• Коммутатор ауыр. Коммутаторды орнату орнына жылжыту үшін механикалық көтергішті
пайдаланған жөн.
• Коммутаторды қолмен көтеруді немесе жылжытуды жоспарласаңыз:
◦ Қуат беру блоктарын, екі желдеткіш науасын және барлық орнатылған желілік
модульдерді алыңыз.
◦ Корпусты көтеру және жылжыту үшін төрт адамды және көтеруге арналған төрт тұтқаны
пайдаланыңыз. (Коммутаторды қолмен жылжыту барысында оның ішіне орнатылған
басқару модульдерін коммутаторда қалдыруға болады.) Ақпаратты Орнатылған
бөліктерді корпусынан алу (16-бет) бөлімінен қараңыз.
◦ Тірекке немесе шкафқа орнатылған құрылғылар мүмкіндігінше төмен бекітіледі. Ең ауыр
құрылғы төменге және жеңілірек құрылғы жоғарыға орнатылады.
Жағдайлар
• Орнату орнын дайындау жұмысы аяқталды (Жұмыс орнын дайындау (6-бет)).
• Орнату бойынша сақтық шаралары мен нұсқауларын (Орнату бойынша сақтық шаралары мен
нұсқаулары (8-бет)) оқып шықтыңыз.
(Қосымша) Корпусты тірексіз орнату
Коммутаторды тірекке орнатуды жоспарласаңыз, осы қадамды орындамаңыз.
Тірексіз орнату кезінде келесі шарттарды орындау қажет:
• Толық жүктелген коммутатордың салмағы 118 кг (260 фунт) шамасында болады. Коммутаторды
сүйреуге арналған зат аталған салмақты көтеруі тиіс.
• Коммутаторды тұрақты және тегіс беткейге орналастыру қажет.
Корпустың резеңке аяқтары жоқ. Коммутатор орнатылатын орынның беткейін сызаттар мен
белгілерден қорғаңыз.
Жарақат алу немесе тірексіз орнатылатын жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін
• Aruba 8400 корпусын басқа корпустың немесе басқа жабдықтың үстіне орналастырмаңыз.
Жұмыс орнын дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз.
• Aruba 8400 корпусының үстіне ешқандай жабдықты орналастырмаңыз.
• Толығымен жүктелген корпусының салмағын (118 кг (260 фунт) сүйрей алмайтын беткейге
Aruba 8400 корпусын орналастырмаңыз.
4-тарау
Корпусты бекіту
4-тарау Корпусты бекіту
21
Корпусын тіректі пайдаланбай орнату беткейіне қолмен орналастыру
Корпусты жылжыту үшін механикалық көтергішті пайдалануды жоспарласаңыз, осы бөлімді оқып шығу
қажеті жоқ.
Процедура
.
Жабдық орнатылатын орынды дайындау жұмысы аяқталғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс орнын
дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз.
.
Коммутаторды Корпусты орнату орнына жылжыту (18-бет) бөлімінде сипатталғандай орнату орнына
жылжытыңыз.
.
Коммутаторды оның артқы жағы орнату беткейіне орналасатындай етіп орналастырыңыз.
.
Корпустың әр жағынан көтеруге арналған тұтқаларды алыңыз.
.
Корпусты көтеруге арналған алдыңғы тұтқалар мен орнату беткейінің арасында 2,5 см арақашықтық
қалғанша орнату беткейіне сырғытыңыз.
.
Корпусынан көтеруге арналған алдыңғы тұтқаларды алыңыз.
.
Корпусты қажетті орындағы орнату беткейіне абайлап сырғытыңыз.
.
Көтеруге арналған тұтқаларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз және Коммутаторды жерге
тұйықтау (27-бет) бөліміне өтіңіз.
Механикалық көтергіш көмегімен корпусты тірексіз орнату
Процедура
.
Коммутаторды Корпусты орнату орнына жылжыту (18-бет) бөлімінде сипатталғандай орнату орнына
жылжытыңыз.
.
Коммутаторды корпусының артқы жағы орнату беткейінің үстінен орналасатындай етіп
орналастырыңыз.
.
Корпусты оның артқы жиегі орнату бейткейіне отырғанша төмен түсіруді жалғастырыңыз.
.
Корпусты орнату беткейіне және қажетті орынға абайлап сырғытыңыз.
.
Механикалық көтергішті алыңыз және Коммутаторды жерге тұйықтау (27-бет) бөлімін қараңыз.
Корпусты тірекке орнату
Тірекке немесе шкафқа орнатылған құрылғылар мүмкіндігінше төмен бекітіледі. Ең ауыр
құрылғы төменге және жеңілірек құрылғы жоғарыға орнатылады.
Салқындатқыш ауа корпустың алдыңғы панелінен кіріп, оның артқы панелінен шығады.
Корпустың алдыңғы мен артқы панельдері және басқа жабдық немесе кедергілер арасында
тиісті ауа ағыны үшін 30 см (11,8 дюйм) арақашықтық болуын тексеріңіз.
22
Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/
нормативтік нұсқаулық
Екі бағаналы тірекке орнату
.
Екі бағаналы тірекке JL374A Aruba X462 2 бағаналы тірек жинағын орнатыңыз. Тіректі бекіту
құралдарын орнату жөнінде нұсқауларды Aruba 8400 сериялы коммутаторды орнату және жұмысқа
кірісу жөнінде нұсқаулықтан қараңыз. Құжатты http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында
табуға болады.
.
Коммутатор орнатылатын бағандар арасындағы аралықты өлшеңіз. Аралық 44,7 см (17,5 дюйм)
шамасынан кем болса, корпустың енін азайту үшін бүйірлік тақтайшаларды алыңыз.
.
Тірек құлақшаларын корпусындағы көрсетілген төрт орынның біреуіне орнатыңыз. Фланецті
коммутатордың алдыңғы жағына қаратып тірек құлақшаларын орнатыңыз. Тірек құлақшаларының
орнату орнын таңдау туралы ақпаратты Aruba 8400 сериялы коммутаторды орнату және жұмысқа
кірісу жөнінде нұсқаулықтан қараңыз. Құжатты
http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында
табуға болады.
3
2
4
5
1
1
Орнындағы тірек құлақшасының орнату
орны: «1».
2
Орнату орны: «2»
3
Орнату орны: «3»
4
Орнату орны: «4»
5
Алынбалы бүйірлік тақта.
Тірек бағаналары арасындағы
аралық 44,7 см (17,5 дюйм)
мәнінен аспайтын болса,
бүйірлік тақталарды орнында
қалдырыңыз.
4-тарау Корпусты бекіту
23