталған  мәселе  бойынша  жеткілікті  деңгейдегі 
жұмыстар  бар  болғанымен,  стресске  тұрақтылықтың  мәнін  түсіну,  оны  қамтамасыз  етудегі 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау