педагогикалық-психологиялық негізі не?» деген сұраққа тоқталайық. Бұл ӛте кең
ұғым,
біз тек жаңа сабақты меңгеру үдерісіне тән психологиялық-педагогикалық
сипаттаманы талдайық.
«
Меңгеру» дегеніміз білімді, саналы түсініп, оның принциптерімен,
заңдарымен, теориялық формаларын қаруландыруға бағытталған оқу- танымдылық
қызмет. Жаңа сабақты меңгерудің белгісі - оқушының материалды ӛз сӛзімен айтып,
анықтаманы, заңды ӛз мысалдарын келтіре дәлелдеп беруі. Бұл - меңгерудің
қарапайым деңгейі. Ал ең бастысы, оқушыларды алған білімін тәжірибеде қолдана
білуге дайындау болып табылады. Ол үшін оқушы белгілі бір дағдылармен қарулану
керек. Сондықтан да мұғалім сабаққа дайындалу үстінде балалардың кӛңілін неге
аудару керектігін ойлау қажет. Бағдарламада бұл туралы жалпы айтылады, жеке
тақырыптарды ӛткен кезде нақты бағыт кӛрсетілмейді. Оны анықтау мұғалім
үлесіне тиеді.
Психолог Д.Н. Богоявленский мен Н.А. Менчинскаяның анықтамасы бойынша
кең мағынада қолданылатын «меңгеру» деген термин психикалық үдерістерді, яғни
қабылдау , есте сақтау, ойлауды қамтиды. Ол сонымен қатар жеке оқушының
сезімімен, еркімен, қызығушылығымен, интеллектуалдық сапаларымен де
байланысты. Білімді меңгеру- күрделі психологиялық-педагогикалық үдеріс. Білімді
меңгерудің педагогикалық - психологиялық табиғатын талдай келе, психологтар
оның дидактикалық құрауыштарын белгілеген:
1. Оқу материалын қабылдау, саналы түсіну, оның басқа
сабақтармен,
пәндермен обьективті байланысын және ара қатынасын сезіну, білім
қалыптастыру.
2. Есте сақтау.
3. Қорыту және жүйелеу.
Білімді меңгеру - біртұтас, бүтін үдеріс. Оның құрауыштары бір-бірімен тығыз
байланысты. Бастапқы қабылдаудың ӛзінде-ақ алғашқы түсінік-фактілер мен
оқиғаларды саналы түсіну, оны есте сақтау, қорыту үдерістері қатар жүріп жатады.
Сондықтан да меңгерудің әр бӛлшегін бӛлек-бӛлек қарауға болмайды, олар бір-
бірімен қиюласып байланысып жатады. Егер Н.К. Крупскаяның «Оқудағы бірінші
міндет - оқыған материалды
өзі түсініп,
меңгеру. Екінші міндет -
оқығанға ой
жүгірту. Үшінші - оқығанынан
жадына сақтауға қажетті жерлерін жазып алып
отыру. Ақыр аяғында, тӛртінші міндет -
оқығанының неге үйреткені: қандай да бір
жаңа білімдерден хабардар еткен –етпегені бақылаудың, жұмыс істеудің,
шұғылданудың қандай да бір жаңа тәсілдеріне үйреткен-үйретпегені, қандай да бір
жаңа ойларға түрткі болған-болмағаны, қандай да бір ерекше кӛңіл күйлері мен
тілектерге қозғау салған-салмағаны жӛнінде ӛзіне есеп беріп отыру» деген
педагогикалық қағидатына ой жіберсек, білімді меңгеру үдерісін ұғына түсінуімізге
жәрдемін тигізеді.
Енді осы жаңа білімді меңгеруде педагогикалық-психологиялық талаптардың
тәжірибеде қалай жүзеге асатынын 4- сыныптың «Әдебиеттік оқу» сабағында
Шәкәрімнің «Мен кетемін, келеді .....» ӛлеңін оқытудың жоспары бойынша
түсіндіріп кӛрейік.
Ескерту: Бұл түсінік тәжірибесі аз, мұғалімдік қызметін жаңадан бастап жатқан
маманға арналған.
Сабақ жоспары
Жаңа білімді меңгеру
ҥдерісіне тән
психологиялық
сипаттама
Типі - жаңа материалдарды түсіндіру ( білімділік
мақсаттарға сәйкес негізделген тип)
Тақырыбы: «Мен кетемін, келеді». Шәкәрім.
Мақсаттары:
Білімдік: ӛлеңді саналы түсініп оқуға
мәнерлеп оқуға жаттықтыру, логикалық
екпін түсіру арқылы ӛлеңнің мазмұнын аша білуге
үйрету.
Тәрбиелік: Шәкәрім туралы түсінік
беру арқылы
ақтаңдақ замандағы бұрынғы аты жойылып кеткен
зиялыларымызбен таныстыру; жақсы, жаман
қасиеттерді айыра білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін
дамытып, ойын жазбаша бере білуге үйрету.
Қҧралдар: оқулық, плакат(мәтіні)
Әдістер: Мұғалім сӛзі,
сұрақ-жауап, кӛрнекілік.
Сабақтың барысы
І.Кіріспе: І. Шәкәрім Құдайбердиев туралы.
2. Адам болу дегенді қалай түсінеміз?
Мұғалім: -Балалар, егеменді ел болып, кӛшіп отырмыз.
Шәкәрім Құдайбердиевтің мұрасы қайтадан халқына
оралды. Міне, сендердің оқулықтарыңа да
Шәкәрім
шығармасы енген. Шәкәрім кім?
Ол Абайдың тәрбиесінде болған. Шәкәрімнің әкесі
Құдайберді-Құнанбайдың үлкен ұлы. Абайдың немере
інісі. Ол 6 жасынан Абайдың тәрбиесінде болады.
Абайдан үйреніп, ақын болады. Адамдардың қасиеттері
туралы жазады.
-Балалар, Абай аталарың да
адам қасиеттері туралы айт
пап па еді! Ойланып еске түсіріңіздер. 3-сыныпта оқып
кеттіңіздер. (Балалар еске түсіріп, «Адам болам
десеңіз» деген ӛлеңін оқыдық деп жауап береді).
-Дұрыс,
жаттаған болатынбыз, еске түсірейік,
Абай қандай жақсы қасиеттерді ӛсиет етіп еді?
- Талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рақым.
- Ал, қандай жаман қасиеттерден жирендірді?
- Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ , еріншек, ысырап.
психологиялық-
педагогикалық
талаптар сабақтың
мақсаттарын
белгілеген кезден-ақ
жүзеге асады
Ӛткен материалмен
байланыс түсіру.
Есте сақтау, кӛңіл
аудару, қорыту тәрізді
дидактикалық
құрауыштар жүзеге
асады.