Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты


Қазақтардың шаруа басқарушыларымен өзара қарым қатынасы



жүктеу 2,58 Mb.
бет9/15
Дата30.01.2018
өлшемі2,58 Mb.
#8152
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

3.3 Қазақтардың шаруа басқарушыларымен өзара қарым қатынасы.

Шаруалар бастықтарының қазақ халқымен өзара қарым - қатынасы мәселесін зерттеу, бұл байланыстардың қандай бағытта дамығандығына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Шаруалар бастықтарының осы бағыттағы алғашқы әдістерінің бірі, әрине, қазақ халқының ықпалды өкілдерімен, соның ішінде ауыл старшындары, халық билері, болыс басқарушыларымен ынтымақтастық орнату болды. Бұл әдіс шаруалар бастықтарына қазақ көшпелі қоғамының өмірі мен тұрмысын жақынырақ білуге мүмкіндік беріп ғана қойған жоқ, сонымен бірге қандай да бір шешім қабылдауда, қандай да бір заңды енгізуде аймақтық билік саясатында тиісті пікірді қалыптастыруға ықпал ететін күш болды.

Қазақстанның орталық архив қорында олардың қатынасының күрделі болғандығы туралы мәлімет беретін құжаттар сақталған. Олардың басым көпшілігі шаруа бастықтарының қазақ халқының сенімін туғызбағаны немесе көп жағдайда қазақтар шаруалар бастықтарының қудалауынан, кемсітіп қорлауынан өздерін қорғауды өтініп жоғары жаққа шағымданды. Қазақ халқы өкілдерінің мәлімдемелерінде олар өткізген болыс, ауыл старшындарының сайлауын өрескел бұзып отырғанын көрсетеді. Шаруалар бастықтарының басым көпшілігі қазақтардың сый құрметін туғызған емес, өйткені олардың талаптары ескеріліп еленбеді, тіпті кей жағдайда олар шаруа бастықтарын соққыға жығып отырды. Оның себебі біздің ойымызша, қазақ халқының көз алдында олардың жерлерінің тартып алынуы, олардың ата- бабасынан келе жатқан жерлеріне шығыс славян халықтарын орналастыруы, шаруалар бастығының билігінің күшеюі т.б. болды. Сондықтан да маңызды бағыттардың бірі, әрине, жер мәселесі бойынша жер дауының шешілуі болды. Мұрағат құжаттарына талдау көрсеткендей осы мәселелерді шешуде шаруа бастықтары мен қазақ халқының арасындағы қарым- қатынасы түрлі бағытта дамыды, яғни, \ашық қақтығыстан дипломатияға дейін болды.\ Оның бәрі шаруа бастықтарының басқару тәжірибесі, өзіне қарасты территория тұрғындарымен арақатынасын дұрыс қоя білуі, ынтымаққа немесе жанжалға апаратын жолды таба білуіне байланысты болды.

Мысалы, Ырғыз уезінің Тәуіп болысымен және Торғай уезінің Аманкөл болысы қазақтары арасындағы Қызылжар және Бестабан жерлері үшін жер дауын шешу үшін 1891 жылы Далалық Ереженің негізінде шаруалар бастықтарының ерекше съезі өтеді. Торғай облыстық басқармасы бұл уездік съездің шешімін қанағаттанарлық деп есептеді, бірақ, Тәуіп болысының қазақтары Аманбай Барақбаев, Досым Тоқмейілов т.б. Ішкі істер министрінің жеке қатысуымен 1905 жылы 20 қыркүйекте өткен Үкімет сенатының отырысына сот үкімін бұзу туралы шағымдарын жолдайды. Бірақ Үкімет сенаты уездік съездің үкімін және облыстық басқарманың шешімін өзгеріссіз қалдырады. [224,20-29пп] Бұл қазақ халқының сот үкімін бұзу туралы шешіміне кездесетін әдеттегі оқиға болатын, оның бір себебі облыстық және уездік басқарманың мәлімдемелері еді. Сонымен бірге айта кету керек, қазақтардың шаруа бастығымен қазақтар арасындағы қақтығыстарды шешуде жаңа әдістерді пайдаланғандары туралы айғақ болып табылады.

