Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспары 1-тарау. Ағымдағы жағдай


-тарау. Ұзақ мерзімді жоспарды іске асыру кезеңдері



жүктеу 353,5 Kb.
бет2/4
Дата14.11.2018
өлшемі353,5 Kb.
#20147
түріҚұрамы
1   2   3   4

4-тарау. Ұзақ мерзімді жоспарды іске асыру кезеңдері
Ұзақ мерзімді жоспарды іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезең – 2018-2024 жылдары;

Екінші кезең – 2025-2030 жылдарға арналған.

Бірінші кезеңде бірінші кезектегі міндеттер немесе қалалық дамытудың ең өткір және өзекті мәселелері шешілетін болады. Агломерацияның аймағында орналасқан елді мекендердің стихиялық және жүйесіз көбеюіне жол бермеу бойынша шаралар қабылданады. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және біліктілігі жоғары жұмыспен халықтың тұрақты айналысуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымға артық қысымды болдырмау, ішкі көші-қонды реттеу (маятниктік, күндізгі, апталық) және қосымшаға сәйкес Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру бойынша 2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқа да іс-шаралар қабылданалы.

Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру бойынша 2018-2024 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын іске асыру қорытындысы бойынша іс-шаралардың орындалуына талдау жүргізіледі және бекітуге жоспарланып отырған Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру бойынша 2025-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қосу үшін жауапты орындаушылар мен қаржыландыру көздерін көрсетумен жаңа іс-шараларды әзірлеу жоспарланып отыр.

Екінші кезеңде агломерациялардағы халық үшін өмір сүру жағдайларын дамыған елдердің ірі қалалар деңгейіне дейін жеткізу бойынша шаралар қабылданады. Агломерация мен өңірді әлемдік нарыққа тауар, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулардың жүйесіндегі маңызды торабы ретінде шығару бойынша шаралар қабылданатын болады.



5-тарау. Күтілетін нәтижелер (индикаторлар)
2030 жылы Астана агломерациясының халық саны 1 620 мың адамды құрайды, бұл ретте Астана қаласы тұрғындарының тығыздығы бір шаршы километрге 1,5 мың адамнан асып түседі. Агломерацияның өнеркәсіптік өндіріс көлемі 524,3 миллиард теңгені құрайды. Астана агломерациясында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 2030 жылға қарай бір адамға 30 шаршы метрді құрайтын болады.

Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарына



қосымша

Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру бойынша

2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары



р/н

Іс-шаралар

Аяқтау

нысаны

Орындауға
(іске асыруға) жауапты


Орындау (іске асыру)

мерзімі

Болжамды

шығыстар
(млн.теңге)


Қаржыландыру

көздері

1

2

3

4

5

6

7

1-стратегиялық бағыт. Адами капиталды және өмір сүру сапасын дамыту

1.1-міндет. Білім беруді және денсаулық сақтауды дамыту

  1. 90

Балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен толық қамту бойынша шаралар қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, БҒМ

Жыл сайын

2018 жыл – 10,0


Жергілікті бюджет



Әлемдік университеттер кампустарын ашу және белгілі бір мамандану бойынша әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату мәселелерін пысықтау


ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімдігі

2020 жыл

Талап етілмейді






Астананың жалпы халық санындағы жоғары оқу орындары студенттерінің үлесін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізу (кемінде 7%-ға дейін)


ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімдігі

2020 жыл

Талап етілмейді






Астана қаласы мен Ақмола облысының даму бағдарламаларында Астана қаласында және оған іргелес ірі елді мекендерде техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша бірлескен шаралар кешенін қабылдауды көздеу


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, БҒМ

2021 жыл

Талап етілмейді






Астаналық клиникалар базасында медициналық туризм жобасын іске асыру

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі

2018-2020 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет және МЖК шегінде инвесторлардың қаражаттары



Астанада қаласында «Олимпиадалық даярлау орталығы» көпфункционалдық спорт кешенінің құрылысын аяқтау


ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ

2021 жыл

2018 жыл – 50,0

Республикалық бюджет

  1. 92

Агломерацияның барлық тұрғындарының жоғары білікті және жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімдігі, ДСМ

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджеттер және МЖК шегінде инвесторлардың қаражаттары



Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік ортаға және агломерацияның еңбек қызметіне барынша интеграциялау үшін жағдай жасау

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет, жеке инвестициялар

1.2-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту



Халықтың тұрғын үймен (30 ш.м.) қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, ИДМ

Жыл сайын

2018 жыл –1 817,0

2019 жыл – 513,0


2018 жыл–11100,0
2018 жыл –1 835,0

2019 жыл – 3084,0

2020 жыл–3219,0

Көзделген қаражат шегінде



Республикалық бюджет
Мемлекеттік бағалы қағаздар

Жергілікті бюджет


Жеке инвестициялар



Қараусыз қалған өндірістік аймақтардың, тозығы жеткен және аз қабатты тұрғын үй қорының аумақтарында жеке инвесторларды тарта отырып, заманауи тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру (Мәскеу тәжірибесі бойынша) бойынша ұсыныстар енгізу


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ИДМ

2019 жыл

Талап етілмейді






Астана қаласының шетінде өмір сүру сапасын қала орталығының жағдайларына келтіру бойынша шаралар кешенін қабылдау (тұрғын үй сапасы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі және басқалар)

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

2018 жыл –2 545,0

2019 жыл – 3000,0

2020 жыл ­ 3000,0
2018 жыл – 258,0

2019 жыл – 820,0

2020 жыл– 1 595,0

Көзделген қаражат шегінде



Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет


Жеке инвестициялар

1.3-міндет. Халыққа арналған көлік инфрақұрылымын дамыту



Астана қаласының негізгі жолаушылар сыйымдылығы бағыттарында (солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс) 4 жаңа «жинақтаушы» автовокзалдар мен автостанцияларды салу


Пайдалануға беру актісі

Астана қаласының әкімдігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2022-2024 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

МЖК шенберіндегі инвесторлар қаражаты



Астана қаласының веложолдарының, велосипедшілер және жаяу жүргіншілер көшелерінің, жаяу жүргіншілер аймақтарының дамыған жүйесін құру бойынша шараларды қабылдау


Пайдалануға беру актісі

Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын

2019 жыл–1 894,0

2020 жыл – 1267,0



Жергілікті бюджет



Төлемді тіркеуді автоматтандыруды арттыру және Smart City жобасының шенберінде ұсынылатын қоғамдық қызметтер бойынша ақы төлеуді жүргізуге мүмкіндік беретін әмбебап төлемдік шешімді енгізу (қоғамдық көлікке ақы төлеу, ақылы тұрақтар, ақылы автожолдар, велосипедттерді жалға беру және басқалары)


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, «Astana Innovations» АҚ (келісім бойынша)

2019-2020 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар



Астана және әлемнің жетекші мегаполистері (Лондон, Франкфурт, Токио, Шанхай, Нью-Йорк, Дубай, Цюрих және т.б.) арасында жүйелі халықаралық рейстермен қамтамасыз ете отырып, әуе қатынастарын кеңейту

ҰЭМ-ге ақпарат

ИДМ, СІМ, «Эйр Астана» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ (келісім бойынша)

2020 жыл

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар

1.4-міндет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Апатты су тастағышы және бұру каналы құрылғысы бар Астана қаласының қорғау дамбасын реконструкциялау бойынша ұсыныстар енгізу


ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ

2019 жыл

Талап етілмейді






Астана агломерациясының аумағындағы елді мекендерді су басуын болдырмау үшін уақытша су арналарында және шағын өзен арналарында бөгеттер салу


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімдігі, АШМ

2019-2022 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет



Астана қаласында «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ үшін ғимараттар мен құрылыстар салу бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ІІМ, Астана қаласының әкімдігі

2019 жыл

Талап етілмейді






1 және 2-типті өрт сөндіру-химиялық станциялар, мотоөрттік орындар құрылысы бойынша бірлескен ұсыныстар енгізу


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, ІІМ

2019 жыл

Талап етілмейді






Қосшы, Талапкер, Қоянды және Байғазар ауылдарында өрт сөндіру деполарын салу бойынша бірлескен ұсыныстар енгізу


ҰЭМ-ге ақпарат

ІІМ, Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері

2019 жыл

Талап етілмейді




2-стратегиялық бағыт. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамыту

2.1-міндет. Экономикалық мамандандыру



Агломерация экономикасына: туризмге, оның ішінде медициналық туризмге, құрылысқа, білім беруге, қаржы секторына, көлікке шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шараларды қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, ИДМ, МСМ, ДСМ, БҒМ, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді






Агломерация экономикасына шетелдік білікті мамандарды тарту бойынша бірлескен ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері

Жыл сайын

Талап етілмейді






Астана агломерациясын имиджін ілгерілету, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға, инвестиция салуға, білім беруге және тұрақты тұрғылықты жерге жағдайлар жасау


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет



Сапалы инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ете отырып және көлік жолдарына қолжетімділікпен агломерация аумағында индустриялық аймақтарды салу

Пайдалануға беру актісі

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, ИДМ «Есіл ӘЖК» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2019-2024 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет, «Есіл ӘЖК» ҰК» АҚ қаражаты



Индустриялық аймақтарға жаңа резиденттердің кіруі үшін жағдайлар жасау және индустриялық аймақтардың бұрынғы қатысушылары мен әкімшілігіне менторлық және консалтингтік қызметтер көрсету


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері

Жыл сайын

Талап етілмейді






Индустриялық аймақтардың резиденттері мен білім беру ұйымдарының арасында өнім сапасын және жұмыс күшін арттыру үшін байланыстарды ретке келтіру


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, БҒМ, ИДМ

Жыл сайын

Талап етілмейді






Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус», Ехро – 2017 аумағындағы IT Hub және басқаларының базасында Астана агломерациясының инновациялық кластерін дамыту


ҰЭМ-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» ДББҰ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ИДМ, БҒМ, АКМ

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Ұлттық компаниялардың қаражаты



Агломерация аумағында инновациялық жобаларды коммерциялық жолмен қолдану (іске асыру) бойынша инновациялық жүйенің (университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, АЭА, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, венчурлік компаниялар және басқа да қатысушылар) өзара тиімді іс-қимылы жөніндегі шараларды қабылдау


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, ИДМ, БҒМ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ (келісім бойынша),

Жыл сайын

Талап етілмейді






Агломерация экономикасында ғарыш жүйелерінің деректерін тиімді әрі практикалық пайдалану бойынша шаралар қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері,

ҚАӨМ


Жыл сайын

Талап етілмейді






Инновациялық ортаны құру және қолдау бойынша бағдарламаларды ұйымдастыру және іс-шараларды өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, ИДМ, АКМ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар



Құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа кәсіпорындарды құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту есебінен қосылған құны жоғары импорттық құрылыс материалдарына тәуелділікті азайту бойынша шаралар қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері, «Есіл ӘЖК» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар



Астана қаласының маңындағы елді мекендерде ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша заманауи кәсіпорындарды дамыту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ, Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар,

жергілікті бюджет





Астана қаласының маңындағы аймағында сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша шараларды қабылдау


ҰЭМ-ге ақпарат

Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, ИДМ

Жыл сайын

Талап етілмейді






Инновациялық технологияларды қолданумен және Астана қаласына іргелес агломерация аумақтарында экономиканың аграрлық секторының техникалық базасын жаңғырта отырып, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту


ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ, Ақмола облысының әкімдігі

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар



Агломерация аумағында жылыжайлар мен заманауи көкөніс қоймаларының желісін салу


Пайдалануға беру актісі

Ақмола облысының әкімдігі

2020-2022 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

Жеке инвестициялар



Астана қаласында жаһандық MICE (ағылш. Meetings, Incentives, Conferences, Exhibitions) іс-шараларын өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау


ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ИДМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АКМ

Жыл сайын

Көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет



Астана қаласын геосаяси келіссөздер медиациясының Еуразиялық орталығы және ең ірі саяси күштердің арасында шешім қабылдауға ықпал ету аймағы ретінде позициялау

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, СІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді






АХҚО базасында жаһандық қаржы секторына интеграциялану

ҰЭМ-ге ақпарат

«АХҚО» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ, Астана қаласының әкімдігі

2018-2022 жылдар

Көзделген қаражат шегінде

«АХҚО» АҚ қаражаты

жүктеу 353,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау