66
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ЛФК нұсқаушысының сабақтарына, музыка сабақтарына қатысамыз.
ПМПК тарапынан бізге Юляның оқуға жарамайтыны туралы қоры-
тынды берді. Олардың өз себебі бар:
– Қаламды, қарындашты ұстайсыздар ма?
– Жоқ.
– Сөйлейсіздер ме?
– Жоқ.
– Онда мектептің керегі не сіздерге? Одан соң бәрібір үйде отыра-
тын боласыздар.
Нәтижесінде, біз үйде білім беруге және тәрбиелеуге жәрдемақы-
дан құр қалдық. Сонда, «оқытуға жарамайтын» деп ен тағылған ерек-
ше балақайларға жетілдіруші құралдар да, кітаптар да керегі жоқ
болғаны ғой. Сәбидің мүгедектігі бойынша жәрдемақы неге жетеді?
Тура 2 йогуртке, бір литр сүтке, 2 жеміске және күніне 2 памперске
жетеді (мемлекет 1 күнге 1 памперс береді).
Қоршаған әлемді танып-білуге және оны сезінуге мүмкіндік бер-
мейтін балақайлар бар екеніне келісемін. Бірақ, өздері үшін жаңа
білімдер мен ебдейліктерді ашуды жалғастыратындары да бар
(көбісін жеке білемін), бірақ ол бойынша ауыртпалықтың бәрі ана-
лардың иығына түседі.
Мемлекетіміз оқытуға жарамайтын балалар жоқ деген саясатты қол-
дайтын секілді еді, бірақ іс жүзінде Конституцияның жаппай білім алуға
құқық туралы бабының бізге қатысы жоқ болып шығады. Ал Выгодский-
дің ең жақын жетілу аймағы туралы теориясы ше? Біз өз шектерімізді
білеміз, бірақ бір машықтарды дамытқанда, жалпы миды дамытатыны-
мызға және ол біздің өмірімізге ықпал ететініне кәміл сенімдімін. Юля
санау мен әріптерді танып-білуде және табыстарға жетуде.
Өзіңе және басқаларға қалай көмектесуге болады?
Біріншіден, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдар-
мен белсендірек араласу керек. Әрі жатқан тастың астына су ақпайты-
ны жайында және ата-аналар – мемлекеттің бір бөлігі екені жайында
ұмытпау керек. Мемлекеттік шенеуніктер сіздің проблемаларыңызды
терең сезіне алмайды және тек сіздің балаларыңыздың өмірінің сапа-
сы ғана емес, сонымен қатар кейіннен дүниеге келетіндердің де өмірі
сіздің өз сәбиіңіздің құқықтары мен қажеттіліктерін қаншалықты та-
банды қорғауыңызға байланысты. Иә, біздің жүйе оңай емес және
қиындықтар болады, бәрі рас, бірақ әр қадам – алға жасалған Қадам…
Әрқашанда өзіңнің ата-аналық позицияңды дәйекті және анық
білдірген маңызды. Әлеуметтік қорғау қызметі беретін арбаша ба-
67
«Жетістік тарихы» кітабы
лақайға жарамай ма? Одан бас тартқан (қайта тапсырған), несімен
жарамайтынын, нақты сәбиге қажет арбашаның қандай техникалық
сипаттамалары болуға тиіс екенін жазбаша көрсеткен дұрыс …
Екіншіден, өзіне өзі көмектесе алмайтынға көмектесу керек.
Басқалар үшін әлдебір ұсақ-түйектерді жасауыңызды доғармаңыз,
мүмкін, әлдекім үшін ондай ұсақ-түйек оның жүрегінен үлкен орын
алар және, күмән жоқ, бұл сізге күш береді. Ата-аналары бас тартқан
ерекше балалар өте көп. Бәлкім, олар үшін тап сіз бір нәрсе жасай
алатын боларсыз, өйткені әлдебір мәселелерде басқаларынан көрі
көбірек жетіксіз (әлдебір арнайы тәсілдер, техникалық құралдар,
жетілдіруші заттар немесе мерекелерді ұйымдастыру немесе мем-
лекеттік органдармен түйінді мәселелерді шешу, басқасы). Алдымен
қызметкерлермен немесе басшылықпен жай сөйлесуге болады. Бұл
өмірде көп нәрсе өзіңе қайтып келеді, мүмкін, сізге басқа адамдар-
дың көмегін күтуге және қабылдауға тура келетін шығар. Кейде, со-
ның ішінде мемлекеттік органдарға ұжымдық жолдаулар құрасты-
руға қатысу арқылы, басқаларға көмек көрсетуге мүмкіндік, уақыт
және күш тапқанда – өзіңіз үшін және басқалар үшін игі іс, алға қадам
жасайсыз …
Қазір қандай көмекке мұқтажбыз?
Юля біраз өсті, енді біз оңалтудың ең маңызды амалдарының бірі
– бассейнсіз қалдық. Бір ғана жылы қалалық бассейн – ескі, кіп-кіш-
кентай, Оңалту орталығының ғимаратының жертөле үй-жайында – 5
жасқа дейінгі балақайларға арналған. Балабақша жасынан асқан,
олардың жүзгілері келетін және оған мұқтаж, әлсіреген және жиі ауы-
ратын балақайлар не істеуі керек?
Су процедуралары – шынықтыру мен сауықтырудың неғұрлым
маңызды түрі. Ал егер шынығу рақат әкелетін болса – онда ол екі есе
пайдалы. Бассейінде жүзу – оңалтудың басты әдістерінің бірі, бұл ауыр
физикалық бұзылушылықтары бар балалар өздерін еркін сезіне алатын
бірден бір орын деуге болады. Бұл орайда, спастикалы балалардың
жағдайын ауыртпай, өздерін еркін сезінуіне ғана жету үшін, су жетер-
ліктей жылы (34 градус) болуға тиіс. Бассейн ШМ бар балақайлардың
қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталған және барлық мұқтаж балалар –
денсаулығы осал және жиі суық тиіп ауыратын, осал денсаулығының
себебінен әдеттегі бассейндерде жүзе алмайтын балалар үшін қол-
жетімді болуға тиіс.
Әр қалада барлық оңалту құралдарының (бассейн, оңалту ор-
талықтары, техника оңалту құралдары, диспорт) болғанын және
68
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
әуре-сарсаңға түскен ата-аналарға қалалар мен мекендерге ша-
пқылап, еңбекпен келетін қаражаттарын жол ақысына және үйден
тысқарыда тұрмысты жайластыруға арналған шығындарды жұмса-
уға тура келмеуін ең маңызды деп санаймын. Оның үстіне оңалту
күн сайын болуға тиіс.
Санаторийлік-курорттық емделуді қабылдайық. Әлеуметтік
қорғау туралы заң бойынша біздің балаларымызға жыл сайын
тағайындалуы тиіс. Оны қанша бала және қаншалықты жиі алады?
Мен біздің балаларымызға арналған тек бір арнаулы санаторийді
білемін, Юля ол жерде бір жолы болған – Алматыдағы 30 орынға
арналған «Балбұлақ», екі қабатты (лифт жоқ!). Бұл дұрыс емес.
Ерекше балалар өздерінің қатарластарына қарағанда аз қимыл-
дайды, тұмау ауруларымен жиі ауырады, ондай уақытта сабақтар-
ды жіберіп алуға мәжбүр болады, бұл шегіншектеуге әкеліп соғады.
оларға теңіздің ауасы, шомылу, табиғатпен тыныстау өте қажет. Қа-
ламыздан 4 сағаттық жолда «Баянауыл» туристік аймағы бар. Қа-
зақстанның даласының ортасында жатқан әсем табиғаты бар өңір.
Неліктен сонда біздің балаларымыз үшін бейімделген, бассейн-
дері, иппотерапиясы, арнайы велосипедтері бар санаторий тұрғы-
збасқа?!
Оңалтудың енді бір маңызды құралы – диспорт. Диспорт жоға-
ры клиникалық тиімділікке ие және балалар қолдану үшін қауіпсіз.
Оқшау әсер етіп, препарат бұлшық ет спазмдарын басады, оңалту
іс-шараларының кешенін жүргізуге көмектеседі. Бүгінгі таңда БЦП
бар балалар диспорттың инъекцияларын Астанада Республикалық
Балаларды Оңалту Орталығында және Алматыдағы «Балбұлақ» ор-
талығында ала алады. Диспорт балаларға елеулі прогреске жетуге
және жаңа машықтарды меңгеруге көмектеседі, спастикалықты
азайтады және контрактуралардың, қимылдау қиындығының және
ауырсынудың алдын алады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде маған диспорт келісу проце-
дурасынан өту сатысындағы БЦП оңалту стандартына енгізу туралы
мәселе қаралуда деп жауап берді.
Бұл инъекцияларды балалардың барлығы бірдей ала алмайды,
оның себептері әр түрлі: РБОО «Балбұлаққа» кезектер, шалғайда
тұру, сондай-ақ балалардың интернатта болуы (проблема ерекше
балаларды тасымалдаудың ауыр жағдайларына және ересек адам-
ның ілесу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты оңалту орталықта-
рына түспейтінінде).
Достарыңызбен бөлісу: |