96
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
гопедтер, дефектолог, психолог жұмыс істеді. Мамандардың жеке
жұмысындағы жүйелілік алға қарай жетелейді, аз да болса дұрыс
қадамдарға жеткізеді (бала қиын, ерке, оларға Әлимен жұмыс істеу
оңай болмады).
Біздің өміріміздегі маңызды бір сәт тәуіпке барғанымыз болды.
Ол ұлымды құшақтап алып, қолына ұстап көрді де, тасбақаның жұмы-
ртқалары керек деді. Оларды бізге туыстарымыз бен таныстарымыз
Бішкектен әкеліп жүрді. Бір жұмыртқа 50 доллар тұратын. Таңертең
аш қарынға кішкене ғана, сіріңкенің басындай мөлшерде қабылдау
керек еді. Бір жылдың ішінде шамамен 15 дананы жеді. Бекіді, бұл-
шық еттер пайда болды, суық тиіп ауыратыны азайды. Қазір физика-
лық жағынан ол өз құрбыларынан кем қалмайды. Рас, тәуіп сол кезде
еңбегі жабылмай тұрып ертерек әкелгенде, ол баланың басқа да про-
блемаларын шешуге көмектесе алушы еді дегенді айтты.
Ұлымызды оқытатын уақыт келіп жетті, мектепті таңдау туралы
мәселе тұрды. Таныстарымыз Саран қаласындағы ШДМ науқасы бар
балаларға арналған облыстық №5 мектеп-интернат туралы айтты. Бұл
мектеп ауласында гүлзарлар мен мүсіндер бар көне мекенжайға ұқ-
сас, онда ерекше атмосфера бар. Оны табалдырықтан аттағанда бір-
ден сезесің. Бір «барлауға» келген уақытта,
Әлижан ол жерден кеткісі
келмеді. Біз өзімізге керегі осы екенін түсіндік.
Мектеп директоры – Айгүл Қуанышқызы Әубәкірова Әлиді білетін
болып шықты, ұлым оңалту орталығына барып жүрген уақытта, әді-
стемеші болып жұмыс істеген екен. Ол оны қуана қабылдады.
Сынып оқушыларға толық болды, онда психикалық жетілуі кешік-
кен (ПЖК) және Даун синдромы бар балалар оқыды. Бір айдан соң
біздің сыныпты екіге бөлді. ПЖК бар балалар бөлек және біздің сы-
нып «Б бағдарламасы» бойынша. Даун синдромы және балалар ау-
тизіміне ерте шалдыққандар, ауытқуында және дамуында ұқсастық
бар балалардың топқа үйренуі өте қиын және баяу болып келеді.
Осы орайда 2012 жылы біздің мектепке осы санаттағы балалар үшін
ұйымдастырылған болатын. Әрине, баланы аптаның бүкіл барысы-
на қалдырып кету оңай болмады (Саран Қарағандыдан 30 шм орна-
ласқан). Шамамен жарты жылдай бізде де, ұлымызда да бейімделу
жүрді. Әлидің сыныбында ең көп дегенде 7-8 бала. Кесте өте икемді:
түске дейін және түстен кейін сабақ. Сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
балалар демалады. Балаларға ыңғайлы болуы үшін, сынып бөлмесі
жатынжай мен ойын бөлмесінің қасында орналастырылған (бұл ди-
ректордың идеясы болатын).