127
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Шәкерім «Насихат» атты өлеңінде ақиқат болмысты ұлықтайды.
Оның «Бояулы суыр» атты мысал өлеңі түпнұсқасы Румиден
аударылған. («Қорқау бояуы бар қауға шелекке қайтіп ұрынғаны
туралы әңгіме»).
Өз тобында дәруіштердің дөңгелене шеңбер жасап, би билеуін
енгізген Руми 800 жылда адамзат санасын билеуден жаңылған жоқ.
Ыдырыс Шах: «Руми Эзоптан 2000 жыл кейін өмір сүрген, ол
әңгіме, ойдан құралсын яки құралмасын, шындыққа сәуле түсіреді
дейді» – деп жазды. Грек, мысал жанрының атасы Эзоптың тілі –
ғадетте эзотерика (грекше ішкі) яғни – құпия, жасырулы, төтенше
сырын білетіндерге ғана арналған (діни салт- жоралар, мистикалық
оқулар, магиялық формулалар туралы). Бұл ойды ишаралап, тұспал
арқылы, астарлы сөзбен, бүкпелеп, толық айтпау.
Руми Қожанасырмен түйдей жасты, екеуіне ортақ мәтіндер бар.
Қожа Насреддин (1207-1281) Түркияда, Ақшәһар деген қалада туып
өскен. Әзербайжан зерттеушілері Қожанасыр деп жүргеніміз 13 ғ.
өмір сүрген белгілі әзербайжан ғалымы Хажы Насреддин Туси дейді.
Олар оны Молда Насыр деп атайды, ал «молда» – «мовлан»деген
сөздің өзгерген түрі. Мовлан Тусидың лақап аты болса керек.
(«Қожанасыр хикаяларының қазақ тіліндегі алғысөзінен). Мәулен,
Маулана, Мәулеви-Румидың қосалқы аты. Оның тілі эзотериканың
ит тұмсығы батпас ну орманы. «Оның айтқысы келген нәрсесі
поэзиядан биік болатын» деп Ыдырыс Шах қадап айтады.
Қожанасыр жұмбақ мағыналы (Абайша: надандар бәһра
ала алмас) символдық философияны аңқаулықтың тепеңдеген
көк есегіне өңгере салудың қас шебері. Күлкінің құдіреті бұл
хикаяттарды ешқашан өлтірмейді, мыңжылдықты оңай игеріп,
ұрпақтан ұрпаққа өшпей ғибрат болып қала береді. Қожекеңнің өзі
ғана емес, астындағы есегі де мұнафиқтердің қасында данышпан
философтың рөліне ене береді. («Қожа мен үш сопы» атты хикаяда).
Өзінен жүзім сұрап шулаған балаларға Қожа «Менің барлық
жүзімімнің дәмі бірдей, дәмін татсаңдар болады, көп жегеннің, аз
жегеннің еш айырмасы жоқ» дейді. Румиде жүзім аллегориясы дін
атаулының ортақ табиғаты мағынасында қолданылады. («Жүзім
үшін төрт адамның қалай ұрысқаны туралы мысал»). Суфизмде қай
дін шынайы, қайсысы жалған деп ешқашан таласпайды. Әркім дінді
өз тілінде қабылдайды, түрік, парсы, араб, грек әрқилы атағанмен,
бірақ мәні бір.
«Прежде, чем в этом мире появился сад, виноградная лоза
и виноград, Наши души уже были пьяны от вина бессмертия».
Румидің бұл поэтикалық сұлу метафорасына жалаң оймен қисын
айтудан құдай сақтасын.
Мұның астарын он сегіз мың ғаламды жаратқан бір Аллаға
мадақ десек ше! Осынау бекзат ахуалды Шәкерім: Жер жаралмай
128
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
тұрғанында «Менде» «ғашықтың нұры» бар, – деп жырлады. Жеті
қат көктегі құс жолындай жарқырап жатқан бұл көркемдікке басқа
ештеңені телу мүмкін емес. Джалаледдин Румиге жиырма төрт мың
періштенің шапағаты тиіп, Аллатағаланың рақымы жаусын! Жан
тебіренетін ұлық сөзді шын сүйетін бұл фәниде ғазиз жүрек қана.
Метафизикалық ақыл-ой иірімі мистикаға бейім. Руми «Месневи»
поэмасында Құраннан 760 рет үзінді алып, парсы тіліне аударға-
нын зерттеушілер растайды. Расында, көктен түскен соңғы кітап бір
саф үлгі. Ал Румиден жүз жылдай бұрын туған Қожа Ахмет Иасауи
«Диуани хикметтер» атты кітабын түркілер үшін жазылған Құран,
тәпсир деп өзі жазады. Суфизмнің көрнекті зерттеушісі, ізбасары,
асыл мұрагері Ыдырыс Шах Руми туралы былай деп мәлімдейді.
«Оның тегі Мұхамедтің жолдасы Әбу Бәкірден тарайды, ал әкесі
Хорезмшах әулетімен туыстығы бар болатын».
Не пророк он,
а Книга – откровение у него имеется.
Жәми Румидың пайғамбарлықтан еш кемдігі жоқ жараты лысын
осылай сипаттайды. Руми Құран аяттарын аллегориялық ас тар лы
бейнеде түсіндіре келе, хадистерге жүгініп, діннің жасырын жат қан
қасиетті мән-мағынасын ашты.
