Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет33/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41

педагогтық  әдептілігіне  «орташа»  деген  баға  береді.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 
қазіргі  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігі  бүгінгі  күн  талабынан  тӛмен  (  мұны 
пікірлескен мұғалімдердің барлығы қолдайды) болғандықтан, педагогтық әдептің де 
сол деңгейде екендігін ӛмір дәлелдеп отыр. 
     Педагогтық    әдеп  жаттау,  еске  сақтау  және  жаттығу  жолымен  жасалмайды.  Ол 
мұғалім  ізденісінің  нәтижесі,  ол  оның-ақыл-ойының  кӛрінісі  болып  табылады. 
Педагогтық  әдеп  -  әр  мұғалімнің  дара  қасиеті.  Бірақ  бұған  қарамай,  әр  мұғалімнің 
дара  ерекшеліктеріне  бағынбастан  педагогтық  әдепті  дамытуға  септігін  тигізетін 
жекелеген психологиялық және педагогикалық жайттарды бӛліп кӛрсетуге болады. 
Олар:байқағыштық,ілтипаттық, сенім, әділдік, тӛзім мен сабыр сақтау. 
         Педагогтық 
әдепті  бойға  сіңіру  тек  осы  психологиялық  жаймен 
шектелмейтінін жоғарыда айтқан  болатынбыз. Сондықтан әдістемелік  бірлестікте 
талқылауға И.Е. Синицианың «Педагогтық  әдеп және ұстаздық шеберлік» (Мектеп, 
1987) 
атты  кітабын  ұсынамыз.  Педагогикалық  шеберлікті    анықтау 
диагностикасының  қалған  ӛлшемдері  бойынша  да  біршама    ұғым  қалыптастырып 
алу  әр  зерттеушінің,  мұғалімдер  ұжымының  міндеті  болуға  тиіс.  Әр  мұғалім  ӛз 
еңбегіне  сын  кӛзбен  қарап,  баға  бере,  шеберлігін  арттыру  талабы  туып  отырған 
кезде бұл ӛлшемдер бойынша айналыса  жұмыс жасау - жеке мұғалімнің де міндеті 
дер едік. 
         Біз  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін  анықтайтын  диагностиканың 
бірнеше ӛлшеміне ғана тоқталдық. Қалған ӛлшемдердің мәнін әдістемелік бірлестік 
мүшелері ӛздері ашып алуларына болады.
 
      Белгілі  бір  тақырыппен  жұмыс  жасау  мектепке  де,  жеке  мұғалімдерге    де 
қатысты,  яғни  диагностикалық  зерттеудің  нәтижесінде  әр  мұғалімнің  айналысатын 
әдістемелік  тақырыбын  белгілеу  керек.  Тақырыпты  осы  диагностика  нәтижесі 
бойынша  да  немесе  басқа  диагностика  бойынша  да  белгілеуге  болады.  Мысалы, 
мұғалімнің  «Оқушылардың  білім  сапасын  зерттеп,  күрделі  тақырыптарды  ӛтудің 
жолдарын алдын-ала іздеп, қиындықтарды жеңе білуі»  деген ӛлшемінің тұсына «0» 
(нашар) белгісі қойылып, қиынсынатынын, әдістемелік жәрдем қажеттігін білдірсе, 
ол  мұғалімге  осы  мәселеге  байланысты  тақырып  белгілеп,  жұмыстар  (ашық 
сабақтар,  баяндама,  пікірлесу  т.б.)  белгіленуге  тиіс.  Тақырыппен  біршама  жұмыс 
жасаған соң ( бір, бір жарым жылдан соң немесе оқу жылының аяғында) әдістемелік 
бірлестік  отырысында  мұғалімнің  шығармашылық  есебін  тыңдауды  жоспарлауға 
болады.  Ал  егер  диагностика  мұғалімнің  «Оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  әдістерін 
игеру,  практикалық  жұмыстарды  жүргізу  дағдысы»  деген  «z»  ӛлшем  белгісімен 
(жетік  біледі)  бағаланса,  ол  мұғалімнің  тәжірибесі  басқа  әріптестеріне  үйренуге  
ұсынылады,  демек  бұл  озық  тәжірибені  тарату  боп  табылады.  Мұғалімдердің  бір-
бірінен үйрену жұмысын  «Әдістемелік тәжірибе алмасу» картасы арқылы кӛрсетуге 
болады. (4-кесте) 
 
 
 
 
 


4-кесте                              
Тәжірбие  алмасу картасы 
Әріптестеріне 
ҥлгі болатын 
әдістемелік 
жетістіктері 
Мҧғалімнің 
фамилиясы 
Қай кҥні 
Мҧғалімнің 
фамилиясы 
Қандай 
қиындық 
сезінеді, қандай 
әдісті ҥйретеді 
Халықтық 
педагогика 
элементтерін  
шебер қолданады 
Бекпанова Г. 
5. х . 94 
Қалманова Т.  Ана тілінде оқу 
түрлерін 
игертуде 
қиналады. 
Сӛздік жұмысын 
жүргізу әдістерін 
түрлендіреді 
Шегірова Ж. 
18.х. 94 
Қияқбаева М.  Табиғаттануда 
қоршаған 
ортаны аялауды 
үйретуде 
3 сыныпта 
мәнерлеп оқуды 
шебер жүргізеді 
Түлкібаева А.  20.х.94 
Молдағалиева 
С. 
Эстетикалық 
циклдегі 
(музыка, сурет) 
пәндерді шебер 
ӛткізуде. 
Оқушылардың 
каллиграфиясын 
дұрыс 
қалыптастыру  
әдістері 
Қалманова Т.  3.ХІ.94 
Сержанова Г.  Ана тілінде (3,4) 
логикалық 
ойлауды жүзеге 
асыруда. 
Математика 
сабақтарында 
оқушылардың 
логикалық 
ойлауын дамыту 
жұмысы 
Сержанова Г.  18.ХІ. 94 
Сәрсенбаева 
С. 
Халықтық 
мұраларды  
кеңінен 
пайдалануда. 
Табиғаттану 
сабақтарында 
бақылау 
күнделігін 
күнделікті 
жүргізеді 
Сәрсенбаева 
С. 
20.ХІ.94 
Бекпанова Г. 
Мәнерлеп 
оқуды үйрету 
әдістері 
Дыбыстық талдау 
жинақтау әдісін 
шебер  жүргізеді. 
Молдағалиева 
С. 
6.ХІ. 94 
Шегірова Ж. 
Әліппеге дейінгі 
кезеңдегі 
жұмыс 
Әр сабақтың 
мақсатын 
анықтап, топтық 
жұмыстар шебер 
ұйымдастырылады 
Қияқбаева М.  7.ХІІ. 94 
Түлкібаева А.  Оқушылардың 
каллиграфиясын 
дұрыс 
қалыптастыру 
әдістері 


 
      «Әдістемелік 
  бірлестіктің  ӛткен  оқу  жылындағы  жҧмысының 
қорытындысы  және  жаңа  міндеттер»  бӛлімінің  екінші  графасындағы  «Кімнің 
тәжірибелері  қандай  формада  қорытылып,  таратылғаны»  туралы  мәліметтерді 
толтыру  үшін    жыл  бойы  озық  тәжірибені  зерттеп,  тарату  жұмысы  талапқа  сай 
жүргізілуі  керек.  Келесі  бӛлімде  (2.4  Озық  педагогикалық  тәжірибе  мәні)    осы 
жұмысқа тоқталамыз.                   
        Әдістемелік бірлестік жұмысын диагностика негізінде жоспарлау үшін 
мұғалімдердің кәсіби қызметтер деңгейін зерттеу мақсатында ғылымда бар кейбір 
диагностикаларды ұсынып отырмыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау