29
«Жетістік тарихы» кітабы
скавецте болған уақытта, ол үнемі өзіне кітап оқып беруді өтінді. Тіпті
түнде оянып алады: «Папа, кітап оқып берші». Ал менің көзім ұйқы-
дан ашылмайды, Мен біраз оқимын да «Тоқтай тұр, мен әжетханаға
барып келейін» деймін де өзім онда ұйықтап қаламын. Мені қайта
шақырады, мен оянып, оған қазір келемін деймін де, оның ұйықтап
қалғанын күтемін.
Үш жыл бұрын біз Астанада оңалту орталығында болдық. Онда
балалармен негізінен шешелері жатады. Бәрінің өңдері мұңлы,
көңіл-күйлері төмен. Мен бас дәрігерден кешке асханада жиналуға
рұқсат сұрадым. Келісті. Менің шақырғаныма 10-12 ана келді. Бала-
ларды ұйқыға жатқызғаннан кейін, дастарқан жайып, түнгі сағат 2-ге
дейін кеңестік. Мен оларға Әмір туралы, онымен қалай өмір сүріп
жатқанымыз туралы әңгімеледім. Олар маған: «Ауру бала – пробле-
ма» дейді. Мен оларға: «Ол проблема емес. Менің балам – қандай
болса да, менің балам …» деймін. Аналардың әрқайсысының өзінің
ішіндегі бар сырымен бөлісуін, ақтаруын, көз жасын төгуін өтіндім.
Білесіз бе, әңгіме өте жігер беретіндей болып шықты. Аналардың
әрқайсысы өз күйеулеріне, дәрігерлерге, енелеріне, аналарына,
туыстарына деген ойындағысының бәрін айттты. Бірақ бәрі де шын
жүректен болды және олар осыдан кейін шынымен де жеңілденіп
қалды және бәрі бірдей маған жемісті өткен кеш үшін алғыстарын
айтты. Осы отырыстан кейін олар біраз сергіп қалды, күле бастады.
Айтпақшы, Трускавецте де 200 бала мен ата-ананың ішінде әкелер
тек екеу ғана (менен басқа енді біреуі Мәскеуден), қалғаны аналар,
әжелер. Менен жанашырлықпен сұрайды:
– Не, әйеліңіз кетіп қалды ма?
– Жоқ, – деймін, – ол ақша табуда.
Рас, соңғы кезде әкелер жиірек кездесетін болды. Бұл жақсы.
Әйелдер клиникаларда көп әбігерленеді, процедураларға асығады,
баланы көтеріп алып жүгіреді, ал біз Әмір екеуміз бәрін де асықпай
жасаймыз. Олар біздің әрдайым ұқыпты киінгенімізге, асықпайты-
нымызға және бәріне үлгеретінімізге таңғалады, оларды бәрінен
көп таңдандыратыны, екеуміздің үнемі әлдене жайында әңгімеле-
сетініміз. «Енді ше, – деймін. – Біз екеуміз доспыз ғой».
Әмірді мәжбүрлеу мүмкін емес, онымен келісуге болады. Екі жа-
сында мен оны горшокқа үйреттім, оған дейін памперспен жүретін.
Мен одан «Саған памперспен жүрген жақсы ма?», - деп сұрадым.
«Жоқ», - дейді. «Онда келісейік, біз памперсті шешеміз, ал әжетханаға
барғың келгенде, мені шақырасың». Әрине, оның үлгермеген кездері
30
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
болды, бірақ мен оған ұрыспайтынмын, жуындырамын, киімін ауы-
стырамын, содан ол біртіндеп үйренді. Қазір ол бәрін өзі істей алады,
бірақ үйреншікті әдетімен ылғи мені шақырады. «Сен, менің құй-
рығымды бәрінен жақсы жуасың» -дейді,
Ерте сөйлей бастады. Онымен әңгімелескен қызық. Өте жұғым-
ды, сүйкімді. Ол адамдарды магнит секілді тартады, барлық жерде –
ұшақта, поезда, күту залында – өзіне әңгімелесетін адамдарды тауып
алады … Қасына барып: «Сәлеметсіз бе, менің атым Әмір. Ал сіздің
атыңыз кім? Біз не туралы әңгімелесеміз? Не ойнаймыз?» деп сұрай-
ды, Ол ойынды ойлап таба алады немесе әңгіменің тақырыбын ұсына
алады және ересек адам секілді пайымдайды. Киевке дейін бес сағат
ұшу керек, ол ұшақты аралап, әңгіме соғады. Бір рет поезда ол бір
жігітпен футбол туралы әңгімеге кірісіп кетті. Әмір оны керемет жақ-
сы көреді. Жігіттің әйелі күйеуінің назарын әңгімеден бөле алмады:
«Тоқтай тұршы, онымен әңгімелескен сондай қызық!». Әмір барлық
командаларды, ойыншыларды біледі, ылғи да менен өзіне футбол
рәміздемесі бар жейделер сатып әперуімді сұрайды.
Қазір Әмір арнайы интернатта оқиды. Өзінің 3-ші сыныбындағы
ең мықты оқушылардың бірі. Оны ол жерде жақсы көреді, тек жақ-
сы оқумен ғана шектелмейді, қыңырлық көрсетпейді, педагогтар мен
қызметкерлерге қиындық туғызбайды, оны жалпы білім беретін ұй-
ғыр мектебіне бергіміз келді. Бірақ менің досым, мектеп директоры:
«Балалар өте қатыгез, жәбірлеуі мүмкін»- деп райымыздан қайтарды.
Алайда ол бәрібір мектепке барып тұрады, онда шахмат клубына қа-
тысады. Қазір ұйғыр тілін үйренгісі келеді: «Папа, сен достарыңмен
ұйғырша сөйлескен кезде, мен бәрін түсіне бермеймін», - дейді. Қа-
зақша біледі, ағылшынша үйреніп жүр, Қытайға барған уақытында
қытайша, Украинада – украинша үйренді.
Кейде бір нәрсе оның қолынан келмейтін сәттер болады. Мысалы,
қолдың треморының салдарынан ол нашар жазады. Соның кесірінен
жылайды: «Неге мен бәрі сияқты емеспін?», - деп сұрайды. Оған мұ-
ның бәрі сенде уақытша ғана және бәрі де өз қолыңда. Ыждаһатпен
шұғылдансаң, мұның бәрі өтіп кетеді. Бір рет мен Владимир Ильич
Козявкиннен жазу туралы сұрадым. Ол онда тұрған қорқынышты еш-
теңе жоқ, өзі де көптен бері ештеңе жазбайтынын, тіпті қол қою үшін
де клише барын айтып жауап берді. Біздің өмірімізде бәрін де ком-
пьютер жасайды, ал ұлым компьютерді жақсы біледі.
Әмір кітап оқығанды жақсы көреді, әр кез кітап дүкенінде ол бір
бума кітап таңдайды, рас, жартысын қалдыруға тура келеді, өйткені
31
«Жетістік тарихы» кітабы
олар арзан тұрмайды. Ал достарым оған не сыйлау керек екенін
біледі. Дәрігер болуды армандайды. Әрине, дейді, менің мына қол-
дарыммен оташы бола алмаймын, бірақ невропатолог бола аламын
ғой, кеңестер беремін. Мен ол дегеніне жетеді деп ойлаймын. Онда
мақсатқа ден қою, табандылық бар.
Бір күні бізбен көрші тұратын өзінің сыныптасы Никитаның ата-
сынан өзінің өмірі туралы әңгімелеп беруді өтінді. Ақсақал өте таңғал-
ды және риза болды. Туған немересі оның өмірі қалай өткенін сұра-
майды, ал бөтен баланы бұл қызықтырады! Ұзақ әңгімелеу керек
болады деді.
– Ештеңе етпейді. Мен тыңдай білемін, – деп сендірді оны Әмір.
Адамға құлақ сала және ести білу – дәрігер үшін керек қасиет. Ал
менің ұлым оның үстіне адамға жақындай біледі. Жақында жаназа-
да болдық, ол шаршады да, көтерші деді. Менің белім ауырып тұр,
Әбдірашид ағаға айт, қарашы ол қандай үлкен және күшті. Ұлым оның
қасына келіп:
– Осы жерде ең үлкен және күшті сіз екені рас па?
– Иә. Не болды?
– Мені көтеріңізші.
Әбдірашид оны құшақтап, көтерді. Онсыз да көтерер еді, бірақ
бала жай өтінбеді, қайта оның шашбауын көтерді.
Мен ұйғыр диаспорасына басшылық ететінімді айтқанмын. Жұ-
мысымыздың бағыттарының бірі мүгедек балаларға көмек болды.
Ал одан кейін біз достарымызбен бірге мүгедек балаларға көмек
көрсететін қоғамдық қор құрып, оны «Әмір» деп атадық. Мен Әмір-
ге көмектесе алған екенмін, онда басқаларына да көмектесе аламын
деп ойладым. Біз барлық балаларға көмектесеміз. Ауру балаларда
ұлт болмайды, олардың барлығы тең. Өкінішке қарай, жыл санап
ауру балалардың саны өсіп келеді. БЦП жүйелі емдеуді қажет етеді,
балалармен үнемі жұмыс істеу керек. Ол үшін балалар мен ата-ана-
лар кәсіби көмек ала алатын оңалту орталықтары керек. Біз Алматы
облысының Ұйғыр ауданының әкіміне сондай орталық үшін жер бөлу
туралы өтінішпен жүгіндік. Әкімдіктен бірден қолдау таба қоймадық,
әкімдік оның неге керек екенін түсіне алмады. Түсіндіруге, дәлелде-
уге тура келді. Қорытындысында аудан орталығы Шонжа ауылында
бүгінгі таңда 27 жүздік жер бөлінді. Ол аймақты таңдаған себебіміз,
ол өңірде мүгедек балалар қаладағыдан кем емес, оның үстіне эко-
логиясы да жақсырақ. Көп ұзамай қазаншұңқыр қазуды бастаймыз.
Біздің кезімізде біреулер мешіт, шіркеу, мектептер салады, ал біз сон-
Достарыңызбен бөлісу: |