124
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
қаққа бөлінеді. Біз Пушкиннен кейінгі, Абайдан кейінгі заманда
ғұмыр кешіп жатырмыз. Олардың өр рухы өзегімізге өрт салмаса –
өз обалымыз өзімізге…
Бүгінде ұлы Пушкиннің бүкіл әлемдік мәдениетке жасаған әсері
қақында жиі айтылады. Дүниеге Пушкин келгеннен кейін жалғыз
орыс қана емес, жалпақ жаћанның дүниетанымы адам таны мастай
өзгергені ақиқат. Абай Пушкиннен кейін туды. Лермонтов та
солай. Мағжан да жарық жалғанға Абайдың алдын орап келе алмас
еді. Қасым да. «Ал, енді қоштасайық, сардар аға, Мен ертең кетем
ұшып сар далама, – дейді Мұқағали Пушкиннің Мәскеу дегі ескерт-
кішіне қарап. – Ақынның ақындығы атақта емес, Ақын ның ақын-
дығы – арда ғана». Мынау Олжас: «Поэт красивым должен быть
как Бог, Кто видел Бога? Тот, кто видел Пушкина!» Ұлы ақын өзіне
жетеқабыл осындай тереңдер мен кемелдерге керемет әсер етті. Таяз
бен кереңге данышпанның бары да, жоғы да бір. Пуш кин Абай-
ларды ғана азалы ойға салады. Дәлдүрішке әсер етіп, шыбын жанын
жанартаудай әлем-тапырық қылатын Пушкин емес – шетел дік авто
мен жапондық видеомагнитафон, конвертке оран ған құн ды банк
қағаздары ғана!
Пушкин – Тәңірімен тілдесті. Патшаны да көзіне ілмеген.
«Воспи
танный под барабаном, Наш царь лихим был капита-
ном…», «Ура! В России скачет кочующий деспот!» дегендей мысқыл
өлеңдер шығарған. Пушкинге дейінгі, тіпті, Пушкиннен кейінгі
билеушілердің образы жатыр осында. Пушкиннің кескіні Гогольден
артық болмаса, кем емес еді.
Поэзия – Құдаймен сөйлесу. Басқа түк те емес. Саңқылдаған
дауыс, қарқылдаған күлкі, жарқылдаған теңеу, тақылдаған ұйқас та
емес. Дантенің «Тәңірінің тәлкегі» басы жұмыр пенденің Алламен
арадағы диалогы ғой. Ақын Алламен сөйлесуге тиіс! Дәлдүріш
пендемен ғана сөйлесе алады. Пендені тәңірге теңеп марапаттайды.
Пендеге жағынып бәйек болады, өзінің хайуандығына өзі де мәз
болып, өзге хайуанды да соған тәнті етеді. Мұндай «сарай ақын-
дары» Пушкиннің кезінде де болған. Қазір күнде итше күшіктеп
жатыр. Өркениетті адамзат Пушкинінің 200 жылдығын кеудеден
жоғарғы кеңістікке көз салып, атап өткелі жатқанда біздің қазақ тың
кіндіктен төмен түсіп, ақыннан дәлдүрішті айыра алмай албасты
басып отырғаны ойлантады.
Жұмыр басты пенденің 99 проценті ас үй мен әжетхананың
арасында жүріп қартаяды екен. Пушкин Жер анадан Аспанға
кетті. Мәңгілікке. Өмір мен тіршіліктің ара жігін айыра алмай,
өзегі кеуіп, өлімге бола туған біз секілді ұсақ-түйек пен делерге
Пушкинге таңырқап қарап, тереңіне бойлай алмай, тізесінде қалу
немесе жүрген-тұрған, сүйген-күйген, сүрінген-бүлінгенін жіпке
125
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
тізген анекдоттарды тамсана тыңдау ғана бұйырған шығар. Тәңірі
маңдайға не жазса сол болады.
Заратустра мен Будда, Иса мен Мұхаммед тәңірінің жерге
аспаннан түсірген елшілері болса, Пушкин азалы адамзат
тың
Аллаға жіберген өкілі еді. Адасқан адам баласының мұң-шерін
Жасаған Жалғыз Ие Пушкин поэзиясынан естіп, бізге кеңшілік
жасап отырғандай. Әйтпесе, ақыр заман болатын мезгіл әлдеқашан
жетті ғой…
Президенттер Пушкинді жатқа оқи бастады.
Түп-тұқиянынан адамзатқа арнап аталы сөз айтып көрмеген
орыс патшасының аузына құдай осы күндері керемет бір лебіз
салды: «Адамзат ХХІ ғасырды Пушкинмен қарсы алғалы жатыр…»
(Ельцин).
Слава Богу!
«Қазақ әдебиеті» газеті
24.01.2003 жыл
Айгүл КЕМЕЛБАЕВА
ДЖАЛАЛЕДДИН РУМИ. МӘЖНҮН – ЖҮРЕК
(э с с е)
2007 жылды ЮНЕСКО Румиге арнады. Суфий ақын, мистик,
ұстаз. Оның ізбасарлары қастерлеп атайтын есімі Маулана, Моулеви
– біздің мырза, қожамыз деген сөз. Кітабы суфизм философиясының
негізгі баптарының бейнелі түсіндірмесі – «Мәсневи» – «Барлық
тіршіліктің мән-мағынасы туралы поэма» (13 ғ.). Джалаледдин Руми
(1207-1273) 800 жыл бұрын діндар – ғалымның әулетінде Балхта
туды, Түркияда, Конья қаласында дүниеден озды.
Нұрлы шырақ. Тәмсіл
Ол 40 жасқа дейін дін ілімін терең меңгерген, медреседе сабақ
берген, әл-ауқатты, елге сыйлы, басына сәлде ораған бейқам адам
еді. Бала кезінде суфий ақын Фаридуддин Аттардан көріпкел бата
алған, жыр кітабын қоса алған Джалаледдинді Тебризден келген
жұмбақ дәруіш үйіріп, ертіп әкетті. Шамседдин Тебризи, «сенім
күні» деген лақап есімді жан оған үш жыл бойы өз ілімін дарытты.
126
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Дәруіш дегдар санасында шамға ұшқан көбелек тәрізді. Ыдырыс
Шах: «Ол күрт өзгеріп, мистикалық ілімін уағыздай бастағанда
өзіне бүркеншік ат ретінде Руми деген сөзді таңдап алды, себебі бұл
әріптердің сандық баламасы 256-ға тең, НҰР түбіріне сәйкес келеді.
Парсыша және арабша бұл түбір «жарық» (нұр) мағынасын береді»
– деп жазады «Суфизм» атты кітабында.
Руми Құрандағы 24 – Нұр сүресіндегі 35-36 аяттардан алынған
аллегорияны өсиет қылды: «Асыл тастармен безендірілген шам
ішінде әлі жанып тұрғанда, білтені түзеп, шамға май құюды ұмытпа».
Тауратта, Жаңа Иерусалимның қабырғалары асыл тастар
мен
безендірілген. Ол тастар саны жұлдызнама, мүшел тәрізді 12. Діни
храм қымбат қазынаға тұтып тұрады. (Апокалипсис. 21:19-20). Қос
мағыналы символ.
Бағзы қауымның уыз түйсігінде өмір күші – от. Парацельс адам-
ның астральды (лат. жұлдыз) денесі («Жалын мен оттан жаралған»,
Абай) жалын деуі соның әсерінен. Мифтік көне Персия, отқа
табынған елде зороастризмнен кейін исламға ауысқан маздаған
сұлу символдар әлі күнге ыстық сезіледі. Румидің «Месневи» атты
поэмасы «Барлық тіршіліктің мән-мағынасы туралы дастан» деп
аталады. Шығарма сөнбейтін от – тылсым сүйіспеншіліктің ұясы,
ең кереметі, ол ақыл-парасаттан биік рухани аңсар. Руми жыры
«нұрлы шырақ түріндегі» (Құран, 33:46) пайғамбарлыққа тән өсиет.
Оның «Ай сәулесін кенеп қылып қалай сатқаны туралы әңгі ме» атты
мысалында сурет салатын кенеп ретінде құр елесті жолы бол ғыш
жылпостардың алдап сатқанын тұспалдайды. Олар ақымақ, әу месер
жұртқа айдың шағылған кескінін мата тәрізді өтірік кесіп са тады,
теңгені көсіп алады. «Сол шу мен әбігерге толы базарға біз кенеп
сатып алуға келдік. Бізге жалған жарықпен өлшейді, бұл бекер өт кен
жылдардың бұлдыр елесі. Осы сәтке шейін алған затымыз қайда,
кенеп те жоқ, әмиян да босаған, енді түк жоқ».
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Руми мен Абай екі түрлі айтса да, бір ойды меңзейді, «сәуле» сөзі
қос тексте айқын айтылған. Мынау күйзелістің юморлық кейпін
Румиден Ханс Кристиан Андерсен «Корольдың жаңа камзолы» атты
ертегісінде қарызданған. Дүйім жұрт лажсыз дағдарған сәтте бір жас
бала ғана шындықты айтып, «Король тұттай жалаңаш қой»! деп
айқай салады. Сөйтіп, көрсоқыр түр танытқан тобырды тәубесіне
түсірді. Жалған құндылықтар заманаларды өрмекшінің торын дай
торламай тағы тұрмайды.
Кісі бағын деме бағым, өз денеңді нұрлы қыл,
Ай сықылды болма жарық, қарызға алып күн нұрын.
Достарыңызбен бөлісу: |