Жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың түйсігі мен қабылдауы
«Есту арқылы қабылдау. Сӛйлеуі бҧзылған балалара,фонетико-фонемалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сӛйлеу –есту мен сӛйлеу – қозғалу анализаторларының байланысы міндетті тҥрде байқалады. Г. Ф. Сергееваның зертеулері бойынша, сӛйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бҧзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мҧнда ҥнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. Кейбір жағдайда, айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемалар ажыратылады, енді бір жағдайда айтылуда сараланатын фонемалардың ӛзі ажыратылмайды. Мҧнда бір белгілі тепе-теңдік сақталады: дыбыстауда қанша дыбыс саны сараланса, соншалықты фонеманы естіп, ажыратуға болады. Дыбыстаудағы «тірек» қаншалықты аз болса, фонема бейнелерін қалыптастыру соншалықты нашар болады. Ал, фонемалық есту қабілетін дамыту, тілдің барлық жағын қатар қамтып, дамытумен тікелей байланысты,бҧл ӛз кезегінде, баланың жалпы дамуын қамтамасыз етеді. Кӛру арқылы қабылдау. Сӛйлеу патологиясы бар балаларда,аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер кӛрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді кӛру арқылы қабылдау, бҧл балаларда анағҧрлым тӛмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракурста берілген бейнелер мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау ҥшін,ҧзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет анады. Бҧлар бағдарлаудың ең қарапайым тҥрлерін ғана қолданады, айталық, ҥлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда, олардың пішіндеріне емес, тҥстеріне сҥйенуі мҥмкін. Ал, қалыпты дамудағы балалар,негізінен кӛру арқылы салыстыру жолын қолданады. Және бір ескеретін нәрсе, тәжірибе жасалғанда қыз балаларға қарағанда, ҧл балалардың кӛрсеткен нәтижелер деңгейі ӛте тӛмен болып келген.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың ойлау ерекшеліктері
Саңырау балалар еститін балаларға қарағанда, сӛйлеуді ӛте кеш меңгеретіндіктен оны ӛзгеше сенсорлық жолмен игеретіндіктен, ойлаудың дамуында басқа танымдық ҥдерістермен салыстырғанда, анағҧрлым кӛп спецификалық ерекшеліктер байқалады. Кӛрнекі-әрекеттік ойлауға, затпен сырттай әрекет ету жатады, мҧнда бала ӛз мақсатына жету ҥшін, тҥрлі заттарды қҧрал ретінде пайдаланады. Ойлаудың бҧл тҥрінде, сӛйлеудің рӛлі аз. Саңырау балада, еститін баладағыдай, практикалық тапсырмаларды орындау барысында, бір ситуациялық мәселенің шешімін, екінші бір ситуациялық мәселеге кӛшіру қажеттілігі туындайды. Бҧл тиісті кӛрнекі-әрекеттік қорытындыларды қалыптастырады. Сӛйлеуге дейінгі ойлау – инертті, икемділіктен ада. Қандай да бір затты, бір жағынан ғана қабылдаған бала, егер сыртқы жағдайлар кӛмекке келмесе, сол пікірінен ажырай алмайды. Ал, кӛрнекі бейнелік қорытындылардың ӛздері кез келген сӛйлеуді саналы тҥрде меңгеруге қызмет етеді (сӛйлеу немесе ымдау тілі) .Саңырау балалар кӛрнекі-әрекеттік мәселелерді шешуді ӛте кеш, әрі қарапайым жолдармен меңгереді. Бастауыш сынып жасындағы саңырау балалар, тапсырманы орындауда, тек ҥлгіні қайталауға тырысады, әрекет етудің жалпылау немесе қорытындылау жолын пайдалана алмаған, сондықтан тапсырманы дҧрыс орындау ҥшін, оларға еститін балалармен салыстырғанда, ҥш–тӛрт рет артық кӛрсету немесе тҥсіндіру қажет болған.
Достарыңызбен бөлісу: |