Қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 315 Kb.
бет2/4
Дата20.11.2018
өлшемі315 Kb.
#22101
түріКодекс
1   2   3   4

4. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (бұдан әрі – КҚГҚ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта ұтқыр топтардың жылына кемінде екі рет (сәуір-маусымда және қыркүйек-қазанда) зоологиялық-паразитологиялық тексеруді қамтамасыз етуі болып табылады, ерте және жылы көктем болатын жылдары тексеру наурызда басталады.

  2. Ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топтар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдарының және обаға қарсы күрес ұйымдарының бейінді мамандарынан құрылады.

  3. Ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топ:

    1. түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп болу, басымдылық және кездесу-кездеспеу индексін анықтау);

    2. бақылаудағы табындарда 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы малдарынан кенелерді жинауды;

    3. кенелердің түрлік құрамын айқындауды;

    4. кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;

    5. кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;

    6. кенелердің тіршілік әрекеті цикліне фенологиялық бақылауды;

    7. зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;

    8. кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде үй-жайларды тексеруді;

    9. КҚГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;

    10. жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларында, ашық қораларда және уақытша орындарда кенелердің бар-жоғын тексеруді (айына кемінде 1 рет);

    11. кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін табиғи ошақ аумағында сауықтыру дәрежесін және тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

  1. КҚГҚ-ның табиғи ошақтылық аймағында жергілікті атқарушы органдар жыл сайын:

    1. кенелерге қарсы өңдеуді жүргізу үшін дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) қаңтардан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізуді;

    2. денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі – ЖАО мемветұйымдар) және өзге де ұйымдардың кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;

    3. кенелерге қарсы өңдеу басталғанға дейін КҚГҚ табиғи ошақтылық аймағында орналасқан елді мекендердегі мал шаруашылығы үй-жайларын, жеке үй-жайларды тазалауды (қидан, қоқыстан) ұйымдастыруды;

    4. кенелерге қарсы өңдеу басталғанға дейін малдарды жазғы жайылымға айдаған кезде уақытша орындарды, ашық қораларды және қоршаған аумақты тазалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

  2. КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) жүргізіледі. Кенелерге қарсы барлық іс-шаралар арнайы қорғаныш костюмімен (капюшоны және бетпердесі бар комбинезон) (бұдан әрі – қорғаныш костюмі), арнайы аяқ киіммен (етіктер немесе қонышы ұзын бәтеңкелер) және тығыз резеңке немесе нитрилды қолғаппен киімді апта сайын және әрбір кір жуғаннан кейін акарорепелленттермен немесе инсектоакарицидті заттармен импрегнациялай отырып жүргізіледі.

  3. Кенелерге қарсы іс-шаралар алдын ала немесе шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі.

  4. Алдын ала профилактикалық жұмыстар өңдеудің алдындағы жылы алдын ала белгіленеді және жоспарлы тәртіппен орындалады, науқастар тіркелген жерлерде соңғы сырқаттану тіркелген сәттен бастап үш жыл ішінде, соңғы екі жылда оң нәтижелермен кенелер анықталған жерлерде және КҚГҚ таратушы кенелер саны көп болғанда өңдеудің алдындағы жылы жүргізіледі.

  5. Шұғыл профилактика типі бойынша іс-шаралар өңдеу жоспарланбаған учаскелерде:

    1. адамның КҚГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайларда;

    2. КҚГҚ вирусының болуына кенелерді зерттеудің оң нәтижелері кезінде;

    3. КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта кене шаққан адамдар саны көп болғанда;

    4. кенелердің саны көп болған кезде жүргізіледі.

  1. Кенелерге қарсы іс-шаралар мынадай бағыттарда жүргізіледі:

    1. ауыл шаруашылығы жануарларындағы және мал шаруашылығы үй-жайларындағы энзоотиялық ауруларды таратушы кенелерді жоюды ЖАО ветеринариялық бөлімшелері ұйымдастырады;

    2. аула құрылыстарын және мұнда ұсталатын малдарды, оның ішінде үй құстарын кенеге қарсы өңдеуді қоса алғанда, елді мекендердің жеке меншік үйлерінде кенелерді жоюды үй және мал иелері жүргізеді;

    3. кеміргіштердің індерін терең дустау немесе аэрозоляциялау әдісімен кедергілік өңдеуді (тұрақты немесе уақытша елді мекендердің айналасында, сондай-ақ халықтың демалыс орындарында, сауықтыру мекемелерінде қорғаныш аймағын құру) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдары мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;

    4. тұрақты немесе уақытша елді мекендердің айналасында үй жануарлары болатын бұталарды, суаттарды және басқа жерлерді инсектоакарицидті препараттармен буферлік аймақ құруды тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады;

    5. агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шараларды (үй-жайларды және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту, жарықтарды, ойықтарды, індерді алдын ала мазут, автол, креолин немесе көрсетілген заттармен сіңірілген балшықты құя отырып жөндеу және бітеу) үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге асырады.

Барлық көрсетілген іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі.

  1. Кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады. Тиімділікті және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін препараттардың түрі қолданылады.

  2. Hyalomma asiaticum кенелері басым аудандарда кенелерге қарсы іс-шаралар наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus кенелері болған кезде кенелерге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы мезгілінде жүргізіледі.

  3. Кенелердің ерте белсенділігі кезінде кенелерге қарсы іс-шараларды бастау бір айға жылжытылады: кенелерге қарсы профилактикалық іс-шаралардың бірінші туры наурызда басталады және сәуірдің басынан кешіктірмей аяқталады. Өңдеулердің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын жүргізеді.

  4. Өңдеулер жиілігі қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің ұзақтығына байланысты айқындалады, осыған байланысты өңдеулердің жиілігі айына 2-3-тен бастап жылдың барлық жылы кезеңінде 2-3-ке дейін өзгереді.

  5. Hyalomma тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген инсектоакаридті заттарды шығындау нормасы Ixodes тұқымдас кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтіледі.

  6. Жануарлар көп жайылатын жерлердегі жайылымдарда инсектоакарицидті заттармен өңдеу жүргізуге жол берілмейді. Эндемиялық аймақта олар реттеліп (КҚГҚ қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық учаскелерді айналымнан алып тастау) пайдаланылады.

  7. Науқас адамдарды анықтауды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

  8. Кене шағудан зардап шеккен барлық адамдарға 14 күнтізбелік күн ішінде дене қызуын өлшеумен, тері жамылғысын тексерумен медициналық бақылау белгіленеді және қажет болған жағдайда вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапия тағайындалады немесе медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.

  9. КҚГҚ-мен ауыратын науқастармен байланыста болғандардың барлығына 14 күнтізбелік күн ішінде дене қызуын өлшеумен, тері жамылғысын тексерумен медициналық бақылау жүргізеді және көрсетілімдері бойынша биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, оны медициналық ұйымға провизорлық емдеуге жатқыза отырып, вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапия тағайындайды.

  10. КҚГҚ-ның белгілері бар адам медициналық көмекке жүгінген кезде медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналасындағы адамдарға қатысты) қағидаларын сақтай отырып, науқасты тез арада инфекциялық бөлімшеге емдеуге жатқызады және эпидемиологиялық анамнез жинайды.

  11. Іс-қимылдары КҚГҚ-ға күдікті науқастарды қараумен немесе кез келген медициналық әрекетпен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар алжапқыш, резеңке қолғаптың, жеңғаптың екінші жұптары, экран (бетті қорғау үшін) қосымша берілетін І-типті қорғаныш костюмін пайдалануы тиіс. Бетперделерді немесе қорғаныш дәрежесі жоғары (кемінде 2 класс) респираторларды қолдану ұсынылады.