Құдай берген бұл достық – кәннің бірі,
Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.
Абай «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» атты өлеңінде мүмкін өзі
де аңламай суфийдің жан дүниесіндегі құпияны жанап өтеді. Кән
(арабша) – кен, кеніш (қазына, асыл металл). Ауыспалы түрде
мейірімділік бастауы, қайырымдылық, ізгілік; негізгі мағы насында
Құдайдың эпитеті. (1 том, 66 бет). Ислам концепциясындағы жүректі
тот басқызбай, іштегі кірді қашыру арқылы табиғаттың бауы рына
тығылып, жауған күнге иліге тазару сарынын қазақ өлеңінде Абай
салды.
Адамзатты ақ жолға оң бастайтын ұлы ұстаздарының мақсаты
ортақ, діттегені бір. Адами ізгі қасиеттерді сақтау ар-ожданның
мәртебесі, имандылық нұры. Адамның құдайсыз күні жоқ, бірақ
мұны шексіз түйсінген артық жаралған пайғамбарлар, әулиелер,
ғұламалар мен ұлы ақындар.
Әлем халықтарының рухани тұма бастауы әу баста бір. «Поэти-
када Гомер, Гомерге Вергилий ілесті, оған Гесиод, сонан кейін
Овидий ерді. Антикалық күллі әдебиеттің мәнін Жараты лыс тың
құпия қимыл-әрекеттерін білу құрағанын, бірақ дүмшелік бұл ілімді
кейін мифтер мен пұттарға айналдырып жіберіп, оны толық ұғы-
нуды қақпайлап, болдырмай тастады», – деп мистицизм мен ок-
куль т тық ғылымдардың зерттеушісі, барлық дәуірлердің мис те рия-
лары мен аллегория, салттық-дәстүрлік ғұрыптар мен жоралардың
129
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
астарында жасырынған Құпия ілімдер интерпретациясының абы зы,
символикалық философияның қас білгірі Мэнли П.Холл құнт тап
жазды.
«Месневи» жанры 13 ғасырдың халық ауыз әдебиетінің аса құн-
ды жылнамалар жинағы. Месневидің алғашқы үлгілері Масуду
Марзави (9 ғ.) мен Рудаки (10 ғ.) өлеңдері.
Шежірелік аңыз – әңгімелер нақыл, өсиет, әңгіме, мысал кей-
пінде келеді. Әсіресе, тәмсіл мысалдарда ғасырлар даналығы
түйінделген. Аңыздағы аң мен құстың тілін білетін Сүлеймен
патша «Ұлым менің» деп арнау арқылы ұрпаққа, халқына ақылгөй
сөзін айтады. Көне еврейлер Моисей – Мұса пайғамбардан баста-
латын тарихын ұлт болып ұйысуға бағыштайды. Сүлеймен патша-
ның кітаптары. Тәмсіл әңгімелер. Экклесиаст – таза өсиет жанрына
жатады. Сүлеймен патша сөздің асылын теріп сөйлеуі қазақ тың
термесіне ұқсас. Мысалы, адал әйел алған адам Құдайдан ырыс
пен рақым тапты дейді ол. Өмір мен өлім тілдің ырқында, оны сүй-
гендер жемісін татады. Терең афоризмдер. Сөйтіп адамның мінез-
құлқы, пейіл-пиғылына ерекше мән беріліп, ізгілік пен зұлымдық
осы тұрғыдан бағаланады.
Иисус Христос та тәмсіл (притча) айта береді, соның бірі
христиандық аңыз-адасқан ұлдың оралуы, т.б.
Румидың ізашарлары ибн Адам Санаи (1070-шамасы 1140, Газна)
дидактикалық діни дастанның негізін салушы, мұнда дін қағидасы,
баяндау үрдісінде притчалар, тарихи немесе тұрмыстық күлкілі
анекдоттар қоса беріледі. Сондай-ақ Ф.Аттар (1119 ж. шама сын да
туған – өлген жылы беймәлім) өлеңдерінде дәруіш теософия сы-
ның мұраттарын бекітті. Терең білімді Аттар шығыс фольк ло ры нан
алынған көптеген қызғылықты шығармаларды өз туынды ларында
жинақтады. Оның ақындық мұрасының маңыздылығы осымен
айқындалады.
Притча жанрында ең бастысы аллегория, астарлы сөз. Дерек сіз
дүниенің өзін ишарамен ұқтыру. Тәмсіл несімен құнды? Шығыс тың
жарық жұлдыздарының бәрі неге сүйген? «Ол Құран бүкіл әлем-
ге тән үгіт» (12:104). «Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл
иелері үшін өнеге бар» (12:111).
Үгіт-насихат, уағыздаумен дұрыс тәрбиелеу пайғамбарлықтың
парызы.
Ежелгі орыс әдебиеті сөздігінде притча – оқиға, мақал, мәтел,
астарлы сөз. Негізгі салмақ тұспал, аллегорияға түседі. Жанры
бойынша тәмсіл әңгімелер жер бетіндегі фәнилік және «кере мет»
ғажайып, яғни, бақилық әңгімелердің аралығын қамтиды. Ғалым
Н.И.Прокопьевтың айтуынша, «притча» термині ежелгі орыс
әдебиетінде мақал-мәтелдерге синоним болып келеді, негізінде ол
Византиядан ауысқан жанр.
Достарыңызбен бөлісу: |