86
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
налдырмайтынын, тек ата-аналардың өздерінің бірінші кезекте мү-
гедек баланың интеллектін жетілдіру бойынша күн сайын тынбай
еңбектенуі, жемісін әкелуі, ал көптеген жағдайларда, әлеуметтік-бюд-
жеттік тұтынушыдан еңбекші (оның күші мен мүмкіндіктеріне қарай)
азаматты жасауы мүмкін екенін сіңіру қажет.
Мектеп оқушыларына өз денсаулығы мен өз психикасының
жағдайы үшін жауапкершілік дарытып, мектеп оқушысының өз ор-
ганизмінің осы аспектілеріне қалай өз бетімен қамқор бола алатыны
туралы білімдер беру қажет. Бұл жерде ешбір жағдайда батыстың не-
месе американдықтардың, оның үстіне тегін ұсына алатынына сүйе-
нуге болмайды. Біздің халықтарымыздың үздік рухани дәстүрлерінің
негізіндегі отандық әзірленімдер керек.
Директорлардың, ректорлардың және т.б. мүгедек баланың білім
алуы туралы жеке дара шешім қабылдау мүмкіндігінен айыру қажет.
Физикалық шектеулері бар балалар үшін қисындық тестілеуді ен-
гізу қажет.
Үзіліссіз және тығыз үшжақты: денсаулық сақтау – білім беру –
ата-аналар өзара әрекеттесу механизмдерін құру қажет.
Орын алған кедергілерге қарамастан, табысты оңалуға және то-
лық әлеуметтендірілуге қол жеткізудің сәті түскен ата-аналар мен
балаларды топтастыру қажет. Олардың тәжірибесін зерделеу, талдау
жасау және талдау нәтижелерін инклюзивтік білім беру жайлы енгізу
әдістемелерін құруда пайдалану қажет.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 2006 жылы балалар-
дың тууы мен әлсіреген және шала туған нәрестелерді аман алып қалу
бойынша жаңа стандарттарды енгізуі туа біткен жетілу кемістіктері
бар балалардың елеулі өсуіне алып келді. Бұл физикалық даму ерек-
шеліктері бар балалардың тууына, тәрбиесіне, емдеуге және білім
беруге тікелей қатысы бар біздің баршамызды үлкен жұмыс күтіп тұр
және оны мүмкіндігінше белсенді жүргізу керек деген сөз, және бұл
бүгінгі мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыты болуға тиіс.
87
«Жетістік тарихы» кітабы
БАЛАНЫҢ ДАРАЛЫғЫН ҚАБЫЛДАУ КеРеК
Иван Мармалиди түсірген фотосурет
Өзінің ұлы Клим туралы қостанайлық Любовь Леонидовна
Мироненко әңгімелейді. Клим 2002 жылы туған. Қазір ол арнайы
мектепте үйдегі оқуда. 4-ші сыныпқа көшті.
Бала біткенде, мен Клим, Климушка туатынын бірден білдім. Жүк-
тілікті жақсы көтердім. Мені жоспарлы кесарлық тілікке дайында-
ды, асфиксиядан қорықты, өйткені менде бұрын жамбастың сынуы
болған еді. Операция 12 желтоқсанға тағайындалды, ал 11 желтоқ-
санның кешінен бастап, мен баланың қозғалғанын естуден қалдым.
Ол кіндікпен оралып туды.
Дәрігерлер проблемалар барын маған айтпады, бірақ мен ұлым-
ның басқа балалардан өзгеше жетіліп келе жатқанын байқадым. Кеш
отыра бастады, 9 айлығында оның алғашқы тісі шықты, еңбектеуді
ол бір жасқа толған күні бастады, бір жас екі айында жүрді, маймақ
болды, үнемі аяғының астына емес, аспанға қарайтын, жиі құлады,
үш жасына дейін сөйлеген жоқ, тек жеке буындарды «міңгірлейтін»,
бірақ мен оны жақсы ұғатынмын. Оның денесі ашыған қамыр секілді