  12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақ органдары мен ұйымдары КҚГҚ-ның эпидемиялық ошағында мыналарды қамтамасыз етеді:

    1. науқастарды анықтау және емдеуге жатқызу;

    2. қорытынды дезинфекция жүргізу;

    3. ошақты шоғырландыру және жою бойынша іс-шаралар жоспарын құру.

  1. Этиологиясы белгісіз қызбаға байланысты амбулаториялық емделіп жүрген науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда, алғашқы тексеру сәтіндегі аурудың ауырлық дәрежесіне қарамастан, биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, инфекциялық бөлімшеге шұғыл емдеуге жатқызылады.

  2. КҚГҚ-ге күдіктену немесе онымен ауыратын науқас анықталған кезде медициналық ұйым дереу телефон арқылы және 3 сағат ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді.

  3. Сырттан келген адам КҚГҚ-мен сырқаттанған жағдайда, науқастың тіркелген орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі 3 сағат ішінде оның тұрғылықты жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

  4. Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас бар бүкіл елді мекен КҚГҚ эпидемиялық ошағы болып есептеледі, эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (бөлек үй иелігі, пәтер немесе медициналық мекеме) эпидемиялық ошақ болып есептеледі.

  5. КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар арнайы қорғаныш костюмінде, арнайы аяқ киіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.

  6. Қорғаныш костюмдері болмаған жағдайда, комбинезон немесе басқа да қорғаныш киімі пайдаланылады, бұл ретте оның жоғарғы бөлігін шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.

  7. КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әр сағат сайын киімге түскен кенелерді уақтылы анықтау үшін өзін-өзі тексеруді және бірін-бірі тексеруді жүргізу қажет.

  8. Ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топтардың персоналы қорғаныш киімінің импрегнациясы үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация аптасына кемінде бір рет және әрбір кір жуғаннан кейін жүргізіледі.

  9. Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу және жүндерді өңдеу қорғаныш киімі мен қолғаптарды киіп орындалады.



5. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның (бұдан әрі - БСГҚ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жергілікті атқарушы органдарының БСГҚ бойынша қолайсыз аумақтарда мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

    1. орман және орман-саябақ алқаптарында, елді мекендердің шегіндегі және оған іргелес аумақтардағы бақтарға тазалау жүргізу;

    2. күз мезгілінде (қазан-желтоқсан) БСГҚ-ның белсенді табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерде, рекреациялық аймақтарда және дәнді-дақыл шаруашылығы аймақтарында жаппай кенттік дератизациялауды ұйымдастыру;

    3. БСГҚ бойынша энзоотиялық жерлерде саяжай учаскелеріне, кәсіпорындар, сауықтыру және балалар мекемелері құрылысына берілетін аумақтарға жаппай дератизациялау жүргізу.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдарының ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топтары БСГҚ бойынша ошақтық аумаққа жылына екі рет мыналарды:

    1. кеміргіштердің санын есепке алуды (сәуір-мамыр айларының аяғында және қазанда);

    2. кеміргіштердің көбею қарқындылығын бағалау және олардың санының өзгеруін қысқа мерзімді болжауды;

    3. хантавирустық антигеннің болуына зертханалық зерттеу үшін кеміргіштерді аулауды;

    4. вирус таратушылар және адамдарға жұқтыру көзі – ұсақ сүт қоректілердің хантавирусты жұқтыру деңгейін айқындауды;

    5. ошақтық аумақты ландшафтылы-географиялық аудандастыру және БСГҚ белсенді табиғи ошақтарын анықтауды қамтитын эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелер мыналарды жүргізеді:

    1. сырқаттанушылықтың динамикасын ретроспективті және жедел талдау;

    2. БСГҚ-мен ауыратын науқастарды ерте анықтауды және оларды тексерудің әдістемелік дұрыстығын бақылау;

    3. тұрғындардың табиғи иммунитетінің деңгейін зерделеу;

    4. БСГҚ-ны жұқтыру тәуекелінің жоғарғы тобын анықтау;

    5. БСГҚ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуін және төмендеуін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау;

    6. БСГҚ эпидемиологиясы және профилактикасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлау.

  1. БСГҚ эпизоотологиялық процесс қарқындаған және сырқаттанушылық өскен жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:

    1. денсаулық сақтау ұйымдарының, ветеринариялық және коммуналдық қызметтердің, орман шаруашылығының, сауда, қоғамдық тамақтану, сауықтыру ұйымдарының БСГҚ профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;

    2. БСГҚ ошақтарының қарқындаған орындарына эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастыру және жүргізуді;

    3. елді мекендердің, сауықтыру, балалар, сауда және басқа да ұйымдардың санитариялық жағдайына тексеру ұйымдастыруды;

    4. адамдардың жұқтырған орындарын және жағдайларына анықтай отырып, аурулардың көп болуы жағдайларын эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізуді;

    5. елді мекендерге және басқа да тұрғындардың шоғырланған орындарына іргелес орманды алқаптардың бес жүз метрлік жолағына кедергілік дератизациялау ұйымдастыруды және жүргізуді;

    6. БСГҚ-мен ауыратын науқастарды және соларға ұқсас жағдайда болған адамдарды анықтау мақсатында үй-үйлерді аралауды ұйымдастыруды;

    7. БСГҚ бойынша қолайсыз аумақтардағы амбулаториялық-емханалық мекемелерге, стационарларға, фельдшерлік-акушерлік пункттерге хантавирустық инфекцияның болуын жоққа шығармайтын диагноздары бар науқастардың (соңғы 1-2 айда) жүгінуін талдауды;

    8. санитариялық-ағарту жұмысын күшейтуді қамтамасыз етеді.

  1. БСГҚ-ның табиғи ошақтарының аймағында орналасқан жазғы сауықтыру ұйымдарында оларды ашпас бұрын мынадай талаптарды сақтау қажет:

  1. орман алқаптарын бес жүз метрлік аймақта қоқыстан, шөпшектерден, қураған ағаштардан, қалың бұталардан тазартуды жүргізу;

  2. кеміргіштердің шаруашылық құрылыстарға және тұрғын үй-жайларына кіре алмауын қамтамасыз ету;

  3. аумақта және құрылыстарда тышқан тәрізді кеміргіштерді жою бойынша іс-шаралар жүргізу;

  4. бес жүз метрлік аймақта уланған жемдерді жасырын бере отырып, кедергілік дератизациялауды жүргізу;

  5. төсек-орын жабдықтарын 6-8 сағат ішінде желдету және күнге кептіру және төсек-орын жабдықтарына камералық өңдеу жүргізу;

  6. ауықтыру маусымы басталар алдында, одан кейін әрбір ауысым басталар алдында үй-жайларда ылғалды дезинфекциялау жүргізу;

  7. БСГҚ профилактика шаралары бойынша персоналға нұсқама жүргізу;

  8. Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген ұзақ әсер ететін родентицидті заттарды қолдана отырып, жаздық маусымдық сауықтыру мекемелерін қыс мезгіліне консервациялауды жүргізу.



6. Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың (жануарлар иелерінің) мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

    1. өздеріне тиесілі иттер мен мысықтарды ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің ұсынымы бойынша клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен сақтандыру екпелері үшін ветеринариялық емдік-профилактикалық ұйымдарға жеткізу;

    2. құтыруға қарсы егілмеген иттерді жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге, отарларға және табындарға жіберуді шектеу;

    3. ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе мысықтар тістеген жағдайда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға қажетті шаралар қабылдау.

  2. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарлардың (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы бригада оларды ветеринария мамандарының 10 күнтізбелік күн ішінде оқшаулауы мен бақылауы үшін тез арада жақын ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізеді.

  3. Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтыруға қарсы уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді. Профилактикалық егулерді жүргізу туралы актіге олардың иелерінің деректерін (аты-жөнін, мекен жайын) көрсете отырып, вакцинацияланған иттер мен мысықтардың тізімдемесі міндетті түрде қоса беріледі. Жануардың паспортына тиісті белгілер қойылады.

  4. Құтыру бойынша эпизоотологиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе), иттер мен мысықтарды құтыруға қарсы жоспарлы профилактикалық иммундеу жүргізіледі.

  5. Жекелеген жағдайларда, ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша адамдарды немесе малдарды тістеген жануар оны 10 күнтізбелік күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстауға және оны ветеринариялық дәрігерге тексеруге беруге жазбаша міндеттеме берген иесінде қалдырылады.

  6. Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелерін осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринария дәрігері арнайы журналда тіркейді және бақылау нәтижелері туралы ақпарат бақылау аяқталғаннан кейін 2 күннен кешіктірілмей жазбаша түрде зардап шеккен адамға егу жүргізетін ұйымға және зардап шегушінің тұрғылықты жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, ЖАО ветеринариялық бөлімшесіне, тиісті аумақтың ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшесіне хабарланады.

  7. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін клиникалық сау малдар алдын ала вакцинацияланғаннан кейін оларды 30 күнтізбелік күн ішінде оқшаулап ұстау шартымен иелеріне қайтарылады. Құтырумен ауыратын жануарларды жояды.

  8. Жабайы жануарлардың құтыруын уақтылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, аңшылық шаруашылығы органдарының, қорықтар мен қаумалдардың қызметкерлері:

    1. жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары (құтыруға күдіктену) немесе олардың әдеттен тыс әрекеттері (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға арандатылмаған шабуылдау) туралы ветеринариялық маманға тез арада хабарлайды;

    2. аңшылық алқабында, қорықтар, қаумалдар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жабайы жыртқыштардың (түлкілер, жанат тәрізді иттер, ақ түлкілер, қасқырлар, қарсақтар, шибөрілердің) өлекселерін құтыруға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;

    3. аңшылардың жолдамаларын және аңшылық билеттерін тексеру кезінде табиғатты қорғайтын аңшылық инспекция және қорықшылық қызметі иттердің құтыруға қарсы егілгенін куәландыратын тіркеу куәліктерін тексереді. Вакцинацияланбаған иттер аңға жіберілмейді.

  1. Құтыру бойынша эпизоотиялық қолайсыз аймақтарда жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша шаралар жүргізеді.

  2. Құтыруға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан – жаңадан өлген өлексені немесе басын, ал ірі малдан – жаңа өлген өлексенің басын жібереді.

  3. Зерттеу нәтижелері туралы зертханаға патологиялық материалды жіберген ветеринариялық маманға және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға және тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне хабарлайды.

  4. Бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор малдарда құтыру жағдайы анықталғаны туралы ақпарат алған кезде:

    1. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға және көрші әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас ветеринариялық дәрігеріне және жоғары тұрған ветеринариялық органға тез арада хабарлайды;

    2. мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өкілімен бірлесіп сол жерге барады, эпизоотиялық ошаққа және қолайсыз пунктке эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді, қауіп төндіретін аймақтың шекарасын айқындайды және эпизоотиялық ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сондай-ақ адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурудың жаңа жағдайларын болдырмау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді;

    3. жергілікті атқарушы органда бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша материалдарды ресімдейді.

  1. Құтыру бойынша қолайсыз елді мекендерде иттер мен мысықтардың көрмесін өткізуге, иттерді шығаруға және баулуға жол берілмейді. Жануарларды сату тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз пункттен тыс шығаруға және шектеу қойылған аумақ пен қауіп төндіретін аймақта жабайы жануарларды аулауға (хайуанаттар паркіне апару үшін, басқа аудандарға орналастыру мақсатында) тыйым салынады.

  2. ЖАО ветеринариялық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құтыру бойынша қолайсыз пункттерде мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

  1. тұрғындар арасында құтыру ауруының қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  2. құтыруға қарсы егулерді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз пункттің үй-үйлерін (пәтерлерін) аралау, ит, мысық және басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, құтырумен ауыратын науқастарды, ауруға күдіктілерді және құтыруды жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау;

  3. адамдар мен жануарларды тістеген, оқшауланатын және бақылауда ұсталатын жануарлардан басқа құтырумен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды өлтіріп, кейіннен өртеу;

  4. жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары анықталған кезде жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізеді.

  1. Құтырудың эпизоотиялық ошағында құтырумен ауыратын немесе ауруға күдікті малдар бөлініп алынған жануарлардың тобына (ферма, үйір, мал тобы, отар, табын) тұрақты бақылау орнатылады. Бұл малдарды күніне кемінде үш рет қарайды және антирабиялық вакцинаны қолдану нұсқаулығына сәйкес онымен профилактикалық егулер жүргізіледі. Егулерден кейін малдарды міндетті 60 күнтізбелік күн оқшаулау қажет.

  2. Жабайы жыртқыш аңдар немесе иттер тістеген клиникалық сау малдарды, құтыруға қарсы егулерге және тұқымдастығына қарамастан, өлтіріп, кейіннен өртейді.

  3. Ауыл шаруашылығы малдарын сою құтырумен ауыру жағдайы тіркелген орында жүргізіледі.

  4. Құтыру бойынша қолайсыз ферманың (мал тобы, үйір, отар, табын) клиникалық сау малдарының сүтін құтыруға қарсы егулер жүргізілгеніне қарамастан, 30 минут ішінде 800-850 С пастерлегеннен кейін немесе 5 минут бойы қайнатқан соң ғана адамдарға тамаққа пайдалануға немесе малдарға азық ретінде беруге рұқсат етіледі.

  5. Құтыру бойынша қолайсыз топтың клиникалық сау малынан алынған жүнді оның дезинфекциялануға жататынын ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсете отырып, қожалықтан тығыз матадан жасалған ыдыспен қайта өңдеу кәсіпорындарына апарады.

  6. Құтыру ауруымен ауырған жануарлар, адамдар және оларға күдікті малдардың болған орындары, күту заттары, сілекейлермен және басқа бөлінділермен ластанған киім мен басқа заттар дезинфекциялануы тиіс.

  7. Құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарды анықтаған медицина қызметкерлері олар туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және ветеринариялық қызметке шұғыл хабарлайды.

  8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне құтыру вирусын жұқтыру тәуекелі бойынша өтініштің әрбір жағдайы туралы:

  1. тіркейді;

  2. бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге жануарларды оқшаулау және оларға ветеринариялық бақылау орнату мақсатында зақым салғаны белгілі жануарлар туралы хабарлайды;

  3. тез арада ветеринария саласындағы мемлекеттік органмен бірге эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді;

  4. аумақтық денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған және емдеу-профилактикалық иммундауды қажет ететін адамдардың тобын анықтайды және оларды травматологиялық бөлмеге (кабинетке), ал соңғысы болмаған жағдайда – хирургиялық кабинетке жібереді.

  1. Медициналық ұйымдар құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарды травмотологиялық пункттерге немесе хирургиялық кабинеттерге жібереді, ауылдық жерлерден зардап шеккендерді (сондай-ақ антирабиялық егулер курсын жалғастырудан жалтарғандар) медициналық көлікпен жеткізуді жүзеге асырады.

  2. Емдеу-профилактикалық иммундау курсын мемлекеттік медициналық ұйымдар құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарға вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (ережеде) көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

  3. Құтыруға күдікті адамдар инфекциялық стационарлардың жеке бокстарына емдеуге жатқызылады.



      1. жүктеу 315 Kb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау