1909 жылға арналған Қостанай уезінің 4 учаскесі бойынша әкімшілік және сот- полициялық істердің қозғалысы
Істердің атауы
|
Іс қозғалғаны
|
Келіп түскені
|
Сот болғаны
|
Аяқталғаны
|
Қалғаны
|
Әкімшілік істер
|
Шешілмегені
|
33
|
62
|
05
|
57
|
38
|
Шешілгені
|
8
|
57
|
65
|
63
|
2
|
Сот-полициялық істер
|
Шешілмегені
|
19
|
43
|
62
|
26
|
36
|
Шешілгені
|
12
|
26
|
38
|
28
|
10
|
Кесте 3
Әкімшілік және соттық-полициялық істерді мағынасы бойынша бөлу келесі ведомостта көрсетілген:
Істердің атауы
|
Іс қозғалғаны
|
Келіп түскені
|
Сот болғаны
|
Аяқталғаны
|
Қал
ғаны
|
Лауазымды тұлғалардың қылмыстары бойынша әкімшілік істер:
|
Билік шегінен шығу
|
2
|
5
|
7
|
3
|
4
|
Жалған құжат жасау
|
7
|
10
|
17
|
12
|
5
|
Пара беру, қорқытып алу
|
11
|
11
|
22
|
16
|
6
|
Қазыналық ақшаны ысырап қылу
|
6
|
6
|
12
|
10
|
2
|
Азаптау және ұрып соғу
|
2
|
6
|
8
|
3
|
5
|
Биліктің әрекетсіздігі
|
2
|
2
|
4
|
4
|
-
|
Жылқы ұрлағанды жасыру
|
1
|
1
|
2
|
1
|
1
|
Билік шегінен шығу
|
-
|
9
|
9
|
5
|
4
|
Тұтқындардан айырылып қалу
|
-
|
1
|
1
|
-
|
-
|
Барлығы
|
31
|
51
|
82
|
54
|
27
|
Кесте 4
1909 жылға арналған Қостанай уезінің 4 учаскесі бойынша басқа мағынадағы әкімшілік істер:
Істердің атауы
|
Іс қозғал-
ғаны
|
Келіп түскені
|
Сот болғаны
|
Аяқтал-ғаны
|
Қал-ғаны
|
Мектеп салу туралы
|
-
|
2
|
2
|
-
|
2
|
Қазақтарға жер бөлу істері бойынша
|
2
|
2
|
4
|
2
|
2
|
Азық түлік несиесін өндіру туралы
|
-
|
1
|
1
|
-
|
1
|
Бөлінген жерлерді беру туралы
|
-
|
4
|
4
|
-
|
4
|
Азық түлік көмегін беру туралы
|
-
|
1
|
1
|
1
|
-
|
Қырсық адамдарды қуып шығу туралы
|
-
|
1
|
1
|
-
|
-
|
Барлығы
|
33
|
62
|
95
|
57
|
38
|
Істердің атауы
|
Іс қозғал-ғаны
|
Келіп түскені
|
Сот болғаны
|
Аяқтал-ғаны
|
Қал-ғаны
|
Қудалау туралы
|
7
|
10
|
17
|
8
|
8
|
Бақташының малды жоғалтуы
|
4
|
13
|
17
|
8
|
9
|
Өз бетімен кетушілік
|
4
|
5
|
9
|
1
|
8
|
Өсектеу, жала жабу
|
-
|
1
|
1
|
-
|
1
|
Іс қимылмен қорлау
|
-
|
5
|
5
|
1
|
4
|
Тіл тигізу
|
-
|
1
|
1
|
-
|
1
|
Ауыл шаруашылық жұмыстарына жалдау
|
4
|
8
|
12
|
8
|
4
|
Барлығы
|
19
|
43
|
62
|
26
|
36
|
Екі жаққа да айыпталушыларға да куәгерлерге ыңғайлы болу үшін әкімшілік істер шаруа бастықтарының іссапары кезінде жергілікті жерде талқыланады, соңғы сапарда туындаған істер келесі жылға қалдырылады. Қостанай уезінің №4 учаскесі бойынша есеп беру жылы қалдырылған істер төмендегідей;
1/сот-полициялық істер бойынша 20 іс, лауазымды тұлғалардың жасаған қылмыстары бойынша 16 іс қозғалған. Сот- полициялық істердің ішінде 10 іс жауапкерлердің Торғай уезіне көшіп кетуіне байланысты кейінге қалдырылды, 4 іс талқылауды кейінге қалдыру туралы сұраушылардың өтініші бойынша, 2 іс жауапкерлердің Сырдария облысында тұратындығына байланысты кейінге қалдырылды.
2\ әкімшілік істерден 12 іс келесі себептермен қарастырылмады: 4 іс куәгерлерді іздестірмегендіктен, 3 іс қосымша куәгерлерден жауап алу туралы келесі жақтың өтініштері бойынша, ал қалғандары желтоқсанның аяғында болғандығына байланысты кейінге қалдырылды.
3\ жетім қалған балалардың мүлкіне қамқоршылар ұйымдастыруға байланысты ауыл старшындарына, село старосталарына олардың мүлкін қорғауға сол мезеттен бастап шараларды қолдану міндеттері жүктеледі яғни мүліктерінің тізімін жасау, қамқоршылар тағайындау т.б. жұмыстар жатады. Қамқоршылар және мүлік тізімі туралы үкімдердің көшірмелері, жетімдердің мүліктеріндегі өзгерістер қамқорлыққа алу кітабына жазылып, шаруа бастықтарына ұсынылады. Қамқорлыққа алу туралы істер шаруа бастықтарының іссапарлары кезінде қарастырылады. Учаске бойынша қамқорлыққа алу кітабында 29 қамқоршы жазылған, жетімдердің мүлкінің сомасы 13.864 сомға құрады. Қамқорлыққа алу туралы істер болыстар бойынша былайша бөлінген: Құмақ болысы – 6; Сүйіндік болысы -5; Жылқуар болысы- Жетіқара болысы-1; Аққарға болысы-1; Адамовск болысы-3; Коломенск болысы -6; Ольчинск болысы -7 іс. [78,21-23пп]
4\учаскенің орыс халқы мектеппен қамтамасыз етілген, 7 поселкеде мектеп бар, оның 6-уы есеп беру жылы ашылған. Мектеп ғимараттары қонысаудару басқармасынан бөлінген несиеге салынған. Мысалы,1909 жылы Халық ағарту Министрлігімен Максимовск поселкесінде мектепті салып аяқтауға 1000 сом бөлінген. Соңғы жылдары мектеп салуға несиелер бөлінген. Учаскеде мектеп өте аз. Есеп беру жылы төрт ауылдық мектеп ашылды және мектептердің жалпы саны төмендегідей болды. [78,11п]
Кесте 5
Қазақ болыстары бойынша мектеп саны төмендегідей:
Болыстардың
атауы
|
Ауыл мектебінің саны
|
Үй саны
|
|
Құмақ
|
2
|
1523
|
Әр. ауыл мектеб. орт. есепп. 22 ұлдан келеді.
|
Сүйіндік
|
-
|
1061
|
Жылқуар
|
1
|
1555
|
Жетіғара
|
1
|
1659
|
Аққарға
|
1
|
1025
|
Шаруалар бастықтары болыс және ауыл старшындарының, халық соттарының қызметіне шаруа бастықтары баға беріп отырды. Торғай облысы, Қостанай уезі 4 учаскенің шаруа бастығы Богдановка поселкесінің болыстық старшыны Зацаринныйдың қызметте үнемі мас күйінде жүретіндігін, жанжал шығаратынын; хатшысы Тричубов өз міндетін жақсы біледі, іс қағаздарын тәртіппен жүргізеді;Максимовск поселкесінің болыстық старшыны Донец жұмысымен айналыспайды, тексеру кезінде қазына ақшасын ысырап ету фактілері анықталды; болыстық хатшысы Маслей іс қағаздарын жақсы жүргізеді, бірақ үнемі қадағалауды қажет етеді.Шаруа бастығының пікірінше орыс қоғамдық басқарушы лауазымды тұлғалары тыңғылықты қызмет етуіне болады егерде «оларды қатаң қадағалауға алса және тексеруді кемінде айына бір рет жүргізсе оң нәтиже алуға болады» деп есептеді.Осы болыстың екі ауыл старшыны Мырзабеков пен Мамаев өз міндеттеріне саналы түрде қарайды, біріншісі орысша сауатты, барлық іс қағаздарын өзі жүргізеді.
Аққарға болысының болыс басқарушысы Досмұхамед Төлегенов болыстық істермен онша айналыспайды, тек рулық аралық істерге қатысты істермен болмаса, хатшысы Клюнши іс жүргізумен жақсы таныс, істермен ынталы айналысады. Аққарға болысының ауылдық старшындары өз міндеттерін жақсы атқарады, бірақ хатшыларына тәуелді.Адамовск поселкесінің болыстық старшыны Шейко өте іскер адам, бірақ тәжірибесі аз, бірақ тапсырмаларды жылдам және айқын орындайды. Ауылнайлардың ішінде өз міндеттерін жанын сала орындайтын осы болыста үш адам бар Құдайбергенов(2 ауыл старшыны), Адаев (8 ауыл старшыны), Бүркітов (10 ауыл старшыны), №3,5 ауыл старшындары үнемі бақылау қажет етеді, №6,7,4 ауылдың старшындары нашар,өйткені олардың міндетін хатшы атқарады деді. Халық соттарының ішінде №6,10 ауылдың халық соты Шаунов пен Естаев сот қызметінде өздерінің әділ шешімдерімен көзге түсті,№9 ауылдың халық соты Садықбаев әділдікті байлықпен алмастырып алған.
«Сүйіндік болысының болыс басқарушысы М.Ордабаев 1887 жылдан бері қызметте, қызметімен онша айналыспайды өз міндетін кандидатына жиі тапсырады.Іс жүргізумен 25 жыл бойы казак Черницов айналысты. Ол ұмытшақ барлық істерді ыңғайлы уақытқа кейінге қалдырады, қазір қызметінен босатылды, жаңадан болған хатшы қазақ Кенжеғұлов тәжірибесі аздау болса, бірақ ынталы, жігерлі іс қағаздарын ретке келтіріп, өз міндеттерін игеріп алды.Ауыл старшындарынан екеуі №1ауылдан Ерманов пен №2 ауылдан Ақылбаев қанағаттанарлық орындайды. Жылқуар болысы №2 ауылдың қазағы Е. Төрегелдин жігерлі адам, өз міндетін жақсы біледі, старшындардың өз міндетін орындауын қатаң бақылайды, орысша аздап біледі, қызба, табанды адам» деп баға береді.[78,21-23пп]
Торғай облысы бойынша шаруа бастықтарына келіп түскен 1915 жылға арналған әкімшілік және сот- полицейлік істердің саны, шаруа бастықтарымен кіші аудан меңгерушілері тексерген болыстардың саны, олардың жай-күйі, шаруа бастықтарының қызмет барысындағы жол сапарлары саны т.б. кестеден көруге болады.Шаруа басқарушыларына бекітілген учаскілердегі шаруалардың және басқа да жергілікті тұрғындарды шаруашылық жағынан қамтамасыз ету тапсырылды. Мыс. Ырғыз уезінің №1 учаскісінің шаруа басқарушысы 1911 жылға арналған есебінде көрсеткендей, тұрғындарға шөп шабатын машина, темір тырмаларды түрлі жеңілдікпен тұрғындарға беріп отырды және жергілікті жылқыны асылдандыру бағытында асыл тұқымды жылқылар сатып алып отырған. Сондай-ақ шаруашылығын жүргізу үшін тұрғындарға қарыз ақша беріліп отырды. [90, 199,136-142пп]
Шаруа басқарушыларының қызметі лауазымды тұлғаларды болыс басқарушыларын, ауыл старшындарын сайлау кезінде қиындай түседі.
Қонысаудару басқармасының шенеуніктерінің міндетіне «жаңа» жерлерді табу және алдын ала тексеру жұмыстары кірді. Мұхамеджан Тынышпаевтың көрсеткеніндей 1905 жылы Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының меңгерушісі Шванебахқа Жетісу облысында қазақтардың артық жерлері жоқ екендігін айтқаны үшін О.А.Шкапский орнынан босатылды, оның орнына шенеунік С.Велецкий тағайындалды, ол қызмет еткен жылдары қазақтар ұлан-ғайыр жерлерінен айырылды.
О.А. Вагановтың пікірінше Қазақстанда отарлау қорын құруда үкімет бағдарламасының басты принциптері 1907 жылы жерді алу жөніндегі Департамент директоры Крюковтың сөзінде беріледі. Қазақтарды жерге орналастыруға арналған Петербургте өткен кеңесте қазақтарға қатысты саясат америкалықтардың үндістерге қандай саясат жүргізді яғни соңғыларын өз жерлерінен қалай қуғаны секілді саясат жүргізуіміз керек деп мәлімдеді. Қой өсірушілер съезінің және мақта комитетінің ұсыныс мәліметтерін келтіре, өнеркәсіптегі және мақта өсірушілерге жер қажет.Крюков қазақ халқының жерін қой өсірушілер мақта өсірушілер, өнеркәсіпшілер үшін және «сенімді орыс адамдары» экспроприациялау үшін қажет, ал сол жерде тұрып жатқан тұрғындарды ең нашар және құнарсыз жерлерге қуылып немесе ығыстырылуы қажет» деді. [91,с.66] Соныменен, шаруа бастықтарының әкімшілік қызметі мына мәселелер төңірегінде жүзеге асырылды: олар кез келген селолық және болыстық жиынның, болыстық соттың қаулысын өзгерте алды, қатардағы шаруаны және лауазымды тұлғаларды жазаға тарта алды. Нәтижесінде осының салдарынан болыстық соттар өзінің дербестігін жойды, шаруа басқарушыларының еркіне көнген, тіл алғыш, елгезек орындаушыларына айналды. Шаруа басқарушылары өз кезегінде түрлі комитеттермен қайырымдылық кеңес жұмыстарына тартылды. Ресейдің отарлау саясатында маңызды кезең болған бұл шара билікті отарлық әкімшіліктің қолына жинап берді яғни болыс басқарушылары, халық соттары, ауыл старшындары шаруа басқарушыларына тәуелді болды. Шаруа басқарушысының өкілеттілігі аз болған жоқ, шаруаларды басқаруда жаңа орган ретінде кең құққа ие болды.
Шаруа бастықтары: білімі мен әлеуметтік тегі.
Шаруа бастықтары туралы Ережеде осы қызметке тағайындау тәртібіне үлкен мән берілді. Маңыздысы сол, осы қызметке үміткерлердің білімі, мүліктік және сословиялық ценздісі көрсетілген жоқ. Бәлкім, ең бастысы ұқыпты және шын беріліп жұмыс істесе болғаны болар. 1902 жылы 16 қыркүйекте Дала генерал - губернаторлығының генерал - губернаторы шаруа бастығы қызметіне кандидаттардың тізімін ұсынды. Жаңа қызметке тағайындалған сәттен бастап оларға формулярлық тізім жасалды. Сонымен бірге мынаны айта кету керек, формулярлық тізімді пайдалану тәжірбиесі онымен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктерін және мынаны айқындап берді.Деректердің осындай түрлерін өңдеудің дәстүрлі әдістері одан ақпарат шығару мүмкіндіктерін шектемейді.
Сонымен бірге шаруа бастықтарының портретін жасау үшін формулярлы тізімдегі мәліметтерді пайдалану ғана емес сонымен бірге қосымша мәліметтерді соның ішінде лауазымды тұлғалардың автобиографиялық мәліметтерін пайдалану маңызды. Сондықтанда құрастыру тәсілі қолданылды: яғни,атқарған қызметі және әскери дәрежесі, табель бойынша шені, аймақ әкімшілігі үшін дайындалған шенеуніктердің мәлімдемелері мен баяндамалары олар орындаған міндеттердің аясы назарға алынды. Барлық осы деректер олардың әлеуметтік құрамын және шаруа бастықтарының білім деңгейі, олардың мүліктік қамтамасыз етілуі және олардың қазақ халқымен, орталық және жергілікті үкіметпен қарым - қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтік тізімдерге талдау жасау мынаны көрсетті көптеген шаруа бастықтарының уезд бастығы ретінде қызмет тәжірибесі болды. Мысалы Н.М. Сухин Ақтөбе уезінің уезд бастығы болып 6 жыл қызмет атқарған.(09.1896-11.1902жж) Петропавл уезінде капитан Фон-Штейн, Көкшетау уезінде полковник- Тройцкий, Ақмола уезінде -Михайлов, Қостанай уезінде -А.П.Лихачев және Альфред Киниц Қарқаралы уезінде 10 жылдан астам қызмет етті т.б.
Шаруа бастықтарының қатарында облыстың ветеринар қызметін атқарғандар болды. Добросмыслов Торғай облысының ветеринары болып 10 жыл қызмет етті, елді мекеннің ветеринары болып коллеждік ассесор Казьмин қызмет атқарды.
В.Гарф Ырғыз уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін, Торғай облысының әскери губернаторының ерекше тапсырмаларды орындайтын аға шенеунік қызметінде, кейіннен Торғай облыстық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарды. Мұнан да басқа оның қонысаударушылармен жұмыс тәжірибесі болды, яғни 1897 жылы 10 сәуірінен Том губерниясының Каин округінің 3 учаскесінің шаруа істері жөніндегі чиновник қызметін атқарды, ал бір жылдан кейін 1898 жылдың 22 қарашасынан Каин уезінің 3 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне ауысады.[92,31;99пп]
Андрей Петрович Лихачев шаруа бастығы қызметіне тағайындалғанға дейін Торғай облыстық басқармасының мүшесі болды.
Шаруа бастықтарының ішінде земстволық басқарушы қызметін атқарған тәжірибелері барлары да болды. Мысалы, Павлодар уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығы Александр Серебрянский 18 жыл Ресейдің европалық бөлігінде дәлірек айтқанда Воронеж губерниясының 1 учаскесінің шаруа бастығы қызметін атқарды. Воронеждік губернатор оның өте жақсы қасиеттерін, яғни іске тиянақтылығы мен өзінің қызметтік міндетін жақсы білетінін атап өтті. Оның Воронеж губерниясынан Семей облысына қызметін ауыстыруын Ішкі Істер министрі статтың толық кеңесшісі Плеве өтініш жасаған. [93,1п]
Перм губерниясының Соликамскі уезінде земстволық басқарушы қызметін атқарған коллеждік ассесор Антонин Прозоровты 1914 жылы Семей облысының Павлодар уезіне шаруа бастығы қызметіне ауыстырады. Оның А.Серебрянскийге қарағанда Далалық өлкеде атқарған қызмет тәжірибесі болды, 1910 жылдан бастап ол өзінің қызметін Торғай облыстық басқармасының жанында шаруа бастығына кандидат қызметін атқарудан бастады және үш айдан соң Қостанай уезінің 3 учаскесінің шаруа бастығы қызметін атқарды. Перм губерниясының губернаторының мінездемесінде Прозоров «жігерлі және қабілетті, мінсіз өнегелі адам» деп сипаттама береді. [94,1-4пп]
Біз көріп отырғандай Ішкі істер министрлігі Ресейдің орталық бөлігіндегі земстволық басқарушылардың тәжірибесін Қазақ даласында пайдаланған. Сонымен бірге кері көрініс те байқалады. Григорий Нецветаев Атбасар және Ақмола уездерінің шаруа бастығы ретінде 6 жылдан аса қызмет атқарып,одан соң Орлов губерниясының Малоархангельск уезінің земстволық басқарушы қызметіне ауыстырылады. [95,1-69пп]
Шаруа бастықтарының басқару тәжірибесіндегі екінші маңызды аспект- олардың көпшілігі өздерінің жаңа тағайындауларына дейін Дала генерал - губернаторының шаруа істері жөніндегі шенеунік қызметін атқарған. Мысалы, 1902 жылы 3 қазанда Петропавловск уезінің шаруа істері жөніндегі шенеунік қызметін атқарған титулярлық кеңесші Сергей Жданов осы уездің 3 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне тағайындалады. [96, 2п] Осындай қызмет ирегі \карьерный зигзаг\ шаруа істері жөнінде шенеунік Александр Эртов 1902 жылы 1 қарашада Омбы уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне тағайындалуынан көрінді. [97,1-7пп]
Біз қараған қызметтік тізімдердің ішінде Ақмола облысында 1902 жылы 12 қыркүйекте 13 басқарушы осы қызметке кіріскен, соның ішінде 8 - шаруа істері жөнінде шенеунік қызметтік тәжірибесі, оның 3-інің уезд бастығы қызметінде тәжірибесі бар, біреуі қонысаудару басқармасында ерекше тапсырмаларды орындайтын шенеунік және бір ғана адам Сібір казак әскерінде тіркелген (полковник Вологодский) болды. [98,12п]
Көкшетау уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы қызметін атқарушы Владими Бостремнің қонысаудару басқармасының ерекше тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметінде үш жыл тәжірибесі болды. [99,17п]
Н. фон –Штейннің Петропавловск уезінің уезд бастығы қызметінен шаруа бастығы қызметіне ауыстыру себебі оның арызы болды, яғни ол Петропавловск қаласындағы қымбатшылық және ұлының Омбы кадет корпусында оқуына байланысты бару қайту қиындығына байланысты қызметін ауыстыруды сұрады. [100,74п]
Шаруа бастықтарының басым көпшілігі жоғары оқу орындарының түлектері болды. Мысалы, Семей уезінің 1 шаруа учаскесінің бастығы Николай Пасевьев Лазерев атындағы шығыс тілдері институтының түлегі, Қарқаралы уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы Дмитрий Мурзаев, Торғай уезі 2 учаскесінің шаруа бастығы Александр Добросмыслов ветеринарлық институтының түлектері еді. [101,168п]
Вильгельм Гарф Санк Петербург университетінің заң факультетінің IIші-дәрежелі дипломның иегері болды. [102,39п] Варшава императорлық университетінің заң факультетінің түлегі Гаврил Смирнов Семей облыстық басқармасының жалпы отырысының мәжілісіне шаруа бастығының құқығы мен қызметі білуі туралы 1913 жылы 23 желтоқсанда емтихан тапсырды. [103,3п] Варшава императорлық университетінің түлегі Қостанай уезінің 3 учаскесінің шаруа бастығы Кропотов болды. [104,66п]
Шаруа бастықтарының ішінде әскери білім алғандар болды, соның ішінде Андрей Лихачев I- әскери Павлов училищесінің түлегі. [105,8п] Сонымен бірге әрине көпшілігі кадет корпусының түлектері еді, солардың қатарында Александр Даниловта (Сібір кадет корпусы, Александров әскери училищесі) болды, шаруа бастығы қызметіне 1903 жылдан бастап кіріскен. [106,1-2пп] Қостанай уезінің 1 шаруа учаскесінің шаруа бастығы Андреевтің 1905 жылы Торғай әскери губернаторына жазған хатында берген антымен әскери борышын өтеуге байланысты 18 жыл бойы Торғай облысында адал қызмет атқарғаны және корпустың берген тәрбиесі арқасында басшылықтың барлық заңды жарлықтарын орындауға дағдыланғандығы туралы жазуы кездейсоқтық болмаса керек. [107,168п]
Реальдық училищенің түлектері де шаруа бастығы қызметін атқарды. Мысалы, Александр Серебрянский Москва реальдық училищесін бітіргеннен кейін, Москвадағы Мемлекеттік банктің Москва конторасында\кеңсесінде\ хатшының көмекшісі қызметін атқарады, ал 5 жылдан кейін, земстволық басқарушы қызметіне ауыстырылады. [108,23п]
Тағы бір қызықты жәйт 1914 жылы 16 мамырда Зайсан уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне Петроград дін академиясының түлегі Селезнев тағайындалады, ол дін ілімі бойынша кандидаттық академиялық дәрежесін алған. [109,118п] Біз көріп отырғандай шаруа бастықтарының білім дәрежесі әртүрлі әскери адамдардан бастап діни білім алғандарға дейін болды.
Қонысаудару басқармасының шенеунігі фон Штейн шаруа бастықтарының қызметінде көшпелі өмір салтын білу маңызды деп есептеді. Олай болмаған жағдайда еш тәжірибесіз шаруа бастығы оның қазақтармен қарым - қатынасында әсер ететін адасушылыққа ұшыруы мүмкін.
Коллеждік ассесор Кузмин Ырғыз уезінің 2 учаскесінің бастығы Ырғыз уезінің 3 учаскесінің бастығы ротмистр Шубин болды. Шаруа бастықтарының көпшілігі қызметте 10 жылдан аса қызмет атқарды.Әрине, олар жаңа учаскелерге қайта сайланып отырды.Мыс, Қостанай уезінің 1 учаскесінің бастығы 1902 жылы Торғай облысының әскери губернаторы бұйрығымен осы уездің 2 учаскесін басқарумен алмастырылды. [110,127п]
Олардың ішінде ата бабасынан бері келе жатқан дворяндар, яғни, дворяндық әулеттен шыққан Николай Пасевьев, Андрей Лихачев, Александр Серебрянский, Альфред Киниц, Григорий Нецветаев, Александр Эртов және басқалары, әулеттің құрметті азаматтарынан (Антонин Прозоров) бастап священникке дейін болды.(Г.Смирнов)
Шаруа бастықтарының шендері әр түрлі болды: сарай кеңесшісінен бастап (18 класс, Өскемен уезі 2 учаскесінің шаруа бастығы коллеждік секретарь Кожевников сарай маңы кеңесшісі (18 класс Өскемен уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы), коллеждік секретарь Қарқаралы уезі Д. Мурзаевтан бастап ешқандай шені жоқ Павлодар уезі 2 учаскесінің шаруа бастығы Васильевке дейін болды. [111,168п]
Олар қызмет еткен жылдары шаруа бастықтары шен алып және қажетті жеңілдіктерге де ие болды. Мыс, В. Гарф 1902 жылы 30 қыркүйекте титулярлық қызмет шенін алды, ал 1910 жылы сараймаңы кеңесшісі шенін алып, оның жалақысына жылына 400 рубль көлемінде үстеме ақша қосылды. [112,179п]Қостанай уезінің 1 учаскесінің бастығы сараймаңы кеңесшісі Андрей Лихачев 1904 жылы келесі шен саналатын коллеждік кеңесші шенін алды, ал 2 учаскенің бастығы коллеждік секретарь Островский титулярлық кеңесші шеніне ие болды. [113,120-122пп]
Сараймаңы кеңесшісі Андрей Лихачев дворяндық әулеттен, Томск губерниясының губернаторының жанындағы ерекше тапсырмаларды орындайтын аға шенеунік болды.Шаруа бастығы қызметіне тағайындалу алдында қасиетті 3 дәрежелі Станислав орденінің, император II Николайдың таққа отыруына байланысты ескерткіш күміс медальдің иегері болды. [114,8п] Өскемен уезі 4 учаскенің шаруа бастығы Гавриил Смирнов шаруа бастығы қызметіне шенсіз кіріскенмен, бір жылдың ішінде губерниялық секретарь шенін алады. [115,13п]
Қазақстан республикасының мемлекеттік мұрағатында шаруа бастықтарының қызметтік тізімдерін басқаша бейнесін көрсететін құжаттар сақталған. Мысалы, шаруа бастығы қызметіне үміткерлердің бірі титулярлық кеңесші, Витебск діни семинарияның түлегі Иосиф Григорьевич Автухов болды.1905 жылға дейін діни қызметтерді атқарды: діни семинарияның тәрбиешісі, церковно- приходской школаның мұғалімі, Полоцк епархиялық епископтың хатшысы, Маньчжурия армиясының далалық басқармасы жанындағы бас священниктің хатшысы; Қиыр Шығыстағы Бас қолбасшы жанындағы бас священниктің басқарма хатшысы, ал 1905 жылы 15 қыркүйекте бас қолбасшы жанындағы священник басқармасы таратылып Автухов штаттан тыс қалады.Осыған байланысты қасиетті синодтың құпия кеңесшісі обер прокурор Соблердің Дала генерал губернаторы И.Н.Сухотинге Далалық өлкенің облыстарының біріне бұрынғы іс жүргізушісі Евтуховты шаруа басқарушысы қызметін ұсыну туралы өтініші қызығушылық туғызады. Евтуховтың Далалық өлкеде жұмыс тәжірибесінің жоқтығына қарамастан, құпия кеңесші Соблер ол шаруа бастығының міндетін атқара алар еді немесе «жақсы шенеунік» болады деп есептеді. [116,1п] Бәлкім, бұл жерде діни қызметтің өкілі Далалық өлкеде яғни соның ішінде Евтухов священник ретінде көп пайда әкелген болар еді, көшпелі қазақ халқын шоқындыруда белгілі бір жұмыстарды жүргізеді деп есептесе керек.
Бірақ, сонымен бірге генерал - губернатор Н.Сухотин шаруа басқарушыларының қызметі іске шын берілгендіктен басқа көп ұлтты өлкенің тұрмысы мен әдет - ғұрыптарын білуі талап етіледі деп есептеді. Ол Синодқа Евтуховқа жергілікті жағдаймен танысуға мүмкіндік алатын тек шаруа бастығына кандидат қызметін ұсына алатынын жазады. [117,2п]
Шаруа бастығы қызметіне өтініш білдірген хаттар қызығушылық туғызады. Мысалы, Гавриил Смирнов осы қызметке тағайындалуы үшін жазған өтінішінде ол «Отанның игілігі үшін қызмет істеуді қалайтынын және мәдениет ісінде, шаруалардың тұрмысын ұйымдастыруда өзінің күш жігерін жұмсайтынын ол үшін теориялық және практикалық жолмен (деревнядағы өмір, айналасына қызығушылық таныту т.б.) жеткен білімін жұмсайтынын» жазды. [118,13п]
Облыстық басқарма шаруа бастықтарының аттестациясын өткізіп отырды. Осыған байланысты аймақ әкімшілігі қызықты мінездемелер жіберіп отырды. Мысалы, Семей облыстық басқармасы Семей уезінің шаруа бастықтары Третьяков К.Я.(1 учаске), Киниц А.Г.(2 учаске), Симонов Н.С. (3 учаске) қызметіне сараптама жасай отырып, олардың үшеуі де шаруалармен бұратаналардың\қазақтардың\ ісін жақсы біледі деп атап өтті.Учаске бойынша да, кеңсе қызметі де қанағаттанарлық деп есептеді. Әсіресе полковник Киниц олардың пікірінше ерекше көтермелеуді қажет етеді, оның I-ші дүние жүзілік соғыс кезінде солдат семьяларына көмек көрсетуі және оны ұйымдастырудағы қызметі мадақтауға тұрарлық деді. Оған көрнекті қайраткер деген мінездеме беріледі. [119,129п]
Павлодар уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығы коллеждік кеңесші А.Г.Серебрянский жақында тағайындалуына байланысты бұратаналар ісін аяғына дейін игеріп, меңгеріп кете алмады, бірақ сонымен бірге Семей облыстық басқармасы оның өлке әкімшілігінің үкімдері мен шешімдерін орындауда ынталылығын, тырысушылығын және оның өз ортасында пайдалы болу тілегін ескерді. [120,130п]
Сонымен бірге Семей облыстық басқармасы Өскемен уезі 1 шаруа учаскесінің бастығы А.А. Даниловты аттестациялауда Семей облыстық басқармасының жалпы отырысының «нұсқаулары мен талаптарын орындамауға, оны мойынсынбауға бейімділік танытты. [121,131п] Негізінде облыстық басқарма көптеген шаруа бастықтарының қызмет бабындағы міндеттерін қалай орындап жүргендері туралы көрсетті, соның ішінде П.М. Фиалковский (Павлодар уезі 1 учаске) «өз ісінің өте жақсы білгірі», А.Г.Серебрянский (4 учаске, Павлодар уезі), В.П.Селезнев (Зайсан уезі 1 учаске) және басқа да көптеген шаруа бастықтарын «өз ісін жақсы біледі» деп көрсетті. Ал Данилов А.А.(Өскемен уезі 1 учаске), М.С.Троянов (2 учаске,Өскемен уезі) секілділер «өз ісін айтарлықтай, әжептәуір біледі» деп есептелді. Бірақ құжаттарда осы мінездемелердің ішінде қандай сатылық айырмашылықтары бар екендіктері айтылмады\өте жақсы, жақсы, жеткілікті\қанағаттанарлық\. Сонымен бірге ешқандай шаруа бастығының қызметін аймақ әкімшілігі «қанағаттанарлықсыз» немесе «нашар» деп көрсетпеді. Әрине, олардың барлығы орыс әкімшілігінің ықпалы болғандықтан олардың кәсіби біліктіліктерінің жоқ екендігін көрсету мүмкін болған жоқ.
Семей облысының әскери губернаторы шаруа бастығы Александр Серебрянскийдің қызметін жоғары бағалады, өйткені ол 1914 жылы қызметке кірісе отырып, берекесі кеткен, іс қағаздары салақ жүргізілген аса көп тұрғындары, жаңадан ұйымдасқан қонысаудару поселкелері бар учаскені тәртіпке келтіргені үшін жігерімен денсаулығын жұмсады деп есептеді. [122,35-36пп]
Шаруа бастықтарының қызмет барысында басқа шенеуніктерімен қақтығысу және дауласу жағдайлары болып отырды.Мысалы, шаруа бастықтарының бітістіруші судьялармен қарым- қатынасын ашып көрсететін құжаттар жинақталған. Бітістіруші судья Қостанай уезі 1 учаскесінің шаруа бастығы Андреевті және Торғай уезі 2 учаскенің шаруа бастығы Добросмысловты оларға орындауға тиісті емес міндеттері туралы және онан да басқа олардың қарамағындағы қазақтардың сотқа келуіне қарсылық көрсеткендері үшін айыптады. [123,15п]
Шаруа бастықтарының қызметінде қызмет барысында басқа да шенеуніктермен шиеленіскен жағдайлар болып отырды. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында шаруа бастықтарымен бітістіруші судьялар арасындағы қарым қатынасты айғақтайтын құжаттар жинақталған. . Бітістіруші судья Қостанай уезі 1 учаскесінің шаруа бастығы Андреевті және Торғай уезі 2 учаскенің шаруа бастығы Добросмысловты оларға орындауға тиісті емес міндеттері туралы және онан да басқа олардың қарамағындағы қазақтардың сотқа келуіне қарсылық көрсеткендері үшін айыптады. [124,16п]
Ақтөбе уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы Николай Михайлович Сухин осы қызметте 8 жыл бойы жұмыс істеді. [125,451-465пп] Ол бір мезгілде шаруа басқарушыларының уездік сьезінің төрағасы болды. Н.М.Сухин 1910 жылы 8 наурызда қайтыс болғаннан кейін 1 шаруа учаскесін ерекше тапсырмаларды орындайтын, коллеждік ассесор М.Безобразов басқарады. [126,№12,1б]
Ақтөбе уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне Попов тағайындалады, ал 1908 жылдың 15 қазанынан Алексей Алексеевич Андреев (1868-1912жж) болды, бұған дейін Торғай уезі (1902-1906жж) және Қостанай уезі (1906-1908 жж)1 учаскесінің шаруа басқарушысы болып қызмет атқарған. Ақтөбе уезінде 4 жылдан аса қызмет атқарған А.А. Андреев қазақ халқының есінде «ешқашанда ақыл кеңесін аямайтын, қажетті жерде қолдау көрсететін мейірімді,ізгі адам еді» ретінде қалды. [127,№2,1б]
Ақтөбе уезінің 3-учаскесінің шаруа басқарушысы Витман, шаруа басқарушысы қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін төмендегідей шараларды жасау қажет деп есептейді:
1.Болыс басқарушысы қызметін тек қана орысша сауаты бар қазақ иелену қажет.Осы жағдайда ғана осы лауазым иелерінің іс жүргізуі жақсара түспек, олар істерді өздері қарап, Ресей заңдарын өздері оқып, шаруа басқарушыларына түсініктемені аудармашы арқылы емес, өздері жеке берген болар еді. Олай болмаған жағдайда болыс басқарушысы істің байыбына бармай, өзінің жеке мүддесімен және қағаздарды жіберумен ғана айналысатын хатшымен аудармашының ықпалында болады.
2.Болыстық хатшыны және хабарларды жеткізушіге жылына 400 рубль ақша төленеді,оның ішінде 300 рубль кеңсе хатшысының жалақысы. Бұл ақша болыс басқарушысына сауатты хатшы жалдауға мүмкіндік бермеді, оның үстіне жылдан жылға номенклатуралық істердің саны ұлғая түседі.Сонымен болыс басқарушының кеңсесінде кіріс және шығыс қағаздарының бір мыңнан екі мыңға дейін жетуі, бұл екінші хатшының қажеттігін көрсетсе керек.Жалақының қалған 100 рублі қағаз таратушыға кетеді, бір ауылмен екінші ауылдың арақашықтығының ұзақтығы, болыс басқарушы кеңсесінен шаруа басқарушыларының орналасқан жеріне дейінгі аралық 150 шақырым кей жағдайда онан да ұзақтығын ескере отырып, сондай-ақ ақпаратты екеуден де артық жіберудің қажеттілігі жаңа екінші хат- хабарды таратушыны қажет ететіндігі туралы мәселе қойды.
3.Шаруа басқарушылары халық соттарының қызметін бақылай келе мынадай қорытынды жасайды, яғни істерді жүргізу көп жағдайда қанағаттанарлықсыз және түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Шаруа басқарушыларының пікірінше халық соттары істі жүргізу барысында халық дәстүріне сүйенеді, ал көптеген дәстүрлер ішкі және сыртқы жағдайға байланысты өз маңызын жоғалтқан, сондықтан да түсініспеушіліктер және судьялар тарапынан қиянат жасау, қызмет бабын теріс пайдалану орын алды. Халық судьялары халық дәстүрінің негізінде,ескілікке құрмет көрсету деген сылтауменен істі белгілі бір қаражат берген жақтың пайдасына шешеді. Дәстүр бойынша қабылдаған анттары жалған болып шығады.Мысалы кінәсіз адамға жылқы ұрлағаны жөнінде шағым танылады. Үкім шығару үшін талапкерге өз шағымын жеке ант беру арқылы дәлелдеу керек және осының негізінде судья адамға түрмеге қамау туралы шешім шығара алды. Негізінде алдын - ала тергеу жұмыстары жүргізілмейді және куәгерлер сот отырысына шақырылмайды т.б. Осы жағдайларға байланысты шаруа басқарушылары халық соттарының қызмеін реформалау қажет дейді. [128,68-69пп]
Мынаны айтпай кетуге болмайды Александр Иванович Добросмыслов Қазан ветеринарлық институтының түлегі болды(1875-1879жж), 25 жыл ветеринарлық қызметте жұмыс атқарғаннан кейін Торғай уезі 2 учаскенің шаруа бастығы болып тағайындалады. Еңбек жолын Перм губерниясы земствосының жанындағы ветеринар фельдшер дайындайтын мектепте оқытушылық қызметінен бастады. 1880 жылы 25 мамырда 7 ай өткен кейін Ішкі Істер Министрлігінің жарлығымен Медициналық департаментте коллеждік секретарь шенімен штаттан тыс ветеринар қызметіне тағайындалады. Бір жылдан кейін Минск губерниясында штаттан тыс ветеринар лауазымын атқарады. Осы губернияда Александр Иванович 8 жылдан аса қызмет атқарады. Табысты қызметі үшін тиулярлық кеңесші шенін алды(14 мамыр 1883 ж). Ішкі Істер министрлігінің жарлығымен 1888 жылы 25 тамызда Подольск губерниясына ветеринар қызметіне тағайындалады.
Осыдан соң Ішкі Істер Министрі княз Гагариннің тапсырмасымен безгекке қарсы шараларды жүргізу үшін 1891 жылдың 15 қазанынан 1892 жылдың 24 маусымына дейін Торғай облысына іс сапарға жіберіледі. Добросмысловтың еңбек және ғылыми зерттеу жұмысы осы кезеңнен бастап қазақ даласымен байланысты болды. Ішкі Істер министрлігінің жарлығымен 1891 жылдың 29 қарашасынан Торғай облысының ветеринар бөлімінің меңгерушісі болды. Нақ осы уақыттан бастап А.И.Добросмысловтың ғылыми зерттеу қызметіндегі нәтижелі де табысты жылдары болды. Ол «Скотоводство в Тургайской области», «Ветеринарный надзор в Тургайской области» яғни ол ветеринарлардың күнделікті өмірінде және қазақтардың мал шаруашылығын дамыту перспективаларын белгілеуде қажет болатын еңбектер жазды. Торғай облысындағы 10 жыл қызмет барысында (1891-1901 жж) Александр Петрович сарай маңы кеңесшісінен стат кеңесшісі қызметіне дейінгі жолды жүріп өтті және II және III дәрежелі Станислав орденімен, II және III дәрежелі Қасиетті Анна ордендерімен марапатталды.
Сонымен, шаруа бастықтарының әлеуметтік бейнесі белгілі бір мінездемесі бар нақты адамды көруге мүмкіндік береді. Олардың көпшілігінің заңды білім дәрежесі болған жоқ, бірақ үлкен өкілеттілікке ие болды. Азаматтық немесе әкімшілік істерді шешуде қарапайым заң білімінің жоқтығы олардың қызметтерін қиындата түсті және олардың міндеттерін үкіметтің қайта қарауына мәжбүр етті.
Дала генерал-губернаторлығы 1902 жылы 16 қыркүйекте шаруа басқарушылары қызметіне үміткерлердің тізімін ұсынды. Омбы уезінде коллеждік ассесор Зеленецкий, шаруа істері жөніндегі шенеунік \поручик\Эртов, Петропавл уезінде капитан фон-Штейн, шаруа істері жөніндегі шенеунік – коллеждік кеңесші Бабичев, Көкшетау уезінде- уезд басқарушы қызметін атқарушы полковник Тройцкий, шаруа істері жөнінде- сарай кеңесшісі Корсаков, Атбасар уезінде шаруа басқарушысы –Хвостов, шаруа істері жөніндегі шенеунік –Адаменко, Ақмола уезінде-уезд бастығы Михайлов, шаруа істері жөніндегі шенеунік- запастағы пропорщик Нецветаев болды. [129,32-33п]
Шаруа бастықтарының көпшілігі үшінші дәрежелі Қасиетті Анна орденінің иегерлері болды. (Мыс. Александр Данилов) Омбы уезінің шаруа бастығы Александр Эртов 1907 жылы оның қызметіне сәйкес келмейтін теріс әрекеттеріне байланысты қызметінен шеттетілді. Ол 1906 жылы шаруаларға азық- түлік үшін берілетін 2000 рубльді өз бетімен 1500 рубльін май шығаратын серіктестікке береді. Соның нәтижесінде қазынаға үлкен шығын келді. [130,19п] Осының салдарынан А.Эртовқа шығынды орнына келтіру туралы азаматтық айып тағылды. [131,36п]
Соныменен, біз көріп отырғандай шаруа бастықтарының түрлі әлеуметтік статусы және білімі денгейлері болды. [132,приложение] Олардың қызметтерінде көп нәрсе қазақ даласында жұмыс тәжірбиелерінің болуына байланысты болды. Ең маңыздысы, олардың қарамағындағы қазақтардың санының артып отырғанына қарамастан, олардың қазақ тілін білгендігі туралы құжаттар мардымсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |