Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 16,81 Mb.
Pdf просмотр
бет2/69
Дата19.11.2018
өлшемі16,81 Mb.
#21124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

5
«Жетістік тарихы» кітабы
мыңдаған адамға әркімнің өмірінде үнемі туындап отыратын келелі 
мәселелер қиыншылықтарын жеңуге жігер береді. 
Бір күні кезекті баяндамасын бастардың алдында ол біреу өзінің атын 
атап шақырғанын естіді. Ник бұрылып  қарағанда кішкентай сәбиді қо-
лына алып жоғары көтерген жас жігітті көрді. Сәби тура оның өзіндей  – 
қолы да, аяғы да жоқ! Ұл баланың аты-жөні Дэниел Мартинес, ал оның 
ата-анасының  есімдері  Крис  және  Патти  еді.  Ник  оларды  сахнаға  кө-
терілуге шақырды. Жиналғандар қатты толқыды. Патти Никті құшақтап, 
бұл кездесу өзі үшін  болашаққа қарай қадамға айналғанын айтты.
«Шекарасыз өмір» кітабында Ник Вуйчич: «Бала кезімде мен өзіме 
бағыт сілтеп, көмектесе алатындай ұқсас күйдегі ешкімді де білмедім. 
Бірақ Дэниелде мен бармын. Мен оған көмектесе аламын»-деп жазды. 
…Крис пен Патти мені Даниел үшін шапағат деп санады, ал менің 
ата-анам  олардың  өздері  үшін  нағыз  шапағатқа  айналды.  Оларға 
қол-аяғы жоқ баланы қалай өсіру және тәрбиелеу керек екені жай-
ында менің әкем мен анамнан артық кім айтып бере алар еді? Біз бұл 
адамдарда тек үміт отын тұтатып қана қоймай, сонымен қатар Дэниел 
қалыпты  өмір сүре алатынының және әлі өз бойындағы дарындарын 
ашып,  адамдармен  бөлісетінінің  нағыз  дәлелдерін  бере  алдық.  Біз 
оларға өз тәжірибемізді жеткізіп, жігер бердік және қолдай алдық».
Адамдар  витраждар  секілді,  олар  күн  шыққанда  көз 
шағылыстырады  және  жарқырайды,  бірақ  қараңғыда  олардың 
шынайы  сұлулығы  тек  оларға  ішкі  дүниесінің  сәулесі  түскен 
сәттерде ғана ашылады.
Элизабет Кюблер-Росс
Ник және оның ата-анасы әрине, қайран қалдырады. Бірақ бізде 
де өздерінің ішкі дүниесінің сәулесімен басқалардың жолына жарық 
шашатын адамдар бар.  Ел өзінің қаһармандарын білуге тиіс деп ой-
ладық та, жобаны қолға алуды, көмекке мұқтаж жандарға сол бірегей 
адамдардың баға жетпес тәжірибесі жайлы айтып беру үшін, оларды 
табуды ұйғардық.
Біз кітаптың қаһармандарын қалай іздедік?
Шынын  айтқанда,  бізге  қаһармандарды  табу  оңайға  соқпайды 
деп ойладық, біріншіден, олар өздері туралы жар салмайды, ал екін-
шіден, жан сырын бейтаныс адамдармен ортаға салғанды әркім де 


6
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
қалай бермейді. Сондықтан, біз іздеуді жақын достардың арасынан 
бастадық, олар бізге керек, өздері жеке басымен таныс адамдардың 
координаттарын берді.  Хабарласқан кезде біз бас тартуды күтіп едік, 
бірақ, керісінше біздің қуанышымызға қарай ешкім де өзінің жолы, 
жеңістері мен қателіктері туралы әңгімелеп беруден бас тартпады! 
Сондықтан, біз іздеу шеңберін кеңейтіп, түрлі ұйымдарға жүгіндік. 
Марина Буханцовамен және Динара Ешпановамен біз бұрыннан  
таныс болатынбыз. Евгения Краснощекованың телефонын Сорос-Қа-
зақстан  Қорындағы  біздің  жобаны  үйлестіруші  Айнұр  Шәкенова 
берді. Екі әке – Марат Нұрпейісов пен Кенжебай Исаевты – біз «Ба-
лаларға өмір сыйла-2» фильмінен көрдік  (фильмді Ерікті Мейірбан-
дық Қоғамы түсірген, бізге олардың координаттарын сонда берді). 
ҚР Тұңғыш Президенті Қорының «Әлеуметтік идеялар мен жобалар» 
жәрмеңкесі Елена Егоровамен және Наталья Талановамен кездесуді 
сыйлады. Ақмола облысының білім басқармасы Рауан Зейнуллинді 
ұсынды. Ирина Камышова мен Любовь Мироненконы «Ашық әлем» 
Қоғамдық қорының президенті Әлия Архарова арқылы таптық. Мә-
дина Кәрімовамен оның ұлдары оқитын арнайы мектептің бұрынғы 
директоры  Кұсайын  Амангельдіұлы  Каткеновтың  көмегімен  кезде-
стік. Маженовтар отбасымен бізді олардың ұлы Ақжан бітірген мек-
тептің бұрынғы директоры Лидия Михайловна Маслова таныстыр-
ды. Роза Беркамаловамен және Алтынай Рахымбаевамен кездесуді 
Қарағанды қаласының № 27 гимназиясының психологиялық-педа-
гогикалық  сүйемелдеу  қызметінің  басшысы  Ольга  Федоровна  Чу-
макова ұйымдастырды. Татьяна Ваничкинамен бізді Павлодардағы 
«Самал»  оңалту  орталығының  директоры  Зинаида  Дмитриевна 
Багненко таныстырды. 
Бұл жай техникалық жайттар емес, кітапты құрастыруға қаншама 
көптеген  жандардың  тура  немесе  жанама  түрде  ат  салысқанының 
көрсеткіші.  Бізге  тек  көмек  көрсетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
біздің  осы  тақырыпты  қолға  алғанымыз  үшін  алғыстарын  білдіріп  
жатты.
Ата-аналармен кездесулер 2014 жылдың сәуір-маусым айларын-
да өтті.
Біздің  қаһармандарымыздың  өзгешеліктері  қандай  және 
оларды біріктіретін не?
Біздің қаһармандарымыз Қазақстанның түрлі қалаларында тұра-
ды.  Олардың    білімі,  табыс  деңгейі,  отбасы  құрамы,  жас  шамасы, 


7
«Жетістік тарихы» кітабы
діни ұстанымы, ұлты әр түрлі. Балалардың жас шамалары – мектеп-
ке дейінгі жастан бастап, ересек, дербес, жұмыс істейтін адамдарға 
дейінгі жандар. Балалардың денсаулық проблемалары да әр түрлі. 
Ата-аналардың жетістіктері бірдей деуге келмейді. Және әр отбасы-
ның өзінің бірегей тәжірибесі бар.
Ал нені табыс деп санау керек деген сұрақ туындайды. Біз табыс 
деген – қол қусырмай,тиісті міндеттерді тиімді шешуге әзірлік деп 
санаймыз.
Егер саған көмекке созылатын қол қажет болса, онда біліп қой 
–  ол  сенде  бар  –  өзіңнің  қолың.  Сен  естияр  болған  уақытыңда, 
өзіңде екі қол барын: біреуі өзіңе, екіншісі басқаларға көмектесу 
үшін керек екенін түсінесің.
Одри Хепберн
Кітап  қаһармандарына  бұл  сөздер  таныс  па,  жоқ  па,  білмеймін, 
бірақ күнделікті өмірде олардың қолданулары анық. Тап осы жұмыл-
дырушы позитивті өмірлік позиция, өз балаларына деген шексіз сүй-
іспеншілікпен  қатар,  оларды  өзара  біріктіреді.    Өткерген  жылдары 
емес, жинаған тәжірибесі жағынан «естиярлау» болған олар басқала-
рына көмектесуге дайын. Олардың көбі даму мүмкіндіктері шектеулі 
балалар мен олардың ата-аналарының көпшілігі қоғамдық ұйымда-
рын немесе қолдау топтарын өздері құрған.
Біз олардан не жайында әңгімелеп беруін өтіндік?  
Сауалнамалық деректермен қатар, бізді төмендегі сұрақтар шең-
бері қызықтырды:
Сіз сәбиіңіздің басқа балалардан өзгеше жетілетінін қашан және 
қалай білдіңіз?
Қандай диагноз қойылды? Кім, қайда және қашан?
Мамандардың болжамдары қандай болды?
Сіз қалыптасқан жағдайда өзіңіздің өмір тәжірибеңізді, біліміңізді, 
діни нанымыңызды қалай пайдаландыңыз?
Қандай стратегия қолдандыңыз?
Стратегияны әзірлеуде  кімдердің көмегі тиді? Ақпаратты қайдан 
алдыңыз?
Сізге қосымша білім алу қажеттігін сезіндіңіз бе? Егер «иә» болса, 
онда сіз қандай білім және қайдан алдыңыз?


жүктеу 16,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау