Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 16,81 Mb.
Pdf просмотр
бет26/69
Дата19.11.2018
өлшемі16,81 Mb.
#21124
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69

82
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ның бізге сенгенінің арқасында болды. Орта мектепте оқыған бір жыл 
мүмкіндіктері шектеулі және интеллекті сақталған баланың оқи ала-
тынын, тіпті жақсы оқи алатынын көрсетті. Әлбетте, менің тарапым-
нан әкімшілікпен, мұғалімдермен және 4-ші «в» сыныптың оқушыла-
рының ата-аналарымен көп қатынастар болды.
Оқу  жылының  ортасына  қарай  барлық  тараптардың  толық  өза-
ра бейімделуі орын алды және біз 165-ші техникалық лицейге оқуға 
түсуге дайындала бастадық. Емтихандар сәуір айында өтті және бес 
пәннен, соның ішінде психологиялық тестілеуден тұрды. Құжаттарды 
тапсырғанда, мен тек дәрігерге ғана емес, сонымен қатар директорға 
да, оқу ісінің меңгерушілеріне де баланың белгілі бір қабілеттері бар 
екені  туралы  ескерттім  және  «Жібересіздер  ме?»,  -  деп  сұрадым. 
Оңды жауап алған соң, біз барлық балалармен бірге емтихандарды 
тапсыра бастадық. Оқушылардың болашақ құрамы ресми қабылда-
уға дейін анықталды, өйткені емтихандардың нәтижелері бірден жа-
рияланып отырды. Ұлым көшбасылардың қатарында болатын, бірақ 
жиналыста оның аты аталмады. Ата-аналар мен балалар менен «Сіз-
дер неге жоқсыздар?», - деп таңдана сұрап жатты. Сонда директор 
бізді онда емтихан комиссиясының бүкіл құрамы отырған өзінің ка-
бинетіне шақырып, 10 жасар балаға қарап былай деді: «Сен түсінесің 
бе, кейбір балалар жылап жатыр, өйткені бірнеше ұпайға жете алмай 
қалды да, оқуға түспеді, ал сенің жағдайың басқа – сенің ұпайың өт-
пелік  ұпайдан  жоғары,  бірақ  біз  сені  қабылдай  алмаймыз,  өйткені 
сенің  елеулі  ауруың  бар…».  Сол  жерде  болған  барлық  педагогтар 
көздерін жасырды және неге баланы әуел баста емтиханға жіберген-
дерін түсіндіре алмады. 10 жасар балаға ересек адамдардың осын-
дай қылығының себебін түсіндіру мүмкін емес еді. Әншейін, ерекше 
бала бір айлық емтихан сайысына шыдай алмайды деген ой болған …
№111 гимназияға бізді нағыз ұстаз әрі адамгершілігі жоғары – Вла-
димир Николаевич Кривобородов қабылдады. Ол былай деді: «Егер 
осындай  балаларға  көмектеспесек,  онда  кімге  көмектесу  керек!?» 
Владимир Николаевичқе біз өмір бойы алғысымызды айтамыз. Тағы-
да емтихандар, бала оларды оп-оңай тапсырды. Құжаттарды тапсы-
рған  уақытта,  директор  кабинетіне  оқу  бөлімінің  меңгерушілерін 
шақырып алып, мұндай оқушыға көңіл бөлу және ол талаптанып білім 
алуы үшін бәрін жасау керек дегенді айтқаны есімде.
Міне, екі кәсіптік және адами позиция – екі көзқарас. Өкінішке қарай, 
мүгедек балалардың жақсы білім алуға қол жеткізуіне қатысты Кривобо-
родовтың позициясы 21-ші ғасырдың басында айрықша болды. 


83
«Жетістік тарихы» кітабы
Ұлыма гимназияда қиын болды. Ондағы балалар оңай болмады. 
Алғашқы  жан  жарасын  қасында  жүрген  өзінің  жақын  досы  салды. 
Онда не болғанын мен әлі күнге дейін білмеймін, бірақ бүкіл сынып 
хабардар болатын. Антон маған ештеңе айтпады, баланы кешірді. Ол 
жалпы ешкімге де кек сақтамайды.
Ұлымның  тағдыры  көп  себептерге,  бірақ  99%-ға  –  біздің  ата-ана 
ретіндегі әрекеттерімізге байланысты болды. 1% – Магзумова және 
Кривобородов секілді түсініп қарайтын адамдармен кездесулер.
Мен бұрын Антонның үлесін жете бағаламайтынмын, ал ол сондай 
тырысты! Оған берген барлық тұнбаларды, дәрі-дәрмектерді қыңқ ет-
пей ішіп жүрді.  Анасын қуантқысы келді. Тіпті гимнастикамен айна-
лысқанда да қабақ шыту болмады.  Онда жалпақ табан және спазм 
болды, оның кесірінен жүру ауыр, ол кез келген тастан қашатын, олар 
көзіне жас келетіндей ауыртатын. Ал Ыстықкөлде мен оны жалаңаяқ 
жүруге мәжбүрледім, бұл проблеманы тек осылай ғана шешуге бола-
тын. Осылай әркез азаптану, ауырсыну арқылы  менің тілімді алатын.
Мен  өз  бетіммен  шеше  алмайтын  проблемаларды  еңсеру  үшін,  
саналы түрде белгілі бір жағдаяттар қалыптастырып отырдым. Мыса-
лы, № 1 міндет – оның денесінде координацияны қалпына келтіру. 
Ол үшін конькиді, роликті меңгеру керек. Бірақ Антон үшін бұл қиын 
болды,  оны қаламады. Мен оны бірге ойнауға, коньки немесе ролик, 
скейт,    велосипед  тебуге  тартатын  балаларды,  оның  қатарластарын 
іздедім. Ұлымның керемет жұғысымды бала болғаны көмектесті, ол 
шек-сілесі қата күлетін, көңіл көтере білетін, сондықтан балалар әр-
дайым оған жақын болғылары келетін. Бұл тәсілді мен екеуміз бірге 
шыға  алмайтын  әр  төмпешік  кезінде  пайдаланып  отырдым.  Жалпы 
стратегиядағы  осы  «топ  жина»  тактикасы  мінсіз  жұмыс  істеді.  Яғни, 
мен ұлымды жетілдіру және тәрбиелеу үдерісін өз бетімен жібере ал-
мадым, автопилотта ештеңе де жасалмады, бәрі де саналы әрі ойла-
стырылған, бір сөзбен айтқанда –  «қолмен басқаруда» болды.
Антон  19  жасқа  толған  уақытта,  біз  доктор  Матвиевскиймен 
таныстық.  Дәрігер  бізге  гиперкинезді  тоқтатуға  көмектесті.  Ұлымда 
оның тәнінде бақылаудан тыс қимылдар болатын, ол теңселетін. Еңсе-
руге  келмейтін  жағдай  деп  саналады,  клетканың  ядросының  терең 
зақымдалуы емделмейді. Бірақ мен гиперкинездің біресе үдейтінін, 
біресе  толастайтынын  көрдім,  ал  ойнағанда  ол  мүлдем  байқалмай-
тын, осыны байқау маған үміт ұялатты. Матвиевскийдің орталығында 
Антон аутист баламен жұмыс істеу арқылы өзін өзі тартып шығарды. 
Матвиевскийдің  әдістемесі  осындай:  басқаға  көмектескенде,  өзіңе 


84
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
көмектесесің.  Оның  орталығында  ата-аналар,  өз  балаларын  тартып 
шығара отырып, өздері де физикалық, рухани, интеллектуалдық, мен-
талдық, психикалық деңгейлерде өзгереді.
Дұрыс  сүйетін  ата-аналар  өздерінің  ерекше  баласы  үшін  өмірге 
разы. Олардың алдында үлкен міндет тұрады: оған қалай көмектесуге 
болады? Ізденістер басталады, ал бұл олардың өмірін өзгертеді.
Біз Антонмен өзіміздің «кедергілі жүгірісімізді» бастаған уақытта, 
ерекше  балалар  мен  олардың  ата-аналарының  проблемаларымен 
айналысатын МЕҰ-ның айтарлықтай саны әлі бола қоймаған. Айбек 
Думбаев пен оның «Жан» қоғамын таптым, бірақ онда маған көмек-
тесе алмады. «Әлем көмек» Қоғамдық қорына ерікті болып бардым, 
содан  кейінірек  осы  қордың  басшысы  болдым,  ал  құрылтайшылар 
қорды  жапқан  уақытта,  біз  «Эдельвейс»  қоғамдық  қорын  аштық. 
Мүгедек  балаларға  көмектестік,  бірақ  Антонға  біздің  қор  ешқандай 
көмек  көрсете  алмайтын,  БЦП  емдеуге  арналған  «ғарышкердің  ко-
стюмі» оған тағайындалмаған еді.
Маған ұлымның өмірі үшін қорқыныш түрткі болды, бәрі де шырма-
лып қалғандай көрініп, үнемі мен дұрыс істеп жүрмін бе деген күмән 
тындады. Мүмкін, баланы қинаудың керегі жоқ шығар? Егер көз ал-
дымда  оңды  мысалдар  болса,  менде  қорқыныш  болмас  еді.  Қазір 
олар көп, Ғаламтор арқылы әлемдегі кез келген тәжірибені табуға бо-
лады. Ал мен көзі ашылмаған марғау секілді күмәндар арқылы алға 
жүрдім. Сонымен қатар ішкі дауысым «Осылай істе!», - дейтін. Ұлым 
баспалдақтан баспалдықты еңсеріп, жетіле берді.
Менің әдістерім мен көзқарастарымнан басқа отбасылармен біз 
толық екі айырылдық, күйеуімнен және кездейсоқ адамдардан басқа 
пікірлестерім жоқ болды.
Биыл Антон 23 жасқа толады. Мен енді оған ықпал ете алмаймын, 
өзі сұрамаса, ақыл айтпауға тырысамын, әйтпесе, ол бірден тұйықта-
лып қалады. Бірақ егер менің пікірімді сұраса, мен әрине, оны айта-
мын, ол менің сөздеріме құлақ салады.
Қазір ол бөлек тұрады. Бұл мен үшін кезекті сын болды. Мен оның 
өзімнен қаншалықты қажығанын түсіндім. Мен сондай мақтан ете қо-
ятын ерекше ештеңенің жоқтығын түсіндім.
Біз әрдайым ұлымыздың  басқалардан артық та емес, кем де емес, 
және басқалардың істеген іс-шараларын ол да атқара алады деп ұғын-
дырып келдік,  Әрине, біз мұның арман екенін түсінетінбіз, бірақ біз 
мүгедек  баланы  басқаша  қалай  ынталандыруға  және  табандылық, 
еңбекқорлық дарытуға, жетілуге деген ұмтылысын баптауға болаты-


жүктеу 16,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау