Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 16,81 Mb.
Pdf просмотр
бет35/69
Дата19.11.2018
өлшемі16,81 Mb.
#21124
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69

110
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
жоғары  білім  бергісі  келетін  ата-аналар  жалпы  білім  беретін  мектепті 
таңдайды.  Бұл  жол  оңай  емес,  бірақ  егер  күш-қуатты  дұрыс  есептесе, 
мақсатқа жетуге болады.
16.  Егер кәсіптік білім алынса да, қиындықтар осымен бітті дегенді 
білдірмейді.  Өкінішке  орай,  қиындықтар  жұмысқа  орналасу  сатысында 
туындайды.
17.  Қоғамда ШДМ бар балалар мен олардың ата-аналарына әдет-
тегідей  түрліше  көзқарас  танытады.  Біздің  кейіпкерлеріміздің  барлығы 
ала көздеумен де, сыртынан естілген күбір-сыбырмен де бетпе-бет келу-
ге мәжбүр болды, бірақ сонымен қатар, олардың әрқайсысына өздерін 
түсінетін, көмек пен қолдау көрсетуге дайын адамдармен кездесудің де 
сәті түсті.
18.  Әлемнің  кез  келген  түкпірінде  қазір  дәл  осындай  міндеттерді 
шешіп жүрген ата-аналарды табуға, қолдаушы топқа қосылуға және скайп 
немесе    электрондық  пошта  арқылы  хабарласуға  болады,  оның  үстіне 
мұны туған қалаңда іске асыруға мүмкіндік бар.
 «ТАБЫС АЛГОРиТМІ»
1.  Өзгерту – өзгеру дегенді білдіреді. Тағдырға нағылет айтуды, кінәлілерді 
іздеуді тоқтату, орын алған жағдайды басыңа түскен сын ретінде қабыл-
дау.
2.  Баланы сол қалпында қабылдау. Ол үшін намыстанбай, оны жақсы көру 
және мақтан тұту.
3.  Болашаққа үмітпен, өткенге алғыспен, жоғарыға сеніммен, айналаңа сүй-
іспеншілікпен қарау.
4.  Проблеманың болмысын зерделеу.
5.  Емдеудің  жаңа  тәсілдері  мен  әдістемелері  туралы  ақпарат  іздеу.  Егер 
мәселе шешілмей жатса, бұл мүлде шешілмейді дегенді білдірмейтінін, 
тек дәл қазіргі сәтте шешімнің әлі табыла қоймағанын есте ұстау.
6.  Егер проблема тұтастай шешілмесе, оны «бөлшектерге» бөлу керек.
7.  Мамандардың  ұсыныстамаларын  өзіңнің  ішкі  түйсігіңнің  таразысына 
тарту.
8.  Мамандардың арасынан пікірлестер табу.
9.  Ата-аналардың арасынан қолдаушы топты табу (құру).
10.  Балаға күтім жасау және онымен тіл табысу машықтарын меңгеру.
11.  Арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін үйрену.
12.  Ата-ана балаларға ата-анасыз өмір сүруді үйрету үшін керек екенін есте 
ұстау.


111
«Жетістік тарихы» кітабы
ҚОРЫТЫНДЫ
Милтон    Селигман  мен  Розалин  Бенджамин  Дарлинг  «Әдеттегі 
жанұялар, айрықша балалар. Дамуында ақау бар балаларға көмекте-
судің жүйелі тәсілдемесі» атты кітабында былай деп жазады: «Денса-
улығында ақау бар баланың тууына әлемдегі түрлі қоғамдастықтарда 
түрліше мән беріледі… Әрине, жеке басқа тән ерекшеліктер әрқашан 
да болғанымен де, денсаулығында ақау бар балаларға деген көзқарас 
мәдени құндылықтар мен ұғымдар арқылы қалыптасады». 
Осыған  байланысты  біз  қорытындыда  осы  мәселені  қозғауды  қи-
сынды деп санаймыз. Мәдени салт-дәстүрлер әдетте діни салт-дәстүр-
лерді  негізге  алатындықтан,  біз  мұсылмандық  және  православиалық 
дін  қызметшілеріне  «Мұсылмандық  және  православиалық  мәдени-
ет  дәстүрлерінде  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  мен  олардың 
жанұяларына деген көзқарас қандай?» деген сұрақты қойдық 
Тілепберген Алламжарұлы,
Алматы қаласының Медеу ауданының бас имамы 
Мұхамед  пайғамбар  (с.ғ.с.)  былай  деген:  «Ата-анасы  балаларына 
дұрыс тәрбиеден артық мұра қалдыра алмайды». Егер олар балаларын 
дұрыс тәрбиелемесе, бұл оларға күнә болып жазылады да, Қиямет-қай-
ымда  жауап  береді.  Мүгедекке  ата-анасы  өзінің  басты  борышын 
атқарған сәбидің көзімен қарайық. 
Яғни, Құдайға сенетін бала кемтар адамды көргенде былай деуге 
тиіс: «Аллаһ тағала, егер мықты денсаулық осы адамның игілігіне 
болса,  Аллаһ  оған  мықты  денсаулық  берер  еді.  Денсаулығы  жақсы 
бола тұра, оны күнәға бату үшін қолданған қаншама адам қазір түр-
меде отыр, жасында мас күйінде немесе мәнсіз-мағынасыз төбеле-
сте қыршынынан қиылды, ал қазір оларды Ғарасат күні күтіп тұр. 
Аллаһ оларға жақсы немесе жаман іс жасауға толық еркіндік, бірдей 
мүмкіндік берді, Ол әділетті, сондықтан ол таңдау құқығын солар-
дың билігіне берді, бірақ олар жамандық жолын таңдады да, денсау-
лығын өздерінің басына түскен пәлеге айналдырды.
Кемтар адамдарға қарап қазір біздің жанымыз ашиды, бірақ Ал-
лаһтың ісіне шара жоқ. Бәлкім, Ғарасат күні біз оларға қызыға қарай-
тын болармыз.  Аллаһ Құранда былай дейді емес пе: «Олар тамұққа 
жеткенде, олардың құлағы, көзі мен терісі, істеген ісі туралы оларға 
қарсы куәлік ететін болады. (Фуссилат:20)». Сондықтан нағыз мүге-
дек  – дене мүшесінен айырылған жан емес, дене мүшелерін күна жа-
сауға қолданған адам. Қимыл-қозғалысы шектеулі адамдар күнәдан 


112
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ада. Осы артықшылығын олар Ғарасат күні толық түсінетін болады. 
Бәлкім, зағиптың ең бірінші көретіні Пейіш болатын шығар. Өйткені 
зағиптығына байланысты ол ұрлыққа немесе жаман іске бара алған 
жоқ қой. 
Ал  ақыл-есі  кем  адамдарға  балаларға  қарағандай  аяушылықпен 
қарау керек. Олар нәресте кезінде шетінеп кеткен сәбилермен бір-
ге Ғарасаттан азат етіліп, бірден Пейішке жіберіледі. Дәл сол күні 
оларға барша жан – қайыршыдан бастап әлемнің билеушілеріне дей-
ін қызығатын болады». 
Мұсылмандар балаларын атам заманнан осылай тәрбиелеп кел-
ген. Сондықтан кеңес өкіметіне дейін қазақтарда түрме де, балалар 
үйі де, қарттар үйі де болмаған. Дүниеге деген осындай көзқарасы 
бар  бала  өзінің  денсаулығын  бағалап,  мүгедектер  мен  қарияларға 
түсінікпен қарайтын болады. 
Қазақтар ақыл-есі кем адамдарды «Құдайдын еркесі» деп атай-
ды. Бұрын кемтар адамдар қамқорлық пен құрметке бөленетін, се-
бебі  қиын  тағдыры,  тәжірибесі  мен  рухани  білімі  оларды  кемеңгер 
ететін. Ал егер рухани білімі болмаса, адам өмір сынына төтеп бере 
алмай, адамгершілік жағынан құлдырауы мүмкін. Өкінішке орай, он-
дай жағдайлар қазіргі кезде жиі кездеседі.
протоиерей евгений әкей (Бобылев),
Құдай Ана Покровы храмының басшысы, Алматы қаласы
Бұрын,  дін  қоғамның  бір  бөлігі  болған  уақытта,  тән  мен  жан 
кемістіктері  бар  адамдар  құдайы  деп  саналды  және  оларға  құр-
меттеп  және  қадірлеп  қараған.  Діндар  адам  үшін  Құдайдан  кейін 
ең жоғарғы құндылық жаны болып табылады. Бұл субстанция мәң-
гі, ал олай болса, онда тиісінше, оның қабықшасының – тәннің қан-
дай түрде болатыны және адамның қандай – тәні кемел әлде жоқ, 
ақыл-ойы кем әлде кем емес болғаны маңызды емес. Мәңгілікте ол 
жанды тұлға болады. Ол – толыққанды Құдайтектес жан, оны Құдай 
сақтайды.  Осыны  ұғу  кемтар  балалардың  жақындарына,  туыста-
рына, еріктілерге олардың қасында өмір сүруге, оларға көмектесуге 
және олардан көп нәрсеге үйренуіне мүмкіндік береді.
Әлем олардың күшін қайтаруға болмайтын табиғаттың белгілі 
бір заңдары бойынша өмір сүреді және дамиды. Әрине, олар тіршілік-
те жоқ секілді сыңай танытуға болады, бірақ олар шынында ешқай-
да кетпейді. Мысалы, заңдардың бірі Жаратқанның адамды социум-
нан тыс қарастырмайтыны, Құдайдың әркімді де алып Құдай-адам 


жүктеу 16,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау