Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет17/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

43 
 
2015 жылдың қорытындысы бйоынша м.мкіндіктері шектеулі тұлғалар саны 
19481  адамға  дейін  ұлғайды,  бұл  2014  жылдың деңгейінен  0,6%-ға,  2013  жылғы 
деңгейден 4,2%-ға ұлғайды. 
«Инватакси» қызметі 2014 жылы шамамен 1000 адамды қамтыды, бұл 2012 
жылғы деңгейден 2 есеге артық. 
2015 жылыдң қорытындысы бойынша «Инватакси» қызметі 1,5 мың адамды 
қамтыды, ол 2014 жылыдң деңгейінен 1,5 есеге, 2013 жылдың деңгейінен 2 есеге 
жоғары. 
2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 23 үкіметтік емес 
ұйым қатысты, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4 есеге артық. 
Жалпы,  қызмет  көрсетілетін  азаматтардың  саны  ведомстволық  бағынысты 
мекемелер  мен  үкіметтік  емес  сектордың  есебімен  1,6  есеге,  2012  жылғы  1911 
адамнан 2013 жылы 2874-ке және 2014 жылы 3133 адамға дейін ұлғайды. 
2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  әлеуметтік  қызметтер  көрсетумен 
3457  адам  қамтылды,  бұл  2014  жылдың  деңгейінен  10,3%-ға,  2013  жылдың 
деңгейінен 20,3%-ға жоғары. 
Атаулы әлеуметтік көмекті  алушылардың саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 
1211  адамды  құрады,  бұл  2013  жылдың  деңгейінен  (947  адам)  27,8%-ға,  2012 
жылғыдан (885 адам) – 36,8%-ға жоғары. 
2014  жылы  еңбекке  жарамды  халық  үлесі  атаулы  әлеуметтік  көмек 
алушылардың  құрамында  27,2  %  құрады,  бұл  2013  жылдың  ұқсас  кезеңінен 
(27,6%) 0,4%, 2012 жылғыдан (34%) 6,8 пайыздық пунктке төмен. 
2016  жылдың  1  қаңтарына  атаулы  әлеуметтік  көмек  алушылар  саны  1072 
адамға  дейін  төмендеді  немесе  2014  жылдың  деңгейіне  11,5%.  Сонымен  қатар, 
атаулы әлеуметтік жәрдемақы алатындар құрамында еңбекке қабілетті жандардың 
үлесі 25,2%-ға дейін немесе 2013-2014 жылдардың деңгейімен салыстырғанда 2%-
ға төмендеді. 
Қазақстан  Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету 
және  өмір  сүру  сапасын  жақсарту  жөніндегі  2012-2018  жылдарға  арналған  іс-
шаралар  жоспарына  сәйкес  Астанада  әрекеттегі  әлеуметтік  инфрақұрылым 
объектілеріне кедергісіз кіру үшін жағдай жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. 
2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес паспорттаумен                
335 объекті қамтылды (97 – жеке меншік объектілері, 17 – орталық органдарының 
жанындағы  объектілер,  221  –  қалалық  коммуналдық  меншік  объектілері), 
олардың ішінде қол жетімді объектілердің саны – 95. 
2016  жылдың  1  қаңтарына  құжаттандырумен  қамтылған  объектілер  саны 
365  бірлікке  дейін  жетті,  оның  ішінде  мүгедектер  үшін  қол  жетімді  –                        
126 объекті. 
2015  жылы  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  кіруді  қамтамасыз  ету 
қосымша  9  объектіге  жоспарланады,  бұл  паспортталған  объектілердің  жалпы 
санынан  (пандустардың,  жүргінші  өткелдердегі  дыбыстық  және  дыбылдама 
құралдарының,  аялдамалардың,  жол  белгілерінің  саны,  қолжетімді  қоғамдық 
көліктің саны) 30% құрды. 
2016  жылы  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  үшін  құжаттандырылған 
объектілердің  (пандустардың,  жаяу  жүргін  жолдарында  дыбыс  беретін  және 


44 
 
сигнальды  құрылғылар,  аялдамалар,  жол  белгілері  саны,  қолжетімді  қоғамдық 
көлік  саны)  жалпы  санынан  50%-ға  дейін  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету 
жоспарлануда. 
 
Мәдениет 
Астана  қаласының  мәдени  мекемелерінің  жалпы  саны  2016  жылдың  1 
қаңтарына 75 бірлікті құрайды (2013 жылы – 69 бірлік), оның ішінде 5 мұражай, 7 
театр, 30 кітапхана, 1 концерттік ұйым, 1 цирк, 6 жеке меншік кинотеатр, 4 жеке 
меншік  көрме  галереясы,  8  мәдениет  және  демалыс  саябағы,  7  мәдени-демалыс 
кәсіпорны және т.б. 
Бұдан  басқа,  елордада  46  жылжымайтын  тарих  және  мәдениет  ескерткіші, 
оның ішінде 12 археология, 34 – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. 
Қаланың  мұражайларында  есепке  алу  құжаттамасын  электронды  рәсімдеу 
және мұражай ішінде заттардың қозғалысын тіркеу енгізілуде. 
2013  жылы  671882  кітап  данасын  құрайтын  кітапханалық  қор  2014  жылы 
681943 данаға дейін толықтырылды, бұл жалпы қордың 1,5 % құрайды. 
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданумен,  елорда  халқын  мәдени 
құндылықтарға  қол  жетімділігін  кеңейту  жұмысы  өткізілуде.  Қаланың  орталық 
кітапханасында  локальдық  желі  құрылып,  РАБИС  енгізілді;  тұтынушыларға 
қызмет көрсетудің есептеу нысандары енгізілді. 
2016  жылыдң  басына  елордада  электронды  каталогы  779,6  мың  бірлік 
көлемімен  1788  кітап  оқу  орнына  арналған  30  кітапхана  жұмыс  істейді.  Сандық 
нысанға  21,1  мың  дана  баспа  өнімдері  енгізілді.  Кітапханаларды  қолданатындар 
саны 2015 жылы 195 мың адамды құрады, бұл 2014 жылыдң деңгейіне 22,7%-ға 
және 2013 жылдың деңгейіне 20,4%-ға артық. 
Жалпы,  мәдениет  саласында  жұмыс  істейтіндердің  саны  2015  жылдың  1 
қаңтарына  2984  адамды  құрады,  және  2012  жылмен  салыстырғанда  (2635  адам) 
13,2%-ға ұлғайды. 
2014  жылы  елорда  театрлары  973  спектакль  ұсынды,  оның  ішінде  25  - 
театрлық  премьера,  мұражайлар  4627  экскурсия  өткізді,  189  дәріс  оқылды,  124 
жаңа  көрме  ұйымдастырылды;  шығармашылық  ұжымдар  519  концерттік  мереке 
өткізді; кітапханалар 1731 іс-шара ұйымдастырды. 
Астана  қаласының  мәдениет  мекемелерінің  халық  тарапынан  қажеттілігі 
жыл сайын ұлғаюда. Осылайша, мұражайларға бару саны 2012 жылғы 483,6 мың 
адамнан  2013  жылғы  531,5  мың  адамға  дейін  және  2014  жылы  915,1  мың 
барушыларға  дейін  ұлғайды;  кітапханаларға  бару  938-ден  961-ге  дейін  және 
тиісінше  991,2  мыңға  дейін  ұлғайды.  2014  жылы  елорда  театрларына  256,1  мың 
адам  барды,  бұл  2013  жылдың  деңгейінен  18%-ға  жоғары  (217,2  мың  адам), 
алайда,  2012  жылғы  деңгейден  46%  төмен  (473,4  мың  адам),  бұл  2012  жылы 
елоданың 15-жылдығын мерекелеумен байланысты болды. 
 
19-диаграмма 
 
Астана қаласының мәдениет мекемелеріне барудың саны, мың адам 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау