Қуат беру блоктарын алу туралы қосымша ақпаратты қуат беру блоктарымен бірге жеткізілетін
Aruba
8400 сериялы қуат беру құралын орнату және сақтық/нормативтік нұсқаулығынан қараңыз. Құжатты
http://www.hpe.com/support/manuals веб-сайтында табуға болады.
Орнатылған желілік модульдердің кез келгенін алу
Процедура
Aruba 8400 коммутаторының желілік модульдерін күтіммен ұстау қажет. Қатты немесе күтімсіз ұстау
модульдердің зақымдалуына және жоспарланбаған іркіліске әкелуі мүмкін.
.
Нөмірі 1-4 және 7-10-ұяларына орнатылған кез келген желілік модульдерді алыңыз.
.
Алынған желілік модульдерді антистатикалық пакеттерге салыңыз.
.
Барлық бос ұяларды қақпақтармен жабыңыз.
Орнатылған басқару модульдерін корпусында қалдырыңыз. Корпусты төрт адам көмегімен
көтеру және жылжыту кезінде оның салмағын төмендету үшін қуат беру құралдарын, желілік
модульдерді және үш желдеткіш науасының екеуін алу жеткілікті болады.
Екі желдеткіш науасын алу
1
2
3
1
1-желдеткіш науасы ұясы (желдеткіш науасы алынған және коммутациялық
модуль көрінеді).
2
2-желдеткіш науасы ұясы (желдеткіш науасы алынған және коммутациялық
модуль көрінеді).
3
3-желдеткіш науасы ұясы (желдеткіш науасы және коммутациялық модуль
орнатылған).
3-тарау Корпусты көтеру және жылжыту
17
Процедура
Aruba 8400 коммутаторының желдеткіш науалары мен желдеткіш модульдерін күтіммен ұстаңыз.
Қатты немесе күтімсіз ұстау бұл бөліктердің зақымдалуына және жоспарланбаған іркіліске әкелуі
мүмкін.
.
Алынатын желдеткіш науасын таңдаңыз.
.
Желдеткіш науасын корпусына бекітетін бұрандаларды бұрып босатыңыз.
.
Желдеткіш науасының тік екі тұтқасынан ұстап, желдеткіш науасын ұясынан алып шығарыңыз.
.
Екінші желдеткіш науасын алу үшін 1 мен 3 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.
Қолмен жылжыту мақсатымен корпус салмағын төмендету үшін үшінші желдеткіш науасын
алудың қажеті жоқ.
Коммутациялық модульдер зауытта орнатылады. Оларды корпусты жылжытпас бұрын
алудың қажеті жоқ. Коммутациялық модульді алу қажет болса, ақпаратты Aruba 8400
сериялы коммутаторды орнату және жұмысқа кірісу жөнінде нұсқаулықтан қараңыз.
Жоғарыда аталған әрекеттер орындалғаннан кейін коммутатор салмағы оны төрт адам көмегімен көтеру
тұтқалары арқылы тасымалдауға ердәуір азайтылады.
Корпусты_орнату_орнына_жылжыту__Корпусты_қолмен_жылжыту__Бастаудан_бұрын'>Корпусты орнату орнына жылжыту
Корпусты қолмен жылжыту
Бастаудан бұрын
Механикалық көтергішті пайдаланып жатсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз және Корпусты
механикалық көтергіш көмегімен жылжыту (20-бет) бөлімін қараңыз.
• Екі желдеткіш науасы, барлық желілік модульдер және барлық қуат беру құралдары корпусынан
алынады.
• Көтеруге арналған төрт тұтқа коммутатор корпусының жинағына кіреді.
• Жабдық орнатылатын тірек және коммутатор орнатылатын орын корпусты орнатуға дайын екенін
тексеріңіз. Жұмыс орнын дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз.
Процедура
.
Пенопласт жастықшаларды корпустың оң және сол жақтарынан алып тастаңыз. Корпусының әр
жағының төменгі жиегін көрсету үшін, корпус негізінің әр жағынан бұзылған пенопластты алыңыз.
.
Корпустың екі жағындағы төменгі жиегін көрсету үшін корпус оралған полиэтилен пакетті алып тастаңыз.
.
Көтеруге арналған төрт тұтқаның екеуін корпусының әр жағына орнатыңыз.
.
Көтеруге арналған тұтқаларды корпусының төменгі жиегіндегі ұяшықтарға енгізіңіз. Тұтқаларды
орнында бағыттау үшін әр тұтқа қалпына арналған жапсырмадағы нұсқауларға қараңыз.
18
Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/
нормативтік нұсқаулық
1
2
1
2
1
Тұтқаның бастапқы позициясы
көрсетілген жапсырма
2
Құлыпталған тұтқаның позициясы
көрсетілген жапсырма
.
Тұтқаны оның ысырмасы құлыпталып, тұтқаның алдыңғы жиегі «Құлыптау» жапсырмасымен
сәйкестендірілгенше алға итеріңіз.
2
1
1
2
.
Төрт адам көмегімен корпусты абайлап көтеріңіз және орнату орнына жылжытыңыз.
Алдыңғы тұтқалармен салыстырғанда, корпус салмағының едәуір бөлігін артқы тұтқалар
көтереді.
3-тарау Корпусты көтеру және жылжыту
19
Корпусты механикалық көтергіш көмегімен жылжыту
Бастаудан бұрын
Толық жүктелген Aruba 8400 коммутаторының салмағы 118 кг (260 фунт) шамасында. Барлық
құрамдас бөліктері орнатылған корпустың жалпы салмағы механикалық көтергіштің
максималды жүк көтергіштігі шамасынан аспайтынына көз жеткізіңіз.
Механикалық көтергішті пайдаланбай жатсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз және Корпусты
қолмен жылжыту (18-бет) бөлімін қараңыз.
Корпусты жылжыту немесе бекіту үшін механикалық көтергішті пайдалану кезінде барлық құрамдас
бөліктері орнатылған корпустың жалпы салмағы механикалық көтергіштің максималды жүк көтергіштігі
шамасынан аспаған жағдайда, корпус бөліктерін алудың қажеті жоқ. Жүк көтергіштігі 118 кг (260 фунт) кем
болса, жүктелген коммутатордың салмағын анықтау үшін ақпаратты Өнім салмағы (15-бет) бөлімінен
қараңыз. Корпус салмағын механикалық көтергіштің максималды жүк көтергіштігінен кем болуы үшін
төмендету мақсатымен алынатын бөліктерді анықтаңыз.
Процедура
.
Орауыш материалды алып, орнатылмаған бөліктерді жеткізу паллетасынан алыңыз. Алдыңғы панельдің
төменгі жиегін көрсету үшін, корпус негізінің алдыңғы панелінен бұзылған пенопластты алыңыз.
.
Механикалық көтергішті корпустың алдыңғы мен төменгі жиегінің деңгейінде (корпусына тигенде)
орналастырыңыз.
.
Корпусты көтергішке қарай сырғытыңыз.
.
Көтергішті жеткізу паллетасын алу үшін жоғары қарай аздап көтеріңіз.
.
Корпусты оның тұрақты орнына жылжытыңыз.
Тұрақты орнына жылжыту кезінде корпусты кез келген кедергілерді алу үшін ғана жоғары
қарай көтеріңіз.
20
Aruba 8400 коммутаторлар сериясының негізгі аппараттық құралын орнату және сақтық/
нормативтік нұсқаулық