36
Елорданың жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 2015 жылы
шамамен 52,7
мың адамды құрады, бұл 2013 жылыдң деңгейінен 8,4%-ға немесе 4
мың адамға (48,6 мың адам) көп.
2016 жылдың басына қалада 80-нен астам жастар ұйымдары тіркелген,
алайда, олардың 20-30 ұйымы ғана белсенді түрде жұмыс істейді.
2013-2014 жылдар бойы жастарды әлеуметтік біріктіру саласында жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызды жобалар конкурстарына
жастар ұйымдарын тартумен оны іске асыруға мүмкіндік беретін әрекетті тетік
әзірленді және ендірілді.
NEET жастар үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 6,8% құрайды,
бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,5 есеге (17%) төмен және 2014 жылмен
салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.
Балалар мен жасөспірімдерді толық түрдегі демалыспен және ойын-
сауықпен қамтамасыз ету мақсатында салауатты өмір салты оқуларына тарту
үшін қалада 15 аулалық мектеп ашылды және жақсы жұмыс істеуде. Аулалық
клубтарды ашу қаланың аумақтық бөлінуіне сәйкес, сондай-ақ, аудандар
бойынша жастар саны есебіне сәйкес ашылғандығын атап айту қажет. Барлығы
осы аулалық клубтарда 5 мың бала мен жасөспірімдерді тартумен 72 үйірме және
спорт секциялары белсенді түрде жұмыс істейді.
Қаланың жоғары оқу орындары жанында 20 мыңнан астам адаммен
қамтылған 348 демалыс ортылығы жұымс істейді. Оқу мекемелері құрамында
жастар өзін-өзі басқарулар, яғни Жастар істері жөніндегі комитеттер өз қызметін
атқаруда.
2014 жылы «Астана жастары» КММ ашылды, оның құрамында елордадағы
еңбек нарығын дамытудың ағымдық жағдайлары және негізгі тенденциялары
және болашақ мамандық таңдауда консультативтік көмек көрсету туралы 15
жастан 17 жас аралығындағы балалардың ата – аналарымен кәсіби бағдарлық
жұмыстар ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау
Халық денсаулығының жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы
жауапкершілік деңгейін көрсететін әлеуметтік бағыттылығының интегралды
көрсеткіші болып табылады.
Осыған
байланысты,
2011-2015
жылдарға
арналған
Қазақстан
Республикасының денсаулығын дамытудың «Саламатты Қазақстан» атты
мемлекеттік бағдарламасы шегінде жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптерін
ендірумен алғашқы медициналық – санитарлық көмекті (бұдан әрі - АМСК)
жетілдіру жүргізілуде, Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі шегінде жоғары білікті
медициналық көмекті (бұдан әрі – ЖБМК) қаржыландыру маңызды түрде
ұлғайды, бұл жаңа объектілерді енгізу, қолданыстағы объектілерді жөндеу және
техникалық қайтадан жарақтандыру есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының
материалдық – техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік тудырды.
Анықталған ауруларды кейіннен сауықтырумен, алдын алу тексерулерін
жүргізумен және балаларды сауықтырумен әлеуметті маңызды ауруларды ертерек