Қазақ халқы осындай туындаған қақтығыстарды шешуде жаңа әдістерін қолданып отырды, соның ішінде шенеуніктерді соққыға жығу немесе оларды тұтқын есебінде өз қоныстарында ұстау т.б. Соның бір жарқын көрінісі Торғай уезінің уезд бастығының 1906 жылы 11 тамызда облыстық басқармаға мәлімдемесі мысал болып табылады. Тосын болысының қазақтары шаруалар бастығы Назаров пен оның көмекшісі Гарфты соққыға жығып және Жаманкөл елді мекеніне алып кеткен. [225,1-7пп] Қазақтардың шаруалар бастығы Назаровты соққыға жығу себебі өзінің шексіз билігін пайдалана отырып Тосын болысындағы Қаратақыр деп аталатын жерді Шұбалаң болысының қазағы Д. Тоқтабаевқа беріп, жер үй салуға рұқсат берген. Тосын болысының қазақтарының мәлімдемесінде көрсеткендей, Тоқтабаев шаруалар бастықтарының уездік съезінің хатшысы Асауовпен (олар мұғалімдер семинариясында бірге оқыған) жеке таныстығының нәтижесінде заңсыз рұқсат алған. Сонымен бірге, Тосын болысының қазақтары хатшы Асауовтың жағымсыз қылықтарын көрсетті, олардың сөздеріне қарағанда Асауовтың «шаруалар бастығына жалған айтып, Қаратақыр жерін Тоқтабаевтың жеке меншігі деп сендірген» дейді. Бірақ Тосын болысының қазақтары 123 баптың негізінде қысқы қыстауда жерүй салып жер үйді бұзып тастаған. Қазақтардың мәлімдемесінде сондай-ақ шаруалар бастығының олармен арақатынасында тіл тигізіп, балағат сөздерді айтып, қаруды пайдаланғаны қазақтардың ашу -ызасын туғызған. [226,14-15пп] Осы дауды отаршыл әкімшіліктің шеше алмауы екі арадағы қайшылықты күшейте түсті, тек екі апта өткен соң Тосын болысының белгілі ақсақалы, биі Қорғамбек Бірімжаровтың бітістіруші қызметінің арқасында Тосын болысымен Шұбалаң болыстарының арасындағы Қаратақыр жері бойынша шекара байланысты дау шешіледі. [227,17п] Шаруалар бастығын соққыға жығу фактілері Торғай облысында ғана көрініс берген жоқ, сонымен бірге басқа аймақтарда болып жатты.1908 жылы 7 маусымда Семей облысының әскери губернаторы Дала генерал губернаторының кеңсесіне Қарқаралы уезінің 2 учаскесінің шаруалар бастығы Цыловты 1908 жылдың 27 сәуірінде Ақбота болысының қазақтарының соққыға жыққандығы туралы баяндайды. Қарқаралы уезінің уезд бастығының 1908 жылы 27 маусымдағы құпия хабарламасына қарағанда шаруалар бастығын соққыға жығудың себебі №2 ауыл старшынын сайлау кезінде оның тарапынан жасалған процессуальды қателіктер, №9 ауыл старшынының сенімді өкілін заңсыз тұтқындау, Ақбота болысының қазақтары шаруалар бастығынан сайлаудың үкімін және 200 рубль талап еткен. [228,11-12п]

Семей облысының әскери губернаторының пікірінше шаруалар бастығы Цыловты осы қызметті атқаруға үйлеспейтін іс - әрекеттерге барғаны үшін шаруалар бастығы қызметін атқаруға құқығы жоқ деп есептеді. 1908 жылы 7 маусымда Цылов қызметінен босатылады. [229,17п]

Облыстық басқарманың жалпы мәжілістерінде шаруалар бастықтарының заңсыз іс - әрекеттері қаралып отырды. Орталық мемлекеттік мұрағатта Торғай облыстық басқармасының 1911 жылы 17 мамырдағы Қостанай уезі 2 учаскесінің шаруалар бастығы Таскиннің заңға қайшы іс әрекеттері туралы отырыс журналының хаттамасы сақталған. [230,11-12пп]

Шаруалар бастығы Таскиннің заңсыз іс әрекеттерінің мәнісі өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланған және сонымен бірге жергілікті және шекара тұрғындарын ашық тонаумен айналысқан болыс басқарушысы Мырзабақин басқарған құрамы 30 адамға жететін топты жасыруы болып табылды. Олардың осындай жолмен тапқан ақшалары шаруалар бастығына жіберіліп отырған. Мысалы, Звериноголовской станицасында олар 1000 рубльге дейін ақша жинап, Таскинге жеткізген. Сонымен бірге болыс басқарушысы Мырзабақин шаруалар бастығы Таскин үшін халық соттарынан ақшалай сыйақы талап еткен. Бұл лауазым иелері ауыл старшынын сайлау кезінде алым талап етіп, қоқан - лоқы жасаумен айналысты. Сондай-ақ ауыл старшыны болғысы келетін әрбір тілек білдірушіге 100 рубль беруге мәжбүр етті. Сонымен бірге Таскин старшындарды сайлауда процессуальды тәртіпті ұдайы бұзып отырған. Сайлау өзінің белгіленген күні өткізілмей, сайлаушылардың қатысынсыз болыс басқарушысы Мырзабақиннің үйінде өтіп отырған. [231,17п]

Біз көріп отырғандай ауыл старшындарының, халық соттарының шаруалар бастығының заңсыз әрекетіне шағымдары олардың арасындағы қарым- қатынас процесін және лауазымды тұлғалардың өздерінің өкілеттіліктерін асыра пайдалану сипатын және қазақ халқының олардың бұл әрекеттеріне қарсылық жасағанын көрсетеді.

Болыс басқарушысымен шаруа бастығының арасындағы шиеленістің себебі болысты 2 бөлікке бөлу процесі болды. Мысалы, Торғай уезінің оңтүстік бөлігінде орналасқан Тосын болысы 13 ауылдан тұрды және 2000 шаршы шақырым аумақты алып жатты. Болыстың басында болыс ұйымдасқаннан бері ықпалды рудың өкілі Дәуренбек Беремжанов тұрды. 1912 жылы Дәуренбек Беремжанов қайтыс болғаннан кейін болыс тұрғындары оған құрмет көрсету белгісі және оны есте қалдыру мақсатында болыс басқарушысы қызметіне оның балаларының бірі Жақып Дәуренбековті сайлайды, ол өзіне жүктелген үмітті ақтаған. Ұланғайыр территорияда ауылдардың шашырап орналасқанына қарамастан, аталмыш болыс іс жүргізуді дұрыс ұйымдастыруымен, салықтарды өз уақытында төлеп отыруымен, жалпы ұқыптылығымен ерекшеленді, ал, болыс басқарушысының қызметі үздік және үлгілі басқарушы ретінде бағаланды.

Бірақ, 1914 жылы Торғай уезінің 1 учаскесінің шаруалар бастығы Березин болысты алғашқы да үшке кейіннен екіге бөлу туралы жобаны жасайды. Бұл болыс ішінде жікшілдікті туғызды. Беремжановтардың руына қарсы тұратын № 3 және №6 ауылдарды біріктірген рулық топ құрылды. Беремжановтардың руы басында тұрған, ауылдардың басым көпшілігі шаруалар бастығының жобасына қарсы болады. Бұл дерек шаруалар бастығының өзінің амбициясы мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында әкімшілік билігін асыра пайдаланып, жергілікті тұрғындардың мүддесін есепке алмағандығын көрсетті. Болыс басқарушысы Ж.Дәуренбеков болыс басқарушысы қызметінен босатылып , 13 ауыл старшынының 9-ы жеті күнгі қамаудан кейін қызметтерінен шеттетіледі. Бір күннің ішінде болыстың барлық корпусы лауазымды тұлғаларының таратылғаны ерекше жағдай болды, биліктің төменгі бөлігі түгелдей қысқартылып, жылдар бойы жасаған беделі жойылды. Сонымен бірге, болыс басқарушысына жеке алымдардың төленбегені жөнінде, сот шешімдерін орындауда жауапкершіліктің жоқтығы т.б. жалған айыптар тағылып, 7 күнге қамауға алынды.

Шаруалар бастығы Ж.Дәуренбековті қызметінен босату үшін түрлі әдістер қолданылды, фактілерді бұрмалау, шындыққа жанаспайтын мәлімет жинау және т.б.

Шаруалар бастығының осындай әрекеттері болыс басқарушылығына кандидат Қайырбек Бектемісовке қарсы жүргізілді. Шаруалар бастығының барлық іс-әрекеті бір ғана мақсатқа негізделді. Болысты екіге бөлу, олардың әрекеттерін болдырмау болды. [232,1-123п]

Шаруалар бастығының биліктен шеттету секілді өзінің қызметтік міндетін асыра пайдалануы қазақ халқының ғана емес, сонымен бірге орыс халқының да лауазымды тұлғаларына бағытталды. Мысалы, Херсон болысының старостасы Борис Спильник оны әкімшілік жолмен қызметінен босатқаны үшін, облыстық басқармаға Ақтөбе уезінің шаруалар бастығының іс-әрекетін тәртіпке салуды сұрады[233,1-6пп]

Семей уезінің 1 учаскесінің шаруасы Ксенофонт Критонов 1911 жылдың наурыз айында шаруалар бастығы Альфонс Шелькингке оған бірнеше рет тіл тигізгені үшін шағымданады. Семей облыстық басқармасының міндетті мүшесінің істі тергеу барысында шаруалар бастығының тарапынан басқа да жағдайлардың бұзылғандығын анықтаған. Соның ішінде Майлыбай болысының болыс басқарушысы Айғозиннің қазынаға төленетін ақшасы болыстық ақшасын жұмсағанын жасырғанын, басқа да болыс басқарушыларының қазынаға төленетін ақшасын алып, өз мүддесі үшін жұмсаған. [234,1-68п]

Мұрағаттарда қазақ халқының шаруа бастықтарымен қарым-қатынасын ашып көрсеткен құжаттар сақталған.Бұл ең алдымен шаруа бастықтарының өз өкілеттігін асыра пайдалануларына қарсы қазақтардың шағымдары, қазақ көшпелі қоғамының ішкі өміріне кірісуі, яғни, болыс, ауыл старшындарын сайлау алдындағы шаруалар бастықтарының жалған әрекеттері болды.

Соның бір жарқын көріністерінің бірі-Өскемен уезі, Құлынжы болысының қазағы Жұбандық Бұлғұмбаевтың Семей облысының әскери губернаторына Өскемен уезінің №2 учаскесінің шаруалар бастығы Кожевниковтың атына 1907 жылы 30 шілдедегі шағымы болып табылады. Шағымның қысқаша мазмұны мынадай. Д. Бұлғұмбаевтың пікірінше, шаруа бастығы оның қарсыласы болыс Омар Сакпановтың жағына шығады. 1907 жылы 13 мамырда Құлынжы болысының болыстық сайлаушылар съезінің үкімімен Бұлғұмбаевты «қоғамның зиянды мүшесі» деген желеумен 5 жылға облыс шегінен алыстату туралы үкім шығарды. Осы жағдайда шаруалар бастығы Кожевников аталмыш үкімді тексерместен растаған. Д. Бұлғұмбаев шаруа бастығының әрекетінің дұрыс еместігін көре білді, өйткені, үкімде жалғыз сайлаушы Жолдаспай Бегімбетов шын мәнінде сайлауға қатыспаған. Осыдан соң Д.Бұлғұмбаев «Жаза туралы заңның 362 бабына» сәйкес шаруалар бастығын «аталмыш жалған үкімді» растағаны үшін айыптады. Сонымен бірге Д. Бұлғұмбаев Кожевниковты болыс басқарушының көмегімен сайлаушы Сейфолла Сакпановты үкімге қол қоюға мәжбүр еткенін және ол осы істі «өзінің ар-ұятына» қарамастан жасағандығы туралы мәліметтері болды. Сондай-ақ ,Бұлғұмбаев шаруа бастығын «өзінің түрлі уәделерімен және ретсіз килігуімен рулық топтар арасында күресті өршітіп отырды, сайлаудың өтуін қиындатты, шиеленістірді және қазақтармен өзінің арасында қарым- қатынасын шиеленістірді» деп көрсетеді. [235,1-4пп]

Аталмыш шағымның маңыздылығы сонда Д. Бұлғұмбаев шаруа бастығының өз өкілеттілігін асыра пайдаланғандығын, атап айтқанда «өзіне қолдаушыларды тарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды, яғни , оның көңілі үшін оған үнемі «өтірік» және «ашындыратындай» куәлік беріп отырды, сондықтан да үкімді уезд бастығы немесе басқа ресми адам арқылы тексеруді өтінді және Кожевниковты «ойдан шығарылған, жалған мәліметтерге жасалған» жиындарын жалғастыруға мүмкіндік бермеуді өтінді. Д.Бұлғұмбаев шаруа бастығын өз біліміне сене отырып «қазақтарды бір-біріне қарсы азғындық, бұзылу жолына салмай» ,қайта оларды адал жолға бағыттауы тиіс» деп есептеді. Бұл Бұлғұмбаевтың қысқа хатында қазақтардың шаруа бастықтарының қызметіне қатынасы сөз болады, соның ішінде өзіне қарасты территорияда өз лауазымын қазақтарды бір- біріне қарсы қоюға немесе өшпенділік өртінің өршуіне пайдаланбай заңның орындалуына бақылау жасауы болып табылады.

Өз кезегінде шаруа бастығы әскери губернаторға жазған түсінік хатында Бұлғұмбаевтың шағымын «қазақтардың жабайы қулығының нәтижесі» деп өзіне тағылған айыпты Бұлғұмбаев дәлелдей алмайды деп есептеді. Онан да басқа бұл қателік «Д.Бұлғұмбаевтың бұзылғандығы» туралы ауылдық жиынның шаңырақ иелерінен жинаған шектеулі деректері салдарынан, болыс басқарушысы О.Сакпановтың пен хатшы Василий Щегловтың кінәсінен кетті деген дерек келтіреді, бірақ , шаруалар бастығы талап еткендей, үкім бойынша ауылдық жиын өтпеген. Шын мәнінде, шаруалар бастығының ұстанымының екіжүзділігі айқын болды. Сонымен бірге шағымды тексеру кезінде облыстық әкімшілік болыстық съездің үкімді қабылдау тәртібін бұзғандығына көңіл аударды.

Біріншіден, болыстық съездің үкімі ауылдық жиынның үкімінің негізінде қабылданған. Осы болыс құрамына №3,4,9,15 ауылдар кірд, ауылдық жиынды өткізу кезінде №15 ауылдың 75 шаңырақ иесінің 47-і Бұлғұмбаевты қоғамнан шығару туралы шешіммен келіспеген, ал, қалған 28 адам қаулымен келісетіндігін және шешімге қол қойған. Екіншіден, Д. Бұлғұмбаевтың шаруа бастығының іс әрекетін «қулық, сұмдықты адам » деп атады, облыстық басқарма өз шешімінде Бұлғұмбаевты «қызмет адамына тіл тигізген, кесірлі және Кожевниковтың қызметіне көлеңке түсіруші» деді. [236,10п] Үшіншіден, облыстық мәжіліс шаруалар бастығынан қосымша түсініктеме талап ету керек деп шешті, яғни Д. Бұлғұмбаевтың ғана шағымын ескеріп қоймай ,шын мәнінде оны қуғындау Кожевниковтың тарапынан орын алған ба деген мәселелер болды және облыстық басқарма уездік съездің төрағасына істі қосымша тергеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді және облыстық басқарма Д.Бұлғұмбаевтың ісін қосымша тыңдады.

Соныменен, облыстық басқарма шаруалар бастығының үкімді қабылдау тәртібін бұзған деген шешімге келді, сондай- ақ ауылдық съездің шешімін 1907 жылдың 6 қыркүйегіне дейін кешіктірген, әйтсе де болыстық съездің үкімі 1907 жылдың 13 мамырында ауылдық съездің үкімінен бұрын шыққан, сонымен қатар істі қарауда және жолдауда бәсеңдік, баяулық танытты және ол өзі жеке үкімді жасау тәртібін бұзды деген шешімге келді. Сонымен бірге облыстық басқарма шаруа бастығының Д.Бұлғұмбаевқа қарсы « әділетсіз іс әрекетін» қарамады, яғни ол өз лауазымына сәйкес «қуылған» қоғам мүшесінің тәртібі, оның өмір сүру образы туралы нақты мәліметтерді анықтауға міндетті еді.

Онан да басқа Д.Бұлғұмбаевтың шағымына «шағыстырушы» деген жалған айып танылды, үкімді шығаруға еріксіз көндіру, жолан руының құрметті адамдарының арызына негізделген, ауылдық жиынның бастамасы бойынша үкімді шығаруға еріксіз көндірген. Осындай жалған хабарға байланысты Д.Бұлғұмбаевты «Жаза туралы Заңның 940 бабы бойынша айыптап және оның ісі Семей облыстық басқармасының шешімі бойынша Семей округтік сотының прокурорына берілді. Семей облыстық басқармасы төмендегідей қаулы қабылдады; Д.Бұлғұмбаевты қоғамнан алыстату туралы істі жабу; болыс басқарушысы О.Сакпанов пен хатшы В. Щегловты осы іс бойынша талапты орындамағаны үшін 5 рубльден айып төлету. [237,12п]

Семей облыстық басқармасының жалпы мәжілісінің құжаттарына талдау жасау көрсеткендей шағымдар үнемі объективті қарала бермеді, соның ішінде Д.Бұлғұмбаевтың шағымы да болды. Ауылдық жиынның қаулысы өз уақытында қаралмағандығы, облыстық басқармаға тапсырылатын қағаздарды кешіктіру, сөзбұйдаға салу, шаруа басқарушыларының жәйбасарлығы осыған себеп болды.

Өкінішке орай ,Семей округтік соты Д.Бұлғұмбаевтың ісіне қандай шешім шығарғаны архив құжаттарында айтылмаған. Бәлкім, қылмыс құрамының жетіспеуіне байланысты жауапқа тартылмаған болса керек, тек 1911 жылы өз кандидатурасын болыс басқарушысы қызметіне ұсынған. 1911 жылы 19 мамырда Семей облыстық басқармасының отырысында қоғамдық қызметке яғни болыстыққа кандидат ретінде сайлауға қатысуға шаруалар бастығы Кожевниковтың тиым салуы туралы Д.Бұлғұмбаевтың шағымы қаралады.Облыстық басқарманың отырысында вице губернатор Савримович міндетті мүше Михайлов, округтік соттың прокуроры Кривицкий, салық инспекторы Панфилов т.б. қатысты. Облыстық басқарма Д.Бұлғұмбаевтың шағымын қарап №15 және №2 ауылдық жиынның қаулысымен шынында да Д.Бұлғұмбаевтың кандидатурасының осы қызметті иелену үшін ұсынылғанын анықтады. Облыстық басқарма шаруалар бастығының дәлел келтірген №113 хабарламасын Д.Бұлғұмбаевты сайлаушылардың қатарына жібермеудің заңды негізі жоқ (24 сәуір 1909 ж) және екіншіден, съезд Д.Бұлғұмбаевты кандидаттар қатарынан шығарғаны жөнінде шешім шығарып, хаттаманың көшірмесін Бұлғұмбаевқа беруге міндетті болды, ал оның аталмыш шешімге шағымдануға құқығы болды. Облыстық басқарма 1910 жылы 11 қыркүйекте өткен съезде төрағалық еткен Кожевниковтың әрекеті теріс және әкімшілік істерді шешуде заңсыздыққа жол берген және екіншіден, лауазымды қызметке сайлануға заңдық себебі жоқ екендігін хабарлауы керек деп шешеді. [238,22-23пп]

Шаруалар бастықтарының Қостанай уездік съезі 1903 жылы 22 шілдеде 1 учаскенің шаруа бастығының ұсынысының негізінде Обаған болысының №2 ауылының халық соты Жауғаштыны қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Оның себебі ол «ықпалды, беделді адам ретінде жер дауына байланысты сайлаушылардың съезіне үкім шығаруға күшті қысым жасады» делінді.

Торғай облыстық басқармасының жалпы отырысы Қостанай уездік съездің шешімін көпе көрнеу қате деп есептеді, өйткені, хаттамада «аталған лауазым иелерінің өз міндеттерін дұрыс атқармағандығы немесе қызмет бабын пайдаланғандары туралы қандай да бір нұсқау жоқ». Сонымен, облыстық басқарманың отырысының журналында халық соттары «жер дауына байланысты съездерде съездің үкіміне ықпалын жасайды өйткені халық соты болып сайлануына байланысты өз құқықтарын пайдалануы орынды деп көрсетті. Сондықтан да шаруалар бастықтарының уездік съезінің шешімін облыстық басқарма өзгертті. [239,19п]

Сондай-ақ, Торғай облыстық басқармасының жалпы отырысы 1903 жылы желтоқсанның 12-інде Қостанай уездік съезінің қаулысымен Қостанай уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығы өзінің 5 шілдедегі қаулысымен Жылқуар болысының №7 ауылының халық соты С Тоғызбаевты «миллиондық отводтан» көшуден бас тартуына байланысты қызметінен босату туралы уездік съезге шағымданады, уездік съезд шешімді қабылдап, оны әскери губернатордың бекітуіне жібереді. Облыстық басқарма бұл үкімді қарап Тоғызбаевты өзінің қызмет лауазымы бойынша теріс әрекет немесе қызмет бабын пайдалану болмағандықтан қызметінен босату туралы қаулының күшін жойған. [240,47п]

Торғай уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы 1909 жылы Майқарағай және 1,2 Наурызым болысын тексере келе 106 сом 46 тиын cалық төлемегені үшін болыс басқарушысы Оспан Қаржаковтың мүлкіне тиым салған, салық төлеуді қамтамасыз етпегені үшін ауыл старшындары Шыныбеков, Маспыраев, Әлімбаев, Бөлеков, Жүсіпов, Жүсенов, және Қоянбаевтың мүліктері тәркіленді. Бұдан да басқа 1 Наурызым болысының №3,5 ауылдарының старшындарын 5 тәулікке қамауға алған. Себебі олардың ауылдарының тұрғындарының көпшілігі берешек ал бұл болса старшындардың салғырттығынан болған деп қорытынды жасаған. Осыған байланысты Торғай облысының әскери губернаторы Страховский төменде көрсетілгендерді басшылыққа алу қажет деп ескертеді:

1) лауазымды тұлғалардың азаматтық жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін шаруалар бастығына олардың мүлкін тәркілеу құқығы заңды түрде берілмеген;

2) салықтарды өтеуді қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың мүліктерін тәркілеу шаруа бастықтарының салықтардың есебі туралы мәліметтерді алған кезде немесе болыстық басқарманы тексеру кезінде ол өзі анықтаса, онда шаруа бастықтарына жүктеледі.

3) Шаруалар туралы Ереженің 446 бабымен лауазымды тұлғаларға тәртіп шараларын қолданғанда әсіресе олардан салықтарды төлемеу себептерін жан - жақты тексеріп, алдын-ала лауазымды тұлғалардан түсініктеме алу қажет, қандай жағдайда да шаруалар бастығының тұжырымдалып, негізделіп жасалған қаулысы болуы керек, ол алдын-ала лауазымды тұлғаға ескертіліп, шағымдануына уақыт беріледі.

Сонымен жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай қазақ халқы өкілдерімен шаруа бастықтарының қарым қатынасы бір қалыпты болған жоқ және шаруа бастықтарын жергілікті тұрғындардың қалай қабылдағаны туралы көріністі көз алдымызға әкеледі. Шаруа бастықтарының ішінде өз міндетін ғана атқарып қоймай, сонымен бірге халыққа қоғамдық қызмет ету.

Қарқаралы уезінің шаруа бастығы Катасонов мал ұрлаушылар мен барымташыларды жасырған, өз пайдасына лотерея ұйымдастырып, бай қазақтардан ақша жинап, 2508 рубль шығын келтірді. Осының нәтижесінде Катасонов өзінің орынсыз іс әрекеттеріне байланысты тұрғындардың оған деген барлық сенімін жоғалтты.

Шенеуніктердің озбырлығы халқының мұң мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының да жанын ауыртты.М.Дулатов өзінің «Қазақ менің, елім менің» атты мақаласында: «.....Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет- ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті, неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды......» деп ашынды. [241,78б] Мұханбетжан Тынышпаев қазақ даласындағы шектен шыққан заңсыздық, әділетсіздік, қазақтардың шарасыздығы туралы Министрлер кеңесінің төрағасына жазған хатында: «Біздің жүгінетін жеріміз жоқ, өйткені жоғары өкімет орындары біздің әділетсіздік және қысым көрсетушілік туралы өтініштерімізді төменгі тікелей бастықтарға қарауға жібере салады; тек кейбіреулері ғана кейде батылы барып мұндай әрекеттерді жоғары жаққа жеткізеді, бірақ көптеген жағдайларда олардың өздері де қанағаттандырылмай өкімет орындарының адамгершілік жағынан қорлап, халық бұқарасының көз алдында кемсітілген күйінде қала береді;сондықтан біздің жүгенсіздікпен жаулап алған озбырлық пен заңсыздық атаулыны жойып, біздің барлық жерімізде әділеттілік пен заңдылық қағидаларын енгізу қажет»деп талап етті. [242,19б]

Отарлық биліктің қызметі туралы және іс қағаздарының орыс тілінде жүргізілуі туралы Ә.Бөкейханов былай деп жазды: «орыстандыру саясатының ажырамас серіктері- дөрекілік, зорлық зомбылық, халықтың қастерлі қасиеттерінің бәрін арсыздықпен кемсіту, далалық облыстарды билік жүргізушілердің жергілікті халықтың тілін білмеуі және тілмаштар арқылы тілдесуі, білім атаулыдан шеттетуі салдарынан жағдай одан әрі ушыға түсті. Плевенің тұсында шаруа бастықтары қазақ тіліндегі өтініштерді қабылдамады.Далалық облыстарда хат жазысулардың,іс қағаздардың бәрі, болыс басқарушысының кеңсесінде де орыс тілінде жүргізіледі» [243,70б]

Ұлт зиялылары шаруа бастықтарын әшкерелеп қана қойған жоқ сонымен бірге оларды жою туралы мәселе қойды.Мысалы, «Қазақ» газетінде М.Дулатов « крестьянский начальниктер һәм халыққа залалды чиновниктер, халыққа зиянынан басқа түк пайдасы жоқ, крестьян начальниктері мекемелері жоқ болсын. Торғай облысында халыққа зиянды шенеуніктер орнынан түсіп, сотқа берілсін. [244,377б]

Қазақтардың арыз-шағымдары тексеру жайында 1914 жылы Айқап журналында «Қазақ дауы һәм билік» деп аталатын мақалада «қазақ дауы хақында арыз шағымдарды шаруа бастықтарына береді, бірақ олар оның анық қанығын тексеріп жатпастан қазақ билеріне бере салады,бұл арыздардың дұрыс тексеріп, өтірік арыздарды ілтифатсыз қалдырып, шүбәлі арыздарды билердің билігіне берсе қазақ байғұстың аз да болса дұрыстыққа бір тамшы су таңдайына тамған болар еді» деп жазды. [245,157б]

Сонымен, қазақ халқының шаруалар бастығымен шиеленіскен арақатынасы төмендегі аспектілерден көрінді:

1) шаруалар бастықтарының билігін асыра пайдаланды, яғни, олардың қазақтарды заңсыз жиі тұтқынға алуы;

2) шаруалар бастықтары өздеріне қарасты тұрғындарға жиі қорлау, балағаттау, тіпті , қол жұмсауға ерік берді.

3) шаруалар бастықтары өздерінің өкілеттілігін шектен тыс пайдаланды, қазына ақшасын ысырап етті және қазақ халқын қорқытып, қоқан- лоқы жасап , түрлі желеумен ақша талап етіп отырды;

4) шаруалар бастықтары жер мәселесін әділетсіз шешіп отырды.

Сонымен бірге, айта кету керек, шаруа бастықтарының ішінде қазақтарға мейірбандық танытқан адамдар да аз болмады, яғни, өздерінің күші мен мүмкіндіктеріне байланысты село тұрғындарына көмектесуге ұмтылғандар да болды. Сондай шаруалар бастығының бірі Николай Михайлович Сухин (09.1896ж – 11.1902) болды. Ол қазақ тілін жақсы меңгерген. Қазақ халқының әдет - ғұрпын, тұрмысын жақсы білген және соған орай қазақтардың болыс және ауыл старшындарына шағымдарын өзі тексеріп отырды. Сондықтан Ішкі істер министрлігі Н. Сухинді XX ғасырдың басында «Торғай облысының үздік қайраткері» деп атады. [246,1-5п] Сухин өзінің қызметіне қоғамға қызмет ету,қоғамдық қызмет деп түсінген, қазақ халқының арасында үлкен құрметке ие болды, шаруалар бастығына түрлі істері мен мұқтаждары бойынша жергілікті халық жиі жүгініп отырды.Торғай облысының инженері Н.Наранович Н.Сухиннің төмендегідей ерекше қасиеттерін атап көрсетеді. [247,№1,1б] Бірақ, шаруалар бастықтарының басым көпшілігі қатардағы адамдар болды, яғни оларға осы қызмет ең алдымен жалақы алу үшін және басты мақсаты өзіне бағынышты тұрғындарға билігін қабылдату, бекіту болып табылды. Осыған байланысты шаруалар бастығының жергілікті тұрғындармен өзара арақатынасын түсіну маңызды мәселе болып табылды. Шаруалар бастығының қолында үлкен билік шоғырланды, көп нәрсе олардың адамдық қасиетіне, таным түсінігіне, адамгершілік құндылықтарына байланысты болды және т.б.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау