40
6 жаңа емхана салынды. Бұл іс-шаралар медициналық қызмет көрсету кезінде
емделушілердің болу жағдайын жақсартуға, артық жүктемені төмендетуге
мүмкіндік тудырады. Сонымен, егер емханалардың артық жүктемесі 2012 жылы
2,5 есені құраса, 2014 жылдың соңына емханалар жүктемесі нормативке сәйкес.
Жұмыспен қамту
Халықтың продуктивті жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі
саясатты іске асыру ЖҚБ 2020 шегінде 2 бағыт бойынша бөлінген
қаржыландыруға сәйкес іске асырылды.
Сонымен, ЖҚБ 2020 «инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» деген бірінші бағыты шегінде
2014 жылы 33 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды, олардың есебінен 1125
жұмыс орны құрылды, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»
КММ арқылы 230 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Осы бағытты іске асыру
үшін 2 529,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен – 300,6 млн.
теңге, оның 2 514,9 млн. теңгесі игерілді немесе 99,4% және тиісінше 297,3 млн.
теңге.
ЖҚБ 2020 «Жұмыс берушінің қажеттілігі шегінде оқыту және көшіру
арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» деген екінші бағыты шегінде
кәсіби дайындықтан 100 адам, қайта даярлаудан - 164 адам, біліктілікті көтеруден
- 22, қайта даярлау және біліктілікті көтеруден - 278 адам өтті, еңбекақыны
бөлікпен қаржыландыру шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына 91, Жастар
саясаты шегінде толық субсидиялау шартымен – ТжКБ және ЖОО 561 түлегі,
тұрақты жұмыс орындарына 3108 адам орналасты. Осы бағыттты іске асыруға
118,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 117,5 млн. теңге немесе 99,4% игерілді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша елорда экономикасында 18389 жаңа
жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамтуыдң белсенді түрде әрекет ету есеібнен
7901 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 2014 жылыдң деңгейінен 20,7%-ға және
2013 жылыдң деңгейінен 66%-ға жоғары. Жұмысқа орналастырылған
жұмыссыздар саны әлеуметтік қолдауға жүгінгендердің жалпы санының 66,8%
құрады.
17-диаграмма
Жұмысқа орналастырудың негізгі көрсеткіштері, орын
41
Жұмыспен қамту бағыттарының құрылымында атқарымдық топтардың
көрсеткіштері бойынша да оң серпін байқалады, жеке алғанда, даярлау және қайта
даярлау курстарына жолданғандардың саны 2012 жылғы 903 адамнан 2013 жылы
1408 адамға дейін және 2014 жылы 1683 адамға дейін ұлғайды, ақылы қоғамдық
жұмыстарға 1782-ден 2340-қа дейін және 2646-ға дейін, жастар саясатына – 692-
дан тиісінше 695-ке және 802 адамға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, әлеуметтік
жұмыс орындарына сұраныс төмендеді, оларға 2014 жылы 189, 2013 жылы – 338,
2012 жылы – 495 адам жіберілді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша негізгі бағыттар қимасында жастар
саясатын қолдауға 590 адам жіберілді, бұл 2014 жылыдң деңгейінен 5,2%-ға және
2013 жылдың деңгейінен 57,8%-ға жоғары, әлеуметтік жұмыс орындарына 115
адам орналастырылды, кәсіби оқытумен 82 адам қамтылды.
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және қолдауға бағытталған шаралар
2012-2014 жылдар бойы 54 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік
тудырды.
18-диаграмма.
Жұмыссыздық деңгейі
Осылайша, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2012 жылғы 5,7%-дан 2013
жылы 5,5% және 2014 жылдың қорытындылары бойынша 5,1% дейін төмендеді.
Алайда, жастар жұмыссыздығының (15-28 жастағы) деңгейі бұрыңғыша жоғары
деңгейде қалып, 2012 жылы – 6,8%, 2013 жылы – 4,9%, 2014 жылы – 6,3% құрады.
Елордадағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі басқа облыстардан көші-қон
есебінен құрылатынын айтып өту керек. Осылайша, шамамен 20 мың адамды
құрайтын жыл сайынғы көші-қон өсімінің құрылымын шамамен 60% еңбекке
жарамды халық құрайды. Ақмола облысының маңындағы аудандардан белсенді
маятниктік көші-қон байқалады, ол қала инфрақұрылымы мен еңбек нарығына
жүктеме түрінде әсер етеді.
Мемлекеттік және үкіметтік даму бағдарламалары шегінде іске асырылатын
экономикалық қолдау шаралары жұмыссыздықтың жалпы деңгейін 2015 жылдың
қорытындысы бойынша 4,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл
Қазақстанның өңірлері арасында ең төменгі көрсеткішке ие. Тиісінше жастар
жұмыссыздығының деңгейі 0,5%-дан 5,8%-ға дейін төмендеді.
2015 жылдың 1 қаңтарына келген орын-жай бойынша тіркелгендердің саны
218,2 мыңнан артық болып табылады, оның ішінде шетел азаматтары – 106,6 мың
42
адам. Көптеген азаматтар ұзақ уақыт елордада тіркеусіз тұрады және статистика
үшін «көрінбейді», «маятниктік көші-қон» жеке санатты құрайды (елорда
маңындағы аудандардан). Алдын ала жасалған есептер бойынша жыл сайын
көшіп қонатындардың (шамамен 30 мың адам) жұмысқа «құпия»
орналасқандықтарынан елорданың кіріс бөлігіне шамамен 4 млрд. теңге сомасына
салық (шамамен 40-50 мың теңге сомасындағы ең төмен жалақыны есептегеннің
өзінде) толық жиналмайды.
Осыған байланысты, көші-қон ағынының бақылаусыз қарқыны елорданың
еңбек нарығының негізгі проблемалы факторы болып табылады, салдарынан
жұмыспен қамтылу көрсеткіштерінің оң серпіні кезінде жұмыссыздардың саны
төмендемей, шамамен 24 мың адамды құрайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша халықтың жұмыспен қамтылу
деңгейінің өсуімен 5%-ға 22,8 мың адамға дейін қысқарды.
Әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік саясаттағы ең маңызды бағыттардың бірі халық кедейлігінің
деңгейін төмендету шараларын іске асыру болып табылады.
Қоғамның әл-ауқатының деңгейін сипаттайтын негізгі индикаторлардың
бірі халықтың жалпы санынан өмір сүру минимумы мөлшерінен төмен кірісі бар
халық үлесі болып табылады, бұл үлес елордада 2014 жылдың қорытындылары
бойынша 0,4% құрды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 0,1% төмен (0,5%) және 2012
жылғы деңгейден 0,6% төмен. 2014 жылы әлеуметтік көмекпен мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарынан 62 мыңнан артық адам қамтылды.
2015 жылы күнкөріс минимумы ұзақтығының өсуі 21,6 мың адамнан 22,7
мың адамға дейін өсуі себебі бойынша төмен кірісі бар халық санының үлесі 2014
жылдың деңгейіне 0,2%-ға, 2013 жылдың деңгейіне 0,1%-ға өсумен 0,6%-ға дейін
ұлғайды.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде мүгедектерді
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, тіршілігі үшін оларға тең мүмкіндіктер
жасау және қоғаммен біріктіру үшін мүгедектерді әлеуметтік қолдау жұмысы
жүргізіледі, ол төмендегіні қарастырады:
мүгедектерді
заманауи
техникалық
қосалқы
(компенсаторлық)
құралдардағы
және
арнайы
қозғалу
құралдарындағы
қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің халықаралық
стандарттарын енгізу;
заманауи сауықтыру және медициналық-әлеуметтік мекемелер мен
ұйымдардың тапшылығын еңсеру;
мүгедектердің жұмыспен қамтылуын және кәсіптік даярлығын қамтамасыз
ету.
2012-2014 жылдар бойы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны 12%-ға
немесе 2072 адамға, 2012 жылғы 17306-дан 2013 жылы 18696-ға және 2014 жылы
19372 адамға дейін ұлғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |