Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет14/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45

35 
 
 
 
Білім  алушылардың  жалпы  құрамы  жыл  сайын  2012  жылғы  30,7  мың 
адамнан 2013 жылғы 29,8 мың адамға дейін және 2014 жылы 28 мың адамға дейін 
төмендеуде,  оның  12072  оқушысы  мемлекеттік  және  16014  жеке  меншік 
колледждерінде оқиды.  
2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  ТжКО  жүйесі  оқушыларының  саны 
1774  педагогтарға  қысқарды,  бұл  2014  жылыдң  деңгейінен  3,6%-ға  және  2013 
жылдың деңгейінен 6,8%-ға төмен. 
Осы  бағыт  бойынша  әлеуметтік  серіктестікті  дамыту  бойынша  шаралар 
қабылданды.  Сонымен,  2015  жылдың  1  қаңтары  жағдайы  бойынша  әлеуметтік 
серіктестіктермен 2298 шарт және 11 меморандум жасалды.  
Негізгі  проблема  еңбек  нарығында  сұраныстың  және  ұсыныстардың 
теңгерімсіздігі  болып  табылады,  бұл  ТжКБ  ұйымдары  шығаратын  кадрлар 
санымен  және  мамандар  қимасындағы  бос  орындардың  сәйкессіздігімен 
негізделеді.  
2012-2014  жылдар  бойы  өндіріс  саласында  дайындалған  мамандар  саны 
құрылған  жұмыс  орындары  санынан  1,9  есеге  немесе  4104  бос  орында                        
7917 түлекке артық. Осындай ұқсас жағдай көлік және байланыс салаларында да 
байқалады,  ұсыныстың  артықтығы  40%  (2965  бос  орын  болған  жағдайда  4250 
түлек) құрады.  
Қарама – қайшы жағдай білім беруде және денсаулық сақтауда қалыптасты, 
онда кадрлар шығару мамандарға деген тапшылықты тек қана 72,2% немесе 11821 
бос орын болған жағдайда 8538 түлектің орнын толтырды. Тағы да құрылыс және 
коммуналдық  шаруашылық  саласында  теңгерімсіздік  байқалады,  онда  3  есепті 
жылы  11478  жаңа  жұмыс  орындары  құрылды,  сонда  кадрлар  шығару  1  мың 
адамды құрады.  
Осындай  жолмен,  ТжКБ  мекемелерінің  жұмысқа  орналастырылған 
кадрларының үлесі 80%-дан артық емес, яғни, әрбір бесінші түлек жұмыссыздар 
нарығын толықтырады.  
 
Жастар саясаты 
Астана  қаласында  жастар  саны  2015  жылдың  1  қаңтарына  213,4  мың 
адамды құрады, немесе халықтың жалпы санының 25,0%.  


36 
 
Елорданың жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 2015 жылы 
шамамен 52,7 мың адамды құрады, бұл 2013 жылыдң деңгейінен 8,4%-ға немесе 4 
мың адамға (48,6 мың адам) көп.  
2016  жылдың  басына  қалада  80-нен  астам  жастар  ұйымдары  тіркелген, 
алайда, олардың 20-30 ұйымы ғана белсенді түрде жұмыс істейді.  
2013-2014 жылдар бойы жастарды әлеуметтік біріктіру саласында жергілікті 
бюджеттен  қаржыландырылатын  әлеуметтік  маңызды  жобалар  конкурстарына 
жастар  ұйымдарын  тартумен  оны  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін  әрекетті  тетік 
әзірленді және ендірілді.  
NEET  жастар  үлесі  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  6,8%  құрайды, 
бұл  2013  жылдың  деңгейінен  2,5  есеге  (17%)  төмен  және  2014  жылмен 
салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.  
Балалар  мен  жасөспірімдерді  толық  түрдегі  демалыспен  және  ойын-
сауықпен  қамтамасыз  ету  мақсатында  салауатты  өмір  салты  оқуларына  тарту 
үшін  қалада  15  аулалық  мектеп  ашылды  және  жақсы  жұмыс  істеуде.  Аулалық 
клубтарды  ашу  қаланың  аумақтық  бөлінуіне  сәйкес,  сондай-ақ,  аудандар 
бойынша  жастар  саны  есебіне  сәйкес  ашылғандығын  атап  айту  қажет.  Барлығы 
осы аулалық клубтарда 5 мың бала мен жасөспірімдерді тартумен 72 үйірме және 
спорт секциялары белсенді түрде жұмыс істейді.  
Қаланың  жоғары  оқу  орындары  жанында  20  мыңнан  астам  адаммен 
қамтылған  348  демалыс  ортылығы  жұымс  істейді.  Оқу  мекемелері  құрамында 
жастар өзін-өзі басқарулар, яғни Жастар істері жөніндегі комитеттер өз қызметін 
атқаруда.  
2014 жылы «Астана жастары» КММ ашылды, оның құрамында елордадағы 
еңбек  нарығын  дамытудың  ағымдық  жағдайлары  және  негізгі  тенденциялары 
және  болашақ  мамандық  таңдауда  консультативтік  көмек  көрсету  туралы  15 
жастан  17  жас  аралығындағы  балалардың  ата  –  аналарымен  кәсіби  бағдарлық 
жұмыстар ұйымдастырылды.  
 
Денсаулық сақтау 
 
Халық денсаулығының жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы 
жауапкершілік  деңгейін  көрсететін  әлеуметтік  бағыттылығының  интегралды 
көрсеткіші болып табылады.  
Осыған 
байланысты, 
2011-2015 
жылдарға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасының  денсаулығын  дамытудың  «Саламатты  Қазақстан»  атты 
мемлекеттік  бағдарламасы  шегінде  жалпы  дәрігерлік  тәжірибе  принциптерін 
ендірумен  алғашқы  медициналық  –  санитарлық  көмекті  (бұдан  әрі  -  АМСК) 
жетілдіру жүргізілуде, Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі шегінде жоғары білікті 
медициналық  көмекті  (бұдан  әрі  –  ЖБМК)  қаржыландыру  маңызды  түрде 
ұлғайды,  бұл  жаңа  объектілерді  енгізу,  қолданыстағы  объектілерді  жөндеу  және 
техникалық  қайтадан  жарақтандыру  есебінен  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 
материалдық – техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік тудырды.  
Анықталған  ауруларды  кейіннен  сауықтырумен,  алдын  алу  тексерулерін 
жүргізумен және балаларды сауықтырумен әлеуметті маңызды ауруларды ертерек 


37 
 
анықтау  үшін  халықты  скринингтік  тексеруді  жүргізу  кеңейтілді,  тегін 
медициналық  көмектің  кепілдендірілген  көлемі  шегінде  дәрі-дәрмектік 
құралдармен  тегін  және  жеңілдікті  түрде  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ,  салауатты 
өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.  
Мемлекеттік  органдардың,  бизнес  құрылымдарының,  қоғамның  күшін 
біріктірудің  арқасында  қоғамдық  денсаулықты  қорғау  және  нығайту  мәселелері 
бойынша  сектораралық  және  ведомствоаралық  өзара  әрекеттердің  тиімділігін 
көтеруге 
бағытталған 
меморандумдар 
мен 
сектораралық 
іс-шаралар 
жоспарларына қол қойылды және іске асырылуда.  
Астана бойынша негізгі медициналық – демографиялық көрсеткіштер соңғы 
жылдары  оң  тенденцияға  ие  және  орташа  республикалықтан  жақсы  жағына 
өзгерумен  ерекшеленеді.  Соңғы  жылдары  елордада  табиғи  өсіммен  және  ішкі 
көші  –  қон  ағынымен  негізделген  халықтың  тұрақты  түрде  ұлғаюы  орын  алған. 
2013  жылдың  басымен  салыстырғанда  елорданың  жалпы  саны  129600  адамға 
ұлғайды,  басты  себебі,  ішкі,  сондай-ақ,  сыртқы  көші  –  қон  есебінен,  және  2016 
жылдың  1  қаңтарына  872 600  тұрғынды  құрады,  оның  ішінде  еркектер                   
420 593, әйелдер 452 007.  
Халықтың  туылуы  2013  жылғы  27,5-тен  2014  жылғы  28,96-ға  дейін  және 
2015 жылы 30,25-ке дейін ұлғайды, ал өлім 2014 жылғы 4,28-ге, 2013 жылғы 4,44-
ке қарсы 2015 жылы 4,47-ға дейін төмендеді.  
 
15-диаграмма 
Демографиялық коэффициенттер 
 
Қан  айналымы  жүйесі  ауруларынан  өлім  2014  жылы  100мың  адамға 
шаққанда  141,1  жағдайды  құрады  және  2013  жылмен  салыстырғанда  (100  мың 
адамға  шаққанда  100,5)  40%-ға  ұлғайды,  2012  жылмен  салыстырғанда 
салыстырғанда (100 мың адамға шаққанда 156,6) 9,8% азайды. Ісік ауруларынан 
өлім  2014  жылы  100  мың  адамға  шаққанда  82,9  жағдайды  құрады  және  2013 
жылмен  салыстырғанда    2,2%-ға  (100  мың  адамға  81,1),  2012  жылмен 
салыстырғанда 2,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 85,2) азайды. 
Соңғы  бес  жыл  бойы  әлеуметтік  маңызды  аурулардан  өлім  саны 
көрсеткішінің  төмендеуі  және  тұрақталуы  орнықты  тенденцияға  ие.  Сонымен, 
туберкулезден өлім көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендеді, 
100  мың  адамға  шаққанда  2015  жылы  2012  жылғы  6,7  қарсы  3,9  құрады.  2014 
жылы туберкулезден өлім 100 мың адамға шаққанда 3,1 құрады, 2013 жылы – 2,9.  
Қан  айналымы  жүйесі  ауруларынан  өлім  2015  жылы  100  мың  адамға 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау