Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты



жүктеу 2,58 Mb.
бет1/15
Дата30.01.2018
өлшемі2,58 Mb.
#8152
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты




УДК 94(574) «19»: 35.08 Қолжазба түрінде.




ҒАНИБАЕВА ЖАЙДАРМАН АНУАРҚЫЗЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАРУА БАСТЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ (XX ҒАС.БАСЫ)


07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)
тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Сұлтанғалиева Г.С.


Қазақстан Республикасы.

Ақтөбе, 2010

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3
1 Шаруа бастықтары институтының пайда болуының алғы шарттары
1.1. Қазақ даласындағы орталық және жергілікті биліктің аграрлық саясаты.------------------------------------------------------------------------------------15

1.2. Орталық және аймақтық биліктің шаруа бастықтары институтын енгізуі. -----------------------------------------------------------------------------------------------28


2 Шаруалар бастықтары институтының құрылуы.
2.1.Дала генерал-губернаторлығында шаруа учаскелерінің ұйымдастырылуы.------------------------------------------------------------------------40

2.2. Шаруа бастықтарының қызметі мен міндеттері.---------------------------50

2.3. Шаруа бастықтарының: білім дәрежесі және әлеуметтік тегі.-------------69
3 Қазақстанда шаруалар бастықтарының қызметі (1902-1917жж).
3.1. Шаруа бастықтарының уездік съезі және олардың жер тартыстарын шешуі.---------------------------------------------------------------------------------------77

3.2. Шаруа бастықтарының аймақтың қоғамдық өміріндегі рөлі.----------95

3.3. Қазақ халқының шаруа бастықтарымен арақатынасы: ынтымақтасудан жанжалға дейін.---------------------------------------------------- ---------------------105
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------113
Пайдаланған деректердің тізімі----------------------------------------------------117
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------128

Қосымша А Дала генерал губернаторлығында белгіленген Уақытша штаттың кестесі--------------------------------------------------------------------------------------------128

Қосымша Б Торғай облысының уездерін учаскелерге бөлудің жобасы------129

Қосымша В Торғай облысы бойынша 1915 жылға арналған шаруалар- бастықтарында пайда болған әкімшілік және сот- полицейлік істердің саны----131

Қосымша Г Торғай облысы 1915 жылы шаруалар бастықтарының қызмет барысында өткізген жолсапарлары--------------------------------------------------------132

Қосымша Д Торғай облысы бойынша 1915 жылға арналған шаруалар бастықтары мен кішіаудан менгерушілері тексерген болыстардың саны және олардың жағдайы-----------------------------------------------------------------------------133

Қосымша Е Дала генерал-губернаторлығының шаруа бастықтары. (1902-1917жж-------------------------------------------------------------------------------------------134

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мемлекеттік дамудың моделін іздестіруде және қоғамды жетілдіруде тиімді жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіруде қазақ қоғамының дамуы мәселелерін зерттеу өзекті болып табылады.

Осыған байланысты осы заманғы және болашақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемаларды, ғылыми білімнің тарихи түп тамырларына талдау жасамай, мәселені тарихи негізсіз шешу мүмкін емес.Қазақстанның осы және өзге де кезеңдерде дамуы экономикада да, саясатта да тұрақсыздықпен және күрт өзгерістермен ерекшеленеді.

XX ғасырдың басы Қазақстан тарихында қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік - мәдени дамуында онан әрі дамуына жаңа серпін берген оқиғаларға толы болды. Тарих ғылымының осы кезеңінің мәселелерін зерттеу тұрғысындағы маңызды қадамдарына қарамастан, көптеген аспектілер әлі де нақтылауды және онан әрі зерттеуді талап етеді. Қазақстанның тарих ғылымында қазақ даласындағы орыс үкіметінің жүргізген соңғы әкімшілік реформаларын зерттеу қажеттілігі туындап отыр, соның ішінде әсіресе тарихнамада шаруалар бастықтары институтының енгізілуі болып табылады. Дегенмен, XIX ғасырда қазақ даласына енгізілген әкімшілік реформалардың көпшілігі осы заманғы тарихшылардың қайта зерттеуіне қарамастан, 1902 жылы 10 маусымда енгізілген шаруа бастықтары туралы айтылмады. «Шаруа бастықтары туралы Уақытша Ереже» Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарына қатысты болды. Шын мәнінде бұл мәселе орыс үкіметінің саясатында қазақ даласын жалпы империялық кеңістікке қосу үрдісінде, басқару жүйесінде, өзін- өзі басқаруда, әлеуметтік - экономикалық даму мен құқық мәселесінде өзіндік бағыттардың бірі болды.

Аймақтарды басқару мәселесі Ресейдің полиэтникалық және орасан зор территориялық қатынасында дәстүрлі түрде маңызды орын алды. Ресей империясының ұлттық шет аймақтармен арақатынасын әкімшілік - құқықтық реттеуде оның көп ғасырлық тәжірибесін қолданбай шешу мүмкін емес еді. Ең соңында, Ресейдің Далалық өлкеде жүргізген саясатына кешенді баға беруде ішкі саяси процесстердің ажырамас бөлігі болып табылады және самодержавиелік биліктің аймақтық бағыты ретінде қарастыруға негізделген ұлттық аймақтардағы әкімшілік саясатты зерделеуде біз ұсынып отырған мәселенің ғылыми маңыздылығын көрсетеді.

Шын мәнінде отандық тарих ғылымында осы мәселені зерттеуге арналған бірде- бір арнайы зерттеу жұмысы болған емес. Сонымен бірге, шаруа бастықтары институты төмендегідей мәселелер кешенін құрайды: империялық үкіметтің аграрлық саясаты, қазақ халқының жаңа лауазымды тұлғалармен өзара арақатынасы, Ресей империясының көп ұлтты шет аймақтарын патша үкіметінің басқару ерекшеліктері, аймақтық және орталық билік арасындағы өзара байланыстарының күрделі механизмдері болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресей үкіметінің империялық саясаты аясында шаруа бастықтары институтын зерттеу тарихнамада толыққанды және арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сонымен бірге осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуын қарастыратын зерттеулерде қарастырылған.

Революцияға дейінгі тарихнамада қарастырылып отырған мәселе негізінен қонысаударушылардың тұрмысын, империяның шеткері аймақтарына шаруаларды қоныстандыру, XX ғ. басындағы Ресей үкіметінің аграрлық саясатын зерттеуде қаралды.Әрине, Ресейдегі аграрлық мәселелерді зерттеушілердің бірі А.Кауфман болды. [1]

Кауфман батыс аймақтағы қазақ халқының қауымдық құрылысының ерекшеліктерін зерттеді, әсіресе, Торғай облысының шаруашылық жағдайы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жалпы алғанда, XX ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық даму тарихын ғылыми зерттеуге түрткі болды.

Кауфман Далалық өлкенің шаруашылық құрылысымен таныса келе төмендегідей қорытындыға келді; экономикалық тұрғыдан қарағанда климаттың өзіндік ерекшелігі жағдайында мал шаруашылығымен санасу керек, өйткені, бұл тиімді. Торғай облысының солтүстік уездерінің жерлерін зерттей келе Кауфман қонысаударушылар үшін белгіленген 15 десятина жер үлесі жоғары екенін анықтады, өйткені осы аудандардың жері құнарлы және мұқтажсыз өмір сүруге 8 десятина жер жеткілікті деп есептеді.[2,15,24-25б] Ресейлік қонысаударушылар алғашқыда қазақтардан жерді жалға алды, сөйтіп осы аймақтың құнарлы жерлеріне орналаса бастады. «Жерді күні бүгінге дейін жалға алу ... орыс қонысаударушыларын жермен қамтамасыз етудің жалғыз жолы болды...»деді. [3,36 б.] Жерді жалға алу далалы аймақты отарлаудың бірден- бір құралы болды, ол бірте- бірте кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, қонысаударушылар үкімет тарапынан жасалған шектеулер мен барлық кедергілерге қарамастан, жер алуға ұмтылды. XX ғ басында қонысаудару саясатының аграрлық мәселені шешпейтіндігін Кауфман түсінді, өйткені шет аймақтардың жер қоры шексіз емес еді. Кауфман аграрлық мәселенің мәнін шаруалардың жерге деген мұқтаждығы деп түсінді және осы мәселені шешуде шаруаларды қосымша жермен қамтамасыз ету керек деп білді. Оның пікірінше, мәселені шешу шет жерлерді отарлау есебінен емес, ішкі резервтерді пайдаланып, жерді бөлу арқылы жүзеге асуы керек. [1,113 б.]Оның идеясын Жетісуде қонысаудару ісінің меңгерушісі болып ұзақ жылдар істеген О.А.Шкапский қолдады, яғни Сібір мен Қазақ даласына шаруаларды қоныс аудару Ресейдегі аграрлы мәселені шешудің амалы ретінде қарамау керек деп есептеді. Ол қоныс аудару мәселесі жалпы аграрлық мәселенің бір бөлігін құрайды, қонысаудару отарланушы аудандарда жергілікті тұрғындардың мүддесіне қайшы келу себебінен Европалық Ресейдегідей өткір формада көрініс таппаса да аграрлық мәселенің туындауына себепкер болады деп есептеді.[4,19б] Әрине, зерттеліп отырған мәселенің төңірегінде Далалық өлкедегі егіншіліктің даму үрдісін баяндайтын еңбектер үлкен қызығушылық туғызады.[5] Патша үкіметінің Далалық өлкедегі аграрлық саясатының отаршылдық мәнін Т.Сидельников те өз еңбегінде көрсетті. [6]

Мәселені зерттеуде маңызды құжаттар саналатын XIX ғ. аяғы XX ғ.басында іске кіріскен Қонысаудару басқармасының зерттеулері. Ф.Щербинаның жетекшілігімен Торғай облысының Ақтөбе және Қостанай уездері 1898-1899жж. зерттелді. Торғай облысының уездерін екінші рет зерттеу Қонысаудару басқармасының бастамасымен 1904-1910жж. жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Материалах по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статистический партией Тургайско-Уральского переселенческого района»деп аталатын еңбекте жарияланып, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Ақтөбе уездері бойынша жекелеген томдар жарық көрді.

Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасы 1914 жылы қонысаудару басқармасының қызметін көрсеткен және Далалық өлкеге қоныс аударған шаруалардың Европалық Ресейдегі шаруаларға қарағанда ауылшаруашылық машиналарымен жақсырақ қамтамасыз етілгені жөнінде салыстырмалы деректер келтірген «Азиатская Россия» еңбегі жарыққа шықты.[7]

Сонымен бірге XXғ. басында патша үкіметінің отаршылдық саясаты, аграрлық және қоныстандыру мәселелері ұлттық интелегенция өкілдерін толғандырған өзекті мәселердің бірі болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қаралды.[8] Шаруа бастықтарының қазақтарды басқаруда кең құққа, зор өкілеттілікке ие болғандығы туралы Міржақып Дулатов өткен ғасырдың басында былай деп жазды. «Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан үйез, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер жұрт ісі түгел бұлардың қолында: тұр десе тұрады, жат десе жатады. Кристиянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті» деп жазды. [9,71б.]

Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясаты, шаруалардың қоныстануы, қонысаударудың қазақ қоғамына тигізген зардаптары нақты деректермен беріледі. [9]

Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымында шаруа бастықтары институты емес, орыс шаруаларын басқарудың кейбір аспектілері, шаруалардың құқықтары және земстволық басқарушылардың қызметінің ерекшеліктері зерттелді. [10]

1917 жылғы революциядан кейінгі онжылдықтар бойы кеңес зерттеушілері шаруа бастықтары институтын мүлдем зерттеген жоқ. Дегенмен, осы кезеңде XIX-XX ғ. басындағы Ресейдегі тарихи жағдайды баяндайтын еңбектер жарық көрді. Кеңестік тарихнамада негізінен XYIII ғ. Ресей империясының оңтүстік-шығысындағы шаруалардың отарлауы және оның жергілікті халықтың тарихи тағдырына ықпалы жөніндегі мәселелер қаралды. Алғашқы кезекте Любавскийдің еңбегі империяның шеткері аймақтарын отарлаудың жалпы көрінісін, орыс шаруаларының орналасуы және олардың орыс емес халықтардың рухани және материалдық мәдениетіне ықпалы туралы жазды.[11,688б.]

Кеңестік дәуірде тарих ғылымында зерттеулер ең алдымен экспонизм: қосылу және жаулап алу мәселесі төңірегінде шоғырланды. Осындай тарихнамалық талдаудан шығатын қорытынды зерттеулерде ең басты назар осы далалық өлкені аграрлық отарлау мәселесіне аударылды. Әлеуметтік - экономикалық тұрғыда өзекті және күрделі мәселелердің қатарына Қазақстанның аграрлық тарихы болып қала берді. Осы тақырыпты Л.Ауезова., С.Сүндетов, В.Черняков,А.Гинсбург және т.б. зерттеді.

Реформа жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастары П.Г.Галузоның еңбегінде жақсы қаралды.[12] Патша үкіметінің аграрлық саясаты, қонысаударушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қазақтың көшпелі қоғамында егіншіліктің даму ерекшеліктері Б.Сүлейменовтың еңбегінде қаралады.[13]Дегенмен, жоғарыда аталған зерттеулерде шаруа бастықтары, олардың мемлекеттің және қазақ көшпелі қоғамындағы ролі айтылмады.

XX ғасырдың 90 жылдары еліміздегі қоғамдық- саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тарих ғылымында жаңа бағыттар, жаңа көзқарастар пайда болды. Осы тұста белгілі құқықтанушы К.А.Жиреншиннің еңбегін бөліп айтуға болады, ол қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып, Дала генерал- губернаторлығында шаруа бастықтары институтына назар аударғандардың бірі саналады. К.А.Жиреншин өз еңбегінде Далалық өлкеде аталмыш институтты енгізудің құқықтық механизмінің жекелеген көріністеріне, XX ғ. басындағы басқару жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен бірге, еңбекте аталмыш мәселе XIX ғасырда Қазақстанда патша үкіметінің жүргізген әкімшілік реформаларының аясында зерттелгеніне байланысты, шаруа бастықтары институты еңбекте жүйелі түрде ашып көрсетілмеді. [15]

Осы заманғы тарихнамалық ахуал қандай да бір қорытынды жасау үшін белгілі бір тәжірибе жинақтап қорытуды қажет етеді, сонымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік -экономикалық дамуы туралы мәселелерді талдап зерттеудің онан кейінгі жолдарын айқындауды талап етеді. Осындай мәселелердің бірі Ресей империясының аймақтық басқару моделін құрудағы тарихи тәжірибесі, орталық пен аймақтар арасындағы әкімшілік - саяси өзара байланыстардың ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осыған байланысты империя кеңістігін кеңейтуге ықпал еткен факторлар көрсетілген, экономикалық және саяси дамудың түрлі сатысында тұрған және біртұтас геосаяси кеңістікте түрлі социо-мәдени және этноконфессионалды параметрлері бар халықтарды біріктіруге мүмкіндік берген империялық басқару механизмін айрықша көрсеткен «Национальные окраины Российский империи» (М.,1997) [16] деп аталатын еңбек үлкен қызығушылық туғызады. Дегенмен, бұл зерттеуде де XX ғ. басындағы Қазақ даласындағы қазақ халқына да, орыс халқына да қатысты әкімшілік басқару бірлігі шаруа бастықтары институтының енгізілуіне назар аударылмады. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі,мақсаты, жергілікті әкімшіліктің көзқарасы туралы А.Ю.Быковтың еңбегінде аталып өтеді. Қазақстандық зертеушілердің ішінде М.Қойгелдиевтің еңбегінде Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі негізгі ерекшеліктері, Ресей билігі орнықтырған заңдар жүйесіне тоқталады, қазақ жеріне орыс шаруаларының жаппай қонысаударуы барысы, зардаптары, қазақ облыстарын басқарудың әкімшілік аппараты, патша шенеуніктердің жүгенсіздігі, соның ішінде Қарқаралы уезінің шаруа бастығы Цыловтың әрекеті баяндалады.[17] К.Нұрпейісов өз зерттеуінде XXғ. басындағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуалдың аграрлық, ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленгенін, осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстардың ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын атап өтеді. [18] Мұхтар Құл- Мұхаммед шаруа бастықтары институтының 1902 жылы қазақ даласында енгізілуі туралы және сондай –ақ автор мұрағат қорынан алынған шаруа бастығының қазақ халқына көрсеткен озбырлығы, түрлі жүгенсіздіктері туралы жазған заңгер Ж.Ақпаевтың 1905 жылы сенатор Паленге жазған арыз-хатының толық мәтінін келтіреді. [19] Қазақстанды отарлау мәселесін Е.Ж.Валиханов еңбегінде жаңа көзқараспен көрсетсе, [20] Б.М. Абдрахманова XIX ғасырдағы Қазақстанның әкімшілік-басқару жүйесі, әкімшілік- территориялық құрылымын зерттеп жазды. [21]

Америка тарихшысы М.Олкотт Қазақстанға қонысаударушылардың ағылып келуі, қазақ халқының мүддесінің еленбеуі, орыс үкіметінің империялық саясатын ашып көрсетеді, тіпті қазақтардың мүддесі толығымен империяның мүддесінен жоғары тұруы мүмкін екендігі туралы пікірді Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин қабыл алмады деді. Сонымен бірге М.Олкотт П.Столыпиннің қазақтар теріс қарым - қатынастың құрбаны болған жоқ, оларға берілген 15 десятина жер егіншілікпен айналысуға толық жеткілікті, ал қазақтардың мәдениеті мен олардың темпераментінің ерекшелігі Ресей мемлекетінің қарқынды дамуы мен өрлеуін бәсеңдетуге дәлелді себеп бола алмайды деген сенімде болды деп нанымды көрсетеді.[22,57б.] Шетел зерттеушілерінің ішінде Дж Демко «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» (1896-1917жж) еңбегін атап өткен жөн. Автор еңбегін орыс зерттеулері негізінде жазып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектеледі. [23] Сонымен бірге шетелдік зерттеуші ғалымдардың қазақ жерін отарлау мәселесі жайында К.Л. Есмағанбетов, М.Лаумуллиннің, Қ.Р. Несіпбаеваның,Р.М. Таштемханованың еңбектерінде қаралды. [24] Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі Ресейдің қазақ даласындағы отарлау саясаты, қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануына арналған Р. Сариеваның [25], Д. Абеновтің [26] зерттеу жұмыстарында, Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі, және осы институттың жергілікті халықты орыс үкіметіне бағындыру, отарлау міндетін жүзеге асыру, орыс қоныс аударушыларын түпкілікті қорғау үшін қажет болғандығы атап өтеді.

Сонымен, Дала генерал-губернаторлығында шаруа бастықтары институтының енгізілуі және оның қызметі мәселелері революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдегі тарихнамада арнайы зерттелмеген тақырып болды. Осыдан шығатын қорытынды- аталмыш мәселе архив деректеріне, тарихи фактілерге сүйене отырып нақты зерттеуді қажет етеді.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Дала генерал- губернаторлығында шаруа бастықтары институтының қызметін Қазақстанның әкімшілік-саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени даму тұрғысынан жан-жақты қарастыру; XX ғ.басындағы Ресейдің империялық саясатындағы тұтас бір құбылыс ретінде жаңа институттың басқару жүйесін қарастыру. Алға қойған міндеттер төмендегі мәселелерді зерттеу арқылы шешіледі.

-Ресей үкіметінің аграрлық саясатына талдау жасау және оның XIX ғ.аяғы мен XX ғ.басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын көрсету.

-шаруа бастықтары институтын енгізу үрдісі; аймақтық және орталық биліктің арасындағы қарама- қайшылықты көрсету.

-шаруа учаскелерінің ұйымдастырылу механизмін көрсету, трансшекаралық аумақтарды анықтау.

-шаруа бастықтары қызметін анықтау және олардың XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік - мәдени өміріндегі ролін көрсету.

-қазақ және орыс шаруаларының өміріндегі жер мәселесін және басқа да мәселелерді шешудегі шаруа бастықтарының уездік съезінің ролін көрсету.

-шаруа бастықтарының білім дәрежесіне және олардың атқарған қызметіне әлеуметтік сипаттама беру.

-шаруа бастықтарының қазақ халқымен және орыс шаруаларымен күрделі және көп қырлы қарым- қатынасының сипатын ашу.



Зерттеу жұмысының нысаны.

XX ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты, шаруаларды және қазақ халқын басқару органдары болып табылады.



Зерттеу пәні Далалық өлкедегі шаруа бастықтары қызметінің басты бағыттары, формалары мен әдістері.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысы XIX ғ. 80 жылдары мен XXғ. басына дейінгі хронологиялық кезеңді қамтиды. Зерттеу шегі Ресей үкіметінің қоныс аудару саясатын белгілеген негізгі заң актілерінің әзірленуімен және жарыққа шығуымен сипатталады.

Территориялық шегі. Шаруа учаскелері құрылып және оларды шаруа бастықтары басқарған Дала генерал- губернаторлығының Ақмола, Семей,Орал, Торғай облыстарымен шектеледі.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізіне осы заманғы зерттеушілердің баяндауындағы жаңару теориясы, басқарудың формалары мен принциптерін бірте- бірте трансформациялауды ұсынатын саяси аспект, әкімшілік-саяси шекараларды реттеуді, әлеуметтік- саяси институттарды орталықтандыру және бір ізге келтіру, әкімшілік-территориялық құрылымды ұйымдастыруды, патша үкіметінің саясатының әсер етуімен дәстүрлі қоғамның сот істерінің өзгеруі болып табылады. Заңнамалық актілерді зерттеуде жүйелі құрылымдық талдау қолданылды, оның негізін заңның өткен тарихын, оның мәтіндік талдауын және оны жүзеге асыру жағдайын қамтитын заң шығару үрдісін кешенді түрде қарастыру құрайды. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолдану ұлттық шет аймақтарды басқарудың және соттың формалары мен принциптеріне салыстырмалы талдау жүргізуге және олардың жалпы және ерекше сипатын көрсетуге мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Автор қолданған деректердің үлкен бір тобына комплексті анализ жасау, өзара ішкі байланысы бар тұтас бір жиынтық ретінде қарастыруға және аймақтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал еткен XX ғасыр басында Қазақстанда енгізілген жаңа шаруа бастықтары институтының тарихын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты ҚР орталық мұрағат қорларында жинақталған құжаттық материалдар зерттеу жұмысында жүйелі блоктарға бөлінді. Автор ҚР және РФ(Орынбор) орталық мемлекеттік мұрағат қорларында жұмыс істеді.



Деректердің алғашқы комплексін Ресейдің империялық саясатын айқындайтын материалдар құрайды. Олар Ресей мемлекетінің түрлі мекемелері мен ведомстволарының жергілікті және орталық биліктің қызметін көрсетеді, олардың шаруа бастықтары институтын енгізудегі саяси ұстанымдары мен тактикалық шешімдерін ашып көрсетеді. Оған нұсқаулар, жазбаша өкімдер, орталық билік органдарының шешімдері, Дала генерал губернаторлығында қызмет еткен заң нормаларына қосымшалар, ұсыныстар, баянхаттар және генерал -губернатордың, әскери губернаторлардың ерекше пікірлері, және уезд бастығының, болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының мәлімдемелері, ұсыныстары, әскери губернаторлардың жаңа басқару жүйесін еңгізуі жайында және XIX ғ.аяғы XX ғ. басындағы көшпелі қазақ қоғамындағы кейбір мәселелері жөнінде Орынбор генерал- губернаторлығының қоры (6 қор), Семей облыстық басқармасы (15 қор), Торғай облысының облыстық басқармасы (25 қор), Торғай- Орал ауданы бойынша қонысаудару ісі менгерушісі (29 қор) ҚР ОММ Дала генерал- губернаторлығының канцеляриясы (64), Ақмола облыстық басқармасы (369 қор) т.б. қорларында жинақталған. Дегенмен, бұл құжаттар мазмұны жағынан қарама- қайшылығымен де ерекшеленеді және жергілікті билік жүргізген саясатты бір жақты түсіндіруімен сипатталады. Сонымен бірге, шаруа бастықтарының өмірі мен қызметін зерттеуде (ҚРОММ) 25, 64, 369 қорларда сақталған қызметтік тізімдерге \формулярные списки\ үлкен маңыз беріледі. Қызметтік тізімдерде барлық төмендегі мәліметтер толық көрсетіледі:

1\ шені, аты- жөні, атқаратын қызметі, жасы, діни сенімі, ерекше белгісі, жалақысының мөлшері:

2\ сословиесі;

3\ мүліктік жағдайы;

4\ қай жерде тәрбие алған, қандай оқу орнын аяқтағаны, қызметке қашан келді және қандай шенді иеленгені, қызметтегі ерекшелігі қандай болған, қандай марапаттарға ие болған туралы;

5\ қазақ даласына жорыққа қатысты ма? т.б. Бұл мәліметтердің барлығы шаруа бастықтарының әлеуметтік құрамы, мүліктік жағдайы, білім дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қызметтік тізімдер XX ғ.басындағы Қазақ даласында болып жатқан тарихи оқиғаларда жаңа қызметкерлердің қызметін айқын көрсетеді. Шаруа бастықтарының қызметінің бағыттарын анықтауда облыстық басқарманың жалпы қатысымының мәжіліс журналдары даусыз айғақ болып табылады.Мысалы, мұрағат қорындағы Семей, Торғай, Ақмола облыстарының шаруа бастықтарының іс жүргізулерін тексеру туралы шаруа істері бойынша облыстық басқарманың жалпы қатысымының журналдарына талдау жасалынды. Бұл құжаттар шаруа бастықтарының қызметін нақтылауға олардың өкілеттілік шеңберін, аймақтық әкімшіліктің олардың қызметіне қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

1896 жылы қонысаудару қозғалысын реттеумен айналысатын арнайы ведомство қонысаудару басқармасы құрылды. Бұл қызметтің нәтижесі іс жүргізу құжаттарында, есеп берулерде, анықтамаларда, «отырыстардың» журналдарында, тақырыптық жинақтардың материалдарында, мерзімді басылым беттерінде көрініс тапты.Аталмыш деректер XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы мәселелерін зерделеу үшін, әсіресе, патша үкіметінің отарлық саясатын жүзеге асыратын шенеуніктердің қызметіне байланысты мәселелерді зерттеуде маңызды болып табылады.

XIX ғ. аяғында Ресейдің орталық губернияларынан келген шаруаларды қоныстандыру үшін қонысаударушылардың жер қоры құрылды. Қоныстанушылар қорының жер көлемін анықтау үшін орыс шаруаларының ғана емес, қазақ шаруаларының да тұрмысын жан-жақты зерттеу үшін статистикалық-экономикалық экспедициялар жабдықталды. Бұл экспедициялар Ф.А.Щербина, П.П.Румянцев, В.К.Кузнецов және басқа да белгілі орыс экономист- статистиктерінің басшылығымен жұмыс істеді. Аталмыш материалдар Қазақстанның XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық тарихын зерттеуде, олар ұсынған статистикалық мәліметтердің анық, толық еместігіне қарамастан, күні бүгінге дейін маңызын жоймайтын деректер болып табылады, бұл ең алдымен көшпелі халықты есепке алу қиындығына, зерттеу бағдарламасын әзірлеуде техниканың әлсіздігіне байланысты болатын. Біршама уақыт бойы экспедицияның мәліметтері шенеуніктердің көшпелілердің пайдалануындағы жерлерді тартып алу кезінде есепке алынып отырды.



жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау