57
алдын алу іс-шараларынан күтілетін әсердің жоқтығы;
қоғамдық тәртіпті қорғауға азаматтарды тартудың осал дамыған тетігі;
қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыс санының өсуі.
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша:
өрт ДЕПО-ларының жеткіліксіз саны.
электр құралдарын қолдану және пештерді пайдалануға беруде өрт
қауіпсіздігі ережесін сақтамау;
плотинаның толып кетуі және жарылуы немесе реттеуші тетіктер жұмысы
дұрыс болмаған жағдайда негізгі қауіпті Талдыкөл булағыш-су жинағыш
(Ильинка кенті 2 сектор және Үркер шағын айданы үшін), Астана су қоймасы
(Астана қаласы үшін) және «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басып
кетуден қорғау» жобасы бойынша салынған плотина (Астана қаласы үшін);
көше және тұрғын үйлерді лас және жиналған су басып кету;
судан құтқару қызметінің осал дамыған инфрақұрылымы.
2.4. Инфрақұрылымды дамыту
Байланыс
Астана қаласында ұсынылған байланыс қызметтерінің көлемі 2014 жылы
2013 жылдың деңгейіне 4%-ға өсумен 148,3 млрд. теңгені құрады. Салалар
құрылымында үлкен ең жоғары үлеске ұялы байланыс ие – 68,7 % (НКИ-99%)
немесе 101,9 млрд. теңге, Интернет үлесіне (НКИ – 127,2%) 16,2% немесе 24
млрд. теңге тиесілі.
2015 жылы байланыс қызметінің көлемі нақты мәнде 2014 жылғы 148,3
млрд. теңгеге және 2013 жылы 144,2 млрд. теңгеге қарсы 11,7%-ға 133,2 млрд.
теңгеге дейін қысқарды.
24-диаграмма
Байланыс қызметінің көлемі, млрд. теңге
Интернет желісі қызметінің көлемі 2 есеге 2012 жылғы 11,7 млрд. теңгеден
2013 жылы 19,8 млрд. теңгеге дейін және 2014 жылы 24 млрд. теңгеге дейін
ұлғайды.
58
Ұялы байланыс операторлары ұсынған қызметтер көлемі 12,5%-ға
2012 жылғы 116,5 млрд. теңгеден 2013 жылы 104,8 млрд. теңгеге және 2014 жылы
101,9 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл интернет кеңістік шегінде байланыс
қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін ұялы ұсыныстар нарығын дамытумен
түсіндіріледі.
Байланыс саласының кіші салалары қимасында 2015 жылдың қорытындысы
бойынша көрсетілген байланыс қызметтерінің көлемі 79,8 млрд. теңгеге
қысқарды, бұл 2014 жылыдң деңгейінен 21,7%-ға, 2013 жылғы - 24%-ға төмен.
Сонымен бірге, Интернет желісі арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 2014
жылғы 22,1%-ға және 2013 жылғы 48%-ға өсумен 29,3 млрд. теңгеге дейін
ұлғайды. Өзге де қызметтер 53,4 млрд. теңгеге дейін немесе тиісінше 70,6% және
88%-ға өсті.
Сонымен, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 16,8%-ға 2012 жылғы
110 мың бірліктен 2013 жылы 124,6 мың бірлікке дейін және 2014 жылы 128,6
мың бірлікке дейін ұлғайды. Тіркелген телефон желілерінің саны 8,2%-ға 255,7-
ден тиісінше 276 және 277 мың бірлікке ұлғайды.
2015 жылы тіркелген Интернет абоненттері санының 145,8 мың бірлікке
ұлғаюымен ұқсас жағдай байқалады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 12%-ға, 2013
жылғы - 17%-ға артық. Сонымен бірге, тіркелген телефон желілерінің саны 273,4
мың бірлікке немесе 2014 жылғы 1,5%-ға және 2013 жылғы 0,9%-ға қысқарды.
Халық санының қарқынды өсуі тіркелген Интернет абоненттерінің
толықтық көрсеткішінің төмендеуіне әсер етті, ол 100 адамға шаққанда 2012
жылғы 17 мың бірліктен 2014 жылы 15 мың бірлікке азайды. Осы көрсеткіш
бойынша Астана қаласы Қазақстан өңірлері арасында Алматы қаласынан кейін
(48) екінші орында (орта есеппен Қазақстан Республикасы бойынша – 100
тұрғынға 12 мың бірлік).
Статистика
органдары
жүргізген
зерттеулерге
сәйкес
сандық
(компьютерлік) сауаттылық деңгейі елордада 2012 жылғы 61,7%-дан 2013 жылы
62,2%-ға және 2014 жылы 63,8%-ға дейін өсті. Өсудің аса үлкен серпіні 6 жастан
15 жасқа дейінгі жас тобында байқалады, онда сандық (компьютерлік)
сауаттылық 2014 жылдың қорытындысы бойынша 49,8% құрады және
2013 жылғы 41,3%-бен 2012 жылғы 40,7%-бен салыстырғанда ұлғайды.
Сандық (компьютерлік) сауаттылық деңгейі бойынша тұтынушыларды
тарату құрылымының өзгеру серпінін талдай отыра, «күнделікті» көрсеткіштер
үлесінің 2012 жылғы 84,1%-дан 2013 жылы 85,6%-ға және 2014 жылы 70%-ға
дейін төмендеуі байқалады. Сонымен бірге, «тәжірибелі» қолданушылар үлесі
2012 жылғы 6,5%-дан 2013 жылы 7,9%-ға және 2014 жылы 11%-ға дейін ұлғайды.
Сонымен бірге, «бастап жатқан» тұтынушылар үлесі 2012 жылғы 9,4%-дан 2013
жылы 6,5%-ға және 2014 жылы 19%-ға дейін өсті. Бұл жағдайды
респонденттердің
компьютерді
игеру
және
сандық
технологияларды
пайдаланудың негізгі критерийлері туралы ұсыныстарының өзгеруімен
байланыстыруға болады, бұл қоғамдық өмірге ғылыми – техникалық прогресстің
соңғы нәтижелерін енгізумен, сондай-ақ, атқарымдық персоналды сандық
қондырғылардың өсуімен байланысты.
59
2015 жылы компьютерлерді қолданушылар үлесі 88%-ға дейін ұлғайды, бұл
2014 жылдың деңгейінен 24,2%-ға және 2013 жылдың деңгейінен 25,8%-ға
жоғары.
Компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша халықтың 58,3% «қарапайым
тұтынушы» тобына, «тәжірибелі тұтынушы» үлесіне 23,8%, «енді бастаған
тұтынушы» дағдысына 17,9% ие.
2012-2014 жылдары халықты сандық (компьютерлік) сауаттылыққа оқыту
бойынша жүргізілген жұмыстар шегінде арнайы ұйымдастырылған курстарда 5
мыңнан астам адам оқытылды, оның ішінде 2012 жылы – 1,5 мың адам, 2013
жылы – 2,1 мың адам, 2014 жылы – 2 мың адам.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылдың басы жағдайы
бойынша «Е-learning» жобасы 41 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 32
мектепте және 9 колледжде іске асырылуда. Әлеуметтік желілердегі
ынтымақтастық жөнінде әдістемелік жұмыстың жаңа бағыты пысықталды. 2014
оқу жылында шамамен 1300 мұғалімді жаңа нысанмен біріктіретін
Педагогикалық шеберлік орталығы сайтының базасында «Ізденіс», «Таным»,
«Табыс», «Кәсіби тәжірибе алаңы», «Жігер», «Ветер перемен» желілік
қоуымдастық және т.б. ашылды.
Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 64,3%-дан тиісінше 64,5%-ға
және 66,2%-ға дейін ұлғайды. Жастар тобы құрылымында 6 жастан 15 жас
аралығындағы жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында өсу 2012 жылғы
40,7%-дан 2013 жылы 41,3%-ға және 2014 жылы 49,8%-ға дейін өсті.
2015 жылдың басындағы жағдай бойынша қала бойынша қаланың адам көп
жүретін объектілерінде Интернет желісіне қоғамның қол жетімділігінің 33 бекеті
орнатылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Интернет желісін тұтыну үлесі 87%-
ға ұлғайды, бұл 2014 жылыдң деңгейінен – 20,8%-ға, 2013 жылыдң деңгейінен –
22,5%-ға жоғары.
Интернет желісіне халыққа тегін кеңжолақты қолжетімділігін ұсынуға
бағытталған «Wi-Fi Bus Astana» жобасы шегінде 4G LTE желісі базасында Wi-Fi
технологиясы арқылы шамамен 550 автобус қайтадан жарақталды. Осы жоба
бойынша ай сайын орта есппен тұтынушылар шамамен 2565 гигабайт мәліметті
пайдаланады.
Құрылыс.
Құрылыс елорданың нақты секторының негізгі саласы (71,2%) болып
табылады, оның есебінен шамамен 10% ЖӨӨ және 12% барлық жұмыс орны
қалыптастырылады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша орындалған құрылыс
жұмысының көлемі 2014 жылғы 398,9 млрд. теңгеге (НКИ – 136,4%) және 2013
жылғы 280,9 млрд. теңгеге қарсы (НКИ-88,7%) 472,2 млрд. теңгені (НКИ –
114,5%) құрады.
25-диаграмма
Құрылыстың дамуы, млрд. теңге
Достарыңызбен бөлісу: |