26
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
кеңесінің бәрін байқап көрдік. Пәлендей дәрі-дәрмек іштіңдер ме?
Іштік! Пәлендей дәрігерге бардыңдар ма? Бардық! Пәлендей кемпір-
ге қаралдыңдар ма? Қаралдық! Проблемалар көп болды (спастика,
гиперкинезге тап болған жандар болса, бізді түсінеді).
Ғаламторда біз Украинадағы Трускавец қаласындағы оңалту орта-
лығы туралы ақпарат таптық та, бізді қабылдау туралы өтініп хат жаз-
дық. Оңды жауап келді, бірақ сапарға шығардың алдында олардың
клиникасында семинарда болған Алматылық бір невропатологтың
координаттарын берді де, сол адамға жүгінуге кеңес берді. Өкінішті-
ақ, менде ол дәрігердің аты-жөні сақталмады, бірақ, мүмкін, ол дұрыс
та шығар: ол әйел біздің баланы қарау туралы өтінішімізге уақыты жоқ
екенін және өзінің ешқандай кеңестер бермейтінін айтып көңілімізге
қаяу түсірді.
2005 жылдың мамыр айында біз Әмірді Трускавецке алғаш рет
апардық. Бізді өте жылы қарсы алды, біз проблемамызға деген мүл-
дем басқа көзқарасты көрдік. Ұлымызды Халықаралық қалпына кел-
тіру емінің клиникасының бас дәрігері, профессор, медицина ғылы-
мының докторы, мықты мануалист Владимир Ильич Козявкиннің өзі
қарады. Ол балалардың церебралдық сал ауруымен ауыратындарды
оңалтудың өз жүйесін әзірлеген, оның негізінде омыртқаның коррек-
циясы жатыр. Профессор ұлымды қолына алып, оның көзіне қарады
да: «Нәтиже болады, баланың көзі ақылды және әдемі, тек онымен
айналысу керек» деді.
Трускавецке бірінші рет ұлымызды әйеліммен бірге апардық, ал
екінші рет мен онымен өзім жалғыз бардым, Әмір небәрі біржарым
жаста болатын. Туыстарымыз әйеліме «Сен оны неге жібересің?» де-
ген тәрізді өкпе айта бастады. Менің достарым: «Дені сау баламен бір
сағат отырсаң, әйелің келгенше тағатың таусылады, ал сен онымен 2
апта бірге боласың …» деп таңданды, Мен ештеңеге де назар аудар-
мадым, менің ойымды тек ұлыма көмектесуге деген тұжырым би-
леді.
Трускавецтегі дәрігерлер бізге жігер беріп, қолдауда болды. Әри-
не, ем көптеген қаржыны талап етеді. Бірақ, туыстарымызға, доста-
рымызға, бізге көмек көрсеткен барлық демеушілерге алғысымыз
шексіз. Екінші рет барған уақытымда ұлым отыратын болды. Ал жүру-
ді тек 4 жасында бастады. Бұл сондай қуанышты сәт еді! Менің не-
мерем бірден асқан, ол енді жүгіріп жүр, бұл әрине, табиғи нәрсе. Ал
Әмірдің әрбір қадамы, қимылы – оның және біздің жеңісіміз! Дені сау
балалардың ата-аналарына мұны түсіну қиын. Егер жетілуінде шекте-
27
«Жетістік тарихы» кітабы
улер жоқ бала кенеттен вирус тигізіп, бір апта ауырса – бүкіл отбасы
үшін проблема, ал мұнда бала жылына 365 күн ауырады.
2013 жылы Трускавецте емделудің ақысын төлеуге Ерікті Мейір-
бандық Қоғамы (ЕМҚ) көмектесті. Ем өте шипалы болды, Әміржан өзін
жақсы сезіне бастады, оңды нәтижелер пайда болды. Негізі, мен ЕМҚ
арадағы ынтымақтастығымыздың жалғасып келе жатқанына үшінші
жыл болғанын, және онда тамаша адамдар жұмыс істейтінін айтқым
келеді. Онда да әркімнің дерлік өмірінде балаға байланысты әлдебір
оқиғалар орын алған. Биылғы жылы Әмір екі рет ЕМҚ Алматы мен
Астанада ұйымдастырылған концерттерге қатысты, ол екі ұжымның
құрамында би биледі. Мен баланы әлдебір қызықты іс-шараларға
көбірек араластыруға тырысамын. Ал оның аяқ алысы жаман емес.
2007 жылы біздің округта қалалық мәслихатқа сайлау өтті. Сол
жылы ұйғыр диаспорасының ақсақалдары мені біздің ауданның басы
етіп сайлады. Депутаттыққа кандидат Ғалым Садыбеков мені аудан
адамдарының өмірін жақсартуға бағытталған өз бағдарламасымен
таныстырды. Бұрын депутаттыққа кандидаттарды жоғарыдан тағай-
ындайтын, біз оларды тіпті көрмейтінбіз де. Ал қазір кандидаттың өзі
бізге келді. Бұл біз үшін абырой және оның тарапынан құрмет болды.
Жұмыстың барысында біз онымен етене жақындасып кеттік, ол Әмір-
мен танысты да, өзінің көмегін ұсынды. Біраз уақыттан соң клиникаға
ұлымызды емдеуге ақша аударды. Біздің отбасымыз оған шексіз разы.
2012 жылдың желтоқсан айында біз мүгедек балаларға арналған
қайырымдылық концерт өткіздік және Ғалым Садыбеков оңалту орта-
лығының құрылысына 1 миллион теңге сыйлады.
Үйдегі өміріміз арнайы кесте бойынша өтеді. Таңертең тұру, жаттығу,
тренажерлер, суық сумен шайыну, ЛФК, бассейн, велосипед, швед қа-
бырғасы. Жаңа үйде ұлым үшін арнайы тренажерлерге арналған бөлме
жабдықтаймын. Оның үстіне ауладағы дене тәрбиесі – сыпырамыз, су-
арамыз. Мен оны еркелетпеймін, қайта онымен шындап әрі қатаң ай-
налысамын. Үнемі оның дербес болуы керек екенін түсіндіремін. Мен
мәңгі болмаймын, өмірден кететін күн де келеді, сонда оған бәрін де
өзі атқаруы керек болады. Мен болашақта ол өзін қоғамда еркін ұстай
алғанын, өзін кем сезінбегенін және, бірінші кезекте, адамдарға көмек-
тесіп, жақсылық жасағанын қалаймын. Ал жақсылық ешқашанда еле-
усіз қалмайды. Қытайдың мынадай мәтелі бар: «Жақсылық жаса да,
оны суға лақтыр, күндердің күнінде ол саған қайтып келеді».
2007 жылға дейін баламен әйелім отырды, содан кейін әйелімнің
жұмысқа шығуына байланысты күтуші қабылдадық. Бір күні маған
28
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
менің досым Рахымжан келді – ол біздің молдамыз – және біздің
күтушіміздің Әмірмен серуендеп жүргенін, сонымен қатар темекі
тартып, бір жігітпен сөйлесіп тұрғанын көргенін айтты. «Егер ұлың-
ды дұрыс өсіргің келсе, күтушінің керегі жоқ» – деген ақыл айтты ол.
Күтушіні жұмыстан босаттық.
Мен өткерген жылдарым бойынша зейнетке шығуды ұйғардым.
ІІМ жүйесінде жұмыс істедім, қырық жасымда полковник болдым,
мансап жолым өте сәтті қалыптасты, басшылық мені жібергісі кел-
меді. Бірақ мен жұмыс пен баланың арасын таразылай алмадым, бір
жаққа апару керек болған әр кез сайын сұрануға тура келетін, оның
үстіне менің бар ойым балам жайында болды, жұмыс жүрмеді. До-
старым менің шешімімді қолдады, ерте ме, кеш пе, бәрібір саған жұ-
мыстан кетуге тура келеді, ал сенің ұлың төсекте жатады да, бір күні
сұрайды: «Папа, сен неге мен жүре алатындай халге жеткізбедің?»
деп. Әмір тумай тұрып, мен зейнетке шыққанда немен шұғылдана-
тынымды ойлайтынмын. Міне, Жаратқан маған шаруа берді.
Үш жасқа дейін біз Әмірмен ешқайда бармадық. Бір күні маған
екі жақын досым – Руслан Ниязов пен Аркен Халилов (олар да зей-
неткер полковниктер) келді де, былай деді: «Сен бұлай жынданасың,
ұлыңды ал, жүр кеттік». Бүгінгі күні Әмір менің барлық достарыммен
араласады, бәрінің аттарын біледі, олардың балаларымен ойнайды,
олар оны жақсы көреді, қолдайды және тамаша түсінеді. Мен Әмірді
достарымның үйлерінде қорықпай қалдыра аламын, олардың ара-
сында өзін жақсы сезінеді. Достарымның арасында тек әріптестерім
ғана емес, сонымен қатар өнер адамдары да бар, олар ұлыммен хо-
реографиямен (Тахир Баратов) және вокалмен (Сахердин Юсупов)
кәсіби түрде айналысады, мен оларға бұл үшін өте разымын.
Ұлыммен барлық жерге барамын, мен оны мақтан тұтамын, онымен
бірге кісілердің ортасында жүргенде қысылмаймын. Ал туыстарымыз
артқа шегінді, бірдеңеден қорықты. Материалдық жағынан олар көмек-
тесті, бірақ моральдық, эмоционалдық қолдау болмады. Қаншама рет
оларды Әмір өнер көрсететін концерттерге шақырдым, ұлымды демеу-
лерін сұрадым, олар келмейді: «Әй, жарайды», – деген жауап аламын.
Достарым отбасыларымен бірге келеді, қол соғып, гүлдер сыйлайды.
Әйелімнің сіңлісі бір рет зайыбымен бірге Әмірді Қытайға апаруға келісті.
Олар қонақ үйде бір бөлмеде тұрды. Үш күннен кейін сіңлісі үйге қайтып
келді. Өйткені бұл өте қиын. Сен өз өзіңе ие болмайсың. Сен – оның қолы
мен аяғысың. Сіңлісі бұл сынға шыдай алмады.
Әмірге ересек адамның үнемі көңіл бөлгені қажет. Біз онымен Тру-
Достарыңызбен бөлісу: |