56
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
келгенімізде, бізді ЛОР-дәрігерге жіберді, ол облыстық балалар ауру-
ханасына жолдама жазып берді. Дәрігер бірден – «Сіздерді босқа үміт-
тендірмей-ақ қояйын, қыздарыңыздың құлағы мүкіс», - деді.
Бір таныс әйел Омбыдағы сурдологиялық орталыққа баруға кеңес
берді. Онда Каринаны тексерді: сынамалар, аудиограмма, самайлық
томография жасады. 3-4 дәрежелі екіжақты нейросенсорлық құлақ
мүкістігі деген диагноз қойып, даниялық цифрлық есту аппаратын са-
тып алуға кеңес берді. Аппарат арқылы қызымыз барлық дыбыстарды
еститін болады деді.
Мен қамығып, туыстарыма қоңырау шалдым. Әрине, алғашқы ой:
«Неліктен бұған менің балам тап болды?». Жүктілік жақсы өтті, токси-
коз болған жоқ. Бірақ, уайымдауға уақыт болмады, қызыма көмектесу
үшін қол қусырып отыру мүмкін емес еді. Мен өзіме: болған жайт бол-
ды, демек осылай болуы тиіс болған екен – деп өзіме демеу бердім.
Бір аппарат 150000 теңге тұрды, ал ол екі құлаққа да керек. Күйеуім
ақша тапты да, біз Омбыға аппарат алу үшін қайта бардық. Сурдолог
ұзаққа созбай бұл проблеманы жылдам шешкендеріңіз дұрыс болды
деді. Аппараттарды кигізіп, қалай пайдалану керек екенін түсіндірді,
батареялардың бір жылдық жиынтықталымын берді. Оларды үш күн-
де бір ауыстырып отыру керек. «Ата-аналарға арналған университет»
деген кітапты сатып алуға және тұратын жеріміз бойынша есепке
тұруға кеңес берді.
Кітапты ол жолы таппадық, бірақ есепке тұрдық. Бір аптадан соң
бізге № 4 мектеп-интернаттан қоңырау шалып, аудиограмма жасауға,
облыстық балалар ауруханасында тексерілуге және осы мектепке түсу
үшін құжаттар жинауға кеңес берді. Қыркүйектің бірінші жұлдызын-
да Карина 4 жасында Көкшетау қаласындағы арнаулы коррекциялық
мектеп-интернаттың мектепке дейінгі бөлімшесіне барды.
Бізде Қызылжарда есту қабілетімен проблемалары бар бір ұл бала
тұрады. Баланың анасы бізге Омбыға баруға кеңес берді. Алматыда
Ақсай балалар ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша ота
жасатуға кезекке тұруға да ақыл айтқан сол кісі еді. Кезекті 2 жыл күт-
тік. Бұл уақыттың ішінде Омбыға бардық, есту аппараттарының бап-
тамасын жасаттық, Алматыда САТР орталығында болдық, осы жерде
бізді осындай балалармен қалай жұмыс істеп, сөйлетуге тырысу ке-
рек екеніне үйретті. Біз үйдегі барлық заттарға олардың атауларын
жабыстырып қойдық. Достарымыз – «Немене, аттарын ұмытып қала-
мыз деп қорқасыңдар ма?», - деп қалжыңдайтын. Логопедпен айна-
лыстық. Карина дыбыстарды айта бастады.