Қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 315 Kb.
бет3/4
Дата20.11.2018
өлшемі315 Kb.
#22101
түріКодекс
1   2   3   4

Листериоздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




  1. Жұқтырылған материалмен жұмыс істеу және жеке қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқамадан өтпеген адамдар серологиялық оң реакциясы бар жануарларды және листериозбен ауыратын жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, тұтас етті бөлуге және олардан алынатын шикізаттарды қайта өңдеуге жіберілмейді.

  2. 18 жасқа толмаған адамдардың, жүкті әйелдердің және бала емізетін әйелдердің, маусымдық жұмысшылардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

  3. Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлері, оның ішінде уақытша тартылған адамдар жеке гигиена және жеке қорғаныш (халат, резеңке қолғап, жеңқап, клеенка алжапқыштары, тиісті аяқ киім) құралдарынсыз жұмысқа жіберілмейді.

  4. Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлеріне профилактикалық медициналық тексерулер жаппай мал төлдеуі аяқталғаннан кейін 1-2 айдан соң, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлеріне жаппай жануарлар сойылғаннан кейін 1-2 айдан соң профилактикалық медициналық тексеру жүргізіледі.

  5. Листериозға профилактикалық зертханалық тексерілуге мыналар жатады:

      1. жануарларды күтуге және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге уақытша тартылатын адамдар (маусымдық жұмыстан кейін 1-2 айдан соң);

      2. бала көтеретін жастағы әйелдер клиникалық көрсетілімдеріне қарай;

      3. болжамды листериоз патологиясы бар, асқынған акушерлік анамнезімен, жүктіліктің және/немесе босанудың патологиялық ағымымен жүкті әйел және жас босанған әйел;

      4. листериозға күдік келтірілген жаңа туған нәресте;

      5. өлі туылған немесе өмірінің алғашқы күндерінде шетінеген баланың мәйіті көрсетілімдеріне қарай.

  1. Адамдардың, ауыл шаруашылығы және басқа да жануарлардың арасында листериозбен сырқаттану анықталғанда эпизоотиялық ошаққа халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің эпидемиолог дәрігері мен мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бірлесіп тексеру жүргізеді.

  2. Листериозбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар, сондай-ақ үй жануарлары листериозға тексеріледі.

  3. Листериозбен ауыратын науқастарды, листерияны тасымалдаушыларды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

  4. Реконвалесценттер клиникалық сауыққаннан кейін және бактериологиялық зерттеудің бір реттік теріс нәтижесінен соң стационардан шығарылады.

  5. Листериозбен ауырып жазылған адамдарды диспансерлеу 1 жыл ішінде міндетті түрде тоқсан сайын арнайы зертханалық тексерулер өткізіле отырып жүргізіледі.

  6. Жүкті әйелдерді диспансерлеу жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде міндетті түрде серологиялық зерттеумен, ал оң серологиялық тест жағдайында бактериологиялық зерттей отырып жүргізіледі. Листерияға оң бактериологиялық зерттеу жағдайында тиісті антибактериялық және патогенетикалық емдеу жүргізіледі.

  7. Листериозбен ауырып жазылған адамдардың жұмыс істеуіне және ұйымдастырылған ұжымда жұмыс істеуіне рұқсат ету шектеусіз, клиникалық сауыққаннан кейін және теріс бактериологиялық тексеруден кейін жүргізіледі.

  8. Жануарларды сатып алу, сату, союға өткізу, басқа орындарға ауыстыру және жаңадан топтастыру ілеспе құжаттар (ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама) болған кезде жүргізіледі, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізгеннен кейін жүргізіледі.

  9. Мал басы листериоз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінің жануарларынан жинақталады.

  10. Листериозды уақтылы анықтау мақсатында комплементтің байланыс реакциясына (бұдан әрі – КБР) жануарлардың қан сарысуын зерттеу жүргізіледі:

  1. листериозға күдіктену кезінде барлық жағдайларда;

  2. асыл тұқымды мал өсіретін кәсіпорындарда, жасанды ұрықтандыру станцияларында (пункттерінде) барлық өндірушілерді (өгіздер, қабандар, қойлар) жылына екі рет;

  3. шошқаларды, ірі қара және ұсақ малдарды – асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта әрқайсысын жылына 1 рет.

  1. Жаңадан келген жануарларды ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен карантинге ұшыратады.

  2. Жануарлардың иелері ветеринариялық бөлімшелерге, ЖАО мемветұйымдарына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына барлық ауру жағдайлары, листериозға күдіктену, іш тастау, өлі туу және жануарлардың қырылуы туралы хабарлайды және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың талаптары бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді, оларға тексеру, зерттеу және өңдеу жүргізуге жағдай жасайды.

  3. Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың іш тастау, өлі туу және қырылу жағдайларының барлығын есепке алуды жүргізеді және ветеринариялық зертханаға тексеруге патологиялық материал жібереді.

  4. Барлық жем, оның ішінде сүрленген шөп пен құрама жемді жемдеу алдында листерияны жұқтыруына зерттеу қажет және бұл жемдерді зерттеу нәтижелері теріс болған кезде ғана мал рационына қосу қажет.

  5. Сүтпен және сүт өнімдерімен (қаймағы айырылған сүт, сүт сарысуы және басқасы) қоректендіру үшін қолданылатын астаулар жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.

  6. Жануарлардың маститі кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

  7. Листериозға оң әсер берген және онымен ауыратын ауру жануарларды қабылдау және сою ет өндіретін объектілерде және сою пункттерінде (бұдан әрі – объектілер) жүргізіледі.

  8. Объектілерге келіп түскен ауру жануарларды арнайы бөлінген ашық қораларда (изоляторларда) сау жануарлардан оқшау ұстайды. Оларды союға ауысым соңында немесе бөлек ауысымда жалпы сою цехында жол беріледі.

  9. Жануарларды сою алдында ұстайтын базалардың (ашық қоралардың) едендерінің қатты жабыны болады, суағарлармен, сұйықтық қабылдағыштармен және сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады.

  10. Сою аяқталғаннан кейін санитариялық қасапхананың, сою цехының үй-жайы, сою алдында ұстайтын база, сойылған өнімдерді қайта өңдеу бойынша өндірістік үй-жайлар, технологиялық жабдық, мүкаммал, санитариялық және арнайы киім, аяқ киімдер, көлік құралдары және өндірістік ағындар механикалық тазартылуы және дезинфекциялануы тиіс.

  11. Объектілерде малдарда листериоздың болуына немесе болмауына қарамастан, оларды бордақылауға және өсіруге, сондай-ақ сиырларды, қойлар мен ешкілерді саууға жол берілмейді.

  12. Қосалқы мүшелерін жинау үшін «Листериоз» деген таңбасы бар, су өткізбейтін, санитариялық өңдеуге жатқызылатын ыдыс, ал конфискаттар үшін «Конфискаттар» деген таңбасы бар, жабылатын, су өткізбейтін ыдыс бөлінеді.

  13. Листериозға зерттеу үшін зертханаға:

  1. ұсақ жануарлардың тұтас өлексесін немесе басын (бас миын), бауырды, көкбауырды, бүйректі, лимфатүйіндерді, өкпенің зақымданған бөлігін, іш тасталған ұрықты немесе оның қабығын жіберу қажет. Жаз мезгілінде патологиялық материал глицериннің 40%-дық стерильденген сулы ерітіндісімен консервацияланады;

  2. тірі кездегі диагностика үшін – іш тасталған жатырдан бөлінген жыныс мүшелерінің ағындысын, ауру жануардың және ауруға күдікті жануардың қанын немесе сарысуын, малдың сүтін жіберу қажет.

  1. «Листериоз» диагнозы эпизоотологиялық деректер кешені мен зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады. Листерия өсірінділерінің бөлінуі - бактериологиялық зерттеу шешуші мәнге ие болады.

  2. Жануарға листериоз диагнозы қойылған кезде шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман бұл туралы шаруашылық субъектісінің басшысына, Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне тез арада хабарлайды. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері эпизоотиялық ошақта эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.

  3. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша мыналарға:

  1. сою үшін жануарларды сыртқа шығаруды қоспағанда, оларды шығаруға (әкетуге);

  2. жануарды ет өңдейтін объектілерге апаруды қоспағанда, мәжбүрлеп сойылған листериозбен ауырған жануардың етін шикі күйінде шығаруға жол берілмейді. Қолайсыз пункттердегі және ет өңдейтін объектілердегі жануардың етіне «Ветеринария туралы» Заңға сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі;

  3. науқас жануарлармен жанасқан және листерияларды жұқтыруға күдік болған кезінде жемді сыртқа шығаруға;

  4. ветеринариялық дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық субъектісінің ішінде жануарды қайта топтастыруға (ауыстыруға);

  5. қолайсыз пункттерде асыл тұқымды және пайдаланатын жануарларды, шөпті, сабанды және басқа да қатты жемді басқа шаруашылық субъектілеріне және аудандарға шығару үшін оларды дайындауға, сондай-ақ жануарлардың (құстарды қоса алғанда), мамық жүнді аңдардың, иттердің, мысықтардың жәрмеңкелерін, базарларын және көрмелерін өткізуге;

  6. ауру жануарларды өсіру және бордақылау үшін халыққа сатуға;

  7. ауру жануарлар мен қолайсыз табындардың мал басының сау жануарлармен бірге жайылуына, су ішуіне және басқа да байланыста болуына, сондай-ақ жануарларды алыс жерлердегі жайылымдарға айдауға және тасуға жол берілмейді.

  1. Листериоз бойынша қолайсыз пункт деп жарияланған шаруашылық субъектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

  1. жануарды таңдамалы түрде температурасын өлшей отырып, жаппай клиникалық тексеру және жарамсызын айыру;

  2. клиникалық белгілері жоқ ауру мал мен листерия тасымалдаушыларды анықтау үшін серологиялық зерттеу жүргізіледі;

  3. орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық белгілері бар ауру малдар союға жіберіледі;

  4. ауруға күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциясы бар жануарлар оқшауланады және антибиотиктермен емделуі тиіс немесе союға жіберіледі;

  5. клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциясы бар жануарлар профилактикалық мақсатта антибиотиктер қабылдайды;

  6. жануарлардан алынған сүт серологиялық зерттеуден өтуі және оң нәтиже көрсетілген кезде кейіннен шаруашылық ішінде жануарларға беру үшін 15 минут ішінде қайнатады немесе тоң май жасалады. Сауыққан жануарлардың сүті шаруашылық субъектісінде екі ай ішінде пастерленеді, осыдан кейін оның сыртқа шығарылуына жол беріледі;

  7. жасанды ұрықтандыру листериозға алдын ала серологиялық тексерілгеннен кейін сау аталық жануардың шәуетін қолданып жүргізіледі;

  8. мал шаруашылығы үй-жайларындағы қи күнделікті қи сақтайтын қоймаларға шығарылады немесе жеке учаскелердегі үйінділерге жиналады. Оны 2-3 ай ішінде биотермиялық зарарсыздандырудан кейін тыңайтқыш ретінде қолдануға жол беріледі.

  1. Дезинфекциялау мынадай іс-шараларды қамтиды:

    1. мал шаруашылығы үй-жайларында және оған іргелес аумақтарда әрбір ауру жануарлар анықталған жағдайдан кейін дезинфекциялау, содан соң барлық кезең ішінде әрбір 14 күнтізбелік күннен кейін шектеу жүргізіледі. Ауру мал, ауруға күдікті жануарлар ұсталатын орын-жайлардың кіреберісі аяқ киімді өңдеуге арналған дезинфекциялау кедергілерімен (кілемшелер) жабдықталады;

    2. листериоз қоздырғышы бар жайылу алаңдары, аулалар, базалар, жануарларға арналған орын-жайлар, су қоймаларына жақын жерлер және басқа да учаскелер немесе аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқыстан, қидан тазартылады. Қи мен қатты қалдықтар (шөп қалдықтары және басқалар) шығарылады және зарарсыздандырылады (биотермиялық әдіспен, химиялық құралдармен және басқалармен). Үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда дератизациялау жүргізіледі, кеміргіштердің өлекселері жиналады және өртеледі;

    3. шөмелелер, пішен, сүрлем шөмелелері, құрама жем кеміргіштердің мекендеуіне тексеріледі. Кеміргіштер анықталған жағдайда, уақтылы дератизациялау жүргізіледі;

    4. траншеяларда немесе үйінділерде сақталатын сүрлемде листериоз қоздырғышымен контаминацияланған жағдайда, барлық листериоз қоздырғышымен зақымдалған сүрлем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылуы тиіс;

    5. листериозбен ауыратын ауру жануарлардан алынған былғары-тері шикізаты зарарсыздандырады.

  1. Мал тұратын орын-жайлар мен мал күтуге қолданылатын заттарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

  2. Малдың іш тастаған ұрығы, өлекселері тез арада кәдеге жаратылуы тиіс.

  3. Шаруашылық субъектісінде клиникалық ауру жануарлар анықталған соңғы жағдайдан кейін, серологиялық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылық субъектісінің орын-жайлары мен аумағына қорытынды механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізгеннен кейін екі айдан соң листериоз бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылады.

  4. Шаруашылық субъектісінің листериоздан сауығуынан кейін екі жыл ішінде асыл тұқымды және асыл тұқымды емес қойларды өсіруге жануардың қан сарысуын серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері алынғаннан кейін жол беріледі. Бір жыл ішінде жануардың басқа түрлерін өсіру аталған жағдайларда жүзеге асырылады.

  5. Листериоз бойынша бұрын қолайсыз болған шаруашылық субъектілерінде оң реакциялары жойылғанға дейін жануарларды қоралаудың алдында жылына 1 рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Оң реакция байқалатын жануарлар оқшауланады, емделуі тиіс немесе союға жіберіледі. Жануарларды әкету кезінде ілеспе ветеринариялық құжаттарда листериозға зертханалық зерттеулер нәтижелері көрсетіледі.



8. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар лептоспирозбен ауыратын науқас туралы емдеу-профилактикалық ұйымдардан хабарлама алған кезде немесе лептоспироз жағдайына күдіктену кезінде тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының органдары мен ұйымдарының мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

    1. барлық күдікті жағдайларда материалды міндетті зертханалық зерттей отырып, лептоспирозбен ауыратын науқастарды анықтау үшін адамдардың ауру жұқтырғаны анықталған немесе жұқтыруы ықтимал орындарда тұрғындарды эпидемиологиялық тексеру;

    2. лептоспироздың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру, қоздырғыштың берілу жолдары мен жұқтыру көздерін анықтау;

    3. ошақтарда дезинфекциялау, объектілерде және аумақтарда шұғыл дератизациялау жүргізу;

    4. тұрғындар арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы.

  1. Медициналық ұйымның медицина қызметкері лептоспироз ауруымен ауырған әрбір науқас және оған күдікті жағдай туралы тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелеріне шұғыл хабарлама жібереді.

  2. Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар  лептоспироз ошақтарында денсаулық сақтау ұйымдарының мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

    1. қоздырғыштардың серологиялық топтарын көрсете отырып, барлық науқастарды және бактерия тасымалдаушыларды тіркеу (клиникасы айқындалмаған қанның оң бактериоскопиясы және серологиялық зерттеудің теріс нәтижесі);

    2. науқастарды инфекциялық бөлімшеге емдеуге жатқызу және тасымалдаушыларды амбулаториялық емдеу;

    3. екі апта ішінде қызбасы бар науқастардың клиникалық және зертханалық мониторингі (қызбаның екі толқынды түрі – өте төмен деңгейде болуымен қызба бір аптаға жуық созылады және температурасының жоғарылауы 3-4 күн қайталанады);

    4. ауырып жазылған аурудан кейін алғашқы айда көз дәрігері, невропатолог және терапевт міндетті клиникалық тексере отырып, 6 айдың ішінде реконвалесценттерді диспансерлеу;

    5. жас босанған әйелдерді бактериоскопиялық және серологиялық тексеру (көрсеткіштер бойынша);

    6. донорлық қанды бактериоскопиялық және серологиялық зерттеу (қан алған кезде).

  1. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы жүргізетін профилактикалық іс-шаралар мыналарды:

        1. ошақтардың болуын және типін айқындауды;

        2. ошақтың эпизоотиялық белсенділігін тұрақты бақылауды;

        3. синантропты кеміргіштер саны динамикасына мониторингі;

        4. лептоспира тасымалдаушыларының түрлік құрамын зерделеуді;

        5. лептоспираның серологиялық құрылымын анықтауды;

        6. эпидемиологиялық маңызы бар объектілері болатын липтоспироз ошақтарының өзара байланысын айқындауды (демалыс аймағы, мал шаруашылығы фермасы, ауыл шаруашылық, гидромелиоративті жұмыстарды жүргізу аудандары, тамақ өнеркәсібі қоғамдық тамақтану, сауда және басқалар);

        7. эпидемиологиялық жағдайдың өзгерістерін жедел талдау, олардың эпидемиологиялық қауіптілігі дәрежесін бағалауды;

        8. оқиғалардың одан әрі дамуын болжау және профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтиды.

  1. Лептоспироздың табиғи ошақтарына тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бөлімшелері денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып, мынадай профилактикалық іс-шаралар кешенін орындайды, олар мыналарды:

      1. кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алуды;

      2. жас босанған әйелдерді зертханалық тексеруді (көрсеткіштер бойынша);

      3. донорлық қанға зертханалық бақылауды;

      4. ет және сүт өнімдерін санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды;

      5. аумақтың, ашық су қоймаларының және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық жағдайының мониторингін;

      6. санитариялық-ағарту жұмыстарын;

      7. қауіп төнетін учаскелерді дератизациялауды қамтиды.

  1. Лептоспироздың табиғи ошақтарында және антропургиялық ошақтарында тұрғындар жеке профилактика шараларын сақтауы ауыз су қажеттілігі үшін қайнаған суды пайдалануы қажет.

  2. Лептоспироз бойынша қауіпті аумақтарда лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мынадай шараларды сақтау болып табылады:

    1. малдардың клиникалық жағдайларын бақылау, іш тастаулар санын есепке алу;

    2. лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асыл тұқымды мал шаруашылығын, кәсіпорындарды, жасанды ұрықтандыру станцияларын толықтыру;

    3. шаруашылыққа келіп түсетін барлық жануарларды ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен карантиндеу;

    4. бордақылау шаруашылықтарын сау жануарлармен толықтыру;

    5. жануарлардың лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардың (фермалардың), елді-мекендердің жануарларымен жайылымда, суғару орындарында бірге болуына жол бермеу, вакцинацияланбаған малдарды лептоспироздың табиғи ошақтарының аумағында жаймау;

    6. ашық су қоймаларының жағасына малдарға арналған жазғы жайлауды орнатуға жол бермеу;

    7. мал шауашылығы орын-жайларында, фермалардың аумағында, жемдерді сақтау орындарында кеміргіштерді жүйелі түрде жоюды бақылау.

  1. Жануарларда лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында қан сарысуы және басқа патологиялық материал (ағзалардағы тіндер, сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сарысуы, іш тастау материалы) зертханалық зерттеуге алынады.

  2. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша шаруашылық (ферма, табын) мына жағдайлардың бірінде лептоспироз бойынша:

    1. лептоспирлер патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу кезінде анықталғанда;

    2. антидене тексерілген жануарлардың 20%-нан астамында қан сарысуында (зәрінде) анықталғанда;

    3. патологиялық материалдан лептоспир өсіріндісі бөлінгенде қолайсыз деп саналады.

  1. Жануарларда қан сарысуында спецификалық антидене немесе зәрінде бөлінетін лептоспир анықталған кезде лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылық үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі.

  2. Жануарлардың лептоспироз диагнозы расталған кезде шаруашылық субъектісінің аумағына шектеу қойылады.

  3. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бұл туралы жоғары тұрған ветеринариялық органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне бір уақытта хабарлайды.

  4. Сауықтыру іс-шараларының жоспарында жануарларды қажетті диагностикалық зерттеу, жүргізу мерзімдерін және жауапты адамдарды көрсете отырып, шектеу, ветеринариялық, санитариялық, ұйымдастыру-шаруашылық іс-шаралары көзделеді.

  5. Шектеу шарттары бойынша:

    1. көбейту мақсатында жануарларды әкетуге (әкелуге), жануарларды халыққа сатуға;

    2. тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта жинақтауды жүзеге асыруға;

    3. жануарларды ашық су қоймаларына жіберуге және оны жануарларға ішкізу және шомылдыру үшін пайдалануға;

    4. вакцинацияланбаған жануарларды лептоспирозбен ауырған жануарлар жайылған жайылымға немесе лептоспироздың табиғи ошағы аумағына жаюға;

    5. вакцинацияланбаған жануарларды лептоспирозды жұқтырған кеміргіштер анықталған жеммен қоректендіруге жол берілмейді.

  1. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықта (фермада, отарда, шошқа қорада) клиникалық тексеру және ауруы күдікті жануарлардың дене қызуын өлшеу жүргізіледі.

  2. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды оқшаулайды, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген дозаларда гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Осындай жануарларды сою санитариялық қасапханада, ал ол болмаған жағдайда, жеке профилактика шаралары сақтала отырып, сойылған сау жануарлардың өнімдері шығарылғаннан кейін, ауысымның соңында ет комбинатының мал сою цехында жүргізіледі. Осындай жануарларды сойғаннан кейін үй-жай және жабдықтарды Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялайды.

  3. Меншік нысанына қарамастан лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтың барлық малын және асыл тұқымды мал өсіру және тұтыну шаруашылықтарындағы арзан малдарды жемдейді және союға тапсырады.

  4. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардан алынған сүтті қайнағанға дейін қыздырады және жем үшін пайдаланады.

  5. Мал басын көбейту үшін сақталуы қажет аналық бастарды, өндірушілерді және жас төлдерді вакцинациядан кейін лептоспироцидтік препараттармен өңдейді және дезинфекцияланған орын-жайға ауыстырады.

  6. Өңдеудің тиімділігін зәрді микроскопиялау жолымен 10-15 күннен кейін тексереді.

  7. Іс-шаралар жүргізгеннен кейін алынған жас төл бөлек өсіріледі, лептоспирозға қарсы вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген мерзімде вакцинациялайды және шектеуді алып тастағаннан кейін жалпы негізде өткізеді.

  8. Лептоспироз бойынша бұрын қолайсыз кәсіпорында (станцияда) барлық өндірушілердің зәрін микроскопиялау және реакцияға қан сарысуын қайта зерттеуді 3 айдан кейін және теріс нәтижелер алған кезде одан әрі әрбір 6 айда жүргізеді.

  9. Лептоспирозға сезімтал клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жас ерекшелік топтарын вакцинациялайды. Емдеудегі жануарларды сауыққаннан кейін 5-7 күнтізбелік күн өткенде вакцинациялайды.

  10. Жекелеген жануарлардың қанында антиденелер немесе зәрде лептоспир анықталған жағдайда барлық топты шаруашылықта қалдырады және оның лептоспироз бойынша қолайлылығы туралы мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізеді.

  11. Бордақылау үшін жануарларды шығару (әкету) ауру жануар сауыққан соңғы жағдайдан, вакцинация және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бір айдан соң облыс аумағында рұқсат етіледі.

  12. Шаруашылық барлық тексерілген жануарларда зерттеулердің теріс нәтижелері алынған кезде сауыққан болып саналады.

  13. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда шектеу мынадай тәртіппен:

    1. бордақылау шаруашылықтарында – мал басын союға бергеннен және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін;

    2. асыл тұқымды мал өсіру және тұтыну шаруашылықтарында – зертханалық зерттеу әдістерімен лептоспироз бойынша олардың қолайлылығын анықтағаннан кейін алып тасталады. Бұрын лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарды қайта зерттеу шектеу алынып тасталғаннан кейін 6 айдан соң жүргізіледі.

  1. Сатуға арналған жануарлар ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен карантинденеді және лептоспирозға қан сарысуы, шошқаларда бұдан басқа зәрі лептоспирдің болуына зерттеледі.

  2. Шаруашылықтардан әкелінетін асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарларды ветеринариялық өңдеу тәртібі: асыл тұқымды немесе пайдалану мақсатындағы жануарларды әкету (шығару) лептоспироз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінен ғана рұқсат етіледі.

  3. Барлық сезімтал жануарларды мынадай жағдайларда лептоспирозға қарсы вакцинациялайды:

    1. лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда;

    2. мал басын лептоспирозға тексерместен жинақтайтын бордақылау шаруашылықтарында;

    3. лептоспироздың табиғи ошақтары аймақтарында малды жайғанда;

    4. шаруашылықта қан сарысуы оң реакция беретін малдар анықталғанда;

    5. шаруашылық субъектілерінің отарлы мал шаруашылығы бар аудандарда.

  1. Қызметтік ит ұстау орындарында клиникалық ауру иттерді және оған күдікті иттерді оқшаулайды, оларды гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Барлық жас ерекшелік топтарының клиникалық сау иттерін лептоспирозға қарсы вакцинациялайды.

  2. Лептоспироз бойынша қолайсыз ит ұстау орнының иттерін сатуға жол берілмейді.

  3. Жануарларды әкету (шығару) барлық топтар бойынша зерттеулердің теріс нәтижелері кезінде шектеусіз рұқсат етіледі.



      1. жүктеу 315 Kb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау