48
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
біраз бала бар, оларға интернатта болған жақсы. Сонда мен ата-ана-
ларына былай деп сұрақ қоямын: «Сіздер ұлыңыз немесе қызыңыз
үйге неліктен барғысы келмейді деп ойландыңыздар ма? Сіздер өз
балаларыңызбен байланысты жоғалтасыз ғой, жіп үзілсе не істей-
сіздер? Егер бала сіздерге керек болмаса, онда ол кімге керек? Кез
келген балаға, оның үстіне денсаулығы нашар балаға көңіл бөлу,
қамқорлық жасау, аялау қажет». Кейбір ата-аналар басқаша шектен
шығады – шамадан тыс қамқорлыққа беріледі. Ондайларға мен бала-
ның онсыз да мүгедек екенін, одан екі есе мүгедек, мүлдем дәрменсіз
адамды жасаудың керегі жоғын түсіндіремін. Ол тек естімейді, сіздер
оның құлағы болуға тиіссіздер. Оның мүмкіндіктерін дамыту керек».
Мүгедек балалар дербестік, жауапкершілік, тәртіп дегеннің не
екенін білуге және түсінуге тиіс. Отбасы да, мектеп те осы бағытта жұ-
мыс істеуге тиіс. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, пси-
хологиялық көмек – жұмыстың бөлек әрі өте маңызды бағыты. Өкініш-
ке қарай, ол барша жерде жүргізіле бермейді. Бір жыл бұрын тәрбиеші
Балқыз Назымбекқызы Дандыбаевамен бірлесіп, ата-аналарға ар-
налған «Отбасы құндылықтары» атты клубтың бағдарламасын әзір-
ледік. Жылдың барысында ата-аналарға, ата-аналар мен балаларға қа-
тар арналған іс-шаралар өткізді. Бұл кездесулерде ата-аналар өздерінің
балалары жайында, олардың мүмкіндіктері, әуестіктері, дарындары
туралы көп нәрсені естіп біледі. Балалар өз ата-аналарынан өз отба-
сыларының дәстүрлері, отбасы мерекелері жайында естіп біледі. Бір-
лескен сынып сағаттары ата-аналарға өмірдің түрлі салаларындағы
өздерінің тәжірибесін балалармен ортаға салуға көмектеседі. Ондай
іс-шаралар ата-аналар мен балаларды жұмылдырады. Ата-аналар ба-
лаларды түсінуге және оларды қаз қалпында қабылдауға және оларға
жетілуге көмектесуге үйренеді. Біз жаңа оқу жылында Клубтың жұмы-
сын міндетті түрде жалғастырамыз.
Ал, өз балаларыма келетін болсақ, Настя – есту қабілеті бұзылған бала-
лардың арасындағы
халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық
балалар шығармашылығы байқауының қатысушысы және дипломанты,
тек кереңдердің ғана емес, құлағы еститіндердің де арасында достары
бар. Былтыр ол мектепті бітірді. Бүкіл сыныппен бірге Бизнес колледжі-
не «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқуға түсті. Топта балалармен
сурдоаудармашы жұмыс істейді. Бір ғана «бірақ» - біздің балаларымыз
білімді толық көлемде алуы үшін ондай маманға тәжірибе қажет.
Мен ШДМ бар балаларға кәсіптік білім беру бойынша жаңа
тәсілдемелер мен бағдарламаларды әзірлеу керек деп ойлаймын.