121
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
«Cуалтты бір дерт жыр, үні суалмас ұртын, Мәжүнінді мұндай
ешқандай туа алмас ұлтың. Айкүмістерді алты орап алатын сұлу
– көршінің қызы-ай, ондай жан туар ма, шіркін? Дірілдер бір сәт
туды кеп бұл ерінге де, өлген жоқ, – тірі, үзеді күдерін неге? Қыза
келгенде: «Қызыңды... Сталин... деген, бөркімен кірген еді-ау ол
Кремльге де». Бұл – кім? Жүзге келгенде грузин сұлуына ғашық
болған, ежелгі Үйсін тайпасының соңғы тұяғы, қазақтың ғажайып
ақыны Жамбыл!
«Қалай, – деп ағам? – Қарадым аспанға кілең, Бағасын жұлдыз
көрсетті бас бармағымен. Қасоққа әкеп береді балық пен суын, Іле
өзені Қытайдан басталғанымен. Ағам да –сондай, Алысты жақынға
балап, қақтырған біздің намыс пен ақылға қанат... Әр елдің өзін өзіне
білгізер ері, бағы да туса, қуанып мұңды жыр елі, Байбақты Сырым
батыр да батасын беріп, Кене-ағаң күрең арғымақ мінгізер еді». Бұл
– кім? Бүкіл жұмбақ бітімін мұхиттың түбіне жасырып, су бетінде
айсберг тұлғасы ғана көрініп тұрған ақын Олжас (Сүлейменов).
Өзіңіз бүгінге дейін қазақшасы шамалы, жат жұрттың емшегін еміп,
қазағын онша түсінбейді деп ағаш аттың басына мінгізіп жүрген
Олжасымыз! Бірақ, Қытайдан басталған Іле өзені балығы мен суын
Алашқа әкеп бергендей, Олжас та тұла бойындағы әуелі қазаққа,
соңсоң адамзатқа беретінін Жұматай түсінді. Көпшілігіміз әлі
түсіне алмай жүрміз. Бұл да болса үш жүз жылдық отаршыл дық тың
лаңы. Өзінің өзегінен шыққан өр сипат, өзгеше бітімді ұлыңды өз
қолыңмен өңменінен итеріп, өзгеге тели салу да – өз анасын өгей
көретін мәңгүрттің тірлігіне ұқсас нәрсе. Содан болар, Жұматай
поэзиясы мұң мен шерге толы: «Көзіме келіп тигендей жасын-
ның ұшы, ашылды сырым, қайсардың басылды мысы. Қыңқылдап
үрген, ұлыған үндерге толды ию да қию иттіргі басымның іші...
Ғашықтық тәмам болды ма, еркелік тәмам? Қарардай әлем сен
құсап жеркеніп маған. Намыс пен мұңнан Мысырға халифа болған
Абақ Қыпшақ тай ызадан өртеніп барам!» «Менің қалған өмірбаяным
өлеңдерімде» – депті Сергей Есенин. Ақынның өмірі – өлеңі. Оның
қалған тірлігінің бәрі жалған, жұмыр басты пенденің кім екендігін
істеген ісі мен сөйлеген сөзіне қарап бағалауға болғанмен, ақынды
пенде бала сын өлшей беретін безбенге салуға болмайды. Күрделі
дифференция лық есептерді шығаратын математиктердің көбейту
таблицасын біле бермейтіні секілді, адамзаттың асқақ мұратын
толғаған ақын дардың жердің құрты ғұрлы тіршілік етудің қарапайым
заңда рын біле бермеуі мүмкін. Өйткені ол тіршілік атаулыға жерден,
топы рақтан қарау үшін емес, аспаннан көз жіберу үшін туған бөлек-
ше қоғамдық тұлға. Ақыл-есі түзу адам баласы Англияны корольдер
елі емес, Шекспир елі, Ресейді патшалар жұрты емес, – Пушкиннің
атамекені дейтіні содан!
122
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Жұматайдың кім екендігін өзге ешкім емес, өзі айтсын:
«Қалмайын деп мынау өмір көшінен, Жастай зерек ғажайып күй
кешіп ем. Жан адамнан жасқанбай ћәм жасымай, Құнанбаев
Оспан құсап өсіп ем. Гүлді көрдім, нұрды көрдім күнгейден, кең
дүние ұланғайыр жыр ғой кен. Жақсы тауда жайсаң болып өсіп
ем, жамандардың бар екенін білмей мен. Түзу жүрдім, түзу ғұмыр
кештім де, Биік болдым, биік тауда өстім де. Жапондардың даяшысы
секілді, мен иіліп бүгілгем жоқ ешкімге. Қай баланы беделім мен
жасқаппын, қай баланы назардан тыс тастаппын? Сәкен жайлы ұлы
Мұхтар айтқандай, асқақ болсам – мен еліммен асқақпын!»
Ол жазғышы көптің бәрі – жазушы, айтқысы келгеннің бәрі –
ақын болған елде ғұмыр кешті. Біздегі жазушылардың ұзын саны
700-ден асып жығылады. Ақыл-оймен әлемді тәнті етіп отырған
Жапонияның өзінде мұндай қаламгер жоқ көрінеді: «»Тууы да –
үн, Моцарттың құруы да – үн, Татып көрсең ол ішкен бір уынан.
Сальери –дарынсыздар тайпасының ең итжанды, ең надан руынан.
Мына өмірден Моцарттың кеткені ме, күндіз-түні қызмет етпеді
ме? Сальеридің жасы не, кәрісі не, Сальеридің шені не, шекпені
не?! Мені де бір көріңдер адамша ұғып, Ақ пен қара біткен жоқ әлі
аршылып. Мен Моцартқа үргем жоқ, кіжінгем жоқ, мен Моцарттан
көргем жоқ жаманшылық...Нұрлы мұңмен ежелгі жолдастаймын,
туа қоймас басыма болмастай күн. Моцарт туған ауданға басымды
иіп, Моцарт түскен ауылды қорғаштаймын». Абайдың арқасына
ащы таяқ ойнатып, Біржан салды жынды деп байлап тастау,
Иманжүсіпті жер аударып, Мағжандарды ажал оғына ұстап, Қасым-
дарды үйсіз-күйсіз қаңғыртып, Мұқағалидың соңынан шам алып
түсіп, Жұматайларды қасақана елемеу, қазақтық төркін жұртын
мүлде ұмытып, мәңгүртке айналған қара тобырдың қарекеті еді. Осы
ақын өлтіру ойынының қашан тоқтайтыны әлі белгісіз: «Ойнайды
заман сойылы – ақын өлтіру ойыны! Заңын да салып соңына, жарын
да салып соңына, көріне даусын жеткізбей, еліне даусын жет кізбей,
аузымен мұрнын тығындап, сыртынан сұмдар сыбырлап, жас
бала демей қарбытып, баспана бермей қаңғытып, ойнайды заман
сойылы – ақын өлтіру ойыны! Тойласын соңғы жеңісін, солардың
жері кеңісін. Өлтірмей құдай жөнімен, ойнап жүр енді менімен..»
деген Жұматай өз ажалынан өлген жоқ – мерт болды!
-5-
АНТИ-ПОЭЗИЯ әлі кердең-кердең етеді.
Пушкиннің мына жалғанның жарығына келгеніне биыл 200
жыл болды. Біздің жыл санауымыздағы осы ЕКІ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ
– ғасырлар күнпарағындағы адамзат рухының алтынмен апталып,
күміспен күптелген айрықша беттері еді.
123
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Тәңірі қара құртша жер бауырлаған адам баласының көзіне
өзінің көмескі ғазиз бейнесін елестетіп, тілін кәлимаға келтіру үшін
Жер бетіне Көктен жүздеген пайғамбар жіберген. Солардың ішінен
біздің зердемізде қалып, ой-санамызға орныққаны Заратустра
мен Будда, Иса мен Мұхаммед. Адам баласы жерге Алла лебізін
жеткізген сол пайғамбарлардың бәрін де маңайынан ойбайдан-
аттан салып аластап қуып, аша таяққа шегендеп, түйенің боқты-
ғына көміп – өлтірді. Бірақ Алла тағаланың өзі топырақтан
жаратып, аузынан үрлеп жан салған пендесінің бәрі бірдей иіс алмас
надан, шетінен шек-қарыны шұрқыраған хайуан, тәңірі тезіне
көнбейтін тексіз емес-ті. Санасыздың саңылауын ашып, телі мен
тентекті жөнге салатын ғазауат майданында құрбан болған пайғам-
барлардың аузынан айтылған құдайы сөзін құлағы шалып, осынау
опасыз дүниеде естілген БАҚИЛЫҚ ақиқаттың терең мағына сына
мағмұрланған Адам Ата-Һауа Ана үмбеттері де болды. Адамзат
оларды қасиеттеп Ақын деп атады.
Иса пайғамбар Жаратқан жалғыз Иенің Мәрия ананың жаты-
рына түсірген жалғыз тамшы рухынан жаралса, Пушкин жеміт
іздеп, жер бауырлап, фәни дүниедегі ит тірлігінен қажыған пенде
атаулының Аллаға деген асқақ махаббатынан туды!
Алла көктен Жердегі пендесіне төрт мәрте сауал салған. Таурат
пен Забур, Інжіл мен Құран – адам баласының басын даң, жүрегін
күпті қылатын фәни дүниедегі мәңгілік сұрақтардың антоло гиясы
еді. Сол сауалдарға Гомер мен Данте, Шекспир мен Гете, Пушкин
мен Абай жауап берді. Пайғамбарлардың Көктен – Жерге түсіп,
ақындардың Жерден – Көкке кететіні, осы дүниеде олар
дың
екеуінің де оңбайтыны сонан шығар. Пушкиннің Христиандық –
құдай әке мен қасиетті рух, ћәм құран сүрелерінен босанып шыға
алмай, мына дүниеден баз кешіп, басқа дүние іздейтіні, Інжіл мен
Құранның арасында құрақ ұшып адасып жүретіні тегін емес. Діні
– христиан, ділі – славян Пушкинді түп атасы араб Ганни балдың
қаны арбап, құран сөресі дуалады да, орыстың тұла бойы тұңғыш
ҰЛТТЫҚ АҚЫНЫ болып жаратылған жампоз, ақыры адамзаттың
жаршысына қалай айналып кеткенін сезбей қалды.
Орыс тарихында екі-ақ заман бар. ХVІІ–ХVІІІ ғасырлар дағы
феодалдық-патриархалдық, ХІХ ғасырдың басындағы капита-
листік формациялар , 1914 жылғы 1-ші, 1941 жылғы 2-ші дүние-
жүзілік қырғын, қазан төңкерісі мен сүренін қалың орыс салған
социализмнің дүниежүзілік жүйесі, 1991 жылғы тамыз бүлі
гіне
дейінгі аралықтағы орасан зор тарихи оқиғаларға қарамастан
Россия екі-ақ заманда, Пушкин дүниеге келгенге дейінгі және
Пушкин дүниеге келгеннен кейінгі Россияда өмір сүріп келеді.
Біздің исі қазақ та Абайға дейінгі ћәм Абайдан кейінгі қазақ болып
Достарыңызбен бөлісу: |