Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/нормативтік нұсқаулық



жүктеу 290,85 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата25.12.2017
өлшемі290,85 Kb.
#6030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

• Орнату бойынша сақтық шаралары, ескертулер мен 

нұсқаулар

• Коммутаторды орнатуға және белсендіруге арналған қадамдардың жалпы тізімі

• Сақтық және нормативтік ақпарат 

Aruba 8400 сериялы коммутатордың аппараттық және бағдарламалық құралдары туралы толық ақпаратты

алу үшін http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтына кіріңіз және Aruba 8400 сериялы коммутатор

платформасы үшін құжаттарды қараңыз.

Орнату бойынша сақтық шаралары мен нұсқаулары

Aruba 8400 корпусын көтеру, төмен түсіру және тасымалдау үшін механикалық көтергішті пайдалану

ұсынылады. Бұл ең қауіпсіз әрі қолайлы әдіс болып табылады. Механикалық көтергішті пайдалану кезінде

көтерілетін жалпы салмақ максималды жүк көтергіштігінен аспайтынына көз жеткізіңіз.

Орнатылмаған кез келген бөліктерді коммутаторды бекіткеннен кейін орнатыңыз.

8

Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/

нормативтік нұсқаулық



• Жеке зақым қаупін азайту немесе құрылғыға зақым келтірмеу үшін, орнату нұсқауларымен

бірге берілген барлық ескертулер мен ескертпелерге назар аударыңыз.

• Коммутатор өте ауыр. Жарақат алудан немесе жабдыққа зақым келуден сақтану үшін

қолмен тасымалдауға арналған жергілікті кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық сақтау

талаптары мен нұсқауларына назар аударыңыз.

• Құрамдас бөліктері орнатылған корпустың жалпы салмағына байланысты жарақат алудан

сақтаныңыз. Орнату барысында корпусты механикалық көтергіштің орнына қолмен көтеруді

немесе жылжытуды жоспарласаңыз, төмендегі тізімде көрсетілген алынатын бөліктерді алу

қажет. Нәтижеде корпусы мен бөліктерінің жалпы салмағы 60 кг (132 фунт) дейін

төмендейді. Әрбір жеке құрамдас бөліктің салмағы туралы ақпаратты Өнім салмағы (15-

бет) бөлімінен қараңыз.

◦ Бұл бөліктерді салмақты төмендету үшін алыңыз.

– Қуат беру құралдарының барлығы

– Желілік модульдердің барлығы

– Екі желдеткіш науасы

◦ Жинаққа кіретін төрт алмалы тұтқаны бекітіңіз.

◦ Корпусты көтеру, төмен түсіру және тасымалдау үшін төрт адамды пайдаланыңыз.

Корпусты орнату орнына жылжыту (18-бет) бөлімін қараңыз.

• Тірекке немесе шкафқа орнатылған құрылғылар мүмкіндігінше төмен бекітіледі. Ең ауыр

құрылғылар төменге және жеңілірек құрылғылар жоғарыға орнатылады.

• Тіректің немесе шкафтың тұрақсыздықтан және/немесе құлаудан қорғау үшін оның мұқият

бекітілгенін тексеріңіз.

• Коммутаторды сенімді түрде жерге қосыңыз. Коммутаторды жерге тұйықтау (27-бет)

бөлімін қараңыз.

• Корпусты орнату кезінде оның алдыңғы жағын екі бағаналы тіректің алдыңғы жағымен

сәйкестендіруге болмайды, себебі бұл салмақтың тірек ішінде бірқалыпты таралмауына

әкелуі мүмкін. Екі бағаналы тірекке орнату (23-бет) бөлімін қараңыз.

1-тарау Бастаудан бұрын

9



• Коммутатор мен оның құрамдас бөліктерін электростатикалық разрядтан (ЭСР) қорғаңыз.

◦ Электростатикалық разряд (ЭСР) туралы ақпаратты Aruba 8400 сериялы



коммутаторды орнату және жұмысқа кірісу жөнінде онлайндық нұсқаулықтан қараңыз.

Құжатты http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында табуға болады.

◦ Коммутатормен және оның құрамдас бөліктерімен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде

антистатикалық білезікті киіңіз. Коммутатор бөліктерін орнату немесе алу кезінде

білезіктің сенімді түрде жерге тұйықталғанын тексеріңіз.

2

1

1

Алдыңғы панельге антистатикалық білезікті қосу



нүктесі

2

Артқы панельге антистатикалық білезікті қосу



нүктесі

◦ Басқару модульдерін, желілік модульдерді және коммутациялық модульдерді жиегінен

ұстаңыз. Электроникалық бөліктерге немесе икемді тақтаға қол тимеңіз.

◦ Орнатылмаған модульдерді антистатикалық пакеттерде сақтаңыз.

• Коммутаторды тіректе жеткізбес бұрын, нұсқаулар мен шектеулерді Aruba 8400 сериялы

коммутаторды орнату және жұмысқа кірісу жөнінде нұсқаулықтан қараңыз. Құжатты 

http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында табуға болады. Олай болмаған

жағдайда коммутатордың кепілдік күші жойылуы мүмкін.

• Корпусты тіректе жеткізбес бұрын, орнатылған кез келген басқару модульдерін және желілік

модульдерді Aruba 8400 коммутатор корпусынан алыңыз. Басқару модульдері және желілік

модульдері орнатылған корпусты тіректе жеткізу кепілдіктің күшін жоюы мүмкін. Сонымен

қатар басқару модульдерінің және желілік модульдердің барлық бос ұяларына қақпақтарды

орнатыңыз.

• Aruba 8400 коммутаторының қуат көзі айналымдары дұрыс жерге орнатылғанын тексеріңіз.

Коммутатормен бірге берілетін қуат сымы немесе қуат беру құралы арқылы коммутаторды

қуат көзіне жалғаңыз.

• Орнату қуат беру құралымен бірге берілгеннен басқа қуат сымын талап етсе, сымның ток

талаптары үшін сәйкес өлшемде болуын қамтамасыз етіңіз. Қосымша, еліңіздегі қуат



10

Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/

нормативтік нұсқаулық


сымдарына арналған ережелерді анықтайтын қауіпсіздік агенттіктің белгісі бар қуат сымын

ғана қолданыңыз. Белгі қуат сымын коммутатормен және қуатты беру құралымен бірге

қауіпсіз қолдануға болатынын қамтамасыз етеді. Қуат сымы туралы қосымша ақпаратты 

Қуат сымы туралы ақпарат (43-бет) бөлімінен қараңыз.

• Коммутаторды орнату кезінде, айнымалы ток розеткасы коммутатордың жанында және

қуатты өшіру үшін корпусындағы оңай қол жетімді болуы керек.

• Жұмыс істейтін сыртқы температура спецификацияда көрсетілгеннен асатын ортада

коммутаторды орнатпаңыз. (Қосымша ақпарат алу үшін Қоршаған орта, сақтық және

электр деректері туралы ақпарат (42-бет) бөлімін қараңыз).

• Коммутатордың қуат көзін, сымды және артық токтан қорғанысты шамадан тыс жүктемеуін

қамтамасыз етіңіз. Берілетін ток айналымдарының шамадан тыс жүктелу ықтималдығын

анықтау үшін, 8400 сериялы коммутатормен бірдей ток айналымына орнатылған барлық

құрылғылардың ампер көрсеткіштерін бірге қосып, қорытынды санды ток айналымына

арналған көрсеткіш шектеуімен салыстырыңыз. Ең үлкен ампер көрсеткіштері әдетте

айнымалы ток қуаты қосқыштарының жанындағы құрылғыларда басып шығарылады.

• Коммутатор ішінде ауа ағынының шектелмегенін тексеріңіз. Ауа ағынын қамтамасыз ету

үшін құрылғының алдында және артында 30 см (11,8 дюйм) бос кеңістікті сақтаңыз. Ауа

ағыны алдыңғы жағынан артқы жағына қарай жылжиды.



1-сурет. Алдыңғы жағынан артқы жағына қарай жылжитын ауа ағыны

30 cm (1


1.01 in)

30 cm (1


1.01 in)

• Қуат беру құралы алынып тасталса және қайта орнатылса, орнатпас бұрын кемінде 5

секунд күтіңіз. Әйтпесе, коммутаторға немесе оның бөліктеріне зақым келуі мүмкін. Қуатты

беру құралы осы кезде кез келген қалған қуатты шығару қажет.

• Коммутаторға толығымен жүктелген үш желдеткіш науасы қажет. Әрбір желдеткіш

науасында ауыстырылатын алты желдеткіш науасы бар. Желдеткіш науалары туралы

ақпаратты және желдеткіш науасына қойылатын талаптарды Aruba 8400 сериялы

коммутаторды орнату және жұмысқа кірісу жөнінде нұсқаулықтан қараңыз. Бұл құжатты 

http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында табуға болады.

• Қолданыста емес кез келген модульдің немесе қуат беру құралының ұясына қақпақты

орнатыңыз.

• Aruba 8400 сериялы коммутатор корпусында және керек-жарақтарда пайдаланушы қызмет

көрсететін бөліктер жоқ. Қызмет алу үшін рұқсаты бар Aruba өкілімен хабарласыңыз.

1-тарау Бастаудан бұрын



11


жүктеу 290,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау