50
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ӘОЖ 37.03
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ
ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Биготанов Қ.С., Беркинбаева Е.Е.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
kaisar-bek@mail.ru
Мақалада интеллектуалды капиталды дамыту – тұлғалық және жеке дамудың
зерттеулердің бағыттары мен нәтижелеріне талдау жасалынды. Жүргізілген эксперимент
нәтижесі жүйеленді.
Кілттік сөздер: интелектуал, табыс, капитал, заманауи, индекс, процесс, есеп
В статье анализируются тенденции и результаты исследований по личностному и
личностному развитию - развитию интеллектуального капитала. Систематизирован
результат проведенных экспериментов.
Ключевые слова: интеллект, доход, капитал, современный, индекс, процесс, отчет
The article analyzes the trends and outcomes of research on personal and personal development
- the development of intellectual capital. The result of the conducted experiments are systematized.
Key words: intelligence, income, capital, modern, index, process, report
2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан халқына кезекті дәстүрлі Жолдауын баяндады. Жолдауда қазіргі мемлекет пен қоғам
дамуы үшін аса қажет 10 міндет қойылды. Соның бірі, әрі ең маңыздысы жетінші бағыт – адами
капиталды дамыту [1].
Заманауи әлемде елдің интеллектуалдық дамуы тек ұлттық табыспен ғана емес, сонымен
қатар адам тұлғасының сапасына, оның интеллектуалды және рухани даму деңгейіне
бағдарланған адам дамуының индексімен де өлшенетін болды. Адами капитал, оны сақтау мен
дамыту – әрбір қоғамның басты мақсаты, міндеті болуымен қатар, оның жетістіктерінің басты
көрсеткіші, индикаторына айналуы тиіс.
Адами капиталды дамыту индексі халық денсаулығы, білім деңгейі және азаматтардың
нақты табысы тұрғысынан анықталады.
БҰҰ даму Бағдарламасы нақты жағдайларды есепке ала отырып адами дамудың
индексіне: «адамдардың ұзақ, салауатты және шығармашылық өмір сүру, өздері құндылық деп
санаған басқа мақсаттарын жүзеге асыру бостандағының кеңеюі процессі; жер шарындағы
әділдік пен тұрақтылықтың дамуын қамтамасыз етуге белсенді қатысу» деп анықтама берді.
Жыл сайын БҰҰ адами капиталды дамыту индексі бойынша мемлекеттер рейтингісін
жариялайды.
Адами капиталды дамыту индексі рейтингісі бойынша Қазақстан 2016 жылы 56 орын
алды, 2015 жылға қарағанда өзгерген жоқ және адами капиталды дамыту деңгейі жоғары елдер
санатына кіреді. Ал, 2013 жылы осы индекс бойынша 186 елдің арасынан 69 орынды иеленген
болатын [2].
Осыға орай қоғам және мемлекет интеллектуалды әлеуетті қалыптастыру және дамыту
стратегиясына айырықша талаптар қояды. Бұл идея Қазақстан Республикасының адами
капиталының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған «Интеллектуалдық ұлт-2020»
ұлттық жобасының негізіне алынды [3].
Қазіргі таңда экономиканың өңдеуші, өндіруші, үнемдеуші, қызмет көрсетуші
салаларымен қатар білім экономикасы да қатар аталады. Білім экономикасы – постиндустриалды
экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі. Білім экономикасы
термині инновациялық экономика ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады. Алайда білім
экономикасы – инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі және білім қоғамы мен
ақпараттық қоғамның негізі болып табылады. Білім экономикасы – білімге негізделген