Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 16,81 Mb.
Pdf просмотр
бет24/69
Дата19.11.2018
өлшемі16,81 Mb.
#21124
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69

76
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
дегі маманмын. ЛМУ-де бізге бірегей пәндерді оқытты, біз табиғатта 
бар барлық биофизикалық өрістерді, олардың адамның организміне 
ықпалын зерделедік. Тәнтануды оқыдық. Студенттік ғылыми қоғамда 
мен бас миының ритмдерімен, гипноздың жоғарғы жүйке қызметіне 
ықпалымен айналыстым. Бізді университетте ойлауға, талдау жасауға 
және  жалпылауға  үйретті,  айналада  бар  ақпаратпен  жұмыс  істеуге 
бағдарлады. Мұның бәрі маған өмірімде өте керек болды.
Мен бас дәрігерге де, емдеуші дәрігерлерге де өзімнің жүктілігім 
жайында бірден ескерттім, зиянсыз емдеу әдістерін қолдануды өтін-
дім. Олар  ауызша уәде берді, бірақ мен тағайындамалар картасынан 
маған антибиотиктер егетінін кездейсоқ оқып қойдым. Күшті стресс 
болды, бірақ сол сәтте  өзімді қолға алдым, басты шешімім: ертең мен 
сауығып шығуға тиіспін. Организм бағынды, мені расында екі күннен 
кейін шығарды.
Мен антибиотиктерді онша ұзаққа созбай қабылдау кесірін тигіз-
бес  деп  үміттендім.  Дегенмен  әйелдер  консультациясында  өзімнің 
гинекологыма  ескерттім  де,  мені  тәуекелдік  тобына  қосуды  және 
қосымша  тексеру  жүргізуді  сұрадым.  Ол  менің  «білгіштігіме»  қатты 
таңғалды. Ал шындығында мен бар болғаны поликлиниканың қабы-
рғаларындағы  ақпаратты:  «Жүктілік  уақытындағы  тәуекел  фактор-
ларын» мұқият оқып шықтым. Содан кейін, менің дүниетанымымда 
анамнан ішкі ұстаным қалған еді: кез келген химия – зиян. Ол бауы-
рым  екеумізді  әрдайым  халық  амалдарымен,  шөптермен,  шаюмен 
емдеді, біз ылғи да картоптың буымен тыныстайтынбыз. 
Гинеколог менің өтінішімді орындап, қосымша тексерістер тағай-
ындап отырды. Менің жағдайым қауіп туғызбады.  Жүктілікті жақсы 
көтердім, ұйқы мен тәбет қалыпты болды, шаршаған жоқпын. Ұрық 
та сондай-ақ қалыпты жетіліп келе жатты. Бір ғана проблема – менің 
бойым кішкентай, қиын босанады деген қорқыныш болды, бірақ ке-
сарлық  тілік  туралы  мәселе  көтерілмеді.  Мен  тәртіпті  болашақ  ана 
болдым.
Су  қайтқаннан  кейін,  біз  күйеуім  екеуміз  перзентхана  жақын 
болғандықтан ақырындап жаяу бет алдық, Бұл жұмадан сенбіге қа-
раған түн еді. Сол түні көп әйел босанды. Мен келіп түскен уақытта, 
менің үлбірегімді тесті де, палатаға жіберді, «Күт, қазір толғата бастай-
сың», - деді. Толғақ басталды, мен айқайлағым келмеді, айқай баланы 
шошытуы мүмкін дегенді бір естігенім бар-ды. Үйреткендей тыныста-
дым,  ұйықтадым,  ояндым,  қайтадан  тыныстадым  және  шыдадым. 
Сағат 5.30-дан 8.00-ге дейін маған ешкім жақындаған жоқ. Медиктер 


77
«Жетістік тарихы» кітабы
мен туралы ұмытып кетті, мен оларды өзім іздей бастадым. Ауруха-
нада  кезекті  ауысым  болып  жатты.  Олар  мені  көрген  уақытта,  жүз-
дерінде  үрей болатын, әбігерге түсіп, стимуляторды еге бастады және 
маған айқайлай бастады. Үш сағаттан астам бала сусыз болды, толғақ 
кезінде ол ішімде қатты аунақшыды, ақыр соңында   босану басталды, 
бірақ біраз уақыттан соң ол үнсіз қалды. Мен тыныстаймын, шыдай-
мын, есімнен танамын, есімді жинаймын да, дәрігерлердің жүздерін 
көремін (олар көп болып жиналды – анестезиолог, хирург,  акушер) 
–  олардың  жүздері  тұнжыраулы  еді.  Осы  сәтте  менде  іштей  айқай 
туды:  «Мен баладан айырылып қалуым мүмкін!». Не істеймін? Мен 
жалғызбын, әлем бір жаққа жоғалып кетті. Мен жалбарына бастадым: 
«Құдайым,  көмектес!  Менің  баламды  құтқар!».  Бұл  саналы  түрде 
емес еді, шарасыздықтан болды. Сонда үдеріс басталды... Бұл бірін-
ші бұрылыс нүктесі болды. Бірақ Антон айқайламады, бірден неона-
толог жетіп келді. Жан сақтау шараларына бірден кірісіп кетті. Ұлым 
5-ші қабатта жан сақтау бөлімшесінде, мен – бірінші қабатта жаттым. 
Дәрігерлер  маған  оның  жағдайын  айтпады.  Босанғаннан  кейін  екі 
сағаттан соң мен ауырғанды да, шаршағанды да сезбей, балама өзім 
бардым, түтіктерге оралып кювезде жатқанын көрдім. Соңынан шала 
туған нәрестелердің бөлімшесіне ауыстырды. Бұл ережелерге қайшы 
еді, бірақ оған тек сонда ғана көмектесе алатын. Әрине, шала туған 
балалардың жалпы аясында ол маған ең әдемі бала болып көрінді. 
Өйтіп салыстырудың кері әсері болмас деген сенімді туғызды. 
Дүйсенбіде  емдеуші  дәрігер  маған  баладан  бас  тартып  өтініш 
жазуға  кеңес  берді,  себебі  осылай  босандырудан  кейіін  онда  не-
врологиялық  сипаттағы  көптеген  босану  жарақаттары  болды:  «Ол 
–  өсімдік.  Өзіңізді  де,  күйеуіңізді  де  аясаңызшы.  Сіздер  жассыздар, 
басқа балаларды туасыздар, ал егер мына баланы қалдырсаңыздар, 
онда басқаларына сіздердің күштеріңіз де, уақыттарыңыз да болмай-
ды». Ол адамға мен сенетінмін, бұл дәрігер менің жақын құрбым бол-
ды. Шынын айтқанда, мен оның маған не деп тұрғанын түсінбедім. 
Мен 20 жасымнан бала туралы армандадым, енді міне, 27 жасымда 
ол дүниеге келді. Жүктіліктің алғашқы күнінен бастап мен оның Антон 
екенін білдім және оны күттім. Құдайдан оны құтқаруды өтінгенімді 
ұмытқан жоқпын, және мен бұл баладан бас тарта алмас едім. сана-
лы түрде болмаса да, бірақ мен өзіме тек осы баланың керек екенін 
білдім. 
7-ші күні маған онымен бірге үнемі болуға рұқсат етті, әкеліп, ма-
нежге жатқызды. Ұйықтап жатты, ал мен айналсоқтап, осы керемет-


78
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ке қарап жүрдім де, оның қашан оянатынын күттім. Оянған осы сәт 
– екінші бұрылыс нүктесі. Ол бір көзін ашты да, мен қуланған саналы 
жанарды көрдім және өзім де жымиып күлдім. Өсімдікте ондай ойлы 
жанардың  болуы  мүмкін  емес,  онда  интеллект  болды.  Мен  осыны 
қармандым, және бұл басқа күйге бөледі. Күш келді, мен ол уақытта 
22 тілік пен жіктерге қарамастан (маған бір апта жатасың деп айтқан 
еді),  өзімнің  шаршағанымды  мүлдем  сезбедім.  Соғыстағы  секілді 
жоғары мобилизация дәрежесі болды. 
Біз  16  тәулік  жаттық.  Алғашқы  күндерден-ақ  мен  интеллект  ұй-
қыға кетпеу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Күйеуім, оған 
өзі сене қоймаса да, маған көмектесті. Мен нәрестеге ертегі оқыған 
уақытта, күйеуім таңғалды: «Керегі не? Ол бәрібір ештеңе түсінбейді 
ғой!»
 Антон көп әрі қатты жылады, оның жоғары бас сүйек ішіндегі қы-
сымы болды. Оған түрлі процедуралар жасады, әлі күнге дейін оның 
төсінде  электрофарезден  күйіктер  қалып  қойды.  Сауатты  дәрі-дәр-
мектік терапия тағайындалды. Мен дәрігерлерге бұл үшін өте разы-
мын. Біз үшін сол кезеңде онсыз болмайтынын әрқашан түсінетінмін. 
Сирек дәрі-дәрмектер керек болды, оларды Ресейден, Молдавиядан 
алғыздық, әріптестеріміз қан тапсырды. Мұның бәрімен күйеуім ай-
налысты, мен тек оған не істеу керектігін айтып отырдым. Күйеуіме 
алдын ала болжамды хабарлаған уақытта, ол мұны қабылдаған еді, 
өйткені менен айырып қалғысы келмеді.
Диагноз 2-ші күні қойылды: БЦП бойынша тәуекелдік тобы. Оны 
қараған  барлық  невропатологтар  6  айға  қарай  біржола  бір  пікірге 
келді:  басқа  аурулардың  көбісімен  –  парапарез,  гиперкинез  және 
басқаларымен ұштасқан БЦП. Антонның жағдайы үнемі өзгеріп оты-
рды.  Түрлі  уақытта  бір  проблемалар  кетіп,  басқалары  пайда  болып 
отырды. Алдымен ол қолдарын ашпады, аяқтарын айқастырды, онда 
қол-аяқтың спастикасы болды. Мен қолдарын ашқызғым келді, менің 
өтінішім бойынша күйеуім кішкентай ағаш алақан кесіп әкелді, мен 
оны  ұлымның  алақанына  таңып  қойдым.  Бізге  поликлиникада  көр-
сеткендей созғыладым, массаж жасадым. Біз өте сауатты инеші-тера-
певті кезіктірдік, оның процедураларынан кейін ұлым жұдырықтарын 
аша  бастады.  9  айда  тыныш  түндер  пайда  болды.  Жылына  бір  рет 
бізге тегін массаж – 10 процедура тиесілі болатын. Бір бұл аз болды. 
Ол мұздаған тауық секілді еді, бір рет мен басқа бір сәбиді қолыма 
алып едім, ол бүкіл кішкене денесімен маған жабысып алғанда мен 
айырмашылықты сездім. Қатты мойын қисықтығы, Грэф синдромын 


жүктеу 16,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау