«Астана қаласының Еңбек инспециясы жөніндегі басқармасы» мм



жүктеу 1,48 Mb.
бет2/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,48 Mb.
#1732
1   2   3   4   5   6

III бөлім. Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау

10. Жұмыс беруші:

1) жұмысқа қабылдауды қызметкерді еңбек жағдайларымен, еңбек тәртібі ережелерімен және Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

жұмысқа қабылданған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарының олардың кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда, оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;

лауазымдары Шартқа 6-қосымшада қарастырылған қызметкерлермен үлгі шарт негізінде толық материалдық жауапкершілік шарттардың (Шартқа 7-қосымша) жасалуын қарастыруға;

2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын:

а) белгісіз мерзімге;

б) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасасуға.

Еңбек шартының мерзімі ұзартылған жағдайда, ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Еңбек функциясын орындау бойынша қызметкермен бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты қайталанып жасалған жағдайда, ол да белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Егер еңбек шартының қолданыс мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы бір тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Белгісіз мерзімге еңбек шарты жасалған қызметкерлерге көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында белгіленген мерзімге еңбек шартын жасауға тыйым салынады.

в) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;

г) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

д) маусымдық жұмысты орындау уақытына.

3) қызметкерлермен еңбек шартын жасасқан кезде:

а) еңбек жағдайларының сипаттамасын, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлардың тізбесін;

б) сол жұмысты орындау үшін қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу заттарымен қамтамасыз ету нормаларын;

в) демалыстарды беру және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу тәртібін;

г) материалдық және моральдық ынталандыру туралы ережені;

д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары, мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін мынадай жұмыс режимдерін: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы шегіндегі кезекшілікті; жұмыстың икемді графигін, толық емес жұмыс күнін қолдануды қарастыруға;

4) қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан кезде жұмыста қалдырудың басымдық құқығын:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;

б) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылардың ата-аналарына;

в) теміржол көлігінде жұмыс істеген қызметкерлерге: ерлерге - кем дегенде 25 жыл, әйелдерге кем дегенде - 20 жыл;

г) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға;

д) жылына кем дегенде бес рационализаторлық ұсыныс енгізген жағдайда көп жылғы белсенді рационализаторлық қызмет жасаған рационализаторларға беруге;

5) кәсіпорынның қызметі тоқтатылған жағдайды қоспағанда, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде бір отбасынан екі қызметкерлердің (ері, әйелі) жұмыстан босатылуына жол бермеуге;

6) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:

а) қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеті органға ақпаратты беруге;

б) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеу үшін аптасына бір күн немесе әрбір жұмыс күні ішінде екі сағат беруге;

в) Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерге орташа айлық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы және екі орташа айлық еңбекақы мөлшерінде қосымша өтемақы төлеуге. Бұл ретте екі орташа айлық еңбекақы мөлшеріндегі (жұмыс іздеу кезеңінде сақталатын) қосымша өтемақыны теміржол көлігі ұйымдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем болмайтын тұлғаларға, жұмыспен қамту уәкілетті мемлекеттік органдарында тіркелу (есепке тұру) туралы анықтаманы ұсыну шартымен әр ай өткен соң, бір орташа айлық еңбекақы мөлшерінде төлеуге (бірінші және екінші айлар үшін).

Станцияларда, разъездерде аталған уәкілетті органдар болмаған жағдайда құрылымдық бөлімше басшысына Қоғам басшылығының алдында елді мекенде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты қосымша өтемақылар төлеу туралы өтініш жасау құқығын беруге;

7) еңбек шарттары Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3), 6)-13) және 16) тармақшаларымен көзделеген негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерді қоспағанда, теміржол көлігі ұйымдарында 20 жылдан кем емес жұмыс істеген, жасы бойынша зейнеткерлік демалысқа шығу құқығының басталуына дейін үш жыл қалған қызметкерлерге Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс берілуіне кепілдік беруге;

Қажеттілігі бойынша құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

Комиссия жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан тұрады, жұмыс берушінің актісімен құрылады, шешім комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді;

8) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда жұмыс істеушілердің санын бірінші кезекте:

кадрлардың табиғи кемуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;

кадрларды қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды меншікті қаражаты есебінен;

кадрлардың бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауысуы;

қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмыспен қамтуды пайдалану;

жұмыстан босатуға баламалы, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану;

құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру, тұрғын үй беру немесе оны жеңілдікпен сатып алуға жағдайлар жасау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жол ақысын төлеу және Тараптардың келісімі бойынша басқа да жеңілдіктер беру арқылы жаңа жұмыс орнына көшу;

қызметкердің келісімімен ауысу сәтінен бастап үш ай ішінде бұрынғы жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы басқа да тұрақты, еңбекақысы төмен жұмысқа ауыстыру есебінен реттеуге;

9) қызметкерлер штатының ұлғаюы кезінде соңғы алты айдың ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге қолда бар бос жұмыс орындары туралы оларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабалауға (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін 10 күн ішінде Жұмыс берушіге жолықпаса, ол жұмысқа орналасудың басымдық құқығынан айырылады);

10) босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына басымдылықпен орналастырылуын қамтамасыз етуге. Қызметкерлердің қайта мамандануын (басқа кәсіптерге оқыту), оқу кезінде олардың орташа табысының 75 пайызын төлеу арқылы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

11) Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкермен Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуға, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шарты тоқтатуды осы Шартқа 8-қосымшада көзделген тәртіппен кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып, жүргізуге;

12) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату ниеті туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге, бұл ретте Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының кіргізуге (54, 56, 59-баптың негізінде);

13) әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;

14) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендіктен, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу аттестациялау комиссияның шешіміне негізделуге тиіс.

Қызметкерлердi аттестациялауды жүргізудің тәртібі, шарттары және кезеңділігі Шарттың 14-қосымшасында белгіленеді.

15) медициналық қорытынды негiзiнде қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы келетiн жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған жағдайларда еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерде үш айлық орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлеуге;

16) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын бұзуға жол бермеуге міндеттенеді.
IV бөлім. Еңбекті қорғау
11. Жұмыс беруші:

1) еңбекті қорғау шарттарын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге:

а) жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жыл сайын мақсатты түрде арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғану құралдары (дәрі-дәрмек немесе алғашқы медициналық көмек қобдишалары, емдік-профилактикалық тамақ – сүт, шырындар, жуғыш заттар) шығындарын есептемегенде, еңбекақы төлеу қорынан кем дегенде 1 пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге;

б) тұрақты жұмыс орындарының еңбек жағдайлары бойынша аттестациясын кем дегенде бес жылда бір рет өткізуге;

в) еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс орындарын жою жөнінде шаралар қолдануға;

г) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары зиянды, ыстық және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерге жұмыстың зияндылық деңгейіне сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар беруге, зиянды химиялық заттармен жұмыс істейтін қызметкерлерге профилактикалық мақсатта сүт немесе оған теңестірілген басқа да өнімдерді беруге. Химиялық заттарды өндірумен немесе оларды қолданумен байланысты жұмыстарда нақты жұмыс істеген күндері ауысым кезінде оның ұзақтығына қарамастан 0,5 литрден сүт беруге. Қорғасынның органикалық емес қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге сүтке қосымша 0,25-0,30 литр мөлшерінде табиғи жеміс шырынын жұмсақ негізімен беруге (Шартқа 10-қосымша).

Шарттың 10-қосымшасына толықтырулар жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша енгізіледі;

д) жұмыс істеушілер саны әрбір өзгерген сайын цехтардың, учаскелердің, және жұмыс орындарының технологиялық процестеріне тиісті түзетуер енгізуге;

2) жұмыс орындарында:

қауіпсіз еңбек жағдайларын;

қажетті санитарлық гигиеналық жағдайларды;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасауды;

еңбек ұжымына еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары мен оны қорғау жай-күйі туралы уақытылы хабарлауды қамтамасыз етуге.

Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмеген жағдайда қызметкерлерді міндеттерін орындауға тартпауға.

Әйелдер мен жасы 18-ге толмаған тұлғаларды ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес қабылдауға жол бермеуге;

3) қызметкерлердің белгіленген нормалар бойынша жуғыш, дезинфекциялаушы және басқа да жеке қорғау құралдарымен, сондай-ақ арнайы киіммен және арнайы аяқ қиіммен мына мерзімдерде: жазғы - 15 сәуірге дейін, қысқы - 1 қазанға дейін қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға.

Зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерге оның келісімі бойынша берілген арнайы киімді және арнайы аяқ киімді оның қалған құнын төлетіп, өзінде қалдыруға;

Жеке қорғану құралдары уақытынан бұрын тозған жағдайда оларды мерзімінен бұрын ауыстыруды жүргізуге.

Дене мен қолдың кірлеуіне байланысты жұмыстарда сабын берудің айына 500 г. нормаларын бекітуге.

Кәсіптерді қоса атқарғанда, негізгі жұмысты орындауға қатысы жоқ технологиялық, жөндеу-құрылыс және басқа да қосалқы-көмекші жұмыстарға тартылған кезде сол жұмыстарды орындау үшін нормалармен көзделген қосымша жеке қорғану құралдарын беруге;

4) берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын пайдаланылмайтын адамдарды жұмысқа жібермеуге;

5) жұмысқа жаңадан қабылдағандардан басқа, желілік станцияларда тұратын құрылымдық бөлімшелердің, филиалдардың қызметкерлеріне кезекті міндетті медициналық тексеруден өту кезінде іссапар шығыстарын (тәуліктік ақы, жол ақысы, тұру ақысы) төлеуге және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

Уәкілетті органда қайта куәландырудан өткен кезде кезекті медициналық әлеуметтік сараптаманы өткізетін күндері мүгедекке еңбекақыны сақтауға. Бұл ретте төлемді екі күннен аспайтын жұмыс күнінде жүргізуге;

6) өндірістегі жазатайым оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде жұмыс істеу қабілетін толық немесе ішінара жоғалткан қызметкерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда оны алуға құқығы бар тұлғаларға мынадай мөлшерде:

қызметкердің он еселенген жылдық табысын - қызметкер қайтыс болған жағдайда;

бес еселенген жылдық табысын - 1 немесе 2-топ мүгедегі болып танылған қызметкерге;

екі еселенген жылдық табысын - 3-топ мүгедегі болып танылған қызметкерге;

жылдық табысын - қызметкерге мүгедектiгi белгiленбей еңбек қабiлетiн жоғалтқандығы толық анықталған жағдайда біржолғы жәрдемақы төлеуге.

Мүгедектік тобы өзгерген кезде біржолғы жәрдемақының мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді;

7) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ егер зардап шегуші осы көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса және оларды ақысыз алмаса, денсаулығының зақымдануынан туындаған емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмектер сатып алуға, протездеуге, басқа адамның күтіміне, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге.

Емдеуге, протездеуге, санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығыстарды төлеуді растайтын құжаттарды ұсынған еңбек міндеттерін орындаған кезде келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға нақты шығындары бойынша шығыстарын өтеуге. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан санаторийлерге жолдамалар бойынша, сондай-ақ егер зардап шегуші денсаулығының жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында көрсетілмейтін санаторлық-курорттық ем алуға мұқтаж болған жағдайда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан санаторийлерге жолдамалар бойынша санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығыстарды өтеуге.

Өзінің еңбек міндеттерін орындаған кезде денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар қызметкердің протездеуге шығыстарын төлеу үшін Шарттың 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Келісім жасалады;

Күтімді әлеуметтік қызметкер, сонымен бірге отбасының мүшесі де жүзеге асыра алады. Күтім бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен белгіленген 1 жылға дейінгі еңбек өтілі жағдайында азаматтық қызметшілердің лауазымдық еңбекақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициентке көбейтілген базалық лауазымдық еңбекақыға тең болатын күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің бір айлық еңбекақы мөлшерінде өтеледі.

Көмектің бірнеше түріне мұқтаж зардап шеккен адамға көмектің әр түрін алумен байланысты шығыстар өтеледі.

Шығыстар мөлшері талап етілетін күтімнің сипатына байланысты анықталады және медициналық күтімге мұқтаж мүгедектерге мүгедектің тұрған жері бойынша күтімді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің еңбекақысынан немесе тарифтік ставкасынан кем болмайтындай етіп, ал тұрмыстық күтімге мұқтаж адамдар үшін, сондай қызметкердің тарифтік ставкасының (еңбекақысының) 50 пайызынан кем болмайтындай етіп белгіленеді.

Еңбек міндеттерін орындауына байланысты жұмыс барысында мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге Шарттың 11-қосымшасына сәйкес тәртіппен және мөлшерлерде арнайы көлік құралдарын сатып алуға, оларды қолмен басқаруға қайта жабдықтауға және ресімдеуге, күрделі жөндеуден өткізу және бензинге ақшалай қаражат бөлуге.

8) өндірістік жарақат алған 3-топ мүгедектерінің жұмысқа орналастырылуын, қажет болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге;

9) кәсіптік ауруы анықталған кезде медициналық қорытындыға сәйкес қызметкерді жұмыс істеу қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектігі белгіленгенге дейін орташа еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға;

10) еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкердің мертігуіне, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығының басқаша зақымдалуына байланысты келтірілген залалды өтеу есебінен төленетін сомалардың қайта есептелуін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен жүргізуге;

11) жылдың суық кезінде ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерге әрбір сағат сайын жылынуға он минут беруге. Бұл уақытты жұмыс уақытына кіргізуге. Аталған қызметкерлердің жылыну мен демалуы үшін жабдықталған жаймен қамтамасыз етуге;

12) басқа ұйымдармен көліктік қызмет көрсетуге шаруашылық шарттар жасасқан кезде олардың қаражаты есебінен еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақыларды қарастыруға;

13) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша жұмыс тоқтатылған жағдайда, орташа еңбекақысын сақтай отырып, қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыруға;

14) мыналарды:

поездардың қозғалысын қалпына келтіру үшін қармен күресу, құммен күресу, сумен күресу және басқа табиғи апаттардың салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын Қоғам қызметкерлерін;

Осы жұмыстарға тартылатын әр қызметкерге тәулігіне 4 сағаттан кем болмайтын үздіксіз жұмыс кезінде Қазақстан Республикасында белгіленген 0,3 АЕК кем болмайтын мөлшерде тамаққа қаражат қарастыруға;

15) аралықтарда жұмысты орындайтын Қоғам филиалдарының қызметкерлерін ауыз сумен қамтамасыз етуге;

16) қызметкер жұмыс орнынан 2 километрден астам қашықтықта тұратын және қоғамдық көлік болмаған жағдайда 2, 3, 4, 5-класс станцияларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қызметтік көлікпен жұмыс орнына, ал жұмыс аяқталған соң тұратын жеріне жеткізуге. Қызметтік немесе кезекші автокөлік болмаған жағдайда 2 АЕК мөлшерінде ай сайын үстеме ақы белгілеуге;

17) зардап шегуші немесе оның туысқаны өз өкілін белгілеген жағдайды қоспағанда, кәсіподақ қызметкерін Кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шеккен қызметкердің уәкілетті өкілі деп санауға;

18) жаңадан ұйымдастырылған өндірістерде жұмыс ерекшелігін есепке ала отырып, арнайы киім мен арнайы аяқ киім беру нормаларын белгілеуге;

19) кәсіподақ органының келісімі бойынша еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен үлгі нұсқаулықтардың қайта жетілдіруін қамтамасыз етуге;

20) қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандырылуын қамтамасыз етуге;

21) поездардың қозғалысымен тікелей байланысты ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің кезеңдік медициналық тексерулерін және тексерулерін өткізуді және қауіптілігі жоғары жұмыстармен, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық куәландыруын, сондай-ақ науқастары Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті медициналық тексеру нәтижесінде анықталған қызметкерлерді сауықтыру (амбулаторлық, стационарлық тексеру/емдеу) жөніндегі қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етуге;

22) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы еңбекті қорғаудың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін айына 8 сағат беруге.

Ерекше көзге түскен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды құрылымдық бөлімше басшысының және кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұсынуы бойынша ақшалай сыйлықақымен көтермелеуге міндеттенеді.


V бөлім. Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер
12. Жұмыс беруші:

1) Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда, теміржол көлігі ұйымдарында 5 жыл және одан да артық еңбек өтілі бар қызметкерлерге жасы, 1 және 2-топ мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босаған кезде лауазымдық еңбекақысы (тарифтік ставкасы) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеуге.

Теміржол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтіліне байланысты толық 10 жыл үшін 17 АЕК мөлшерінде қосымша жәрдемақы төлеуге. Әр келесі толық 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін өткен кезеңнің қосымша жәрдемақысының 30 пайызына өсіруге. Толық емес 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін сараланған түрде төлеуге. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерге есептелген біржолғы және қосымша жәрдемақының мөлшерін 50 пайызға ұлғайтуға.

Жәрдемақы мөлшерін белгілеу үшін еңбек қызметіндегі үзілістеріне қарамастан, жұмыс өтіліне теміржол көлігі ұйымдарындағы барлық жұмыс уақыты кіргізіледі.

Теміржол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жұмыстан өзі босаған және жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің белгіленуіне байланысты, зейнеткерлік жасына жетуі бойынша жұмыстан босатылған, осы тармақшаның жоғарыда көрсетілген абзацтарымен қарастырылған біржолғы жәрдемақыны алмаған қызметкерлерге төлеу күніне қалыптасқан бір айлық тарифтік ставка (лауазымдық еңбекақы) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеуге, ал «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерлерге біржолғы жәрдемақы мөлшерін 50 пайызға ұлғайтуға;

2) мыналарға:

а) 15 еселенген АЕК мөлшерінде – жұмыс істемейтін зейнеткер- теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асыратын адамға;

б) орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағында жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асыратын адамға 3500 рубль мөлшерінде;

3) Көлік қызметкерлері күніне орай теміржол көлігінде 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар және теміржол көлігі ұйымынан жасы бойынша зейнеткерлікке шыққан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жыл сайын 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

Еңбек өтіліне қарамастан және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің белгіленуіне байланысты жұмыстан шыққан Қоғам қызметкерлеріне 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге.

Теміржол көлігіндегі еңбек өтіліне қарамастан жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің белгіленуіне байланысты жұмыстан шыққан зейнеткерлерге 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге.

Жеңіс күнін тойлауына орай Ұлы Отан соғысының, Қатынас жолдары халық комиссариатының арнайы құрамаларының қатысушылары болып табылатын жұмыс істемейтін зейнеткерлерге 30 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

4) Қоғам қызметкерлері мен олардың асырауындағы адамдардың біреуінің (баласын үш жасқа дейін тәрбиелеуіне байланысты жұмыс істемейтін жұбайы асырауындағы адам болып танылады) Қазақстан Республикасының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағы бойынша теміржол көлігінде «Тальго» вагондарынан құрылған жүрдек поездарды қоспағанда, купелік вагонда Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес бір және сол қысқа бағыт бойынша баратын жеріне және кері қарай жылына бір рет (бару және қайту) ақысыз жол жүру шығыстарын өтеуге.

Жылына бір рет ақысыз жол жүруге құқығы бар тұлғаларға жылына бір рет жолаушылар мәне қала маңындағы қатынас поездарында жүру шығыстарын бір жыл ішінде өтеуге рұқсат беруге. Билет құнын өтініште көрсетілген (бір бағытта 150 км-ден аспайтын) айына үш рет жүру есебінен, билет берілген күні қолданылатын тариф бойынша белгілеуге.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ немесе оның еншілес ұйымдары және акционерлік қоғамдарынан жұмыстан шығарылған қызметкерлер Қоғамда жұмысқа қабылданған кезде жеке басының істері бойынша ақысыз жол жүру құқығын беретін еңбек өтілін сақтап қалуға.

5) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарды қоспағанда, зейнеткерлікке теміржол көлігі кәсіпорындарынан шыққан және олардағы 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қоғамның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне жылына бір рет Қазақстанның теміржолы бойынша медициналық көрсетілімдері бойынша емделу немесе сауығу үшін және ерекше жағдайларда отбасылық жағдайлары бойынша жолаушылар, фирмалық поездардың купелік вагонында ақысыз жол жүру шығыстарын өтеуге. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге ақысыз жүру құқығын «Құрметті теміржолшы» белгісі туралы ережеге сәйкес беруге;

6) Қазақстан мен жақын және алыс шетелдегі елдердің сауықтыру орталықтарында қызметкерлер мен зейнеткерлерді санаторлық-курорттық сауықтыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға.

Теміржол көлігінде 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және 50 еселік АЕК-ден кем болмайтын лауазымдық еңбекақысы бар қызметкерлерге медициналық көрсетілімдері, толтырылған санаторлық картасы, жолдама үшін төленген шоты болған жағдайда, санаторлық-курорттық емделуге (санаторлық-курорттық сауықтыру қызметтерін көрсететін санаторийлерге Қоғам жеңілдікпен берілетін жолдамалардан басқа) 17 еселенген АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

7) соңғы протездеу туралы анықтаманы ұсыну арқылы жиырма төрт ай өткен соң бір рет тістерін протездеуге (асыл металдармен протездеуді қоспағанда) ақы төлеуді жүргізуге:

теміржол көлігінде еңбек өтілі 20 жылдан кем болмайтын қызметкерлерге жылына 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

теміржол ұйымдарынан, сондай-ақ орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы ұйымдардан зейнеткерлікке шыққан, теміржол көлігіндегі еңбек өтілі: әйелдер – 20 жыл, ерлер – 25 жыл, зейнеткер-теміржолшыларға тиісінше 10 (он) аспайтын мөлшерде;

8) Қазақстан Республикасына көшіп келген, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің теміржол ұйымдарынан зейнеткерлікке шыққан, еңбек өтілі 10 жылдан кем емес зейнеткер-теміржолшылардың Қоғамның филиалдарында тұрғылықты жері бойынша есепке қойылуын қамтамасыз етуге және оларға осы Шартпен көзделген жеңілдіктерді беруге;

9) мүгедектігіне байланысты еңбек шарты бұзылған кезде 1, 2-топ мүгедектігін алған қызметкерлерге зейнеткер-теміржолшыларға сияқты жеңілдіктер беру арқылы Қоғамның филиалдарында есепке қойылуын қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерді үкіметтік және салалық наградалармен марапаттауға ұсынуды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша әзірленген Жұмыс берушінің актілерін кәсіподақ органдарымен келісуге;

11) шағын станцияларда, разъездерде тұратын қызметкерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға;

12) 3, 4, 5-класс станцияларына, басып озу пункттері мен разъездерге жұмыс істеуге келген жас маман - теміржолшыларға орналасу үшін 25 АЕК мөлшерінде, ал орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы 3, 4, 5-класс станцияларына, басып озу пункттері мен разъездерге жұмыс істеуге келгендерге Ресей Федерациясында белгіленген 2 ең төменгі еңбекақы мөлшерінің өлшемінде материалдық көмек көрсетуге;

13) 3, 4, 5-класс станцияларына және бөлу пункттеріне жіберілген жас мамандардың тарифтік ставкаларына (еңбекақыларына) жұмысының алғашқы екі жылы ішінде 20 пайыздық үстеме ақы төлеуге;

14) желілік станцияларда және бөлу пункттерінде кадрларды бекіту үшін оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастыруға;

15) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің және олардың балаларының теміржол бейініндегі жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуына қаражат бөлуге;

Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін оқыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

16) бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, әкелерге (бала асырап алушыларға) баласын тамақтандыру үшін жұмыстың әр 3 сағат сайын ұзақтығы отыз минуттан кем емес қосымша ақылы үзілістер беруге;

17) Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда, теміржол саласындағы еңбек өтілі әйелдер үшін - 15 жыл, еркектер үшін - 20 жыл болған жағдайда, әйелдердің - 55 жасқа, ерлердің - 60 жасқа толуына байланысты бір айлық тарифтік ставка (еңбекақы) мөлшерінде біржолғы көтермелеуді жүргізуге;

18) Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда, Қоғамның бюджетінен бөлінген шектерде 4 АЕК мөлшерінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне әйелдерді біржолғы көтермелеуді жүргізуге;

19) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қазақстан мен жақын және алыс шет елдерінің балалар сауықтыру орталықтарында Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда, Қоғам қызметкерлерінің балаларын, оларға ілесіп жүретін адамдарды және медициналық қызметкерді мектеп каникулдары кезеңінде сауықтыру демалысын ұйымдастыруға және жол жүрісіне қаражат бөлуге;

Балалар сауықтыру орталықтарында болған кезеңде жолдама құнының есебінен балалардың өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуге;

20) кластан тыс және бірінші класс станцияларында жұмыс істейтін Қоғам филиалдары қызметкерлерінің балаларына жаңа жылдық ертеңгіліктерді ұйымдастыру үшін екі жастан он екі жасқа дейінгі балаларды қоса есептегенде, бір балаға бір АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде қаражат бөлуді қарастыруға, ал 2, 3, 4, 5-класс станцияларда және разъездерде жұмыс істейтін филиалдардың қызметкерлеріне Жаңа жылға орай бір балаға АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде материалдық көмек көрсетуге.

Бюджетте қызметкерлердің екі жастан он екі жасқа дейінгі балаларын қоса есептегенде, бір балаға бір сыйлықтың құны бір АЕК-тен кем болмайтын жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға қаражат қарастыруға.

Егер баланың ата-анасының екеуі де Қоғам қызметкері болған жағдайда, жаңа жылдық сыйлық және жаңа жылдық ертеңгілікке билет/материалдық көмек олардың біреуіне ғана беріледі;

21) теміржол көлігі қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және Қоғамның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге жыл сайын қаражат бөлуді қарастыруға;

22) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қайта құю үшін қан тапсырған күндері жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

23) зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайдарымен байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысының қауіпсіздігімен жұмыс істейтін қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа кем дегенде 3 жыл қалған қызметкерлерге салалық жәрдемақылар енгізуді мүмкіндігін қарауға.

24) теміржол көлігіндегі еңбек өтілі 25 жылдан кем болмайтын зейнеткерлерге, сондай-ақ еңбек өтіліне қарамастан өндірістік жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің белгілеуіне байланысты жұмыстан шыққан қызметкерлерге 70, 80, 90 және 100 жасқа толған кезде 7 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

25) біліктілігі жоғары кадрларды әлеуметтік қолдау, тарту және ұстап қалу мақсатында Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге жеңілдікпен меншікке тұрғын үй беруге;

26) жұмыс орнын (лауазымын) және еңбекақысын сақтай отырып, Қоғамның өткізетін спорттық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, жастар форумдарына, конференцияларға, тренингтерге және Қоғамның құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарына қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етуге.

27) Қоғам бюджетінде қаражат болған жағдайда барлық қызметкерлерге медициналық қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етуге.

28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеуге;

29) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен кәсіподақ комитеттері ардагерлер кеңестеріне зейнеткерлер-теміржолшыларды жерлеуді ұйымдастыруда көмек көрсетуді және қажеттілігі бойынша зейнеткерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмысқа автокөлік бөлуді қамтамасыз етуге;

30) Қоғамда есепте тұрған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір ардагерге шаққанда айына 50 кВт есебінен жылына пайдаланылған электр энергиясы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

31) Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде материалдық көмек көрсетуге:

Қоғамның филиалында және орталық аппаратында құрылатын әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі комиссиялардың шешімдері бойынша өндірісте орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде қаза болған Қоғам қызметкерлерінің отбасыларына, Қоғамның филиалдарында есепте тұрған қызметкерлер мен зейнеткерлерге күтпеген материалдық шығыстарға әкеліп соғатын жағдайлардың ерекше маңызды оқиғалар орын алғанда 200 АЕК-ден аспайтын мөлшерде;

Материалдық көмек көрсету тәртібі белгіленген тәртіппен бекітілген Қоғамның жергілікті актісімен реттеледі.

32) Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде материалдық көмек көрсетуге:

1 қыркүйекке - 3 және одан көп мектеп оқушы балалары бар қызметкерлерге әрбір балаға 1 АЕК-тен кем емес, бірақ 3 АЕК-тен аспайтын мөлшерінде;

Мүгедектер күніне – 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар қызметкерлерге 10 АЕК мөлшерінде.

Егер ата-ананың екеуі де Қоғам қызметкері болып табылған жағдайда материалдық көмек екеуінің біреуіне ғана беріледі;

33) Жастар ісі жөніндегі кеңестің ең белсенді үш мүшесіне жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

34) Отбасы күніне жыл сайын Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде төрт және одан көп балалары бар көп балалы отбасының ата-аналарына (14 жасқа дейінгі балалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар) 3 АЕК-тен кем емес, бірақ 5 АЕК-тен аспайтын мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

35) Балаларды қорғау күніне жыл сайын Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде жалғыз басты аналарға және 14 жасқа дейінгі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған басқа да тұлғаларға (некеде тұрмаған әйелдер, ерлер, ажырасуда тұрған әйелдер, ерлер, жесір әйелдер, тұл ерлер, қамқоршылар) 5 АЕК-тен кем емес, бірақ 10 АЕК-тен аспайтын мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

36) Жастар күніне жыл сайын Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде Қоғам филиалдары қызметкерлерінің ішінен «Мерейлі жас теміржол отбасы» конкурсының жеңімпаздары болып танылған жас отбасыларына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге.

Конкурстың тәртібі мен ережелері Қоғамның жергілікті актісімен белгіленеді;

37) Көлік қызметкерлері күніне жыл сайын Қоғам бюджетінен бөлінген қаражат шегінде Қоғамның есебінде тұрған қарттар үйінде тұрып жатқан зейнеткер-теміржолшыларға 5 АЕК-тен кем емес, бірақ 10 АЕК-тен аспайтын мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау